ШЫҒыс халықтарының мақал-мәтелдері құрастырып, аударған Нұртас Оңдасынов



бет6/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.81 Mb.
#124435
1   2   3   4   5   6   7   8
Мойыннан аяған моншақ құрысын.
Ұлдың жаманы – ошағанмен тең.
Ішің күйсе, тұз жала.
«Құрт» десе, қу бастан да сілекей ағады.
Манап алжыса,

«Түйе» деп алжиды.


«Ойбаймен» қой бағар.
Тойға барсаң, бұрын бар.

Бұрын барсаң – орын бар.


Жаман адам өз үйінде қонақ.
Елу жылда ел жаңа.

Жүз жылда – қазан.


Жақсы жасынан ел басқарады,

Жаман қартайған сайын жасқанады.


Өз бүгін бүктей алмаған,

Кімнің шігін шіктей алады.


Жарың жаман болса да, жасқанасың.
Қосағыңа сенгенше,

Босағаңа сен.


Жақсыны жатым деме,

Жаманды жақын деме.


Қашып кетсең,

Шашып кет.


Қолынан беріп,

Аяғымен іздейді.


Таяқ еттен өтеді,

Сөз сүйектен өтеді.


Құлақ естігенді, көз көреді.
Болсаң – болаттай бол.
Болат қылыш қында жатпас.
Қонақ – болжамсыз,

Өлім – мерзімсіз.


Жақсы мал-жан сақтайды.
Шыққан қыз шиден тысқары.
Іріңін алам деп,

Көзін шығарған.


Тіге алмаған –

Ине таңдайды.

Сабақтай алмаған –

Жіп таңдайды.


Атаның баласы –

Тонның жағасы.


Созған басты суырылған қылыш кеспейді.
Кәрі биеден батыр мінер ат тумайды.
Жігіттің жігіттен несі артық?

Ептеп айтқан сөзі артық.


Ұрған кісі – дөңмен,

Ұрғызған кісі – жолмен.


Тісің барда тас шайна.
Жылқы – берен,

Жылқыны өсірген – ерен.


Ырыссыздың ырымы күшті.
Елді жерде түлкі аштан өлмейді.
Темірші – пышақсыз.
Үндемеген үйдей пәледен құтылады.
Қылышты әркім байланар,

Шабарына келгенде,

Қандай жігіт сайланар?
Үйінде рақаты жоқтың,

Далад тауқыметі көп.


Шешінген судан қайтпас,

Кезенген жаудан қайтпас.


Жүгі сиырда болса,

Тілегі түйеде болар.


Ұры тойғанша жеп,

Өлгенше қарғанады.


Тұлпар – тұсында,

Күлік – кезінде.


Жолдан келіп, тон менікі дейді.
Үйге кірген құр шықпайды,

Көрге кірген тірі шықпайды.


Тостағаннан түйе суарған.
Ұстазы қандай болса,

Шәкірті сондай.


Төркіннің төбесі де – қуат.
Жетім өз кіндігін өзі кеседі.
Шешеннің тілі ортақ,

Шебердің қолы ортақ.


Шала молда дін бұзар.
Жамандықты табанымның астынан табам.
Батырдың табуы да көп,

Көмекейлеп соғуы да көп.


Қиқар балаға елірген жын тиеді.
Жат жарытпайды,

Жақын түртпейді.


Тілім менің – туғаным,

Тілім менің – қуғаным.


Ішің ауырса – аузыңды тый.
Күшті қонақ қожасын билейді.
Жаманды жасауыл қойса,

Жалғыз ұлының көзін шығарар.


Қолымен істегенді,

Мойнымен көтереді.


Қайғысыз қара суға семіреді.
Тауып сөйлесең,

Тегін береді.


Жақсы сөз тасты ерітер,

Жаман сөз басты шірітер.


Ноқай адам бұқаның мұнын жұдырығымен теседі.
Епсіз қатын сиырды идірмей сауар.
Дұшпаннан өш алмасаң,

Денеңнен бас алынсын.


Ердің ажалы елден.
Жақсы жігіт елін өрге сүйрейді,

Жаман жігіт елін көрге сүйрейді.


Түйені жел алса,

Ешкіні көктен ізде.


Асауға мінсең –

Тізгініңді тарт.

Дауға кірсең –

Тіліңді тарт.


Қайғы қызығыңды ұрлар,

Өтірік ырзығыңды ұрлар.


Қалампыр ащы-тұз емес.
Алтын шыққан жерінде де тапшы.
Анасы өлсе,

Төркіні өшеді.


Аңдушыны алушы жеңеді.
«Жемеймін, жемеймін» деп,

Жебір қатын жеп тауысар.


Қайыршы мен сауысқанның

Туысқаны жоқ.


Шеңгел де жерінде шіренеді.
Қазанға жақын жүрсе, қарасы жұғады,

Ұрыға жақын жүрсе, пәлесі жұғады.


Сұрап бергенше, ұрып бер.
Күрекке көң табылар.
Пұлы көптің көңлі тоқ.
Өткен іске өкінбе.
Көңіл қартаймайды,

Көз қартаяды.


Сұлуынан — жылуы.
Өгей – міншіл,

Жетім – кекшіл.


Сақтансаң – сақтаймын,

Сақтанбасаң – отқа қақтаймын.


Өлмеген өбіседі.
Момынның ісін тәңірі мақтайды.
Қызы бардың,

Назы бар.


Отқа келген қатынның

Отыз ауыз сөзі бар.


Тай құнанға жеткізер,

Құнан – атқа жеткізер,

Ат – мұратқа жеткізер.
Сөзді тастап, іске көш.
Құс төресі – бидайық,

Ит төресі – құмайық.


Тойғанда тоқының еті топырақ татиды.
Сары сәуілді1 ішкеннің

Жаны сау.


Өлгенге өкінбе,

Қалғанға қам қыл.


Істің ағы білмейді,

Жігіттің бағы біледі.


Тауың биік болса,

Тастаған тасың алыс түседі.


Соқырдан қарауыл қойсаң,

Елді жауға алдырады.


Ит ыдысын жаламайынша, жарымайды.


Өзбек мақал-мәтелдерінен.
Ақылыңа — ақыл,

Сабырыңа сабыр қос.


“Білдім” дедім — тұтылдым,

“Білмедім” дедім — құтылдым.


Қарыз үзілер,

Қатының қасыңда сүзілер.


Айтқан жерден қалма,

Айтпаған жерге барма.




1.Сәуіл — дәрі шөп.

Жоғалған сапының сабы алтын.
Бір шорқақтың бүлдіргенін,

Жиырма пысық жөндей алмас.


Ғимарат тұрғызған қияметті ойламайды.
Алмақтың да бермегі бар.
Дос деп сырыңды айтпа,

Досыңның да досы бар.


Тұсауы есегіне жарасады.
Жақсымен жолдас болсаң,

Жақсы жолға бастайды.


Байдікін Байтөбет қызғанады.
Кең кеңесіп жыртылар,

Тар тартысып жыртылар.


Игіліктің ерте-кеші жоқ.
Ұят өлімнен күшті.
Сұйық асқа сырлы астау.
Аспан алыс, жер жырақ.
Бұлақ басынан былғанады.
Қойыннан төгілсе — қонышқа.
Бейнет — зейнет.
Ағаш та ауласында көгерер.
Жаңаны көне асырайды.
Бір сынағанды

Қайта-қайта сынама.


Жалғыз тауыққа дән де керек, су да керек.
Дастарқанға көз салған дос емес.
Арзан ақаусыз болмас,

Қымбат атаусыз қалмас.


Жер Көрмей,

Ер болмайсың.


Дүниенің бағасы — кемі екі бақыр.
Есек мінгеннің аяғы тынбас,

Екі әйел алғанның құлағы тынбас.


Жер тоймай,

Ел тоймайды.


Әркімдікі өзіне,

Ай көрінер көзіне.


Балаға жұмыс тапсырсаң,

Артынан өзің жүгірерсің.


Көз — қорқақ,

Қол — батыр.


Итке берсең, асыңды,

Иттер мүжір басыңды.


Жыланнан — жылан,

Шаяннан — шаян.


Сейіл де — сейіл,

Сергелдең де — сейіл.


Надан сөйлесе де, дана ғибрат алар.
Белі ауырмағанның күйсесін қара.
Тілазардан тәңір безер.
Шымшық семірсе де қазан толмас.
Әдепсізден де әдеп үйрен.

Аузы күйген қатықты да үрлеп ішер.


Жақсы сөзге құлақ сал,

Жаман сөзге жамау сал.


Бетін қисық болса, айнаға өкпелеме.
Көрінбес пәле —

Көрпең асында.


Құстың тілін құс біледі.
Мәрт жігітті майданда көр.
Молда білгенін оқиды

Маташы білгенін тоқиды.


Нан піскенше,

Күлше күйеді.


Ежелгі қас дос болмас.
Ойламаған өкінер.
Орақта — келмейді,

Масақта — термейді,

Қырманда — көлбейді.
Тайды тай деп қорлама,

Ертелі-кеш ат болар.


Өлімнен қорлық жаман.
Бөрі құлағы — қорада.
Өз қадірін білмеген,

Ел қадірін білмейді.


Масқа да, жындыға да жолама.
Қоңыз баласын “аппағым” дер,

Кірпі баласын “жұмсағым” дер.


Көптен қоян қашып құтылмас.
Аз сөйле,

Көп тыңда.


Жаңбырмен жер көгерер,

Тыныштық болса ер көгерер.


Сараңның қазаны қайнамас,

Қайнаса да қоюланбас.


Диқан болсаң —

Сүдігер айда.

Молда болсаң —

Құраныңды сайла.


Бірі екі болмайды.
Дүниені су алса,

Жұлығына жетпейді.


Ер жігітке екі намыс — бір өлім.
Жазда диқан болсаң,

Қыста қиқаңдай бер.


Шықпаған жанда үміт бар.
Туылған ай —

Туралған май.


Шоқымай қарға болған,

Оқымай молда болған.


Қыз бала — кісі баласы.
Әдетті тастау — аяқ баспау.
Аш қарынға —

Сасық сарымсақ.


Жақсы ұл елді өсіреді,

Жаман ұл елді өшіреді.


Жақындағы бөоіні көрмей,

Алыстағы жауды көреді.


Болмағанға бүлінбе.
Арзанның сорпасы татымас.
Ақымақтан да ақыл үйрен.
Бірлескен озады,

Бүлініскен тозады.


Мал аласы — сыртында,

Адам аласы — ішінде.


Отпен ойнаған өртенер.
Қыңыр істің қырық жылдан кейін де қиығы шығар.
Қазанға жақындасаң — қарасы жұғады.
Айда етекпен жаба алмайсың.
Жеп тоймаған,

Жалап тоймайды.


Бірі — баудан келсе,

Бірі — таудан келді.


Ананың көңілі — балада,

Баланың көңілі — далада.


Қос арман қабат табылмас.
Дұшпаның тышқандай болса да,

Күшің арыстандай болсын.


Есепті дос еншілес.
Жеміссіз әрекет белді сындырар.
Байлықтың анасы — жер,

атасы — тер.


Құс та өз ұясына қарай ұшады.
Балалы үйде сыр жатпас.
Көзекші кетік көзеден су ішер.
Атыңды бақсаң арпамен,

Ол бағар қазы-қартамен.


Шермендеге шаһар кең.
Талдан сәкі шықпас,

Жаттан әкім шықпас.


Саяқ жүрген — таяқ жер.
Өнбейді де өлмейді.
Атты көрсе ақсайды,

Суды көрсе сусайды.


Көп сөз — есекке жүк.
Жоқтан бар болмайды,

Бар нәрсе зар болмайды.


Аттыға жаяу жете алмас.
Өгіздің мүйізін ұрсаң,

Тұяғы сырқырар.


Сиыр сыйлағанды білмес.
Өнерлі қол аш қалмас.
Күн сайын өлгеннен,

Бір күн өлген артық.


Тура тіл тас жарады,

Қисық тіл бас жарады.


Бар кезде — шара-шара,

Жоқ кезде — бейшара.


Соқырды соқыр қараңғыда да таниды.
Оған екі дүние — бір қадам.
Бергеннің бетіне қарама.

Түнсіз күн жоқ,

Дақсыз гүл жоқ.
Иесін сыйлағанның итіне сүйек тастар.
Елдің сөзі — біреу.
Ең әуелі ойла,

Содан кейін сөйле.


Бақылдыкі мүлде жоқ,

Сахидікі күнде тоқ.


Кәрі қыз түзге шығар,

Артынан пәле қуар.


Бейнет көрмей —

Зейнет келмейді.


Жігіттің малы жерде.
Өлер тышқан мысықпен ойнар.
Темірді қысқа кес,

Ағашты ұзын кес.


Қатты жерге қақ тұрар.
Күріш арқасында күрмек су ішер.
Атқа міне алмасаң,

Үзеңгіге өкпелеме.


Күн көрем десең, ерте тұр.
Жұмысшының жұмысы бітер,

Жұмыссыздың күні өтер.


Арпа, бидай ас болды,

Алтын, күміс тас болды.


Сөз реті келгенде атаңды да аяма.
Паданың алдынан шаң шығарады.
Қардан құтылып,

Жаңбырға тұтылған.


Темірді қызған кезде соқ.
Басым таз болса да,

көңілім таза.


Сахи тапса, бөліп жер,

Бақыл тапса, көміп жер.


Өз қадірін білмеген,

Жұрт қадірін не қылар.


Қырық жыл қырғын болса да,

Ажалы жеткен өледі.


Халық үрсе — жел тұрады.
Кісі елінде патша болғанша,

Өз еліңде бақташы болғаның артық.


Ащы мен тұщыны татқан біледі.
Қой бір терінің ішінде неше семіреді,

неше арықтайды.


Уәдеге опалы — мәрттің ісі.

Уәдеге тұрақсыз — қырттың ісі.


Таудың көркі — тасымен,

Адамның көркі — басымен.


Жақсы сөз — жан азығы,

Жаман сөз — бас қазығы.


Орынсыз ашу — өзіңе азап.
Бүргеге ашуланып, көрпесін өртемек.
Ақыл жаста емес, баста.
Есек есектен қалса,

құлағын кесер.


Жақсы болсаң — асыңды жерсің,

Жаман болсаң — басыңды жерсің.


Туған елің аман болса,

Тойған өңің сарғаймас.


Хатқа түстің — отқа түстің.
Құлашыңа қарай кетпен шап.
Ата-анаң өлсе де,

Қадірлесің өлмесін.


Жан бар жерде қаза бар.
Өтірікшінің шын сөзі де жалған.
Қар жауды,

Із басылды.


Аяған көзге шөп түсер.
Құс ұясында көргенін істейді.
Шалды көріп бабам дер.
Тамның да құлағы бар.
Сақпаңды ата алмасаң,

Басыңа да, шашыңа да тиеді.


Арқанға әрбір қыл қымбат.
Семіздікті қой көтереді.
Өзі — хан,

Өзі — бек.


Жақсы сөз де ауыздан шығар,

Жаман сөз де ауыздан шығар.


Төрт тұяқты тұлпар да сүрінер.
Басыңа қылыш төнсе де,

Дұрыс сөйле.


Теңін тапсаң, тегін бер.
Сырыңды сыртқа шығарма.
Тама-тама көл болар.
Баланы сылтауратып,

бағасын бұлдамақ.


Тышқан сыймас ініне,

Қалбыр байлар дүміне.


Бар — барынша,

Жоқ — әлінше.


Міндетті астан,

Міндетсіз жұдырық жақсы.


Үйренгеннің көңілі қайта қоймас.
Достың сөзін тастама,

Күлкі болма басқаға.


Ер жігітке жетпіс түрлі өнер аз.
Жаны бардың — қамы бар.
Қасыңның мейманханасынан,

Досыңның сабанханасы артық.


Айыбын жасырған оңбайды.
Бүгінгі істі ертеңге тастама.
Мойнынан байлаған ит аңға жарамас.
Пілбанна досың болса,

Пілге лайық жай сал.


Бір күндік жолға шықсаң,

Бір апталық азық ал.


Қол қолды таниды.
Көп жүргеннен сұрама,

Көп көргеннен сұра.


Өтпес пышаққа — алтын сап.
Суды көрмей етігіңді шешпе.
Жер айдасаң — күзде айда,

Күзде айдасаң — жүз айда.


Ғылым — инемен құдық қазғандай.
Алдыңнан аққан суға да аяқ жуарсың.
Шымышық пыр етсе,

Жүрегі шыр етеді.


Ұрыны қарақшы тонапты.
Түйені шөмішпен суырып шөлін қандырмас.
Аяз, бұрынғыңды ұмытпа,

Шоқайыңды құртпа!


Бай кисе, құтты болсын айтады,

Байғұс кисе, көзін алартады.


Жақсымен жақындас,

Жаманнан аулақ қаш.


Келінді келгенде көр,

Жасауын жайғанда көр.


Зер қадірін зерген білер,

Темірші оның несін білер.


Сұрағанның бір беті қара,

Бермегеннің қос беті қара.


Жығылған күреске тоймас.
Ас тығылса — көлге жүгір,

Су тығылса — көрге жүгір.

Қисық азады,

Әділ озады.




  • Түйені көрдің бе?

  • Жоқ.

  • Биені көрдің бе?

  • Жоқ.

Тар үйде ас жегеннен,

Кең жерде жұдырық жеген жақсы.
Мақтаншақ — маскүнемнің ойыншығы.
Ұстаз тұтпаған шәкірт әр мақамға жорғалар.
Қатарда нарың болса,

Жерде жүгің қалмайды.


Жаманмен — жолдас,

Наданмен сырлас болма.


Ақымаққа Тайтөбе де алыс емес.
Білмеген іске жармаспа,

Араңдап жүрме құр босқа.


Ойнасқа сеніп, байсыз қалды.
Қарға қарғаның көзін шоқымайды.
Айрылғанды аю жейді,

Бөлінгенді бөрі жейді.


Жерге түскен — жетімдікі.
Гүл тікенсіз,

Ер мекенсіз болмайды.


Алтау ала болса,

Ауыздағыны алдырар.


Дұшпанның күлгені —

Сырыңды білгені.


Есегінен тұсауы қымбат.
Шын көңілден жыласа,

Соқыр көзден жас шығар.


Жүзімді көріп жүзім шығар.
Жақсы ниет — жарым байлық.
Әрбір істің кеңесі бар,

Әр дарияның кемесі бар.


Бақты бақсаң — бақ болады,

Батпан салмақты болады.


Зарым көп,

Зорлығым жоқ.


Тіл қылыштан өткір.
Сабыр етсең, шикі мәуеге де алуа бітер.
Кінәлау — жазалаудың жамағайыны.
Арыстан ізінен,

Азамат сөзінен қайтпайды.


Мақтанба, қаз,

Өнерің аз.


Сен бөріні аясаң,

Бөрі өзіңді талайды.


Пұл болды —

Күл болды.


Тоққа аштың арызы өтпес.
Тәуіп — тәуіп емес,

Бастан кешкен тәуіп.


Балта шапқанша,

Томар дамылдайды.


Піспеген қауынның шопағы көп.
Сөзінде дәм жоқ,

Аузында тыным жоқ.


Өңін көр де,

Халін сұра.


Өнер — өнерден өнер.
Ләйлектің кетуін күтпе,

келуін күт.


Халықтың малын жеген,

алқымынан ілінеді.


Тегін тамақ ішегіңді теседі.
Қасапшыға май қайғы,

Қара ешкіге жан қайғы.


Ащыны ащы тұсайды.
Жаманнан — жарты қасық.
Ертеңгіні ойлама,

Ертеңіңді ойла.


Біреуге құдық қазсаң,

өзіңе көр қазарсың.


Қыбырлаған қыр асар.
Кішкене деме бізді,

Көтеріп ұрармыз сізді.


Аз болса — ептеп көр,

Көп болса — септеп көр.


Жемді ат желгіш.
Бірін алып, біріне ұр.
Диқан болсаң —

егіннің қасында бол.

Сарбаз болсаң —

шерудің басында бол.

Емен ағашының иілгені —

Сынғаны.


Ер жігіттің ұялғаны —

өлгені.
Жабық қазан — жабық қалсын.


Ескі мақта бөз болмас,

Ежелгі дұшпан дос болмас.


Жел тұрмаса, ағаш басы қимылдамас.
Әр гүлдің иісі әртүрлі.
Баласы жыламаса,

Анасы жұбатпайды.


Кәде көнермейді.
Жігіт — сөзінен,

Жолбарыс ізінен қайтпас.


Ат — мінгендікі,

Тай — тигендікі.


Көп білген аз сөйлер,

Аз сөйлесе де, саз сөйлер.


Жол азабы — көр азабы.

Шылбырды шұбалтып таста.


Өз үйім —

Өлең төсегім.


Қылыш жарасы жазылар,

Сөз жарасы жазылмас.


Соқыр көзге — сұйық сүрме.
Өткен іске — кешірім.
Қағарға — қазығы,

Асарға қазаны жоқ.


Бас табылса, тақия табылады.

Соқыр тыққанды сау таппас.


Шешінген судан шегінбес.
Отқа тисең — өшеді,

Көршіңе тисең — көшеді.


Бердісін айтқанша ұрып өлтіресің бе?
Тоқтықтың тентектігі бар.
Шетелде әмірші болғанша,

Өз еліңде тіленші бол.


Әзіл,

әзілдің арты — зіл.


Қарыным аш болса да,

құлағым тыныш.


Берекесіз іс белді сындырады.
Сыналмаған аттың сыртынан жүрме.


  • Түйенің бәсі бір теңге.

  • Бір теңгені қайдан алам?

  • Түйенің бәсі мың теңге.

  • Мә, әммесін қолыңа салам.

Жүрген — бұлақ,

Отырған — тулақ.
Біреудің көзесіне көзіңді алартпа.
Қорыққанға қос көрінеді.
Көпті көрген көп біледі.
Бетің қисық болса,

Айнаға өкпеле.


Жатып жегенге жардай қарын шыдамас.
Бір бақыры — пайда,

Үш бақыры — зиян.

Делқұлының терісі қалың.
Қасқа басқаның дертін сезбейді.
Алуаны — әкім жер,

Таяқты — жетім жер.


Елшіге өлім жоқ.
Жазда шапаныңды кисең,

Қыста шабатаңды ілерсің.


Ескексіз қайықшы —

Қанатсыз құс.


Әркім еккенін орады.
Балалы үйде өсек жоқ.
Көзе күн сайын сынбайды,

Күні келгенде сынады.


Иілген басты қылыш кеспес.
Жылан шаққан арқаннан да қорқады.
Шикі теріні илесең —

ұлтан болады.

Нәпсісін тиған адам —

сұлтан болады.


Тауықтың түсіне дән кіреді.
Армандағанның айыбы жоқ.
Сараңдық сергелдеңге салар.
Атты баптасаң —

Көлік қыларсың.

Жауды таптасаң —

Өлік қыларсың.


Сиырдың сүті — сауыншының саусағында.

Өткеннің орағын алады,

Кеткеннің кетпенін алады.
Наданға сөйлеген есіл сөзім,

Өлікке жылаған екі көзім.


Қызым, саған айтам,

Келінім, сен тыңда.


Жаманға жақсылық та қылма,

Жақсылық та күтпе.


Ақылың болса, ертеңгіңді бүгін жаса.
Бөзші белбеуге жарымас.
Өнерлі мүлде өлмейді,

Өнерсіз күн көрмейді.


Күз қамын жаз ойла,

Жаз ойласаң, жүз ойла.


Жүректе болса,

тілге келеді.


Айыбы бардың аяғы қалтырайды.
Төгілсе — маңдай терің,

Өнімді болар жерің.


Қажыны Меккеден ізде.
Сіңліңді қолыңда ұстасаң,

Анаңды жүрегіңде ұста.


Бардың жүзі — жарық,

Жоқтың жүзі — жабық.


Серіктесіп істегеннің жүрегі — жолбарыс.
Ойламай істелген жұмыс —

Машақатты бір іс.


Қырқына шыдаған қырық біріне де шыдар.
Тілеп алған баламды

ешкі теуіп өлтірді.

Шын шеберге сыр ашылғыш.
Қыс ошағы тар,

Тұр, үйіне бар.


Бірдікі — мыңға,

Мыңдікі — құмға.


Қосақ арасында босақ бар.
Батырды бақырауық жеңер.
Елдің ері —

жерінің гүлі.


Жауын аяған — жаралы.
Даярға — аяр.
Бір қынға екі қылыш сыймайды.
Алуа деп айтқанымен аузың тұщымас.
Елек екені судан көтергенде мәлім болар.
Жақсы атқа — бір қамшы,

Жауыр атқа — мың қамшы.


Моншасы да — сол,

Моншашысы да — сол.


Ескіні жаңартқанша есің кетер.
Жас кетемін деп қорқытады,

Кәрі өлемін деп қорқытады.


Әр аурудың өз жаналғышы бар.
Көршіге қимаған асым,

Үйде тұрып сасыр.


Тоғайға өрт түссе,

Өлі-тірісі бірге жанады.


Теке болса да, сүт берсе болады.
Соқырға — таяқ.
Өтпес пышақ қол кесер.
Ат тепкісін ат көтерер.
Көп бір жұдырықпен ұрса —

Мойын жұлады.

Бір жапырақтан берсе —

Тойындырады.


Жуан — созылады,

Жіңішке — үзіледі.


Арман қылма әр жерді,

Әр жер сынар көр-жерді.


Сөз білгенше,

істі біл.


Өткен бұлттан жаңбыр күтпе.
Қажы қажыны Меккеде көреді.
Талпынғанның тоқпағы

Тасқа шеге қағады.


Тірісінде елемесең,

Өлгенде еңірегеніңді қайтейін.


Соқыр ұстағанынан айрылмайды,

Саңырау естігенінен жазбайды.


Отызыңда ер атанған,

Қырқында арыстан атанар.


Бес саусақ бірдей емес.
“Шүу” деген түйеге де медет.
Тура сөз туысқанға да жақпайды.
Шығасыға — егесі басшы.
Құрмет көрсетсең,

Құрмет көресің.


Бетіне айтқанның бекері жоқ.
Көршің соқыр болса, көзіңді қыс.
Жұмыр басқа — бір өлім.
Құрғақ қасық ауыз жыртар.
Жақсы тауып сөйлейді,

Жаман қауып сөйлейді.


Көшеде жайдары,

Үйінде зымиян.


Аз болса да,

Саз болсын.


Жеке аттың жорғасынан да шаң шықпас.
Дәугер жалтақ болса,

Қазы мұттайым болады.


Алыстағы кісінеседі,

Жақындағы тістеседі.


Ел аузына елек қоюға болмайды.
Жақсыдан — шарапат,

Жаманнан — кесапат.


Бақылдың бағы көгермес.
Кедей араздасса — дорбасынан айырылар.
Заман саған зейін бермесе,

Сен заманға бейімдел.


Шынтақты тістеу — қиямет.



  • Тон кімдікі?

  • Кигендікі.

Су әкелген — қор.

Көзе сындырған — зор.
Піспеген тұшпараны түгендеу.
Ат айналып қазығын табар.
Күзде жисаң,

Қыста жерсің.


Арыстанның баласы —

Арыстан ғой, қарашы.


Піскен астың ғұмыры қысқа.
Қарамықтың дәні болғанша,

Қара бидайдың сабаны бол.


Батырдан ажал да безер.
Сөзбен сөздің парқы бар,

Отыз екі нарқы бар.


Жақсы өзі біледі.
Өзіңде жоқ —

Әлемде жоқ.


Қысыр сиыр көп мөңірейді.
Көп жабылса, төбе де құлайды.
Шегірткелер егін жер,

Екпей-тікпей тегін жер.


Қорқақ қорқаққа ортақ.
Ашуың келсе, мұрныңды тісте.
Бөрі жоқ деме — бөрік астында,

Жау жоқ деме — жар астында.


Білімсізге іс жоқ,

Іссізге ас жоқ.


Қызы бардың,

Назы бар.


Екі жарты — бір бүтін.
Кәрінің білгенін

Пері де білмейді.


Екі он бес — бір отыз.
Айтсам — тілім күйеді,

Айтпасам — жаным күйеді.


Жеті өлшеп, бір кес.
Бір күн — мың күн емес.
Ақымақтың ақылы күннің ақырында кірер.
Доссыз басым —

Тұзсыз асым.


Ештен кеш жақсы.
Жақсы бұзау — жағымпаз.
Алдыменен шөл бас,

Сонан кейін даулас.


Қора алма, қоңсы ал.
Кемеге мінгеннің жаны бір.
Қызметіне қарай — қауесеті.
Су — диханның қаны,

Жер — оның жаны.


Сөз сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді.

Ат баққанға —

көкпар бер.

Қой баққанды —

қонақ ет.


Көсе қартайғанын білмес,

Кесе ортайғанын білмес.


Арыстанның тұлыба да

Тірі тышқаннан артық.


Сөз десең — қап-қап,

Іс десең — Алатаудан тап.


Құпия сөзден ашық шапалақ артық.
Қалған іске қар жауар.
Танымасын сыйламас.
Басқа түскенді көз көреді.
Сүт — көп, көмір — аз.
Рухы әлсіздің

ісі нәрсіз.

Рухы мықтының

ісі нақты.


Ұры болса, ұырыны таныр.
Мал, дүние табылар,

Адам бірақ табылмас.


Шашы — сыпырғы,

Қолы — көсеу.


Үндемеу — ұнату белгісі.
Қол сынса — жең ішінде,

Бас жарылса — бөрік ішінде.


Ашу қысса,

Ақыл қашады.


Жаман жолдас асыңды да,

басыңды да жалмар.


Біреуге өлім тілегенше,

Өзіңе өмір тіле.


Құланның басына іс түссе,

Құйрығына да сыр айтпас.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет