Шымкент институты



бет2/4
Дата09.06.2016
өлшемі448.58 Kb.
#124653
1   2   3   4

1.2. Мал тұқымын жіктеу


Мал тұқымына сіңген адам еңбегінің сандық және сапалық сипатына қарай, оларды үш топқа бөледі;

  1. Аборигендік немесе байырғы жергілікті тұқымдар,

  2. Заводтық немесе мәдени тұқымдар

  3. Өтпелі тұқымдар

1. Аборигендік тұқымдар негізінен табиғи сұрыптаудың әсекрінен қалыптасқан. Олардың өнімдік қасиеттерінің дамуына адам аз араласқан. Аборигендік тұқым малы жан-жақты өнгім бергенмен, олардың ешқайсысы жақсы жетілмеген. Жалпы алғанда оларға тән қасиеттер; ұқсастық, кеш жетілу, төзімділік, дене бітім мықтылығы, жергіліктрі жағдайға бейімділігі. Аборигенндік мал тұқымдарына қазақы жылқы, қазақы қой, қазақы сиыр тұқымдары жатады.

Байырғы мал тұқымдарының өнімі аз екен деп мүлдем жойып жіберуге болмайды. Олар жаңа мал тұқымдарын шығаруға таптырмайтын құнды генофонд болып есептелінеді.

2. Заводтық мал тұқымдарына көп жыл бойына жүргізілетін сұрыптау, жұп таңдау және белгілі бір жағдайда бағып күту, азықтандыру сияқты жұмыстар негізінде қалыптасқан тұқымдар жатады. Бұл топқа жататын мал тұқымдарының өнім көрсеткіштері жоғары және осы өнім бағытына мамандырылған. Аборигендік тұқымдармен салыстырғанда олардың өнімділіктерінің өзгергіштік дәрежесі жоғары. Заводтық тұқым малы нәсілдік қасиеттеріне тән өнім беру үшін, өздері қалыптасқан жағдайдың болуын қажет етеді. Табиғи сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімсіз, ауруға тез ьшалдыққыш болады. Заводтық тұқымдарға – белгілі бір өнім беруге мамандырылған қазіргі тұқымдар енеді. Мысалы: қазақтың ақсарбас сиыры, алатау сиыры, қостанай көшім жылқылары, оңтүстік, солтүстік меринос қойлары.

3. Өтпелі тұқымдардың қалыптасуына адамның қатынасуы тұрғысынан қарағанда ол заводтық тұқымдар мен аборигендік тұқымдар арасында орын алады. Бұл топқа жататын тұқымдардың эволюциясына бағып-қағу, азықтандыру, оларға қоглайлы жағдай туғызып, тұқымын жақсарту жұмыстары тек соңғы кезде ғана қолға алынып, қалыптасып келе жатыр. Өтпелі тұқымдарға тән ерекшелік – құрылым бөліктерінің әр тенктілігі. Құрылымдармен интенсивті селекциялық жұмыс жүргізіп, өнімдері елеулі дәредеже молайа, өтпелі тұқымнан заводтық тұқым қатарына өткізу әбден ықтимал. Мысалы, адай жылқысы, қалмақ сиыры, уақ жүнді қазақы қойлар қазір заводтық тұқымдар қатарына ене бастады.

Арнайы бағыттағы мал тұқымдарына белгілі бір өнімділігі басқа өнімдеріне қарағанда өте жақсы жетілген тұқымджар жатады. Тіркес өнімді тұқымдарға екі немесе одан да көп өнімділіктері қактар жақсы дамығандары жатады. Мысалы, мүйізді ірі қараның сүті, еті, етті-сүтті, сүтті-майлы тұқымдары бар. Қойда жүнді, жүнді-етті, етті-жүнді, етті-майлы тұқымдары бар. Бұлардың алғашқылары арнайы бір өнімге бағытталған болса, соңғылары қос өнімге бағытталған /4.5.6/

1.3. Мал тұқымын жерсіндіру.

Жерсіндіру дегеніміз – мал тұқымдарын жаңа тіршілік ету жағдайына бейімдеу. Жерсіндіру ғылыми негізінде ұйымдастыруда білу қажеттілігі дүние жүзілік және отандық мал тұқымдары қорын ұтымды пайдалану мүмкіндігінен туындайды.

Жаңа мал тұқымын әкеліп нақты аймаққа жерсіндіру адамның белсенді түрде басқаруымен жүргізілуі тиіс. Мал маманы өзге жерден алып келген тұқымның биологиялық, өнімдік ернекшеліктерін тбілу негізінде, олардың жас, жыныс, ерекушеліктеріне байланысты қажетті тіршілік жағдайларын мүмкінщшілігінше жасауы қажет. Сонымен қатар алып келген малдың ішінде, олардың жаңа жер жағдайына, ауа роайына бейімделу ққабілетіне бласа көңіл бөле отырып, сұрыптау мен жұп таңдау жұмыстарын мұқият жүргізу керек. Сөйтіп селекционер әр малдың фенотиптік жерсінуін генотиптік жерсінуге айналдырады. Қорытып айтсақ, жерсіндіру бір мақсатқа – жаңа тіршілік ету жағдайына бейімделуге бағытталған екі жақты құбылыс. Бір жағынан мал организмі өзінің дене бітіміне, қызметіне жаңа жерге бейімделу өзгерістерін туғыссап, екінші жағынан адам малдың тез бейімделіп, өнімділік ерекшеліктерін сақтауына және бұл қасиеттерінің нәсілдік тұрғысымен бекітілуіне жағдай жасайды.

Жерсіндіру жұмысы нәтижелі болу үшін ғылым мен тәжірибеде қалыптасқан мына жағдайларды басшылыққа ала отырып жүргізу керек:



  1. Жас малдың жаңа жағдайға бейімделуі сақа малға қарағанда жеңіл өтеді

  2. Оңтүстік малының солтүстік аймақтың жағдайларына бейімделуі, солтүстік малының оңтүстік жағдайларына бейімделуіне қарағанда көп жеңіл өтеді.

  3. Малды жерсіндіруге әкелуден бұрын оның өскен мекені мен жаңа тіршілік ортасының ауа-райы, жер жағдайын жан-жақты салыстырмалы зерттеу нәтижесінде, оларды жылдың қай мезгілінде алып келуді алдын ала шешу

  4. Алып келген малға мүмкіндігінше жақсы жағдай жасау

  5. Сұрыптау мен жұптау жұмыстарын ұрпақтан ұрпаққа үзбей жүргізу

Әр түрлі малдарыдың жаңа ортаға бейімделуі әр түрлі болады. Малдың жаңа ортаға бейімделуін, оның өсіп-өнуі, өнімділігі аз мекеніндегі көрсеткіш деңгейіне жетсе, онда бұл тұқым жаңа тіршілік ету жағдайына жақсы жерсініп, бейімделген болып есептелінеді. Егер әкелінген мал бұл жерді жерсінбесе, бірнеше ұрпақтан кейін өліп-жітіп бітеді, жартымды өнім бермейді /7,8,9/.

Басқа жақтан жоғары өнімді жаңа ал тұқымын әкеліп жерсіндіру Қазақст анда сонау 1930 жылдан қолға алынып жүйеге қосылған. Осының нәтижесінде жылқының дон, ахалтеке, салт мінілетін таза тұқымды жылқы, қырдың қызыл сиыры, симменталь, герефорд, қойдың биязы жүнді кавказ, аскания, австралия мериносы сияқты мал тұқымдары әкелініп, оларды ойдағыдай жерсіндіріп, соның нәтижесінде қазіргі жоғарғы өнімді мал шаруашылығы қалыптастырылды.

Мал тұқымын асылдандыру жұмысында, әсіресе сұрыптау мен жұп таңдауда, малдың дене бітіміне үлкен мән береді. Себебі малдың дене бітімі мен өнім бағыты, қажырлылығы, өміршеңдігі, белгілі жер жағдайына бейімділігі, ауа райының, бағып-күтудің жағымсыз жағдайларына төзімділігі, денсаулығының мықтылығы арасында тығыз байланыс бар.

Малдың дене бітімі деп организмнің нәсілдік қасиеті мен морфологиялық-физиологиялық құрылыс жиынтығы. Дене бітімі ерекшеліктері малдың түр тұлғасын, өнімдік қасиеттерінен және сыртқы орта әсерлеріне жауап әрекеттерінен білінеді. Қорыта айтсақ, дене бітімі малдың жақсылығын да, жамандығын да қалыптастыратын негіз, оның маңыздылығы осында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет