Шымкент 2010 Құрметті студенттер!



бет3/7
Дата23.06.2016
өлшемі0.95 Mb.
#154943
1   2   3   4   5   6   7

2 курс

3 семестр

Пәннің аталуы

Философия

Қысқартылған атауы

Филос.

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық сабақтар, СӨЖО, СӨЖ

Семестр

3 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Шалдарбекова А.Б.

Доцент/оқытушы

ф.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

ЖБП, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық сабақтар – 15, СӨЖО – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135

Кредиттер/сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, өзін-өзітану, логика, психология

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Өзекті мәселелерге біртұтастық тұрғыдан қарауды қалыптастыру, әр адамда әмбебаптық және жаһандық көлемде ойлау үрдістерін қалыптастыру, студенттің шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру. Адамның іс-әрекетінің, дүниетанымының, өмірлік мақсат, тілектерінің философиялық негіздерін анықтау. Философияның тарихы мен теориясын оқыту барысында тыңдаушы әлем мен адам, оның өзара қатынасы туралы білімдерді тереңдетіп, негізгі ұғымдармен, ілімдермен танысады.

Мазмұны

Дәрістер: Философия мәдениет феномені хақысында. Философияның мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниетаным және философия. Философиялық ой кешу типтері. Көне үнділік мәдениетіндегі философия. Даостық философия және Конфуцийдің ілімі. Антикалық мәдениеттегі философия. Сократ, Платон, Аристотель философиясы. Орта ғасырлық мәдениеттегі философия феномені. Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық-мұсылмандық философия. Әл-Фарабидің парасат, қоғам, ғылым, кемел адам туралы ілімдері. Қожа Ахмет Яссауидің сопылық ілімі. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия. Қазақ мәдениетіндегі философия феномені. XX ғ. – XXI ғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия. Болмыс философиясы. Философиялық антропология. Эпистемология. Әлеуметтік философия. Мәдениет философиясы. Дін философиясы. Тарих философиясы. Білім философиясы. Оқу-білімнің аксиологиялық аспектілері. Оқу-білімдегі классикалық реализм. Глобалдық мәселелер философиясы.

Практикалық сабақтар: Мәдени-тарихи контекстегі философия. Философия қатаң рационалдықтың идеалы ретінде. Көне үнділік мәдениетіндегі діннің мәртебесі және оның философия қалыптасуы мен дамуына әсері. Көне Қытай мәдениетіндегі философия. «И цзин» шығармаларының негізгі мазмұны. Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия. Философия мен теология интеллектуалдық қызметтің негізгі түрлері ретінде. Білімдегі модельдеу. Өмірге бейімделу үшін оқу-білім.



Оқу процесінің нәтижелері / Қорытынды бақылау нәтижелері

Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру, шығармашылық ойлау қалыптастыру, өзіндік сананы дамыту, өмірдің мәнін түсіну, биік рухани құндылықтарға баулу.


Емтихан.


2 – курс

3 семестр

Пәннің аталуы

Педагогика

Қысқартылған атауы





оқу іс-шаралары /оқу пәндерінің курстарв (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ӨСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә.

Ибрагим Қ.Ә.

Доцент / оқытушы:

п.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестілігі

Міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ – 30,

СӨЖ – 30


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Психология», «Философия», «Тарих», «Мәдениеттану»

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Болашақ мұғалiмдердi бүгiнгi педагогика ғылымның теориялық-әдiснамалық бiлiмдерiнiң негiздерiмен қаруландыру болып табылады. Сондай-ақ, қоғамның-экономикалық жағдайларының динамикалық өзгеру жағдайында оқушының жеке басын қалыптастыруда тұтас педагогикалық процестi тиiмдi ұйымдастыра бiлу икемдiгiн қалыптастыру болып табылады.

Мазмұны

Дәрістер: Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негіздері. Жеке тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің, қалыптастырудың өзара байланысы және сипаты. Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие процесінде есепке алу. Мұғалімнің ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру. Тұтас педагогикалық процесс педагогика пәні және мұғалім қызметінің объектісі. Педагогикалық процестің заңдылықтары. Тәрбиенің мақсаты-әлеуметтік келісім. Дүниетаным жеке тұлғаны қалыптастырудың өзегі ретінде. Тұтас педагогикалық процестегі тәрбиенің мазмұны. Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие әдістерінің формасы мен құралдарының жүйесі. Педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара байланысы және өзара іс-әрекеті. Сыныптың тәрбиелік жүйесі, сынып жетекшісінің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесі ретінде. Отбасы тәрбиесінің негіздері. Тұтас педагогикалық процестің құрылымындағы оқыту. Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны. Оқытуды ұйымдастыру формалары. Қазіргі сабақ. Оқыту әдістеріне сипаттама. Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздері. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендірудің қазіргі тәсілдері. Тұтас педагогикалық процестегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау және есепке алу. Білім беру технологиялары. Мектеп туралы нормативтік құжаттардың сипаттамасы. Мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару. Мектептің оқу-тәрбие процесін диагностикалау-басқарудың негізі ретінде. Мектеп ішілік бақылау. Мектеп жұмысын жоспарлау. Мұғалімдерді аттестациялау және мектептегі әдістемелік жұмыс.

Практикалық сабақтар: Қазіргі заманғы педагогика және оның практикамен өзара байланысы. Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары. Тұлғаны дамыту, тәрбиелеу және қалыптастырудың арақатынасы. Қазіргі педагогиканың әдіснамалық жағдайы (таным теориясы, іс-әрекет теориясы, жеке тұлға теориясы, қарым-қатынас теориясы т.б.). Оқушылардың жас және дара ерекшеліктерінің педагогикалық процестің сапасына әсері. Педагогикалық процестегі жүйе түзуші фактор мақсат ретінде. Қазіргі оқушының дүниеге көзқарасының ерекшеліктері. Қазіргі мектептегі тәрбиенің патриоттық және азаматтық жүйесі. Мектептегі тұтас педагогикалық процесс жағдайында тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастыру. Оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу. Қазіргі оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Педагогикалық процестің қозғаушы тетіктері: құрал, форма, әдістер. Балалар ұжымы тәрбиенің обьектісі және субьектісі ретінді. Педагогикалық процестегі балалар ұжымының жағдайын оқып үйренудің әдістері. Тәрбие жүйесін құрудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрі

«Педагогика» курсын оқып үйрену нәтижесiнде студенттерде педагогикалық дағды мен тұтас педагогикалық процестi ұйымдастыру және басқару жүйесi қалыптасуы қажет.

Емтихан (4 семестр)




2 курс

3 семестр

Пәннің аталуы

Этнология

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

3

Оқытушының Т.А.Ә.

Таштанов Жанабек Алибекович

Доцент/ оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-15, практикалық-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы-90

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Археология, Этнология тарихы, Археология тарихы, Әлем өркениет тарихы, Қазақстан тарихы, Әлем дiндер тарихы

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Бағдарламаның негізгі мазмұны дүние жүзі халықтарына этникалық жағынан топтауға соның ішінде Қазақстанның этникалық жағдайларымен қоса жылғы географиялық орналасу, олардың анторпологиялық ерекшеліктерін игереді. Дүние жүзі халықтарының дәстүрлі және мәдениетінің зерделеуге көмектеседі.


Мазмұны

Дәрістер: Этнология ғылымының тарихы. Әлем халықтарының негізгі классификациясы. Австралия және Океания ның тарихи-мәдени аудан дастырылуы. Алдыңғы Азия халықтары Оңтүстік Азия халықтары. Оңтүстік – Шығыс Азия халықтары. Шығыс Азия халықтары. Африка халықтары. Америка халықтары. Европа халықтары. Славян халықтары. Сібір халықтары. Кавказ халықтары. Қазақстан этнографиясы. Тамағы мен діни-наным сенімі.

Практикалық сабақтар: Этнология пәні және міндеті. Антропологиялық класификация. Австралия мен Тасмания аралдары. Материалдық және рухани мәдениетті. Тілдік және антропологиялық ерекшеліктері. Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарының этногенезі және этникалық тарихы. Этнолингвистикалық классификация. Діни мәдениет. Америка халықтарының этногенезі және этникалық тарихы. Батыс Орталық, Солтүстік және Оңтүстік Европа халықтары.

Батыс, оңтүстік, шығыс славян халықтары.

Сібір халықтарының этно генезі және этникалық тарихы.


Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Этнология пәні және міндеті, этнологияның қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны.

Емтихан.



2 курс

3 семестр

Пәннің аталуы

Қосалқы тарихи пәндер

Қысқартылған атаулар

ҚТП

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

3

Оқытушының Т.А.Ә.

Таштанов Жанабек Алибекович

Доцент/ оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, практикалық-30, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 135

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Алғашқы қоғам тарихы,

Қазақстан тарихы, Жалпы тарих.




Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Тарихтағы теориялық мәселелерді қосалқы тарихи пән деректері арқылы тереңдетіп оқыту,Тарихи дерек түрлерінің сыныпталуын меңгеруге үйрету; Тарихи деректерден ақпарат ала білуге, ішкі, сыртқы сыннан өткізуге баулу; Тарихи деректермен жұмыс істеуде қосалқы тарихи пәндер әдістерін кешенді түрде қолдана білуге үйрету; Қосалқы тарихи пәндер салаларының өзара байланысы мен ерекшелігін саралай алуға баулу.

Мазмұны

Дәрістер: Палеогряфия ғылымы ның дамуы. Қазақстан да палеография ғылы мының зерттелу дәреже сі. Түрік жазуының түп төркіні.Палеографиянын зерттелу әдістері. Махмуд Қашғари еңбегінің маңызы. Қазақ тілінің дамуының негізгі дәуірлері. Генеологияның міндеттері.Генеологияның ғылым ретінде қалыптасуы ның тарихы. Қоғам дамуындағы адамзаттың шығу тегін, даму тарихын, әулеттер арасындағы туыстық қатынастарды, яғни шежірені зерттеудегі генеологияның маңызы, оның қосалқы тарихи пән ретіндегі рөлі. Тарихи метрологияның ғылым ретінде дами бастауы. Ежелгі өлшем бірліктері. Өлшем бірлікте рін жетілдіру шаралары. Алғашқы өлшем бірлікте рінің жүйесі. ХY-ХYІІ ғ.ғ. өлшем бірліктерінің жүйесі. Топонимика пәні негізгі міндеттері. Ежелгі Қазақ стан территориясын мекендеген халықтар мен тайпалардың этнотопоними касы жайлы зерттеулер. Мөрлер мен елтаңбалардың шығуы және пайда болуы. Гербтер құрамы, негізгі элементтері. Қазақстанның сфрагастикасы мен геральдикасы. Қазіргі қоғамның өмірін топонимикасыз- жағрапиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Сфрагистика деген атау гректің «сфрагисн-мөрң деген сөзінен шыққан. Сонымен сфрагистика деп мөрлерді зерттеумен айналысатын қосалқы тарихи пән. Герб жасауға қажет бояу түрлері. Құжатқа қойылған мөр аталған құжаттың белгілібір адамның немесе мекемеден берілгендігін растайтын белгі. Мөрмен танысу аталған құжаттың, берілген уақытын, авторын анықтауға жәрдемдеседі. Қазіргі кездегі Қазақстанның марапаттау жүйесі.

Практикалық сабақтар: Қосалқы тарихи пән курсының мақсаты мен мiндеттерi. Көмекшi тарихи пәндердiң бiр-бiрiмен және қоғамдық ғылымдармен байланысы. Палеографияның арнаулы пәндермен байланысы. Славян алфавитi. Палеографияны зерттеу әдiстерi. Жазудың пайда болуы. Хронологияның ғылыми пән ретiнде дамуы. Уақыт өлшемдерiн тарихи дамуын зерттеудегi хронологияның мiндеттерi, күн мен түннiң ауысуы. Византиялық жыл санау жүйесi. Қазақтардағы айға негiзделген есеп жүйесi. Табиғи календарлар Араб календары мен Славян халықтарының календарларының байланысымен айырмашылығы. Ежелгi түркi жазуы және оның ерекшелiктерi. Өлшеу құралдары. Кеңес өкiметi тұсындағы өлшем жүйесi. Метрология терминдерi, өлшем бiрлiктерi. Нумизматика басқа да тарихи арнаулы пәндерiмен байланысы зерттелу деңгеиi ғылым ретiндегi дамуы. Теңгелер, тиындар оның жасалуы және айналымға енгiзiлуi. Нумизматика терминдерi: аверс, эмиссия, эмитент, легендасы, реверс, гурт. Эмблемалардың қоғам өмiрiндегi маңызы. Әскери эмблемалар. Ғылыми символдар мен эмблемалар. Эмблематикалық бейнелеу. Эмблематикадағы орнамент. Гербтер тарихы. Мөрдiң қоғам өмiрiндегi ролi. Тәуелсiз қазақстан республикасының мемлекеттiк мөрi. Қоғам дамуындағы адамзаттың шығу тегiн, даму тарихын әулеттер арасындағы туыстық қатынастарды яғни шежiренi зерттеудегi генеалогияның маңызы. Қазақстан армиясындағы әскери шендер. Кабинеттiк және далалық зерттеу жұмыстарының әдiстерi. Археологиялық ескерткiштер түрлерi.

Оқу жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

Тарихи деректердің нәтижесімен қорытынды жасауға, тарихи қосалқы пәндердің әдістерін қолдана білуге үйренеді. Қосалқы тарихи пәндерді оқи отырып, тарих ғылымының салаларының деректеріне сын көзбен қарауға үйренеді.

Емтихан.



2 курс

3 семестр

Пәннің аталуы

Түркі халықтарының тарихы

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

3

Оқытушының Т.А.Ә.

Тапалов Дуйсенбек Жанибекович

Доцент/ оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, практикалық-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 135

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Түрік халықтарының тарихы пәні жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына сәйкес білім алу үшін студент видео құралдарымен, компьютер-иентернетпен жұмыс жүргізе білу қажет.

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Курстың негізгі мақсаты- студенттерге түрік халықтарының сан ғасырлық күрделі тарихы туралы біртұтас ұғым қалыптастыру.Оның міндеттері:

-Түрік халықтарының этникалық тұтастығы туралы білім беру;

-Түрік мемлекеттерінің түрлері және қоғамдық ортасын таныту;

-Өндіріс түрлерінің дамуын және әлеуметтік ұйымдасуын ұқтыру;



-Әлеуметтік қатынастары мен мәдениетін таныту.


Мазмұны

Дәрістер: Турік халықтарының этногенезі- түп тамыры. Түрік халықтары тарихының деректері мен тарихнамасы Көне түріктер. Ғұндар Алғашқы түрік империяларының қалыптасуы Орта ғасырлық түркі мемлекеттері. Орта ғасырлық түрік мемлекеттерінің соңғы дәуірі, олардың ыдырауы және күйреуі Ерте орта ғасырлардағы түріктердің мәдениеті және шаруашылығы Монғол империясының түрік мемлекеттерін жаулап алуы Монғол үстемдігі дәуіріндегі түрік халықтары. Жошы, Шағатай және Үгедей ұлыстары ыдырағаннан кейінгі қалыптасқан түрік мемлекеттері. Кіші Азия түріктері. Осман империясының дамуы. Жаңа замандағы түрік халықтары. ХХғ. Түрік халықтарының саяси-экономикалық амуы. Түрік халықтарының ХХІғ. саяси ахуалы. Түрік халықтарының шаруашылығы мен мәден-иетінің дамуының әлемдік деңгейі қазіргі күнде. Оғыз және Қарахандар мемлекеті. Хазар және кимак қағанаттары. Қыпшақ тайпаларының конфедерациясы. Монғол үстемдігі дәуіріндегі түрік халықтары. Орта Азия мен Қазақстан моңғол шапқыншылығы қарсаныңда. Шыңғыс ханның Хорезм мемлекетің және қыпшақ (қаңлы) иеліктерін жаулап алуы. Шыңғыс ханның моңғол империясын құруы. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Дешті-Қыпшақ жері Шыңғысхан ұлдары ұлысының құрамында. Жошы, Шағатай және Үгедей ұлыстары ыдыраған-нан кейінгі қалыптасқан түрік мемлекеттері. Алтын Орда-ның құрылуы. Территориясы мен этникалық құрамы. Саяси құрылысы. Экономикасы, мәдениеті. Алтын Орданы Темірдің талқандауы. Ақ Орда хандығы. Әбілхайыр ханның «көшпелі өзбектер мемлекеті». Ноғай Ордасының құрылуы. Моғолстанның ыдырауы. Кіші Азия түріктері. Осман империясы. Түркияның тарихы. Татар, қырым-татарлары, қазақ, ноғай, қарақалпақ, өзбек, қырғыз халықтарының қалыптасуы. Монғолия құрамындағы ұйғырлар. Түрік халықтарының ХХІғ. саяси ахуалы. Әзербайжан, Қырғызстан Турікмен және Өзбек республикаларының тәуелсіз даму жолына түсуі. Түрік халықтарының шаруашылығы мен мәдениетінің дамуының әлемдік деңгейі қазіргі күнде. Туркия жаңа және қазіргі заманда. Қазіргі түркі әлемі.Олардың сыртқы және ішкі саясаты. Халықаралық қатынастары және өзара байланыстары.

Практикалық сабақтар: «Турік» этносы және этнонимі.Туркі этностары және туркі тілдес халықтар. Батыс турік және шығыс түрік тілдері. «Лингвистикалық археология». Қазіргі түркі әлемі. Көне түріктер. Ғұндар. Хунну тарихы (сюнну, ғұндар). Хунндар туралы алғашқы тарихи мағлұматтар. Олардың қоныстанған территориясы. Қытай тарихи хроникалары - «Ши-цзи», «Хань шу», «Хоухань шу» және басқалары хунндар туралы. Хунну державасының құрылуы, территориясы. Хунндардың қоғамдық-саяси құрылысы, шаруашылығы және мәдениеті, діңі, әскери ісі және өнсрі. Б.з.д. ІІғ. аяғына таман Хунндар державасының әлсіреуі. Түріктер империясы мен түркі мемлекеттері. Түркілердің пайда болуы туралы аңыздар. Олардың мекендеген аймағы. Түріктердің Қазақстанды, Орталық Азия, Солтүстік Кавказды жаулап алуы. Эфталиттермен соғыс, Иранмен одақ. Батыс түрік қағанаты. Түрік жазба ескерткіштері. Екінші Шығыс түрік қағанаты. Тургеш қағанаты. Ұйғыр қағанаты.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Түрік тарихы туралы бай деректер мен материалдарды меңгеру

Емтихан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет