Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2013 жылғы 28 қыркүйектегi № 764 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2013 жылы 05 қазанда № 8785 тiркелдi
«Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 14-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне ұсынуды;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн бұқаралық ақпарат құралдарында, соның iшiнде Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi интернет-ресурсында және оны мемлекеттiк органдардың интранет-порталында орналастыруды;
3) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Заң департаментiне мемлекеттiк тiркелгенi туралы және осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн 5 күн iшiнде ақпарат құралдарына жариялауға жiберiлгенi туралы мәлiметтiң ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация
министрiнiң
2013 жылғы 28 қыркүйектегi
№ 764 бұйрығымен бекiтiлген
Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын
авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк
бағдарламасын бекiту туралы
1. Жалпы ереже
1. Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасы (әрi қарай – Үлгiлiк бағдарлама) Қазақстан Республикасының 15 шiлде 2010 жылғы «Қазақстан Республикасында әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi жөнiнде» Заңының 14-бабы 1-тармақ 15) тармақшасына сәйкес азаматтық авиация саласында бiрыңғай саясатты жүзеге асыру және кәсiби даярлықтың сапасын арттыру мақсатында жасалды.
2. Осы Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлықтарын жүзеге асыру кезiндегi принциптерiн, жүзеге асыру тәртiбiн, кезеңдерiн ұйымдастыруды, бағдарламалар мазмұны көлемiнiң неғұрлым аз мөлшерiн және басқа да өлшемдерiн, сондай-ақ азаматтық авиация қызметкерлерiнiң (мамандарының) басқа да санаттарын бекiтедi.
3. Осы Үлгiлi бағдарламада Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО), Еуропа авиациялық реттегiштерiнiң, Бүкiләлемдiк метеорологиялық ұйым ережелерiнiң (ВМО) стандарттары мен тәжiрибелерi қолданылған.
4. Осы Үлгiлi бағдарламада келесiдей терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы (әрi қарай – АА АОО) – авиациялық қызметкерлердi даярлаумен, қайта даярлаумен және кәсiби деңгейiн ұстап тұрумен айналысатын заңды тұлға;
2) авиациялық қызметкерлер, ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей қатысатын лауазымды тұлғалар, кәсiби даярлықтан өткен және осы қызметтердi жүзеге асырумен тiкелей шұғылданатын мамандар:
әуе кемесiнiң ұшуын атқару бойынша (ұшу және кабина экипажы, қызметкерлер, маман);
әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығының күтiмi бойынша (авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеудi жүзеге асыратын маман, қызметкерлер);
әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша (әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша диспетчерлiк қызметкерлер, авиациялық стансаның операторлары, маман);
ұшуды қамтамасыз ету бойынша (ұшуды қамтамасыз ету бойынша қызметкер/ ұшу диспетчерi);
теңiз конструкцияларында орнатылған тiкұшақ алаңдарында тiкұшақтардың ұшуын жерден қамтамасыз ету бойынша (қызметкерлер, маман);
iздеу және құтқару бойынша (қызметкерлер, маман);
ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық радиобайланыс бойынша (радиотехникалық жабдықтар мен байланысты атқару бойынша мамандар, инженерлiк-техникалық қызмет көрсетушiлер);
ұшуды электрлiк жарық техникасымен қамтамасыз ету бойынша (әуежайдың электрлiк жарық техникасы жабдықтары бойынша жұмыс iстейтiн мамандар, инженерлiк-техникалық қызмет көрсетушiлер);
3) әуе қозғалысына қызмет көрсету – ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, апаттық хабарлау, әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсету (аудандық диспетчерлiк қызмет көрсету, кiреберiсте диспетчерлiк қызмет көрсету немесе әуежайда диспетчерлiк қызмет көрсету);
4) бортсерiк – жолаушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ апатты жағдайда немесе шұғыл эвакуациялау қажет болған жағдайда жолаушыларды әуе кемесiнiң бортынан қауiпсiз және жылдам алып шығуды ұйымдастыру және басқа да қызметтердi атқару үшiн әуе кемесiнiң бортында жүретiн кабина экипажының мүшесi;
5) бiрiктiрiлген оқыту – оқытудың түрлi формаларын қиыстыру арқылы кәсiби даярлықтан өткiзу;
6) тренажердағы даярлық – авиациялық қызметкерлердiң кәсiби даярлық процесi кезеңi, оның барысында үйренушi азаматтық авиация саласының уәкiлеттi органдары бекiткен ұқсас конструкциялар арқылы тәжiрибелiк бiлiктiлiк пен машыққа қол жеткiзедi, бiлiктiлiктi бабына келтiредi және жетiлдiредi;
7) кәсiби даярлық – алғашқы даярлық, қайта даярлау, кәсiби деңгейдi сақтау, машықтану, қысқа мерзiмдi курстар, тренингтер және авиациялық қызметкерлердi оқытудың басқа да түрлерi;
8) кәсiби деңгейдi сақтап тұру – авиациялық қызметкерлердi оқыту процесiнiң мақсаты белгiленген үлгiдегi құжаттарды берумен қатар, ғылыми-техникалық, әлеуметтiк-экономикалық дамуға және азаматтардың жеке талаптарына сәйкес кәсiби бiлiмдi, бiлiктiлiк пен машықты жаңғырту, кеңейту және тереңдету болып табылады;
9) кешендi (үлгiлi) оқыту – белгiленген мерзiм iшiнде оқытудың барлық бағдарламаларын бiр уақытта жүзеге асыру арқылы кәсiби даярлықтан өткiзу;
10) қайта даярлау – белгiленген үлгiдегi құжаттарды берумен қатар, азаматтық авиация саласы мамандарының жаңа кәсiби бiлiм (қосымша) алуына, бiлiктiлiкке, машықтануына (оның iшiнде бiлiктiлiк белгiсi) және авиациялық техниканы зерттеулерiне бағытталған оқыту процесi;
11) модульдiк оқыту – әр кезеңi (модуль) рейтингтiк бақылау жүйесi мен алған бағалары және машықтары бойынша аяқталған топтама ретiнде кадрларды даярлаудың сатылы жүйесiн қолдана отырып үзiлiссiз оқыту тәсiлi;
12) сертификат талаптары – ұйымдарға, олардың мазмұнына авиациялық қызметкерлердi даярлау деңгейi мен сапасын анықтау мақсатында авиациялық оқу орталықтарына қойылатын талаптар;
13) теориялық даярлық – кәсiби даярлық процесi кезеңi, оның барысында үйренушi арнайы теориялық бiлiм алады, сондай-ақ бiлiмiн бекiтiлген оқу бағдарламасына сәйкес жаңғыртады және жетiлдiрiп отырады;
14) үлгiлi бағдарламалар – авиациялық оқу орталықтары мен азаматтық авиация ұйымдарының кәсiби даярлықты бiр үлгiде оқытумен қатар, өз бағыттарының, мамандануларының және қызмет түрлерiнiң ерекшелiктерiне қарай оқу бағдарламаларын өз қалаулары бойынша жасау мүмкiндiктерiн сақтауға арналған бағдарлама;
15) ұшу даярлығы – ұшу құрамының кәсiби даярлық процесi кезеңi, оның барысында үйренушi тәжiрибелiк тұрғыдан ұшу шеберлiгi мен машықтарына қол жеткiзедi және жетiлдiре түседi;
16) штаттан тыс жағдай – мiндеттi түрде қауiп төндiруi немесе елеулi қатер туғызуы маңызды емес, бiрақ жедел назар аударуды қажет ететiн жүйелi немесе жиi кездеспейтiн, елеулi және аяқ астынан орын алған кейбiр жағдайлар.
Осы Үлгiлi бағдарламада қолданылып отырған аббревиатура осы Үлгiлi бағдарламаның 1-қосымшасында көрсетiлген.
5. Осы Үлгiлi бағдарлама АА АОО, азаматтық авиация кәсiпорындары мен азаматтық авиация саласында қызмет көрсететiн тұлғаларды кәсiби даярлаумен айналысатын ұйымдардың өз кәсiби даярлық бағдарламаларын (курстар) жасауы үшiн пайдалануға арналған.
2. Үлгiлi бағдарлама негiзiнде кәсiби даярлық бағдарламасын
жүзеге асыру
6. Кәсiби даярлық бағдарламаларын (курстар) АА АОО, азаматтық авиация кәсiпорындары мен азаматтық авиация саласында қызмет көрсететiн тұлғаларды кәсiби даярлаумен айналысатын ұйымдар даярлықтың нақты түрiне және қызмет көрсету саласының ерекшелiктерiне қарай жасайды.
7. Кәсiби даярлық бағдарламаларын рәсiмдеудiң негiзгi талаптары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 25 сәуiр 2011 жылғы № 441 «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарынан талап етiлетiн Сертификат талаптарын бекiту жөнiнде» Қаулысымен бекiтiлген.
8. Кәсiби даярлық бағдарламалары (курстар) таңдап алынған оқу формасына қатысты жасалады және жүзеге асырылады.
9. Авиациялық кәсiпорындардың басшыларын, авиациялық қызметкерлерге басшылық жасау куәлiктерiн алуға үмiткерлер мен ондай куәлiгi барларды кәсiби даярлауға арналған бағдарламалардың (курстар), тек шетел тiлiнiң жалпы аспектiлерiн жүзеге асыратын бағдарламаларынан басқасы мiндеттi түрде азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiледi.
10. Азаматтық авиация саласында қызмет көрсететiн басқа тұлғаларды кәсiби даярлауға арналған бағдарламалар (курстар) бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу мiндеттелмеген.
11. Кәсiби даярлықтың барлық түрлерi мен формаларын жүргiзу кезiнде CBT-ға негiзделген (computer based training) материалдарды пайдалану шектелмейдi және жүзеге асырылып отырған бағдарламаның (курстың) көлемiмен, сондай-ақ интеллектуальдық меншiктi пайдалану және қорғау мәселелерiн реттейтiн заңдармен регламенттеледi.
3. Ұзақтан басқарылатын технологияларды қолдану арқылы кәсiби
даярлық бағдарламалары
12. Ұзақтан басқарылатын технологияларды қолданудың басты мақсаты – кәсiби даярлықты ұйымдастырудың нұсқаулық және әдiстемелiк құжаттарының талаптарына, тестiлеу нәтижелерiнiң шынайлығына сәйкес оқушыларды даярлау сапасы үшiн мiндеттi жауапкершiлiктi сақтай отырып, оқушылардың кәсiби даярлық бағдарламасын тiкелей тұрғылықты жерiнде немесе уақытша келген (тұрған) мекенiнде игеруiне мүмкiндiк жасау.
13. Ұзақтан басқарылатын технологиялар оқушыларды әртүрлi оқу, зертханалық және тәжiрибелiк оқытулар (тек ұқсас конструкцияларда даярлықтан, әуе кемесiнiң басқа типiне (жаңа) қайта даярлаудан, жаңа техникамен технологияларды игеруден басқа), тәжiрибелiк (тек өндiрiстiк және оқу тәжiрибелерiнен басқа), ағымдық бақылау мен аралық аттестациялау кездерiнде қолданылуы мүмкiн.
14. Ұзақтан басқарылатын технологияларды қолдану оқушыларды оқытудың, ағымдық бақылаудың, аралық және қорытынды аттестациялаудың өзара қарым-қатынаста оқыту мүмкiндiгiн жоққа шығармайды. Бұл жағдайда оқу, зертханалық және тәжiрибелiк сабақтарды оқытудың қаншалықты үлесi Ұзақтан басқарылатын технологияны қолдану арқылы немесе оқушылармен тiкелей қарым-қатынаста болуы керектiгiн АА АОО, азаматтық авиация кәсiпорындары мен азаматтық авиация саласында қызмет көрсететiн тұлғаларды кәсiби даярлаумен айналысатын ұйымдар өздерi анықтайды.
15. Ұзақтан басқарылатын технологияларды қолдану принципi Қызметкерлердi даярлау және процедуралар нұсқаулығында ашылып көрсетiлуi тиiс.
16. Ұзақтан басқарылатын технологиялар оған тек арнайы даярлықтан өткен басшылық, нұсқаушылық және қосалқы қызметкерлер болған жағдайда және Ұзақтан басқарылатын технологияларды қолдану арқылы кәсiби даярлық бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн арнайы жабдықталған бөлме болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкiн.
17. Ұзақтан басқарылатын технологияларды қолдану кезiнде оқушылар оқу-әдiстемелiк көмекпен, оның iшiнде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы ақыл-кеңес формасындағы көмекпен қамтамасыз етiлуi тиiс.
4. Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиациялық
қызметкерлердiң кәсiби даярлығының үлгiлi бағдарламасы
1 Бөлiмше. Мотодельтапланда ұшатын аса жеңiл авиация
пилоттардың бастапқы даярлық бағдарламасы
(Ultra light aircraft pilot license – ULAPL, квалификация (MHG))
Параграф 1. Теориялық даярлық
18. Мiндеттi теориялық даярлық Қазақстан Республикасының ӘК аса жеңiл авиациясы пилоттарын даярлауда жалпыға ортақ болып табылады.
19. Теориялық даярлық оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлiнген оқу жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
Оқу сабақтарының жалпы көлемi 100 сағаттан кем емес.
20. Авиациялық оқу орталығы нақты мотодельтаплан үлгiге арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауiпсiздiгiн арттыру талаптарына негiзделген болса, оқу сағаттарының көлемi мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.
Мотодельтапланда ұшатын аса жеңiл авиация (одан әрi - АЖА) пилоттардың теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгiлiк бағдарламаның 2-қосымшасында берiлген.
21. Мотодельтапланда теориялық даярлау курсын аяқтаған соң студент-пилот төмендегiдей саладағы бiлiмдердi игерген болуы керек:
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметтерi жөнiнде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, аса жеңiл авиация пилотының куәлiгiн иеленгендердiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiктерi (Ultra light pilot license-ULАPL);
ұшу негiздерi;
мотодельтапланға қатысты әуе кемелерiнiң конструкцияларын жалпылай бiлу;
күштiң қондырғыларды, жүйенi және аспаптық жабдықтарды пайдалану және олардың жұмыс принциптерi;
мотодельтапландар мен олардың күштiк қондырғыларын пайдалану кезiндегi шектеулер;
ұшуды пайдалану немесе соған баламалас құжаттардың нұсқаулықтары бойынша пайдалану мәлiметтерi;
ұшу сипаттарына, салмақ есептеулерi мен ауырлық кiндiгiне (орталығы) жүктердi жүктеу мен бөлудiң әсерi;
пайдалану құжаттарында көрсетiлген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды iс-тәжiрибеде пайдалану;
ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелерi бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;
әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;
адамның мүмкiндiктерi, оның iшiнде қатерлер мен қателiктер факторларына бақылау жасау принциптерi;
авиациялық метеорологиялық мәлiметтердi, карталарды және болжамдарды түсiну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртiбi, биiктiктi, қауiптi метеорологиялық жағдайларды, биiктiк өлшегiш қондырғылардың өлшемдерiн өлшеу;
аэронавигацияның тәжiрибелiк аспектiлерi (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсiлдерi, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
пайдалану кезiнде қатерлер мен қателiктер факторларына бақылау жасау тәсiлдерiн қолдану;
аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;
апатты жағдайда, оның iшiнде қауiптi метео жағдайды айналып өту мақсатында, әуе кемесiнiң жол iздерiнiң турбуленттiгi және ұшуға қауiптi басқа құбылыстар кезiнде тиiсiнше сақтандыру шаралары мен әрекеттердi қолдану;
көзбен шолу ұшуларының ережелерi бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгiзу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет.
Ұшу алдындағы және ұшудан кейiнгi техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзiмдiк қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттар. Қолданыстағы авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтардың негiзгi түрлерi.
Параграф 2. Кабина iшiндегi жаттығу конструкциясы
22. Осы бағдарлама мотодельтаплан кабинасында ұшу оқытулары оқытылатын жаттығу құрылғысының неғұрылым аз көлемiн белгiлейдi.
23. Мотодельтаплан кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемi 3 сағаттан кем болмауы тиiс.
24. Мотодельтаплан кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөлiп қарастырады.
Тапсырма № 1. Мотодельтапланды пайдалану
Тапсырма № 2. Мотодельтапланда ұшу техникасы
Тапсырма № 3. Ұшу кезiндегi айрықша жағдайлар
25. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемiн көбейтуге құқы бар.
Параграф 3. Жердегi даярлық
26. Жердегi жаттығулардың ең төменгi көлемi – 16 сағат.
Жердегi даярлық жаттығуларының тақырыптары:
1) Оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;
2) Әуежайда ұшу өндiрiсi бойынша нұсқаулықты зерттеу;
3) Ұшу ауданын зерттеу;
4) ӘҚО диспетчерiмен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;
5) Ұшу ауданының метеорологиялық ерекшелiктерiн зерттеу;
6) Экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;
7) Апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерiн зерттеу;
8) Пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерiн зерттеу;
9) Ұшу алдындағы даярлық жүргiзу ережелерiн зерттеу;
10) Ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгiлеу ережелерi;
11) Студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру.
Параграф 4. Ұшу даярлықтары
27. Студент-пилот 1, 2 және 3 параграфтарында көрсетiлген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу конструкциялары және жердегi даярлықтардан өткеннен кейiн ғана жiберiледi.
28. ULАPL (MHG)-қа үмiткердiң мотодельтапланда кемi 20 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның iшiнде кем дегенде:
1) Жеке өзiнiң ұшу даярлығын тексеру үшiн мотодельтапланда пилот-нұсқаушымен 10 сағат;
2) 6 сағат жеке ұшуы, оның iшiнде 2 сағат 40 км қашықтық маршрутымен жеке ұшуы;
3) 3, 15, 30 және 50 метралерге кемi 25 рет ұшуы;
4) дроссельденген қозғалтқышпен кемi 40 рет қонуы.
29. Ұшу даярлығы қатерлер және қателер факторларын басқару факторларын есепке алуы тиiс, сондай-ақ оны құрамында:
1) ұшу алдындағы даярлық, оның iшiнде ӘК салмағы мен орталықтандыру есептеулерi, ӘК ұшу алдында тексеру және қызмет көрсетулер;
2) қозғалыс және ұшулардың әуежайлық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен процедураларын зерттеу;
3) ӘК сыртқы көзге көрiнетiн бағдарлар бойынша басқару;
4) ұшуды өте төмен әуе жылдамдығында басқару, құлаудың бастапқы және үдей түсетiн кезеңдерiн анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;
5) ұшуды өте жоғары әуе жылдамдығында басқару, жоспарлау кезiнде оны анықтау және қауiптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;
6) қалыпты және қапталдан жел соғып тұрған кезде ұшу және қону;
7) максималды техникалық сипаттамалар (қысқа жолақтан ұшу және кедергiлерден өту, шектеулi жолаққа қондыру);
8) көзбен көрiнетiн бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және навигациялық құралдарды қолдану;
9) төтенше операциялар кезiнде ұшудың айрықша жағдайлардағы әрекет, оның iшiнде борт жабдықтарының iстен шығуының ұқсас кезiнде;
10) әуе қозғалысы қызмет көрсетулерi ережелерiн, байланыс және фразеологияласын сақтау.
Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбiр жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлiгiн ұдайы арттырып отыруды талап етедi: нақты жағдайды сезiну және ұшу кезiндегi байқағыштық, келiп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешiм қабылдау.
30. ULAPL(MHG) курсы бағдарламасын аяқтау нәтижесiнде мотодельтаплан пилоты тиiстi типтегi әуе кемесiнiң командирi ретiнде ұшу мен маневрлардың неғұрлым қауiпсiз түрлерiн орындай алатын болуы тиiс, сондай-ақ:
қатерлер мен қателiктер факторларын анықтап бiлуге және бақылауда ұстауға;
әуе кемесiн оның шектеулi сипаттамалары кезiнде басқаруға;
барлық маневрларды жұмсақ және нақты орындауға;
дер уағында шешiм қабылдауға және ұшуды бiлiктiлiкпен бақылап отыруға;
аэронавигация саласындағы бiлiмдерiн пайдалануға;
ұшу сызбасын немесе маневрларды нақты орындау үшiн әуе кемесiн үздiксiз басқарып отыруға.
2 Бөлiмше. Автожирмен ұшатын АЖА пилоттардың бастапқы даярлық бағдарламасы
(Ultra light aircraft pilot license – ULAPL, квалификация (GR)
1 Параграф.Теориялық даярлық
31. Мiндеттi теориялық даярлық Қазақстан Республикасының ӘК аса жеңiл авиациясы пилоттарын даярлауда жалпыға ортақ болып табылады.
32. Теориялық даярлық оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлiнген оқу жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
Оқу сабақтарының жалпы көлемi 100 сағаттан кем емес.
33. Авиациялық оқу орталығы нақты автожир типiне арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауiпсiздiгiн арттыру талаптарына негiзделген болса, оқу сағаттарының көлемi мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.
Автожирмен ұшатын АЖА пилоттардың теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгiлiк бағдарламаның 3-қосымшасында берiлген.
34. Автожирда теориялық даярлау курсын аяқтаған соң студент-пилот төмендегiдей саладағы бiлiмдердi игерген болуы керек:
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметтерi жөнiнде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, аса жеңiл авиация пилотының куәлiгiн иеленгендердiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiктерi (Ultra light pilot license-ULАPL);
ұшу негiздерi;
осы әуе кемесi типiндегi әуе кемелерiнiң конструкцияларын жалпылай бiлу;
күштiң қондырғыларды, жүйенi және аспаптық жабдықтарды пайдалану және олардың жұмыс принциптерi;
осы әуе кемесi типiндегi және олардың күш қондырғыларын пайдалану кезiндегi шектеулер;
ұшуды пайдалану немесе соған баламалас құжаттардың нұсқаулықтары бойынша пайдалану мәлiметтерi;
ұшу сипаттарына, салмақ есептеулерi мен ауырлық кiндiгiне (орталығы) жүктердi жүктеу мен бөлудiң әсерi;
пайдалану құжаттарында көрсетiлген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды iс-тәжiрибеде пайдалану;
ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелерi бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;
әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;
адамның мүмкiндiктерi, оның iшiнде қатерлер мен қателiктер факторларына бақылау жасау принциптерi;
авиациялық метеорологиялық мәлiметтердi, карталарды және болжамдарды түсiну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртiбi, биiктiктi, қауiптi метеорологиялық жағдайларды, биiктiк өлшегiш қондырғылардың өлшемдерiн өлшеу;
аэронавигацияның тәжiрибелiк аспектiлерi (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсiлдерi, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
пайдалану кезiнде қатерлер мен қателiктер факторларына бақылау жасау тәсiлдерiн қолдану;
аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;
апатты жағдайда, оның iшiнде қауiптi метео жағдайды айналып өту мақсатында, әуе кемесiнiң жол iздерiнiң турбуленттiгi және ұшуға қауiптi басқа құбылыстар кезiнде тиiсiнше сақтандыру шаралары мен әрекеттердi қолдану;
көзбен шолу ұшуларының ережелерi бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгiзу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет.
ұшу алдындағы және ұшудан кейiнгi техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзiмдiк қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттар. Қолданыстағы авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтардың негiзгi түрлерi.
2 Параграф. Автожир кабинасындағы жаттығу құрылғысы
35. Осы бағдарлама автожир кабинасында ұшу оқытулары оқытылатын жаттығу құрылғысының неғұрлым аз көлемiн белгiлейдi.
36. Автожир кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемi 3 сағаттан кем болмауы тиiс.
37. Автожир кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөлiп қарастырады.
Тапсырма № 1. Автожирды пайдалану
Тапсырма № 2. Автожирда ұшу техникасы
Тапсырма № 3. Ұшу кезiндегi айрықша жағдайлар
38. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемiн көбейтуге құқы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |