Пәннің аталуы
|
Материалдарды өңдеудің теориясы, станоктар мен құрал жабдықтар
|
Қысқартылған атауы
|
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 6
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Маханов Тұрсынхан Шалабайұлы
|
Доцент / оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ, орыс
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер–15, практикалық–30,ОСӨЖ–45,СӨЖ–45.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Пән келешек жас мамандарды кәсіпке баулу, оқу шеберханасында еңбекке дайындығын, политехникалық бағытта айқындап, студенттерге дамыған өндіріс негіздерімен танысу арқылы, оларды материалдарды кесу теориясы, станоктар және олардың атқаратын қызметі, құрал жабдықтар және олардың негізгі түрлері мен жұмыс істеу дәістеріне жаттығу, еңбек өнімділігін арттыру мен дағдысын қалыптастырады.
|
Мазмұны
|
Лекция: Құрал – жабдықтың материалдары, оған қойылатын талаптар және қолдану аймағы. Кесу жүйесі туралы жалпы мәлімет. Материалды кесу кезіндегі физикалық құбылыстар. Материалды кесу кедергілері және оның жіктелуі. Кесу жылдамдығы және оның маңызы. Өңделген беттің сапасы туралы түсінік және оның негізгі сипаттамалары. Метал емес материалдарды кесіп өңдеу ерекшеліктері. Метал кескіш станоктардың басты түрлері және оның негізгі механизмдері. Токар станогында материалды өңдеу. Бұрғылау станоктарында материалды өңдеу. Материалдарды фрезерлеу станогында өңдеу. Материалдарды ажарлау станогында өңдеу. Материалды ағаш өңдеу станогында өңдеу. Мектеп оқу шеберханасында қолданылатын «НГФ – 110 Ш» фрезер станогының құрылысы. Оқу шеберханасында қолданылатын, токар винтті кескіш ТВ – 14, ТВ – 6 станоктары.
Практикалық. Токар кескіштің геометриялық параметрін оқу. Әртүрлі факторлардың кесу кезіндегі температура тәуелділігін анықтау. Станокты дәлдікке тексеру. Өңделген беттің кедір бұдырлығын анықтау. Токарлық станоктарда өңдеу барысында кесу режимін таңдау. Бұрғылау станоктарда өңдеу барысында кесу режимін таңдау. Фрезер станоктарда өңдеу барысында кесу режимін таңдау. Станоктың төлқұжатын түзу. Спиральді бұрғының геометриялық параметрін оқу. Станоктың кинематикалық схемасын түзу. Бөлу головкасын станокка орналастыру және онымен жұмыс істеу. Станоктың өңдеу төзімділігін анықтау.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Станокты дәлдікке тексеру. Өңделген беттің кедір бұдырлығын анықтау. Токарлық станоктарда өңдеу барысында кесу режимін таңдау. Бұрғылау станоктарда өңдеу барысында кесу режимін таңдау ға үйрету. Қортынды емтихан
|
Пәннің аталуы
|
Материалдарды өңдеу теориясы, тігін машиналары мен құрал-жабдықтар
|
Қысқартылған атауы
|
Матер-ды өңдеу теориясы, тігін машинал мен ҚЖ
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ
|
Семестр:
|
6
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Байбатшаева А.Е.
|
Доцент / оқытушы:
|
п.ғ.к., аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақша, орысша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пәндер, таңдау бағытындағы компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер–15, практикалық–30,ОСӨЖ–45,СӨЖ–45.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
3-кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: «Материалдарды өңдеу практикумы», «Экология», «Валеология», «Экономика» пәндері
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерін тұрмысқа, жалпы өндіріске қажетті киім түрлерін қазіргі заман талабына сай өңделу технологиясын меңгертуге даярлау. Жеке тапсырыс жұмыстарында мода ағымына байланысты киімдерді өз бетінше орындай алуға үйрету болып табылады.
|
Мазмұны
|
Лекция: Тігін бұйымдарын пішудің технологиялық негіздері. Киім әзірлеу технологиясының негізі
1. Лекция. Кіріспе. Пән курсының мақсаты, пәні және тапсырмалары. Оның технология пәні мқғалімін даярлау жүйесіндегі маңызы.
Киім үлгілерін мата бетіне орналастырудың техникалық шарттары. Үлгіні орналастырудағы үнемділік. Үлгі бетінің ауданын есептеу тәсілдері. Үлгі бетінің ауданын аралас әдістермен айқындау жолдары.
2. Лекция. Тігін өндірісінің материалдарын өңдеу теориясы, тігін машиналары және құрал жабдықтар курсының мақсаты, пәні және тапсырмалары. Оның технология пәні мұғалімін даярлау жүйесіндегі маңызы.
3.Лекция. Технологиялық тасқындарға есеп жүргізу. Тасқынның технологиялық схемасын жасау.
Кесу цехтарындағы есептеу процестердің дайындығы
Кесу цехтары және дайындау процестерінің есебі.
4.Лекция. Шөрнекті тігістердің сапасын анықтау жолдары. Машина тігісіне кететін жіптер шығынын анықтау. Тігісті тартып бекіткенде жіптің деформациялануы
5.Лекция. Тігістердің пайда болу принциптері. Тігісті тартып бекітуді Эйлер формуласымен анықтау. Шөрнекті тігістің технологиялық схемасын анықтау. Тігісті тартып бекіткенде Күштің бірдей шарттарын анықтау.
Тігін машиналарының жұмысшы бөліктерінің өзара әрекеттесу заңдылықтары
6. Лекция. Тігін машиналарының инелері. Матаны инемен тесіп өту заңдылықтары.
Ине жібінен ілмек пайда болу заңдылықтары.
7.Лекция. Тігін машиналарындағы шөрнектер. Шөрнек құрылғылары. Шөрнек мұрыншасының ілмекті іліп алу принциптері.
8. Лекция. . Жіп тартқыш түрлері. Шөрнекті тігістердің пайда болуында жіп тартқыштың жіпті тарту принциптері. Тігіске қажетті жіп ұзындығы.
9. Лекция. Мата жылжытқыш рейканың жұмыс істеу принципі. Матамен рейка арасындағы әсер ету күші.
10.Лекция. . Тігін машинасы жұмысының циклограммасы. Тігін машинасы жұмысшы бөліктерінің жұмыс коэфиценттері.
Практикалық жұмыс:
Тігін бұйымдарын пішудің технологиялық негіздері. Киім әзірлеу технологиясының негізі
1.Үлгі бетінің ауданын есептеу.
2.Үлгілерді мата бетіне орналастыру тәсілдері.
3.Тасқынның технологиялық схемасын жасау.
4. Кесу цехтарындағы есептеу процестердің дайындығы.
5 Кесу цехтары және дайындау процестерінің есебі.
Тігін машиналарының жұмысшы бөліктерінің өзара әрекеттесу заңдылықтары
6. Тігісті тартып бекітуді Эйлер формуласымен анықтау.
7. Ине жібінен ілмектің пайда болу заңдылықтары.
8. Тігіске қажетті жіп ұзындығын айқындау.
9. Тігін машинасы жұмысының циклограммасы.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Жоғары оқу орындарының бағдарламасына сәйкес көлемдi бiлiм алу үшiн студент әдебиеттермен, оқу-құралдарымен, сөздiктермен, интернетпен жұмыс iстей бiлуi қажет.
|
Пәннің аталуы
|
«Арнайы сурет және сұңғат»
|
Қысқартылған атауы
|
АС және С
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Лекция, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
6
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Кубенов Мукан Абдрашұлы
|
Доцент / оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Каз.
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Лекция -15 сағат, Практикалық жұмыс -30 сағат, СРСП -45 сағат, СРС- 45 сағат
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы:135-сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
3-кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиті: студент пән бойынша білім алу үшін теориялық мағлұматтар мен практикалық іс-әрекеттер мектептегі сызу, сурет, жобалау пәндеріне тіректенеді.
.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
бүгінгі күн талабына сай киімді конструкциялау мен модельдеу жұмыстарында бұйымға қажетті сәндік келбет беру барысында бейнелеу өнерінің қажеттігін сезініп, оның ішінде сурет пен сұнғат өнерінің негіздерін игеруді, тиімді үйрету.
|
Мазмұны
|
Лекция: 1 лекция. Сурет салу өнерінің жанырлары. Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы.
2 лекция. Қазақстандағы суретшілер мен модельдеушілер.
3 лекция. Сурет және сұңғат өнеріндегі қолданылатын құрал- жабдықтар
4 лекция. Компазициялық құрылым, заттардың орналасуы, композициялық тепетеңдік, өзара байланыс әдіс-тәсілдері.
5 Ою-өрнектің, шығу тарихы,даму жолдары
6 лекция..Ою-орнекті костюм композициясымен байланыстыру.
7 лекция Натюрмортты шындық бағытпен бейнелеудің заңдылықтары.
8 лекция Кеңістікте, жазықтықта бейнелеудің заңдылықтары.
9 лекция Интерьердегі заттың көрінісі.Заттың переспективалық көрінісі, алыс-жақынды көрсету.
10 лекция Арнайы суретпен кескіндеменің композициялық құрылымы
11 лекция Адам анатомиясы.
12 Адам тұлғасын бейнелеудегі әдістер.
13 Адам бас сүйегін, денелерін салу әдістері.
14 Қазақтың ұлттық киімдерімен адам бейнесін салу ерекшеліктері
15 Ою-өрнектерді киімдерде қолданылу ерекшеліктері
Практикалық жұмыс:
Кіріспе.Шындық бағытпен бейнелеу заңдылықтары.
1.Қойылым геометриялық фигура (шар,конус,цилиндр)
2 Қойлым Бір-екі геометриялық фигурадан құралған бейне (шар,конус,цилиндр)
3.Қойлым 2-3 геометриялық фигурадан тұратын бейне (шар,конус,цилиндр)
4 Қойлым.Гипстен жасалған адам басының бейнесін салу
5.Қарапайым бірнеше заттан құралған натюрморт
6-7.Қарапайым бірнеше заттан құралған натюрморт
8-9.Адам денесін (әйел,бала тұлғасын) қолымен бірге бейнелеу
10-11.Адам денесін (әйел,бала тұлғасын) қолымен бірге бейнелеу
12-13.Адамды интерьерде бейнелеу
14-15.Ұлттық киімдегі адамның бейнесін бейнелеу
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Бұл курста студенттер арнайы сурет және сұңғат өнерінің негізін,тиімді жолдарын үйренеді нәтижесінде емтихан тасырады
|
Пәннің аталуы
|
Автоісі кабинетін ұйымдастыру және жабдықтау
|
Қысқартылған атауы
|
АКҰ және Ж
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 4,5
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Көбенов Мұхан Абдрашұлы, Камалов Мұрат Юсубалыұлы
|
Доцент / оқытушы:
|
Аға оқытушы, оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер–30, практикалық–15,ОСӨЖ–45,СӨЖ–45.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
3 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Мектептегі кәсіпке даярлау жұмыстары; педагогика; кәсіби педагогика; психология; экология; дәстүрлі және қазіргі заман талабына сай техникалық оқыту құралдары; кәсіби дайындау әдістемесі және арнайы технология; мамандыққа кіріспе.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Мақсаты – кәсіпке оқыту «Автокөліктерді жөндеу және пайдалану» студенттерді жалпы және алғашқы кәсіби білім беретін мектептерде автоісін автоісі кабинеттері мен шеберханаларын жабдықтауға қажетті икемділік пен біліктілікті қалыптастыру, халықаралық деңгейдегі автоісі мамандарын дайындау бағдарламаларын жүзеге асыруға қажетті деңгейде кабинеттер мен шеберханаларды жарақтандыруға байланысты қажетті білім және ептілігін қалыптастыру.
|
Мазмұны
|
Дәрістер. Автоісі кабинеттерін ұйымдастыру және жабдықтау пәнін оқытудың мақсаты, міндеттері, мазмұн. Автоісі шеберханаларында верстактарды орналастыру талаптары: олардың биіктігі, түсі, ара қашықтығы. Автоісіне оқытуда теориялық білім беретін кабинеттердің атқаратын қызметі, құрылымы . Теориялық білім беретін автоісі кабинеттерін қабырғалық және экрандық көрнекіліктермен жабдықтау талаптары . Теориялық білім беретін автоісі кабинеттерін макеттермен және модельдермен жабдықтау ерекшеліктері. Автоісі кабинеттерінде үлестірме қағаздарды, тест материалдарын, компьютерлік ақпараттарды жинақтау, әзірлеу. Автомобиль бөліктерін жинау және бөлшектерге ажыратып оқып-үйрену шеберханасын көрнекіліктермен жабдықтау мүмкіндіктері
Практикалық. Автоісі шеберханалары мен кабинеттерін жарықтандыру мен бояу талаптарына сәйкес безендіру. Автоісі кбинеттері мен шеберханаларының құрылымы, құрамдары, қосалқы бөлмелерінің шаршыларының өлшемдерін анықтау. Құрал-саймандар, аспаптар мен приборлар, станоктармен қондырғылар, диогностикалық стенділер, техникалық оқыту жүйелерімен жабдықтау және орналастыру талаптары. Автоісі сабақтарын оқытуға қажетті оқыту жабдықтары. Автоісі кабинетері мен шеберханаларында кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Жазбаша емтихан
|
Пәннің аталуы
|
Тігін бұйымдарының технологиясы
|
Қысқартылған атауы
|
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 5,6
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Бакирова Г.А.
|
Доцент / оқытушы:
|
|
Жұмыс тілі
|
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер–30, практикалық–60,ОСӨЖ–90,СӨЖ–90.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 270 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: «Материалдарды өңдеу технологиясы», «Костюм тарихы» пәндері.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерінің тұрмысқа, жалпы өндіріске қажетті киім түрлерін қазіргі заман талабына сай өңделу технологиясын меңгертуге даярлау. Жеке тапсырыс жұмыстарында мода ағымына байланысты киімдерді өз бетінше орындай алуға үйрету болып табылады
|
Мазмұны
|
Дәріс сабақтары:
1 лекция Сырт киім туралы жалпы мәліметтер. Бұйымдар өлшемі мен бой шамаларының жіктелуі. Сырт киім әзірлеуге қойылатын талаптар. Қолмен және машинамен атқарылатын жұмыстар. Дымқылдық жылулық жұмыстар. Пішінді бөліктері. Пішінді бөлшектерінің аттары. Пішінді сызықтары мен кесінді бөлшектерінің аттары. Пішуге қажетті техникалық шарттар. Негізгі матаның бөлшектері. Астар бөлшектері. Астараралық бөлшектері.
2 лекция.Сырт киімнің ұсақ бөлшектерін өңдеуден өткізу. Қалта қақпақтары. Белдікшелер мен белдіктер. Қалталарды өңдеу және жинастыру. Қақпақты тілме қалтаны өңдеу. Рамкалы тілме қалтаны өңдеу. Тік рамкалы тілме қалта. Рамкасы әшекейлі тілме қалта. Қақпақты әрі рамкаланған тілме қалта. Жапрақшалы тілме қалтаны өңдеу. Шеті қайырылып тігілген жапрақшалы тілме қалталар. Ұштары қайылған жапрақшалы қалта. Жапсар тігісіндегі қалталарды өңдеу. Жапсырма қалтаны өңдеу. Астардағы ішкі қалтаны өңдеу.
3 лекция. Пальто модельдері. Пішінді бөлшектерін тігуге дайындау. Пішінді бөлшектерін тексеру. Пішінді бөлшектерін номерлеу. Сызықты бір бөлшектен екіншісіне көшіру.
4 лекция. Өңірлерді өңдеу. Бүкпе тігісінің атқаратын қызметі. Кеудедегі бүкпелерді өңдеу. Мықын сызығындағы бүкпелерді өңдеу. Кесінді бүйірлік бөліктері бар өңірлерді өңдеу. Жапсар тігістерін өңдеу. Қаттамаларды өңдеу. Иіндерді өңдеу және оларды өңірлермен біріктіру. Өңірлерді дымқылдық-жылулық өңдеуден өткізу.
5 лекция. Жотаны өңдеу. Ортасында тігісі бар жотаны өңдеу. Етек айрығы бар жотаны өңдеу. Бүкпелері бар жотаны өңдеу.
6 лекция. Өңірлерді жотамен біріктіру. Бүйірлік кесінділерді қайып тігу. Бұйымдардың кесінділері мен етегін тегістеп қырқу.
7 лекция. Бұйымның өңірлері мен етегін өңдеу. Түймеліктерді өңдеу. Жиектеме жүргізу. Өңірастылықты өңдеу. Өңірастылықтарды өңірмен біріктіру. Бұйымдардың өңірлері мен етегін соңғы өңдеуден өткізу. Бұйымның етегін өңдеу.
8 лекция. Жағаларды өңдеу. Жағалардың сипаттамасы. Астыңғы жағаларды өңдеу. Үстіңгі жағаны астыңғы мен біріктіру.
9 лекция. Иықтық тігістерді өңдеу және жағаларды мойын оймасымен біріктіру. Иықтық тігістерді өңдеу. Жағаны мойын оймасымен біріктіру. Әртүрлі жағаларды өңдеудің ерекшеліктері және оларды бұйымдармен біріктіру.
10 лекция. Жеңдерді өңдеу. Алдыңғы және шынтақ тігістері бар екі тігісті жеңдер. Сыңар тігісті жеңдер. Үстіңгі және астыңғы тігісі бар қос тігісті жеңдер. Айрықты жеңдер. Манжетті жеңдер.
11 лекция. Жеңдерді бұйымға біріктіріп тігу. Жеңдерді қайып тігу. Жеңдерді қайып тігу. Бұйымдардың жең оймасын өңдеу. Астарды өңдеу және оны бұйыммен біріктіріп тігу. Астарды өңдеуге қойылатын техникалық талаптар. Пальто мен жакетті соңғы өңдеуден өткізу.
Лекция 12. Жеңдері түрліше пішілген пальтоны өңдеудің ерекшеліктері. Жеңдері реглан болып пішілгін пальтолар. Жеңдері тұтас пішілген пальтоларды өңдеу тәсілдері.
Лекция 13. Қысқы пальтоны өңдеудің ерекшеліктері. Қысқы пальтоның модельдері. Жылулық астараралықты өңдеу. Жеңдерді өңдеу. Мехтан жасалған манжеттерді өңдеу және жеңдермен біріктіру. Мехтан жасалған жағаларды өңдеу және оларды төменгі жағалармен біріктіру. Түймеленетін жылы астары бар бұйымды өңдеу ерекшеліктері.
Лекция 14. Өнім сапасын стандарттау және бақылау. Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Өнім сапасы.
Лекция 15 Дайын тігін бұйымдарының сапасын бақылау. Киім кемшіліктерінің түрлері.
Практикалық сабақтар:
Практикалық жұмыс №1. Жакетті өңдеу технологиясы
-
Жакетті пішу.
-
Жакеттің сәндік бөлшектері мен ұсақ бөлшектерін өңдеу.
-
Жакеттің негізгі бөлшектерін біріктіру.
-
Жакеттің өңірін өңдеу.
-
Жакеттің жеңін өңдеу
-
Жакетті астар мен қосып өңдеу
-
Жакетті соңғы өңдеу
Практикалық жұмыс №2. Пальтоны өңдеу технологиясы
-
Пальтоны пішу.
-
Пальтоның кейбір бөлшектерін қатырмалармен өңдеу.
-
Палтоның негізгі бөлшектерін өңдеу.
-
Пальтоның жеңін қондыру.
-
Пальтоны астармен қосып өңдеу.
-
Пальтоны соңғы өңдеу жұмыстары
Практикалық жұмыс №3. Тігін бұйымдарында кездесетін ақауларды түзету жолдары.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
текстиль материалдарынан әзірленетін тігін бұйымдарымен танысады;
киімдерді сәндеп өңдеу технологиясын меңгереді
жеке тапсырыс бойынша бұйымдарды әзірлеу технологиясын меңгереді
|
Достарыңызбен бөлісу: |