Шымкент қаласының 2016-2018 жылдарға арналған азаматтық бюджеті. Құрметті сайтқа кірушілер!



жүктеу 184.55 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі184.55 Kb.
Шымкент қаласының 2016-2018 жылдарға арналған азаматтық бюджеті.
Құрметті сайтқа кірушілер!
Сіздердің назарынызға қала бюджетінің негізгі көрсеткіштері мазмұндалған, оны қалыптастыру және шығыс бөлігі бағыттарының параметрлері көрсетілген Шымкент қаласының 2016-2018 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылуда.
2016 жылғы Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық

дамуының негізгі көрсеткіштер болжамы
Халық саны. Халық санының өсімі 2015 жылға қарағанда 102,7 пайызды құрайды.

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімінің көлемін 307,9 млрд.теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр, нақты көлем индексі 2015 жылға қарағанда 102,5 пайыз.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы нақты көлем индексін 2015 жылға қарағанда 104,3 пайызға жеткізу жоспарлануда, оның ішінде өсімдік шаруашылығын 102,2 пайыз, мал шаруашылығы 102,0 пайыз.

Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексін 2015 жылға қарағанда 100 пайыздық көлемінде жоспарланып отыр.

Сауда. Бөлшек сауданың нақты көлем индексін 2015 жылға қарағанда 101,0 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Инвестиция. Негзігі капиталға бағытталған инвестиция нақты көлем индексі 2015 жылға қарағанда болжамға сәйкес 102,3 пайызды құрайды.

Кәсіпкерлік. Тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы көлемінен жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 88 пайызды құрайды.

Жұмыспен қамту. Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылғы 5,3 пайыздан 2016 жылы 5,1 пайызға дейін төмендету болжамдануда.


2016 жылғы базалық мөлшерлемелер:

айлық есептік көрсеткіштер – 2121 теңге;

жалақының ең төмен мөлшері – 22859 теңге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 25824 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 22859 теңге;

орташа айлық жалақы – 91 146 теңге;



степендия мөлшері:

жоғарғы оқу орындарында – 20949 теңге

колледждерде – 16500 теңге.
2016-2018 жылдарға арналған Шымкент қаласы

бюджетінің негізгі параметрлері
2016-2018 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджетінің жобасы 2015-2019 жылдарға арналған болжамды макроэкономикалық көрсеткіштерінің негізінде қалыптастырылып, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабына сәйкес, Шымкент қалалық мәслихатының қарауына ұсынылған.

«2016-2018 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қалалық мәслихатының №54/411-5с шешімі 2015 жылдың 22 желтоқсанында қабылданып, Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінде 2015 жылдың 25 желтоқсанында 3484 нөмірімен тіркелген. Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы «2016-2018 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қалалық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» №699 қаулысымен атқарылуға қабылданды (Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 қаңтардағы №55/425-5с шешімімен және Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы №42 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).


Түсімдер

Салық кодексіне сәйкес және макроэкономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, 2016 жылға арналған қала бюджетінің болжамды өзіндік кірістерінің түсімі 44257 млн.теңге көлемінде жоспарланған, оның ішінде:

- салықтық түсімдер – 43850,2 млн.теңге;

- салықтық емес түсімдер – 95,8 млн.теңге;

- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 311 млн.теңге.

2016 жылға арналған қала бюджетінің өзіндік кірістері негізінен реттелетін салықтар (қала бюджетіне түсім пайызы 94,1) есебінен құралады.

Республикалық бюджеттен 2016 жылға қала бюджетіне нысаналы трансферттер 15936,5 млн.теңге және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер 1498,8 млн.теңге көлемінде бөлу қарастырылған, оның ішінде ағымдағы – 15341,8 млн.теңге, дамуға – 2093,5 млн.теңге.

Облыстық бюджеттен 2016 жылғы қала бюджетіне нысаналы трансферттер 25033,6 млн.теңге көлемінде бөлу қарастырылған, оның ішінде ағымдағы – 2381,6 млн.теңге, дамуға – 22652 млн.теңге.



Облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы өзара қатынастары «Облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемі туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №21/173-V шешімімен белгіленген.

млн.теңге

Атауы

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

Түсімдер

86 725,9

53 311

56 136,1

Салықтық түсімдер

43 850,2

37 682,8

38 990,3

Салықтық емес түсiмдер

95,8

97,7

99,9

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

311

322

53

Трансферттердің түсімдері

42 468,9

14 769

16 542,9

Қарыздар түсімі

0

439,5

450


Шығыстар

млн.теңге

Атауы

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

Шығыстар

86 725,9

53 311

56 136,1

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

1165,7

575,3

581,7

Қорғаныс

153,7

44,7

45

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, қылмыстық-атқару қызметі

447,1

440

440,1

Бiлiм беру

41541,4

26198

25735,8

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

2806,5

1401

1443

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

20666

13943,2

12005,6

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

3382,5

4011

3930,4

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

4362,4

30

50

Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары

298,1

192,7

203,8

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

255,2

86,6

87,6

Көлiк және коммуникация

10604

5507,1

11228,8

Басқалар

882

880,9

383,8

Трансферттер

0,5

0,5

0,5

Қарыздарды өтеу

160,8








2016 жылға салалар бойынша шығыстар

2016 жылға арналған қалалық бюджеттің шығыстар бөлігінде республикалық, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді қоса есептегенде 86725,9 млн.теңге қаралған, оның ішінде мемлекеттік басқаруға және мемлекеттік міндеттемелерді қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы бюжеттік бағдарламаларға қаралған қаржының көлемі 58471 млн.теңгеге, бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған даму бағдарламаларының көлемі 28254,9 млн.теңгеге жоспарланған.


Білім

Аталған мақсатқа қала бюджетінде жалпы 41541,4 млн.теңге көлемінде қаражаттар жоспарланған, оның ішінде, республикалық және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер 13828,3 млн.теңге, облыстық бюджет қаражаттары 925,3 млн.теңге және жергілікті бюджет қаражаттары 26787,8 млн.теңге.

Бюджет қаражаттары арнайы және жалпы типтегі бала бақшалаларды күтіп ұстауға, жалпы орта және қосымша білім беруге, оқулықтар мен әдістемелік кешендер сатып алуға, жетім балаларды қорғауға, балалар мен жасөспірімдерге психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуге, білім нысандарының күрделі жөндеуіне және құрылыс жұмыстарына жоспарланған.
Әлеуметтік қолдау және әлуеметтік қорғауға қала бюджетінде 2806,5 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер 1109,9 млн.теңге, облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер 23,4 млн.теңге және жергілікті бюджет қаражаттары 1673,2 млн.теңге.

2016 жылы жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 113 млн.теңгеге 500 адамды әлеуметтік жұмысқа жіберу жоспарлануда, 837 адамға 9 млн.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 29 млн.теңгеге 786 адамға тұрғын үй көмегі, 11339 адамға бір реттік әлеуметтік көмек, 34240 алушыларға 18 жасқа дейінгі балаларға 686,6 млн.теңгеге мемлекеттік жәрдем ақылар беру, 1165 мүгедектерге жәрдем беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, инва-такси қызметіне 21,7 млн.теңге, мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуге және тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды бейімдеуге 153,7 млн.теңге бағытталуда.

Сондай-ақ, Өрлеу жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізуге – 38,3 млн.теңге, «Инватакси» қызметін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 10,3 млн.теңгі, арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарын енгізуге – 7 млн.теңге, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын көбейтуге – 122,6 млн.теңге, Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іс-шараларын іске асыруға – 834,4 млн.теңге және өзге де мақсаттарға – 97,3 млн.теңге республикалық бюджеттен қаражаттар бөлінуде.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қоюға – 1719,7 млн.теңге, көшелерді жарықтандыруға – 673,4 млн.теңге, қаланың санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге – 2817 млн.теңге, жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеуге – 62,8 млн.теңге, қаланы абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына 2858,3 млн.теңге, көп пәтерлі тұрғын үйлерде энергетикалық аудит жүргізуге – 33,5 млн.теңге жоспарлануда.


Білім беру нысандарының құрылысы

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен 298,8 млн.теңгеге 2 нысанның құрылысы жүргізілуде.

Облыстық бюджет есебінен 4 мектептің құрылыстарына 866,9 млн.теңге қаралды (оның ішінде 2 нысан ұлттық қорға қоса қаржыландыру).

Қалалық бюджет білім нысандарын дамытуға 2 760,1 млн.теңге қаралды. Бұл қаржылар 5 мектептің құрылысына және 8 нысанның ЖСҚ әзірлеуге бағытталуда.


Тұрғын үй құрылысы

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен 594,7 млн.теңгеге 2 нысанның құрылысы жүргізілуде.

Облыстық бюджет есебінен 11 тұрғын үй, 1 жатақхана құрылыстарына 2548 млн.теңге қаралды. Сонымен қатар, 1 ЖСҚ әзірлеуге 10 млн.теңге бөлінді.

Қалалық бюджеттен 1 тұрғын үй, 1 жатақхана, 5 ЖСҚ әзірлеуге 206,2 млн.теңге бағытталуда.


Инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен 1200 млн.теңгеге 1 нысанның құрылысы жүргізілуде.

Облыстық бюджеттен 2 нысанның құрылысына 3028,1 млн.теңге қаралды.

Қалалық бюджет есебінен 1 нысан құрылысына, 6 ЖСҚ әзірлеуге 26,5 млн.теңге бағытталуда.


Коммуналдық шаруашылықты дамыту

Облыстық бюджеттен 5 шағынауданды электрмен қамтамасыз етуге, қаладағы көшелерді жарықтандыруға және 1 подстанцияның құрылысына 5476,8 млн.теңге қаралды.

Қалалық бюджеттен 6 ЖСҚ әзірлеуге 43,8 млн.теңге бағытталуда.
Ауыз су және кәріз жүйелерінің құрылысы

Облыстық бюджеттен 8 шағынауданды сумен қамтамасыз етуге, 1 магистралды кәріз жүйесі құрылысына және 4 шағынауданның ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысына 2 128,3 млн.теңге қаралды.

Қалалық бюджеттен 2 нысан құрылысына 8 ЖСҚ әзірлеуге 69,4 млн.теңге бағытталуда.
Газ жүйелерінің құрылысы

Облыстық бюджеттен 2 шағынауданды газбен қамтамасыз етуге 931,5 млн.теңге қаралды.

Қалалық бюджеттен 3ЖСҚ әзірлеуге 1,0 млн.теңге бағытталуда.
Көріктендіру нысандарының құрылысы

Облыстық бюджеттен Бадам өзенін абаттандыруға, Қарасу шағынауданындағы саябақ құрылысына 336,4 млн.теңге қаралды.

Қалалық бюджеттен 3 гүлзарды абаттандыруға, көлік-логистикалық орталығының жол бойын көріктендіруге, 4 ЖСҚ әзірлеуге 132,5 млн.теңге бағытталуда.
Мәдениет және спорт нысандарының құрылысы

Қалалық бюджет есебінен №12 спорт мектебінің спор ғимаратының қайта құру жұмыстарына 199,2 млн. теңге қаралды. Сонымен қатар, 4 спорт нысанының 1 кітапхана ғимаратының құрылыстарының ЖСҚ әзірлеуге 10,0 млн.теңге бағытталуда.


Көлік инфрақұрылым құрылысы

Облыстық бюджеттен 9 магистралды көшені, 2 шағынауданның ішкі орамдық көшелерін қайта құруға, 2 ЖСҚ әзірлеуге 7325,7 млн.теңге қаралды.

Қалалық бюджеттен Қатын көпір шағынауданның ішкі орамдық көшелерін қайта құруға, 1 көше құрылысына, 6 ЖСҚ әзірлеуге 60,7 млн.теңге бағытталуда.

Сонымен қатар, жол жүрісі қауiпсiздiгін қамтамасыз етуге – 421 млн.теңге, автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге – 3168,8 млн.теңге жоспарлануда.



2016-2018 жылдарға ресупбликалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер:

млн.теңге

Атауы

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

Жиыны

17 435,3

2 681,1

2 369,1

ағымдағы трансферттер

15 341,8

0

0

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын іске асыруға

7 230,5

 

 

Өрлеу жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізуге

38,3

 

 

«Инватакси» қызметін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға

10,3

 

 

арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарын енгізуге

7,0

 

 

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын көбейтуге

122,6

 

 

агроөнеркәсіптік кешеннің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелерін ұстауға

17,2

 

 

азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің штат санын ұстауға

6,2

 

 

мемлекеттік әкімшілік қызметшілер еңбекақысының деңгейін арттыруға

198,1

 

 

жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделіне көшуге, сонымен қатар оларға лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге

6 877

 

 

Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іс-шараларын іске асыруға

834,4

 

 

жалақыны ішінара субсидиялауға

232,2

 

 

жастар практикасына

474,2

 

 

кадрларды қайта даярлауға

16,1

 

 

жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге

111,9

 

 

даму трансферттері мен кредиттері

2 093,5

2 681,1

2 369,1

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға (Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен)

298,8

0

0

Сайрам ауылындағы 300 оқушы орындық М. Мәметова атындағы №66 ЖОМ құрылысы

164,5

 

 

Тассай ауылындағы 300 орындық №91 мектептің құрылысы

134,3

 

 

тұрғын үй жобалауға және салуға кредит беру

0

439,5

450 000

Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығындағы жайлылығы 3-сыныпты 9 қабатты темір бетон монолитті тұрғын үйлердің 3 көп қабатты тұрғын үйлерді байлаумен (барлығы 4 үй) құрылысы. Г-1 тұрғын үйі

 

75,0

75,0

Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығындағы жайлылығы 3-сыныпты 9 қабатты темір бетон монолитті тұрғын үйлердің 3 көп қабатты тұрғын үйлерді байлаумен (барлығы 4 үй) құрылысы. Г-2 тұрғын үйі

 

75,0

75,0

Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығындағы жайлылығы 3-сыныпты 9 қабатты темір бетон монолитті тұрғын үйлердің 3 көп қабатты тұрғын үйлерді байлаумен (барлығы 4 үй) құрылысы. Г-3 тұрғын үйі

 

75,0

75,0

Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығындағы жайлылығы 3-сыныпты 9 қабатты темір бетон монолитті тұрғын үйлердің 3 көп қабатты тұрғын үйлерді байлаумен (барлығы 4 үй) құрылысы. Г-4 тұрғын үйі

 

75,0

75,0

Шымкент қаласы әкімшілік-іскерлік орталығындағы жайлылығы 3-сыныпты 9 қабатты құрастырмалы-қаңқалы №11 тұрғын үйдің іргелес 3 көп қабатты тұрғын үйлерді байланыстыруымен (барлығы 4 тұрғын үй) құрылысы

 

75,0

75,0

Шымкент қаласы әкімшілік-іскерлік орталығындағы жайлылығы 3-сыныпты 9 қабатты құрастырмалы-қаңқалы №12 тұрғын үйдің іргелес 3 көп қабатты тұрғын үйлерді байланыстыруымен (барлығы 4 тұрғын үй) құрылысы

 

64,5

75,0

тұрғын үй жобалауға және салу трансферттер есебінен

594,7

259,5

350,0

Шымкент қаласы тоғызқабатты 4 сыныпты жайлылықтағы тұрғын үйлердің құрылысы (№1,№2 үйлер)

594,7

 

 

Шымкент қаласы әкімшілік-іскерлік орталығындағы жайлылығы 3-сыныпты 9 қабатты құрастырмалы-қаңқалы №13 тұрғын үйдің іргелес 3 көп қабатты тұрғын үйлерді байланыстыруымен (барлығы 4 тұрғын үй) құрылысы

 

259,5

270,4

Шымкент қаласы әкімшілік-іскерлік орталығындағы жайлылығы 3-сыныпты 9 қабатты құрастырмалы-қаңқалы №14 тұрғын үйдің іргелес 3 көп қабатты тұрғын үйлерді байланыстыруымен (барлығы 4 тұрғын үй) құрылысы

 

 

79,6

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға

1 200,0

950,0

1 215,7

ОҚО Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы мен жаңа тұрғын үй массиві үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысы (2 кезек)

 

950 000

500,0

Шымкент қаласы, Тұран шағын ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы (№1-ші көше)

 

 

302,4

Шымкент қаласы, Тұран шағын ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы (№6-ші және №7 көше)

 

 

413,3

ОҚО, Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығымен жаңа тұрғын үй массивіне арналған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысы (2 кезек) (Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен)

1 200,0

 

 

сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға

0

1 032,1

353,4

Шымкент қаласы, Қызылжар және Ынтымақ шағын аудандарын сумен қамтамасыз ету құрылысы

 

327,4

 

Шымкент қаласы Ұлағат мөлтек ауданын сумен қамтамасыз ету құрылысы

 

435,5

 

ОҚО, Шымкент қаласы, Самал-3 мөлтек ауданын сумен қамтамасыз ету құрылысы (II кезек)

 

269,2

353,4

2016-2018 жылдарға облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер:



млн.теңге

Атауы

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

Барлығы

25 033,6

12 527,4

14 623,7

Ағымдағы трансферттер

2 381,6

 

 

Абаттандыру

73,8

 

 

Автомобиль жолдардын және көпірлерді күрделі жөндеу

1 450,0

 

 

Автомобиль жолдардын және көпірлерді орташа жөндеу

682,6

 

 

Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алғаны үшін Қазақстан азаматтарына біржолғы ақша қаражатын төлеуге

25,5

 

 

Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге

78,9

 

 

Сарып ауруымен ауратын ірі қара малдың санитарлық сою (30%-дан 50%-ға дейін өтеу құнын көбейту)

11,9

 

 

Сарып ауруымен ауратын ұсақ малды санитарлық сою және жоюдың құнын 50% өтеу

2,6

 

 

Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуге

32,9

 

 

Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу үшін

23,4

 

 

Даму трансферттері

22 652,0

12 527,4

14 623,7

Көріктендіру нысандарының құрылысы

336,4

1 800,0

1 059,1

Білім нысандарының құрылысы

866,9

1 397,2

1 723,0

Тұрғын үй құрылысы

2 558,3

1 800,0

1 250,9

Инженерлік инфрақұрылым құрылысы

3 028,1

496,5

 

Коммуналдық шаруашылық нысандарының құрылысы

2 046,7

 

 

Сумен қамтамасыз ету

2 128,3

2 243,5

1 531,0

Жол құрылысы

7 325,7

4 790,2

9 059,7

Жылу-энергетикалық нысандар құрылысы

3 430,1

 

 

Газбен қамтамасыз ету

931,5

 

 


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет