Шортанды ауданының экономика және қаржы бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



бет1/6
Дата23.02.2016
өлшемі0.89 Mb.
#4540
  1   2   3   4   5   6
Шортанды ауданы әкімдігінің

2010 жылғы «31 » желтоқсандағы



№ А-2/362 қаулысымен

бекітілген


Шортанды ауданының

экономика және қаржы бөлімінің

2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1. Міндеті және пайымдау

Міндеті – аудан деңгейінде экономикалық бюджеттік жоспарлауды, тұрақты экономикалық өсу және тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға жетуге мүмкіндік беретінмемлекеттік қаржы мен коммуналдық активтерді тиімді басқаруды жүзеге асыру; аудандық бюджетті орындауда операциялардың дұрыс есепке алынуы мен сенімді бақылануының айқындығын және уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Пайымдау – стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік саясатты салааралық және аймақтық үйлестіру негізінде ауданның бірқалыпты экономикалық дамуы, мемлекеттік қаржыны, мемлекеттік активтерді басқарудың тиімді қызмет жүйесі.
2. Ағымдағы жағдайды талдау және сәйкес сала қызметтерінің даму тенденциясы

1-Стратегиялық бағыт. Аудан экономикасын бәсекеге

қабілеттілігін арттыру

1.1 Экономика дамуының негізгі көрсеткіштері

2010 жылы өндіріс өнімінің және қызмет көрсетудің нақты көлемі аудан бойынша 13,7 млрд.теңгені құрады, 2009 жылдың деңгейінен 29,2%-ға төмен. 2010 жылы өндіріс көлемінің төмендеуі экономиканың аграрлық секторында өндіріс көлемінің төмендеуінен болды.Ауыл шаруашылық жылы аудан үшін ауыр болды, өте қатаң қуаңшылықтың болуына байланысты бидай мен май өнімдерінен жоспарланған өнім алынбады.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі аудан бойынша өндірілген өнім және қызмет көлемінің 30%-ын құрайды, өнеркәсіп өнімінің үлесі 58%. Бұл дәстүрлі аграрлы Шортанды ауданының индустриалды-аграрлы ауданға айналуын дәлелдейді.

2010 жылы аудан бойынша өнеркәсіп өнімі өндірісі 2009 жылмен салыстырғанда 1136 миллион теңгеге артты немесе17,2%.

Экономиканы тұрақтандыруға және сауықтыруға инвестиция тарту

қажет. 2010 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 1621,4 млн.теңгені

құрады немесе 2009 жыл деңгейіне 88,6%. Инвестицияның ауыл шаруашылығындағы, өнеркәсіп, көлік және саудадағы көлемі өте аз.Негізгі капиталға тартылған инвестицияның негізгі көлемі бюджеттік қаражаттардан тұрады. Ауданның аграрлық секторына инвестиция жеткілікті тартылмайды. Аудан астана маңындағы аймақ болғандықтан ауыл шаруашылық өнімдерінің (астық, ет, сүт, картоп, көкөніс) ұлғаюына байланысты инвестиция тарту қажет. Келешекте әрбір елді мекенде мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін және олардың сапасын жоғарылату бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Елді мекендерде әлеуметтік сала мамандарының тапшылығы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт беретін қызметтердің сапасына кері әсерін тигізеді. Бұл мәселені шешу үшін селолық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға шақыру үшін бірқатар әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Бұл бағытта кадрмен қамтамасыз етуді және бұл мақсаттарға бөлінген бюджеттік қаражаттарды тиімді қолдануды үйлестіру қамтамасыз етілетін болады.

2009 жылы Шортанды ауданында ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын қолдау бағдарламасы Шортанды ауданының село халқына сапалы қызмет көрсету және әлеуетті өсіру үшін жүзеге асырылды. 2009 жылы сұранысқа сәйкес ауданға жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала денсаулық сақтау және білім беру мамандарына көтерме жәрдемақы 31 адамға төленді, оның ішінде денсаулық сақтау мамандары – 14 адам, білім беру мамандары – 17 адам.

2010 жылы ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 10 адам-білім беру саласының мамандарына және 10 адам-денсаулық сақтау саласы мамандарына көтерме жәрдемақы төленіп, 3 маман тұрғын үй сатып алуға несие алды.



1.2)Негізгі мәселелерді талдау

Шағын бизнестің потенциалы толық жүзеге асырылмаған. Несиелендіру жолымен жұмыс істейтін салаларды нығайту және жаңаларын кеңейту қажет. Көп кәсіпорындар сауда саласында – 52,2%, ауыл шаруашылығында – 11,5%, көлік және байланыста – 12,7%, өнеркәсіпте – 4,6%, құрылыста – 2,8% және басқаларында 16,2% маманданады.

Кәсіпкерлікті дамытуды белсендендіру мақсатында кәсіпкерлікті қаржылай қолдауды кеңейту шараларын жүзеге асыруды жалғастыру қажет, әкімшілік тосқауылдарды төмендету және бизнес ортаны дамыту жағдайларын жақсарту.

Экономикадағы жағдай әрі қарай жақсы дамуы үшін жаңа көзқарас іздеуді талап етеді. Ұзақмерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарлы экономикалық жүйенің қалыптасуы негіз болып табылады. Бәсекеге қабілеттілікке жету үшін аймақтарда бәсекелестерге қарағанда тауарлар және қызметтерді сапалы өндіру, табиғи-географиялық ресурстарды тиімді пайдалану жолымен тұрақты экономикалық өсімге жету қажет.

Азық-түлік тауарларына сұраныс ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуге мүмкіндік береді, ол бәсекеге қабілеттілікті арттырудың алғышартын жасайды.

Ауданның ірі кәсіпорындарының бірі Жолымбет кеніші экспортқа бағдарлы өнім шығарады, сондықтан келешекте ішкі нарықпен тығыз байланысты, бүгінгі дағдарыс құбылыстарының олардың қызметіне де әсерін тигізетінін ескеру қажет.

Аймақтың негізгі бағыттарының бірі халықаралық сапа стандартын ендіру болып табылады. Халықаралық сапа стандартын ендіру біздің кәсіпорындардың беделін арттырады, экономикалық көрсеткіштерді жақсартады. Пайданың өсуі біздің аймақтың кәсіпорындарының еңбек өдірісін жоғарылату өнімдер (қызметтер) тек қана облыс деңгейінде ғана емес республика деңгейінде бәсекеге түсуге жәнеде келешекте әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

1.3) Ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Аймақтың дамуына және инвестициялар көлемінің ұлғаюына кері әсерін тигізетін келесі факторлар:



Ішкі:инвестициялық тартылымның төмендігі, оның ішінде қайта өңдеу секторында.

Сыртқы:

-өндірістің бәсекелестік өнімдерін шығаруға мүмкіндік бермейтін төмен жарақтандырылғандығы;

-жаңа технологияларды енгізуге, жоғары тауарлы өндіріс жүргізуге мүмкіндікті шектейтін ауыл шаруашылық кәсіпорындарының интеграциясы мен концентрациясының төмен деңгейі;

-инфрақұрылымдық шектеулер – инвестиция тартуға кедергі келтіретін су, энергиямен қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымдарының төмен деңгейі.

Осы бағытта аймақта инвестициялық климатты жақсарту бойынша жұмыстарды жандандыру қажет.

Ауданның тұрақты дамуы үшін жағдайларды жасау.

Аймақ халқының көпшілігі селолық жерлерде тұратындықтан селолық елді мекендерді әрі қарай дамыту мен село халқының жақсы өмір сүруі үшін жағдайлар жасау бірінші кезектегі міндет болып табылады.

Селолық елді мекендердегі негізгі проблемалық мәселе коммуналдық, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымның тозуы 60%-дан жоғары, село халқының қалаға кетуі, сонымен қатар, білім беру мен медицина қызметтерінің сапасы болып табылады. Өте күрделі мәселе-сапалы таза сумен қамтамасыз ету мен жергілікті автокөлік жолдарының сапасы болып табылады.

Ауданның 29 селолық елді мекендерінің (бұдан әрі - СЕМ) 7 СЕМ немесе 24% жоғары потенциалды дамуда, 20 СЕМ немесе 76% орта потенциалмен.Болашақта әрбір елді мекенде мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігі мен олардың сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Селолық елді мекендерде әлеуметтік сала мамандарының тапшылығы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт беретін қызметтердің сапасына кері әсерін тигізеді. (Бүгінгі күнде медицина кадрларының тапшылығы-11 адам, педпгогикалық кадрлер-6 адам). Бұл мәселені шешу үшін селолық елді мекендерге жұмысқа және тұру үшін тартылған әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау қарастырылған.

Бұл бағытта кадрмен қамтамасыз ету үйлестіріліп, бұл мақсаттарға бөлінген бюджеттік қаражаттардың тиімді пайдануы қамтамасыз етіледі.

Тұтастай алғанда, аумақтық даму мәселелері Шортанды ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму Бағдарламасында көрсетілген. Аталған бағдарлама аймақ экономикасының барлық секторын жедел дамытуға және олардың бәсекелестігін арттыруға бағытталған.

Бұл үшін аймақтың жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететін бес бағыт анықталған:



Бірінші – туризм саласында және агроөндірістік пен индустриалды кешендерде жоғары өндірістік технологияларды енгізу негізінде аймақ экономикасын жедел дамыту.

Екінші – халықтың сапалы өмір сүру деңгейін арттыру, адам потенциалы мен әлеуметтік саланы дамыту.

Үшінші – инфрақұрылымдық кешенді модернизациялау.

Төртінші – әкімшілік-аумақтық білім берудің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін теңестіру.

Бесінші – мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.

Осы мәселелерді шешу үшін экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бірінші стратегиялық бағыты аудан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып анықталды.


2-Стратегиялық бағыт. Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу

Әлемдік нарықтағы қолайсыз жағдайларға байланысты стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды қосқандағы тиімді мемлекеттік басқару мәселесі жоғары тұр.

2010 жылға дейін қолданыста болған мемлекеттік басқару стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік органдар қызметтерінің тиімділігін объективті анықтауға мүмкіндік бермеді.

Көптеген аймақтық бағдарламаларда жергілікті деңгейде мақсаттар мен күтілетін нәтижелер нақты критерийлерсіз, бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелілігінің индикаторынсыз, олардың тиімділігін бағалаудың нақты механизмінсіз құралған және қаржылық ресурстармен байланыстырылмаған. Бағдарламаны жүзеге асырудағы негізгі күш нақты нәтижеге жетуге емес, бюджеттік қаражаттарды игеруге бағытталған.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі мұндай жағдай тұтас мемлекеттік басқару жүйесі мен экономиканы дамытуға кедергі келтіреді.

Сондықтан Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін дамуының басты Стратегиялық бағыттарының бірі болып корпоративтік басқару, нәтижелілік, транспоранттылық және қоғамға есеп беру принциптарына негізделген мемлекеттік басқарудың жаңа моделін құру болып табылады. Негізгі элементтері Стратегиялық жоспар-2020 жүзеге асырудың бірінші жылдарында енгізіледі.

Экономика және қаржы бөлімінің екінші стратегиялық бағыты мемлекеттік саясатты жүзеге асыру – жергілікті деңгейде мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін енгізу болып табылады.

Екінші стратегиялық бағытты жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы 931 Жарлығына сәйкес әзірлеу, жүзеге асыру, мониторинг жүргізу, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды бағалау мен бақылаудың негізгі жолдарын анықтайтын Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің әрі қарай жұмыс істеуі бойынша жүргізіледі.

Мемлекеттік органдар қызметінің ел, сала аймақ дамуының параметрлеріне, мемлекеттік орган қызметі жүйесін бағалауға, мемлекеттік органдардың алдына қойған мақсаттар мен міндеттеріне жету проблемаларын анықтауға және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша шаралар қолдануға әсер ету деңгейін анықтау мақсатында әрбір мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау жүргізіледі.

Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Сыртқы: Қолданыстағы мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі кемшілігі – орталық мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы органдармен арақатынастарындағы нақты реттелген тәртіптің болмауы, орталық мемлекеттік органдарға ұсынылатын белгіленген көптеген есептілік нысандарына қарамастан, мәліметтерге жоспардан тыс сұраныстар.

Сұраныс-жауап принципімен жұмыс істеу тез арада тапсырмаларды сапасыз және уақытында орындамауға, жұмысты тұтастай алғанда жоспарлаудың мүмкін болмауына, құжат айналыстарының артуына алып келеді.

Орталық мемлекеттік органдар тапсырмаларының барысын нақты реттеу жұмысты жүйелендіруге, құжат айналысын төмендетуге алып келер еді.

Ішкі: Жалпы облыс бойынша және ауданда мемлекеттік қызметтерді ұсыну кезінде заманауи ақпараттық технологияларды енгізу деңгейінің төмендігіне байланысты халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігі толық дәрежеде қамтамасыз етілмейді, мемлекеттік органдардың халықпен жедел кері байланысы жоқ, ұсынылатын қызметтердің сапасы мен тиімділігі жетіспейді. Осыған байланысты, мемлекеттік басқару мен жоспарлау саласында жаңа ақпараттық технологияларды енгізу бойынша шаралар жүргізілетін болады.

Мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін енгізуге байланысты экономика және қаржы бөлімінің әрбір қызметкеріне олардың кәсіптік сапалары мен өз беттерінше шешім қабылдай білулеріне деген талаптар күшейеді.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтерінің тиімділігін арттыру мақсатында бөлімде тоқсан сайын жұмыс көлемі мен сапасын, жауапкершілік дәрежесін , шеберлігін арттыруларын, ар-ұят Кодексін сақтауларын есепке ала отырып, мемлекеттік қызметшілердің қызметтерін бағалау жүргізілетін болады.

Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша бөлім міндеттері көбейеді, сәйкесінше әрбір қызметкерге қосымша міндеттер жүктеледі.

Міндеттердің көп болу нәтижесі – міндеттердің сапасыздығы, уақытында орындалмауы, кадрлардың жиі ауысуы.
3-Стратегиялық бағыт. Аудан бюджетін атқару бойынша есептілік ұсынудың сапасын және уақытылығын арттыру

3.1. Қызметтің реттелген саласын дамытудың негізгі көрсеткіштері

Қаржы бөлімінің негізгі қызметтерінің бірі болып бюджеттің толық және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламалардың әкмшілерінің бюджеттің орындалуы бойынша қызметтерін үйлестіру, осыған байланысты қаржы бөлімімен ай сайын аудан бюдетінің кіріс және шығыс бөліктерінің орындалуы бойынша аудан бюджетінің орындалмау себептерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізеді, аудан бюджеті түсімдерінің орындалуы мен жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттердің мақсатпен және тиімді пайдалануының мониторингі жүзеге асырылады, сонымен қатар, бюджеттік Кодекс, сәйкес нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен және оларға ведомсволық бағынысты мемлекеттік мекемелермен бюджет қаражатының қолданылуына талдау жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақытында орындалмуы туралы ақпарат – ескерту жіберіледі, және де бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органға игерілмеген қаражатты қайта бөлу бойынша ұсыныс беріледі.

Бюджеттің орындалуының қорытындысы бойынша тоқсан сайын және жылға аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының және Шортанды ауданы бойынша қазынашылық басқармасы мен салық басқармасының басшыларының қатысуымен аудан бюджетінің орындалу мәселесі бойынша нәтижесінде бюджеттің толық және уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдау туралы әкімдіктің мәжілісі өткізіледі.

Экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік басқару саласындағы маңызды бөлімше ретінде бюджеттің тиімді орындалуы және облыстық мемлекеттік активтерді сапалы басқаруға ықпал етеді.

Экономика және қаржы бөлімі бюджет атқарылуы бойынша жоғарғы атқарушы органдарға, ауданның жергілікті атқарушы органдарына және өзге де ведомстволарға бюджеттік және қаржылық есептілік құру мен ұсыну арқылы бюджет орындау барысын ұйымдастыруда өз міндеттерін жүзеге асырады.

Есептілікті сапалы және уақытында ұсыну бюджет атқарылуының тиімділігіне, мемлекеттік органдар мен бюджеттік бағдарламалардың стратегиялық жоспарларында белгіленген мақсаттарына жетуіне тікелей әсерін тигізеді.

2009 жылы аудан бюджетінің кіріс бөлігі 100,8% орындалды, жоспардағы 2282994,7 мың теңгенің орнына нақты 2300342,6 мың теңге кіріс кірді. Жоспардан тыс 17347,9 мың теңге түсті.

Аудандық бюджетке жоспардағы 483819 мың теңгенің орнына 501295,1 мың теңге салықтар мен төлемдер түсті, немесе жоспар 103,6% пайызға орындалды. Кірістер бойынша жоспар 17476,1 мың теңгеге асыра орындалған.

Бюджет кірісін құрайтын салықтық емес түсімдер – коммуналдық меншіктегі мүліктерді жалға беруден түскен түсімдер, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кіріс бөліктері, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүліктерді сатудан түскен түсімдер және қаржылық активтерді сатудан түскен түсімдер – қаржы бөлімімен бақыланады.

2009 жылы аудан бюджетінің аталған түсімдерінің жалпы сомасы 914,6 мың теңгені құрады немесе 431,4% (жоспар бойынша 212 мың теңге), оның ішінде:

* мемлекеттік коммуналдық меншіктің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер -47 мың теңге (жоспар 0 мың теңге);

* коммуналдық меншіктегі мүліктерді жалға беруден түскен түсімдер – 867,6 мың теңге немесе жоспарға 409,2% (жоспар 212 мың теңге).

2009 жылға аудан бюджетінің шығындары 99,6% орындалған, жоспар бойынша 2360249,4 мың.теңге, 9099 мың теңге игерілмеген.

Республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер жоспар бойынша 1033966,7 мың теңге, 1025444,1 мың теңге игерілген немесе 99,2% , игерілмеген 8522,6 мың теңге – үнемдеу.

Облыстық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер жоспар бойынша 143064 мың теңге, 142911,7 мың теңге сомасында игерілген немесе 99,9%, игерілмеген 152,3 мың теңге - үнемдеу.

3.2 Негізгі мәселелерді талдау

Бюджетті атқару барысында және бюджеттік есептілікті жүргізу кезінде экономика және қаржы бөлімі келесі проблемалармен жолығады:

-түсімдер бойынша жоспардың орындалмау мүмкіндігіне және сәйкесінше бақылау шоттарында қолма-қол ақшаның болмауына байланысты бюджеттің орындалу барысында жоспарланған тура және соңғы нәтижелерге жетпеу;

-кредиторлық және дебиторлық берешектің жіберілуі;

- бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік және бухгалтерлік есепті жүргізу, қалыптастыру, сонымен қатар, белгіленген есептілікті уақытында ұсыну барысында төмен атқарушылық тәртібі, бұдан шығатыны бөлімнің жоғары тұрған органдарға құрылып, ұсынылатын және аудан бойвнша есептілік мәліметтерінің сапасыздығы мен уақытында ұсынылмауы.

3.3 Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Сыртқы факторларға бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржылық тәртіпті және бюджеттік заңнаманы сақтамауын жатқызуға болады.

Ішкі факторларға кадрлардың жиі ауысуының артуы, қызметкерлер біліктілігінің төмен деңгейі, локальдық жүйе элементтерінің қатардан шығуы, бағдарламалық өнімдер жұмыстарындағы бұзылулар, кіріс және дайындау ақпараттары көлемінің артуына байланыстыақпараттық жүйе жұмыстарының тұрақсыздығын жатқызуға болады.

4-Стратегиялық бағыт. Коммуналдық меншікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыру

4.1. Қызметтің реттелген саласын дамытудың негізгі көрсеткіштері

Осы жүйе мемлекеттік коммуналдық меншіктің обьектілерін мақсатты және сапалы басқаруға бағытталған шаралар кешенін ұсынады. Мемлекеттік меншікті басқару үдерісін дәйекті,жоспарлы, жүйелі жүзеге асырылуын жүзеге асыру және аймақтың әлеуметтік- экономикалық дамуы үшін маңызды қызметтерді - ұйымдастыру, ынталандыру және жаңғыртуды жүзеге асыру.

Шортанды ауданында мемлекеттік меншікті тиімді басқару жүйесін қалыптастыру қажеттілігі әр саладағы өндірістің тиімділігін арттыру үшін жаңа заманғы нарық қатынасқа дәлме -дәл аймақта басқару негізін құрумен шарттасылған.

2010 жылдың 1 қаңтарына Шортанды ауданының коммуналдық меншігінің Тізілімінде 42 коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бар, соның ішінде:

-29 – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер;

-13 – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, оның ішінде:

-3 - шаруашылық жүргізу құқығындағы;

-10 – жедел басқару құқығындағы



4.2 Негізгі мәселелерді талдау

Ауданның мемлекеттік коммуналдық активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша жүргізілген жұмыстарға қарамастан келесі мәселелер көкейкесті мәселе болып қалып отыр:

- коммуналдық меншікті есепке алу жүйесін әрі қарай жетілдіру, оның уақытында және сапалы толықтырылуы;

- ауданның коммуналдық меншігіндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттің қатысуы бар ұйымдар қызметтерінің тиімділігін арттыру.



4.3 Іішкі және сыртқы факторларды бағалау

Сыртқы факторларға мемлекеттік мүлікке жекеменшік құқығын және өзге де құқықтарын жүзеге асырудың жоғары тиімділігі мәселесі бойынша мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар құзырлығын шекаралау және бұл органдар мен олардың басшыларының мемлекеттік мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты жүргізуіне жауапкершіліктерін арттыру жатады.

Мемлекеттік меншікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға әсер ететін ішкі факторлар мемлекеттік коммуналдық мүлікті толық есепке алуды жүргізу болып табылады.

3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар, шаралар және нәтиже көрсеткіштері

3.1 Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар, шаралар және нәтиже көрсеткіштері

1-Стратегиялық бағыт. Аудан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

1.1.мақсат Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын болжамдау сапасын арттыру

Осы 001 мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар коды



Нысаналы индикатор


Ақпарат көзі

өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 г.

2010 г.

2011 г.

2012 г.

2013 г.

2014 г.

2015 г.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. 2011-2015 жылдарда әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің олардың болжамдық көрсеткіштерінен нақты ауытқуын қамтамасыз ету 10-12%

Стат.мәліметтер

%

0,4

0,5

0,6

1,2

1,2

1,0

1,0

1.1.1-міндет Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын болжамдау сапасын жақсарту үшін жаңа инструмент енгізу

Тура нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 г.

2010 г.

2011 г.

2012 г.

2013 г.

2014 г.

2015 г.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын болжамдауды әзірлеу

Ресми мәліметтер

Аудан әкімдігінің қаулысы

1

1

1

1

1

1

1

Тура нәтижелер көрсеткіштеріне жету үшін шаралар

Жоспарлы кезеңде жүзеге асыру мерзімі

2011 г.

2012 г.

2013 г.

2014 г.

2015 г.

1

2

3

4

5

6

Ауданның салалық бөлімдері мен кәсіпорындарынан ақпарат жинау

х

х

х

х

х

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау

х

х

х

х

х

Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері болжамын әзірлеу, бюджеттік комиссия қарауына енгізу және бекіту

х

х

х

х

х

Ауданның экономикалық жағдайына сәйкес болжам мен бюджеттік параметрларды жедел түзетуді қамтамасыз ету

х

х

х

х

х

1.1.2. міндет әлеуметтік-экономикалық талдау мен болжам жүйесін жетілдіру

Тура нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

өлшем бірлігі

Есепті кезең


Жоспарлы кезең

2009 г.

2010 г.

2011 г.

2012 г.

2013 г.

2014 г.

2015 г.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының ай сайынғы мониторингі

Ай сайынғы есептілік

Аудан әкімдігіне, ЭБЖБ ақпарат

12

12

12

12

12

12

12

2. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының тоқсан сайынғы талдауы

Тоқсан сайынғы есептілік

ЭБЖБ ақпарат

4

4

4

4

4

4

4

3. Салық салу базасын арттыру мақсатында жергілікті бюджеттік түсімдерді талдау

Салық басқармасының мәліметтері

ЭБЖБ ақпарат

12

12

12

12

12

12

12

Тура нәтижелер көрсеткіштеріне жету үшін шаралар

Жоспарлы кезеңдегі жүзеге асыру мерзімі

2011 г.

2012 г.

2013 г.

2014 г.

2015 г.

1

2

3

4

5

6

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі және талдау үшін ақпарат жинау

х

х

х

х

х

Болжамдау мен талдаудың пайдаланылатын моделдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар

х

х

х

х

х

Ауданның салық басқармасынан жергілікті бюджетке салықтар мен түсімдердің түсуі жөнінде ақпарат жинау

х

х

х

х

х

1.2. мақсат Инвестициялық климатты жақсарту мен жұмыс істеу белсенділігіне қолдау көрсету

Осы мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар коды 001



Нысаналы индикатор


Ақпарат көзі

өлшем бірлігі

Есепті кезең


Жоспарлы кезең

2009 г.

2010 г.

2011 г.

2012 г.

2013 г.

2014 г.

2015 г.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Негізгі капиталға инвестицияның орташа жылдық қарқыны

Статмәліметтер

%

5,3

-12,7

2

4

4

4

4

1.2.1.міндет Инвестициялық белсенділікті арттыруға көмек көрсету

Тура нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

өлшем бірлігі

Есепті кезең


Жоспарлы кезең

2009 г.

2010 г.

2011 г.

2012 г.

2013 г.

2014 г.

2015 г.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Негізгі капиталға инвестиция көлемі

Статмәліметтер

млн.тенге

1876,3

1605,8

2023,4

1915,7

1665

1478

1711,2

Тура нәтижелер көрсеткіштеріне жету үшін шаралар

Жоспарлы кезеңдегі жүзеге асыру мерзімі

2011 г.

2012 г.

2013 г.

2014 г.

2015 г.

1

2

3

4

5

6

Бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру

х

х

х

х

х

Бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мониторингі бойынша есептілік

х

х

х

х

х

Шортанды ауданының әлеуметтік-экономикалық паспорты

х

х

х

х

х

1.3. мақсат Селоның жақсы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау және селолық мекендердің әл-ауқатын арттыру

Осы мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар коды 001, 018, 099.



Нысаналы индикатор


Ақпарат көзі

өлшем бірлігі

Есепті кезең


Жоспарлы кезең

2009 г.

2010 г.

2011 г.

2012 г.

2013 г.

2014 г.

2015 г.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Еңбекақының өсуін қамтамасыз ету

Статмәліметтер

%

14,4

7,2

12,3

5,1

3,4

8

8

2. Жалпы жұмыссыздық деңгейін төмендету

Статмәліметтер

%

7

5,7

5,7

5,6

5,5

5,4

5,3

3. Халықтың медициналық және педагогикалық кадрлармен қамтылуы

ОАА, білім беру бөлімі

адам

31

20

19

22

22

15

10

1.3.1. міндет Селолық елді мекендерге жұмысқа және тұру үшін әлеуметтік сала мамандарын тарту

Тура нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

өлшем бірлігі

Есепті кезең


Жоспарлы кезең

2009 г.

2010 г.

2011 г.

2012 г.

2013 г.

2014 г.

2015 г.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. СЕМ әлеуметтік сала мамандарына қажеттіліктерін қамтамасыз ету

ОАА, білім беру, мәдениет, спорт және еңбекпен қамту бөлімдері

чел.

31

20

18

22

22

15

10


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет