Есеп №53.
Балаға Манту сынауын жасады (тері астына туберкулин – туберкулездік тазартылған аллерген). 6-12 минуттан кейін туберкулин енгізілген жерде серпілістің алғашқы белгілері пайда болып, 24-48 сағаттан соң айқын шегіне жетті.
Манту сынауы негізінде жоғары сезімталдықтың қай түрі жатыр?
Баяу дамитын сезімталдықтың жасушалардың қатысуымен дамитын түрі.
Бұл аллергиялық серпілістің патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз.
Аллерген мен макрофаг бай-ды, интерлейкин-12 өндіріледі, ол Тх0-дан Тх1 лифоциті түзіледі, одан интерлейкин-2 өн-п ол Т-эффектор лимфоциттерді, Т-киллерлердің син-н арт-ды, олар аллергені бар жасушамен жабысады, содан макрофагтар интерлейкин, интерферон,гистамин, простагландин, ал лимфоциттер интерлейкин, гистамин, базофильді активтейтін фактор, макрофаг стимулдеуші фактор, макрофаг МТФ, лимфотоксин, хемотаксис факторын бөліп шығарады. Осыдан басқа лейкоциттердің (Б,Э,Н) әсерленуі болып, олар простагландин, лейкотриен, ТАФ, гистамин босап шығады, бұдан қ.т.-ң өткізгіштігі артады, қабыну дамиды, ол жерде иммунды жас-р жиналады, жас-ң, тіндердің бүлінісі цитокин, лизосомалық ферм-ң, Т-киллерлердің әсерінен болып, ол жерде тығыз сіңбелі гранулема п.б.
Оң туберкулиндік сынау нені мәлімдейді?
Оң нәтиже осы енгізілген аллерген ағзаға алдын да әсер еткені туралы, яғни ағзада оған қарсы иммундық серпіліс қалытасқандығын білдіреді, бұл оның туберкулезбен ауырғанын(немесе ауру даму сатысында) білдіреді.
Манту сынауының клиникалық көрінісі қандай? Қабынулық инфильтраттың жасушалық құрамы қандай?
Диаметрі 3 см-ден асатын, қызарған, ісінген терідегі бөртпе. Жас-қ құрамы – макрофаг, лимфоцит(Т, киллер, Т-жады), моноциттер. Макрофагтардан алып эпителиоидты, одан Пирогов-Лангханс(алып, көп ядролы) жас-ы түзілуі мүмкін.
Есеп №54.
52 жастағы науқаста өкпенің өспесін хирургиялық жолмен алып және химиотерапиялық емдегеннен кейін сол жақ бұғанаасты лимфа түйінінің ұлғайғандығы анықталды. Биопсияда құрылымы алынып тасталған өкпе жасушасына ұқсас өспе жасушалары анықталды.
Науқастың лимфа түйіндерінде өспе жасушаларының пайда болуын қалай түсіндіруге болады?
Өкпедегі қатерлі өспенің метастаздары, олар лимфогенді таралған.
Берілген жағдайдың даму сатылары мен патогенезін түсіндіріңіз.
Өспе жасушалары(малигнизацияланған) жасушалардың беттеріндегі зарядтың азаюы, осыдан олардың бір-бірінен ажырауы, протеолитикалық белсенді болуы, дәнекер тінді бұзып, қ.т. н/е лимфа тамырлары арқылы таралуы, қан тамырына жабысып, эмбол түзу, осыдан жаңы тінге ену, екіншілік түйін.
Бұл жағдайдың дамуы канцерогенездің қай сатысына сәйкес келеді?
Бұл канцерогенездің 3 – прогрессия сатысына сәйкес – өспе жас-ң жаңа қасиеттерге ие болуы.
Өспе ауруларын емдеу ұстанымын түсіндіріңіз.
Хирургиялық емдеу;
Химиотерапия – өсіп-өнуді тежейтін дәрілер(өспенің);
Антиоксиданттар, интерферон, иммундық жүйені стимулдайтын дәрілерді ж/е витаминдерді пай-у.
Достарыңызбен бөлісу: |