Шымкент 2010 Құрметті студенттер!



бет5/7
Дата23.06.2016
өлшемі0.95 Mb.
#154943
1   2   3   4   5   6   7

4 – курс

6 семестр

Пәннің аталуы

Экология және тұрақты даму

Қысқартылған атауы

Э және ТД

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинарлық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Хусанов А.Е.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беру пәндері, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, семннарлық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2 ECTS

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: биология, химия, математика, физика, валеология, тарих.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Экология және тұрақты даму» курсының негізгі мақсаты студенттердің экологиялық білімін жоғары дәрежеге көтеріп, қоршаған ортаны қорғауға және оны көркейтуге деген оң көзқарастарын қалыптастырып, жауапкершіліктерін арттыру.

Мазмұны

Лекциялар.Организм және орта. Дарақ экологиясы –аутэкология. Организм және оның тіршілік жағдай-лары. Экологиялық фактор және олар-дың жүйесі. Популяция туралы түсінік. Биосфера туралы ілім және В.И Вернадскийдің биосфера- ноосфера-лық концепциясы. Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану. Қалдық-сыз технологияларды дамыту.

Су ресурстары және оны қорғау. Атмосфералық ауа және оны қорғау жолдары. Топырақтар және оларды тиімді пайдалану. Қазіргі кезеңнің әлемдік экологиялық мәселелері. Қазіргі кезенің әлеуметтік-экологиялық мәселелері. Әлеуметтік –экологиялық мәселелер. Қазақстаның экологиялық проблемалары. Қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы. Қорғалатын территориялар – қорша-ған ортаның қорғаудың бір түрі ретінде. Қызыл кі-тап, Халықаралық ұйымдардың құжат-тары. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану негіздерін жасау- биосфераның ноосфераға ауысудағы қажетті кезеңі.



Семинарлық сабақтар Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуының қысқаша тарихы. Жер бетіндегі экожүйелер: тропика-лық ормандар, шөлді шөлейттер.Негізгі абиотикалық факторлардың жарықтанғандық, температура. Популяция туралы түсінік. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе тура-лы түсініктер. Организмдер арасындағы қарым –қатынастардың типтері. Экожүйедегі адамның орны мен ролі. Адамзатты табиғи қорлар-мен қамтамасыз ету проблемасы. Су ресурстары және оны қорғау. Атмосфераның газдық құрамы.

Топырақтар және оларды тиімді пайдалану. Ауылшаруа-шылыққа зиян тигізетін, улы химикаттарға тұрақты түрлердің пайда болуы. Қазақстаның экологиялық проблемалары. Әлеуметті-экологиялық дағдарыс және тұрақты даму. Тұрақты дамудың қамтамасыз етуде халықаралық ұйымдардың қызметі. Қорғалатын территориялар – қорша-ған ортаның қорғаудың бір түрі ретінде.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

студенттерді экологиялық (тауқымет) проблемалармен таныстыру: әлемдік, аумақтық, республикалық көлемдегі экологиялық ахуалдармен және жалпы экологиялық заңдарымен, табиғатты қорғаудағы қоғамдағы ғылыми жетістіктермен таныстыру.

Техникалық құралдар және электронды оқыту жабдықтары

Биосфераның құрылысы, көміртегінің айналымы, оттегінің айналымы, азоттың айналымы, фосфордың айналымы тақырыптары бойынша слайдтар.

Емтихан.



3 курс

6 семестр.

Пәннің аталуы

Іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу

Қысқартылған атауы

МТІҚЖ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 6

Оқытушының Т.А.Ә.

Донбаева А.Б.

Доцент / оқытушы:

Ф.ғ.к. Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беретін пәндер, таңдау компоненті.

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

практикалық–15, ОСӨЖ–15,СӨЖ–15


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 45 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

1 ECTS

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Бағдарлама бойынша сауатты жазу, тіл дамыту, сөздік қорды байыту, құжаттарды мемлекеттік тілде дұрыс толтыру. Іс қағаздарын мемлекетттік тілде сауатты жазып, оның түрлерін үйрене білу әрбір тақырып бойынша мұқият қарастырылған.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Болашақ маман келесі дағдыларды меңгеруі тиіс.

А) Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады.

Мазмұны

Практикалық сабақтар: Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Іс қағаздары туралы ұғым. Өтініш. Арыз. Фамилялар мен есімдердің жазылуы. Өмірбаян. Мінездеме. Мемлекет басшысының атауындағы сөздер. Жеке іс парағы. Түсінік хат. Географиялық атаулардың жазылуы. Анықтама. Хабарландыру. Реттік белгілердің жазылуы.Хаттама. Қосарланған тыныс белгілерінің қолданылуы. Қолхат. Жеделхат. Факс арқылы жіберілетін құжаттар.Сандардың жазылуы. Сенімхат. Алғысхат. Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы.

Келісімшарт. Шарт. Сөздерді тасымалдау ережелері. Үндеу. Заң. Ереже. Мемлекеттік рәміздердің жазылуы.Кепілхат. Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы. Қызметтік хаттар. Бұйрық. Рим цифрларының жазылуы. Заң. Қаулы. Мемлекеттік рәсімдердің жазылуы. Сөздерді тасымалдау ережелері. Жарғы. Жарлық.

ОСӨЖ және СӨЖ .Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Іс қағаздар туралы ұғым. Іс қағаздарына қатысты негізгі түсініктер мен анықтамалар. Құжаттардың құрамы мен қамтылған материалға қатысты түрлері және олардың ерекшеліктері. Іс қағаздарының қоғамдағы және жеке адам өміріндегі орны. Іс қағаздарының мекемелер арасындағы ақпараттық және қатынас құралы ретіндегі маңызы. Іс қағаздары мен ресми құжаттар стилі. Резюме, жеке іс парағы, оларды жазу, толтыру тәртіптері. Еңбек кітапшасы, еңбек келісімі, оларды жазу, толтыру тәртіптері. Келісімшарт, тапсырыс, оларды жазу, толтыру тәртіптері. Баяндау хат, хабарландыру, оларды жазу, толтыру тәртіптері

2-модуль

Акт, есеп, оларды жазу, толтыру тәртіптері. Шешім, хаттама, оларды жазу, толтыру тәртіптері. Құжаттағы лауазымдар мен атақтардың жазылуы. Қосарланған фамилиялар мен есімдердің жазылуы. Қалыптасқан сөздер мен сөз тіркестері.Жүйелік істердің толтырылымы Қолхат. Кепілхат. Факс. Жеделхат. Іс қағаздар тілінің тарихы. Сенімхат үлгісі. Іс қағаздарының стилі. Бұйрық, үндеу, ереженің түрлері мен үлгілері. Шарт, тапсырыс, визит карточкасы. Үлгілері.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Іс қағаздарының тарихымен, негізгі түрлерімен танысу.

Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту.

Студенттерді мемлекеттік тілде іс қағаздарын сауатты жазып, оның түрлерін білуге үйрету.

Іс қағаздар стилінің өзіндік лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.




3 курс

6 семестр

Пәннің аталуы

Әлемдегі ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Тапалов Дуйсенбек Жанибекович

Доцент/ оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, практикалық-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 135

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Алғашқы қоғам тарихы, Этнология, Мәдениеттану, Әлемдiк дiндер тарихы

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Ежелгi Шығыс, Антика, Рим және орта ғасырлық қоғамның елдерiне қатысты маңызды ұлт азаттық қозғалыстар процестерiн айқындап, олардың мән, маңызын ашып көрсетуге бағыт-бағдар беру.

Мазмұны

Дәрістер: Ежелгі мемлекеттердің пайда болуы және мемелекет аралық қақтығыстардың басталуы Грек-парсы мемлекетінің арақатынасының шиеленусуі. (Афина мемлекетінің өз бостандығы үшін күресі б.э.д. Vғ.) Грек –Македон мемлекетінің құрылуы б.э.д. IV ғғ. Грецияның Македонияға бағынуы. Александр Македонскийдің жаулап алу соғыстары және оған қарсы азаттық күрестері. Құлиеленушілік Рим республикасының күшейуі. Жерорта теңізімен Кіші Азиядағы жаулап алу соғыстарына қарсы күрес (б.э.д. ІІІ-І ғғ.). спартак көтерілісі. Араб халифатының жаулап алу соғыстары және оған қарсы азаттық күрестері (VIII-IX ғғ.) Крест жорықтары және Шығыс хавлықтарының азаттық күресі. Англия мен Францияның арасындағы жүз жылдық соғыс. Француз халқының азаттық күресі. Түрік Османдардың Балкан түбегін жавулап алуы және Балкан халықтарының азаттық қозғалысы. Қытай халқының Монғол империясының жаулап алу соғысына қарсы азаттық күресі. Моңғол империясының езгісіне қарсы орта Азиядағы азаттық қозғалысы. Алтын Орда дәуіріндегі ежелгі Русьтегі азаттық қозғалыс. Куликова шайқасы. XYII ғ. басындағы поляк феодалдарының басқыншылығына қарсы К.Мининмен Д. Пожарскай бастаған азаттық күресі. 1812ж Отан соғысы. Н.Бонопарт агрессиясына қарсы орыс халқының азаттық күресі К. Қасымұлы бастаған қазақ халқының 1837-1847 жж. Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресі.

Практикалық сабақтар: Египет мемлекетiнiң құрылуы. Б.з.д. I мыңж. Египет. Хетт державасының құлауы. Шығыс жерорта теңiзi жағалауындағы елдер. Парсылардың Балқандық Грецияға алғаш енуi. Марафон шайқасы. Фемистокл жеңiсi. Периклдың iшкi және сыртқы саясаты. Бiрiншi Афиналық теңiз одағы және оның Афины архэсына айналуы. Афинаның мәдени және саяси маңызы. Спартаның саяси құрылымы Пелопоннес одағы мен Афины архэсы арасындағы қатынастар. Соғыстың себептерi мен сылтауы. Халықтардың ұрысы” туралы тарихи мәлiметтер. Ғұн тарихына қатысты зерттеуле Аттила және оның уақыты. Галлиядағы Каталаун даласындағы шайқасы. Людовик IХ реформалары. ХҮ ғасырдың екiншi жартысындағы Францияның саяси бiрiгуi.. Англия мен Франция арасындағы жүз жылдық соғыс.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Ежелгі мемлекеттердің пайда болуы және мемелекет аралық қақтығыстардың басталуы.

Емтихан.


3,4 курс

6, 7 семестр

Пәннің аталуы

Еуропа және Американың жаңа және қазіргі заман тарихы

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6,7

Оқытушының Т.А.Ә.

Отарбаева Г.К.

Доцент/ оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптік пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Ежелгі дүние тарихы, Орта ғасырлар тарихы, Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы


Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы курсында экономикалық, әлеуметтік, саяси идеологиялық шамадағы біршама қиын тарихи нысаналарды, сондай-ақ. ментальдылық және мәдени контекстегі саяси, экономикалық жөне саяси әлеуметтік ойлардың негізгі бағыттарын қарастыру, әлемдік тарих контекстінде Еуропа және Америка елдері тарихи дамуын көрсете білу; Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы кезеңдеріндегі елдердің әлемеуттік-экономикалық, саяси-идеялық, рухани дамуларының ерекше тұстарын көрсету;

Мазмұны

Дәрістер: Англия. Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік үшін соғыс. Америка Құрама Штаттарының құрылуы. Франция. Италия. Герман мемлекеттері. Пруссия. Халықаралық қатынас және отарлау саясаты. Наполеон соғыстары дәуіріндегі Еуропа (1800-1815). Ұлыбритания. Франция. Герман мемлекеттері. Германия. Астрия империясы. Австро-Венгрия.АҚШ. Халықаралық қатынастар.Америка Құрама Штаттары.Ресей. Германия. Ұлыбритания. Франция. Италия. Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945жж.). Европа және Америка елдері (1945-2005жж.). Америка Құрама Штаттары.Ұлыбритания. Франция. Германия Федеративтік Республикасы. Италия. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы.

Практикалық сабақтар:. Бірінші дүниежүзілік соғыстың корытындылары. Версаль-Вашинтгон жүйесі.

Германиядағы национал-социализмнің ұйымдық күрылымы және идеологиясы.Үшінші Рейх: нацистік диктатураның ішкі және сыртқы саясаты. Италиядағы фашистік корпоративтік жүйе. Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары. XXғ. екінші жартысындағы халықаралық катынастардың дамуының негізгі бағыттары.Батыс қоғамының XXғ. екінші жартысындағы әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер.

Еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясат Батыстың алдыңғы қатарлы елдерінің XX ғ. екінші жартысындағы саяси дамуының негізгі бағдарлары


Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Еуропа және Америка елдерінің жаңа және казіргі заман тарихы бойынша нақты мәліметтерді терең білуі керек;

Еуропа және Америка елдерінің қоғамдық дамуындағы негізгі тұжырымдарды меңгеруі қажет.

Емтихан.



3 курс


6 семестр

Пәннің аталуы

Қазақстанның жаңа заман тарихы

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Нартбаев Шымыр Жаксыбайұлы

Доцент/ оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптік пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Қазақстанның орта ғасырлар тарихы, шет елдердің жаңа заман тарихы,этнология, философия,теориялық деректеме, пәндері бойынша

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Негізгі мақсаты- студенттерге Қазақ хандығының трансформациялық процесін Ресей империясының отарлау көзі ретінде қарастыра отырып, тарихи көзқараста обьективті тұрғыда баға бере отырып қарастыру және зерттеу.

Мазмұны

Дәрістер:Қазақстанға қарсы Ресей агрессиясының басталуы.. Абылай тұсындағы Қазақ хандығының өрлеуі.Ішкі хаңдықтың құрылуы мен жағдайы. Қазақстанда патшалық Ресейдің отарлық агрессиясының күшеюі 1837-1847 жж. халық соғысы жөне Сырдария қазақтарыньщ патшалық Ресейдің агрессиясына қарсылығы. Қазақстанньщ өз мемлекеттілігінен айырьшуы жөне Ресейдің отарына айналуы. Қазақстаңда шаруалық отарлаудың басталуы.

XІX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанды отарлық қанаудың күшеюі. XVIII- XIX ғасырлардағы Қазақстан медениеті. . XX ғасыр басындағы отарлық Қазақстан. 1916 жылғы халық көтерілісі. Қазақстан 1917 жылғы Ақпан революциясының жеңісінен кейінгі кезеңде.



Практикалық сабақтар: Кіші және Орта жүз қазақтарының Ресей бодавдығын қабылдауы. ХҮШ-ХІХ ғғ. бірінші жартысындағы Қазақ қоғамы. XIX ғ. екінші ширегіндегі Қазақстаіща РесеГпік әкімгаілік-саяси басқару жүйесшщ енгізілуі. Далалық өлкеш отарлауға казак әскерлерінің қатысуы. Кіші және Орта жүздегі хандық билікгің жойылуы. Ресейдщ отарлық билігіне қарсы қазақтардың үлт-азаттық күресі. Оңтүстік Қазақстаннын жаулануы. Ресейдің Қазакстаңды отарлауының аяқталуы. ҮШ-ХІХ ғғ. Қазақстянмәпеғгаеті. Қазақстандағы үлттық-мемпекетгік қүрылыстыц мәселелері (желтоқсан
1917-қазан1920). Қазақстан азамат соғысы жылдарында.

"Кіші Октябрь" саясаты. Жаппай саяси репрессиялау және күпггеп қоныстандырудың басталуы. Күштеп үжымдастыру саясаты және оның салдары. Қазақстан Үлы Отан соғысы жылдарында.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Қазақстанның жаңа заман тарихы бойынша кең және терең білімге ие болуы білуі тиіс.

Емтихан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет