1 Параграф. ӘҚҚК және ӘҚЖ мамандарының алғашқы дайындығы және қайта даярлауы
265. ӘҚҚК және ӘҚЖ мамандарын алғашқы дайындығы келесi кезеңдерден тұрады:
1) теориялық дайындық
2) жаттығу құрылғысымен дайындық
3) тәжiрбиелiк дайындық.
266. Теориялық дайындық келесi негiзгi оқыту нысандары арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн:
1) күндiзгi стационарлы (кешендi, типтiк);
2) модульдi;
3) сырттай;
4) дистанционды;
5) құрамдас.
267. Жаттығу құрылғысымен дайындық келесi негiзгi оқыту нысандары арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн:
1) күндiзгi стационарлы (кешендi, типтiк);
2) модульдi.
268. Келесi өлшемдерге сәйкес алғашқы дайындық көлемi азаматтық авиация саласындағы өкiлеттi органдарымен бекiтiлген АУП ГА бағдарламаларына сәйкес регламенттеледi:
1) пилот құрамының ӘҚҚК диспетчерлерiн бастапқы дайындау барысында жалпы дайындық көлемi 500 сағаттан кем болмауы қажет;
2) авиациялық бiлiмi жоқ ӘҚҚК диспетчерлерiн бастапқы дайындау барысында теориялық дайындық 1000 сағаттан кем болмауы қажет;
3) ӘҚҚК мамандарының алғашқы дайындық бағдарламасына сынақтық мерзiм өткеннен кейiн талапқа сай бiлiктiлiк белгiнi алу үшiн жеке алынған және сонымен қатар барлық диспетчерлiк пункттердi оқытып игеру қосылуы мүмкiн;
4) пилот құрамындағы әуе қозғалысын жоспарлаушы маманын бастапқы дайындау барысында жалпы даярлау 300 сағаттан кем болмауы қажет;
5) авиациялық бiлiмi жоқ және басқа да дәрежедегi авиациялық қызметкерлердiң қатарындағы әуе қозғалысын жоспарлаушы мамандарын бастапқы дайындау барысында жалпы даярлау көлемi 600 сағаттан кем болмауы қажет;
6) ӘҚҚК диспетчерлерлiк куәлiк иегерлерi арасындағы әуе қозғалысын жоспарлау мамандарының алғашқы дайындығы (ӘҚҚК диспетчерлерiн қайта даярлау), 60 сағаттан кем емес көлемiнде талаптарға сай қайта даярлау курсын өту немесе ӘҚЖ диспетчерлердiң кәсiби дәрежелерiнiң қалыпты болу курсын (Брифинг) өтулерiн қажет етедi;
7) ӘҚЖ диспетчерлерiнiң жаттығу құрылғысымен дайындық барысында 300 сағаттан кем болмауы қажет;
8) тәжiрбиелiк дайындық екi кезеңге бөлiнуi мүмкiн, бiрiншi кезеңге алғашқы дайындық бағдарламасының пәнiне 40 сағаттан кем емес көлемде аэронавигация объектiлерiне (жағдайдың болған кезiнде) танысу мақсатында баруы қосылады, ал екiншi кезең бастапқы дайындық аяқталғаннан кейiн, сынақтық мерзiм ретiнде аэронавигациялық ұйымдарда ұйымдастырылады немесе АУЦ ГА-да оқудың аяқталғаннан кейiн толығымен аэронавигациялық ұйымдарда жүзеге асырылады;
9) үмiткердiң (сынақтан өтушiнiң) кәсiби қызметi жүзеге асырылады деген диспетчерлiк пунктке байланысты (жұмыс орны) минималды сынақтан өту көлемi төменде көрсетiлген кестеге сәйкес анықталады және осы Үлгiлiк бағдарламаның 23-қосымшасында берiлген;
10) оқушылардың дәрежелерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына байланысты ағылшын тiлi бастапқы дайындық бағдарламасына енгiзiледi, жеткiлiктi көлемде аэронавигациялық мәлiметтiк құжаттарымен қолдана алу үшiн радио байланысты енгiзiп минимум ИКАО жұмыс дәрежесiнде сөйлесу, сонымен қатар тыңдаушыларда жалпы және авиациялық ағылшын тiлiнiң ИКАО шкаласы бойынша тiлдiк бiлiмдiлiк сертификатының болуы қажет;
11) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациялық саласындағы нормативтiк-құқықтық актiлерiмен айқындалынатын қызметкерлердiң кәсiби даярлау барысында жаңа және қосымша талаптардың енгiзiлуiнiң жүзеге асуы кәсiби даярлауда мiндеттi түрде болып табылады, ал жалпы сағат саны үйлемiмдi(пропорционалды) өзгередi;
12) алғашқы дайындық келесi салаларда қажеттi бiлiмдi игеру мен көрсетудi қамтамасыз ету және осы Үлгiлiк бағдарламаның 24-қосымшасында берiлген.
269. Жаттығу құрылғысымен дайындық алғашқы дайындықтарда мiндеттi бөлiмi болып табылады және арнайы жаттығу құрылғы кешендерде, жеке жаттығу құрылғысында, жұмыстың тәжiрбиелiк дағдыларын меңгеруге және жетiлдiруге мүмкiндiк беретiн пайдалану талаптарына сай және әуе жағдайына ұқсас жаттығу құрылғысымен жабдықтары және стендтерi бар аэронавигациялық объектiлерiнде жүзеге асырылады.
270. Жаттығу құрылғысымен дайындық нұсқаушының бақылауымен ғана өткiзiледi.
271. Сынақ мерзiмiнiң жетiстi аяқталуы (тәжiрбиелiк дайындық) ӘҚҚК куәлiгiн алу үшiн көрсетуге тәжiрбие ретiнде есепке алынады.
272. Тыңдаушылардың үлерiмiнiң бақылауы ағымды, рубеждiк және қорытынды түрiнде болады және техникалық құрал-жабдықтарды пайдалана, оның iшiнде компьютерлiк техниканы қолданып, сауалнамалық, тесттiк, ауызша сұрау, жазбаша бақылау жұмыстары және т.б. амалдар арқылы жүзеге асырылады.
273. Алғашқы дайындықтың аяқталуында аталған талаптар қойылатын мамандар жалпы және авиациялық ИКАО шкаласы деңгейiнде ағылшын тiлiн меңгерiп, бiлуi қажет (жұмыс деңгейiнде ИКАО шкаласы бойынша):
1) жалпы, нақты және жұмыспен байланысты сұрақтар бойынша екi ойлы емес ашық түсiнiк беру;
2) хаттарды алмастыруда, түсiнiспеушiлiктi айқындауда және жоюда талаптарға сай тәсiлдердi пайдалану (мысалы,тексеру арқылы мәлiметтi растау немесе жою);
3) штаттық жұмыс үрдiсiнде немесе белгiлi байланыс мiндеттерiн орындау барысында күтпеген өзгерiстер мен қиыншылықтар туындалған жағдайларда лингвистикалық мәселелердi жетiстi және бiршама оңай шешу;
4) авиациялық қауымдастықтарына белгiлi диалект пен акценттердi қолдану;
274. Қайта даярлау қажеттiлiк туындалған жағдайда және бiлiктiлiк белгiсiн алу үшiн ұйымдастырылады.
275. Қайта даярлау бағдарламасы (қажет болған жағдайда) ӘҚҚК рәсiмдерiнiң талаптарға сай теориялық оқулары, байланыстар, радиотелефониялар және фразеологиялық алмасу (штаттық, штаттық емес және апаттық), авиациялық құжаттарды пайдалану, алғашқы дайындық барысында пайдаланудың тәртiптерiнiң бөлiмiн оқытудағы көлемге байланысты көлемдiк ұшудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн тәжiрбиелiк әдiстер, сонымен қатар төменде көрсетiлген бiлiктiлiк белгiсiнiң талаптарына сай бiлiм салаларын қамтиды және осы Үлгiлiк бағдарламаның 25-қосымшасында берiлген.
276. Теориялық бiлiмдердi игергеннен соң тәжiрбиелiк дайындық жүргiзiледi (сынақтан өту).
277. ӘҚҚК қызметкерлерiн қайта даярлау және ұшу жоспарлары келесi жағдайларда арнайы дайындық түрiнде жүзеге асырылады:
1) ӘҚҚК, ӘҚЖ жаңа рәсiмдерiн игеру;
2) жаңа автоматтандырылғын ӘҚҚК жүйесiн iске қосу;
3) ӘҚҚК, ӘҚЖ мүшелерiнiң қызметiнiң уақытын белгiлейтiн ұлттық нормативтi-құқықтық құжаттар талаптарының маңызды өзгерiстерi;
4) ӘҚҚК, ӘҚЖ мүшелерiнiң қызметiнiң уақытын белгiлейтiн ИКАО немесе басқа да ұйымдарының ұсынылатын тәжiрбиелерi мен стандарттар талаптарының маңызды өзгерiстерi;
5) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылатын басқа жағдайлар.
278. Арнайы ӘҚҚК қызметкерлерiнiң дайындығы және ұшу жоспарлары жаттығу құрылғысы және тәжiрбиелiк нысаны бойынша аэронавигациялық ұйымдардың өзiнде де, сонымен қатар бөлек курс, тренинг түрiнде авиациялық оқу орталығында да өткiзiледi.
2 Параграф. Ұшу жетекшiлерiн (ұшу жетекшiлерiнiң мiндеттерiн
атқаратын аға диспетчерлер) және ӘҚҚК диспетчер-нұсқаушыларды
дайындау
279. ӘҚҚК диспетчер-нұсқаушыларын дайындау бағдарламасы келесi салалардағы қажеттi бiлiмдi игеруiн қамтамасыз ету осы Үлгiлiк бағдарламаның 26-қосымшасында берiлген.
280. Диспетчер-нұсқаушыларды дайындау бағдарламасы бойынша жалпы теориялық көлем 60 сағаттан кем болмауы керек.
281. Ұшу жетекшiлерiн (ұшу жетекшiлерiнiң мiндеттерiн атқаратын аға диспетчерлер) даярлау бағдарламасы келесi салалардағы қажеттi бiлiмдi игеруiн қамтамасыз ету осы Үлгiлiк бағдарламаның 27-қосымшасында берiлген.
282. Ұшу жетекшiлерiн (ұшу жетекшiлерiнiң мiндеттерiн атқаратын аға диспетчерлер) дайындау бағдарламасы бойынша жалпы теориялық көлем 60 сағаттан кем болмауы керек.
283. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациялық саласындағы нормативтiк-құқықтық актiлерiмен айқындалынатын қызметкерлердi кәсiби даярлау барысында жаңа және қосымша талаптардың енгiзiлуiнiң жүзеге асуы кәсiби даярлауда мiндеттi түрде болып табылады, ал жалпы сағат саны үйлемiмдi(пропорционалды) өзгередi.
284. Теориялық дайындықтардың аяқталуна қарай ұшу жетекшiсiнiң қызметiне (ұшу жетекшiсiнiң мiндетiн атқаратын аға дисптечер) үмiткер тиiстi сынақ мерзiмiнен өтуi қажет. Диспетчер-нұсқаушы және аға диспетчер (ұшу жетекшiсiнiң мiндетiн атқармайтын аға диспетчер) қызметiне тағайындағанда сынақ мерзiмi қажет етiлмейдi.
3 Параграф. Жұмысқа рұқсатнама алу үшiн сынақтық мерзiмнiң
ұйымдастырылуы
285. Жұмысқа рұқсатнама алу үшiн сынақтық мерзiмге тек қана кәсiби дайындықтан өткен, оқуды бiтiргенi туралы қағаздары, жұмысқа жарамды деген медициналық қорытындысы бар (жоспарлаушы, әуе қозғалысын үйлестiрушi және бақылаушы диспетчерлерiнен, Брифинг диспетчерiнен, БО ӘҚЖ ауысымның басшысынан басқа, ӘҚҚК диспетчерлерiне, жоспарлаушы, әуе қозғалысын үйлестiрушi және бақылаушы диспетчерлерiне, Брифинг диспетчерiне рұқсат етiледi.
286. Сынақтық мерзiм басшылардың қарамағында және нұсқаушының, емтихан қабылдаушының үнемi бақылауында болып жұмысқа тиiстi рұқсатнама алу мақсатында жүргiзiледi.
287. Нұсқаушы сынақтан өтушi туралы объективтi деректердiң және жеке әңгiмесiнiң негiзiнде сынақтан өтуге қажеттi құжаттарды оқу мерзiмi, Жаттығу құрылғысымен дайындықтың мерзiмi мен мазмұны, тәжiрбиелiк ӘҚҚК басталу уақыты анықталатын жеке жоспарын құрастырады. Қажеттiлiк туындалған жағдайда нұсқаушы сынақтан өту жоспарына өзгерiстер енгiзедi.
288. Сынақтан өтуге жеке жоспарды құру барысында қосымша сынақтан өтушiнi қосымша тесттiлеу рұқсат етiледi.
289. Сынақтан өту мерзiмi төменде көрсетiлген бiлiм мен дағдылардың игеруiн қамтамасыз етуi керек:
1) аэдродромның бас жоспары және оның физикалық мiнездемесiн оқу;
2) ӘҚҚК қызметiнiң жеделдетiлген құрылымын оқу;
3) әуе кеңiстiгiнiң құрылымын оқу;
4) диспетчерлiк пункттерде ӘҚҚК жалпы техникалық үрдiсiн оқу;
5) ұшу өндiрiсiнiң нұсқауларын оқу (аэродромның аэронавигациялық паспорты);
6) нақты диспетчерлiк пункттерде пайдаланылатын анықтамалық материалдармен танысу;
7) диспетчерлiк пункттермен iргелес бақылау органдарының ұшу үйлесiмдерiнiң тәртiптерi мен маңызды қарым-қатынастарын оқу;
8) диспетчерлiк пункттердi метрологиямен қамтамасыз етуiмен таныстыру;
9) әуе қозғалысына қызмет атқару барысында ұшуды радиотехникалық жүйелермен қамтамасыз етуiмен танысу;
10) жер бетiндегi байланыс жабдықтарымен танысу;
11) ӘҚҚК ерекшелiктерiн және диспетчерлiк пункттердi зерделеу (жабдықтар және оларды пайдалану);
12) нақты диспетчерлiк пункттерде және фразеологиялық радио алмасу ережелерiн қолданудағы ӘҚҚК диспетчерiнiң жұмыс технологиясымен танысып үйрену;
13) тәжiрбиелiк қызмет (дайындық).
290. Негiзгi жұмыс орнынан басқа сынақтық мерзiмiнiң өтуi барысында iргелес диспетчерлiк пункттердегi жұмыстармен таныстыру 20 сағат көлемiнде кем болмайды.
291. Осыдан кейiн нұсқаушы (емтихан қабылдаушы) сынақтан өтушiнiң бiлiмiн тексерiп, тәжiрбиелiк дайындыққа бастамалық даярлығы туралы шешiм қабылдайды.
292. Тәжiрбиелiк дайындық диспетчерлiк жаттығу құрылғысымен немесе бекiтiлген жеке жоспарға сәйкес жұмыс орнында өткiзiледi.
293. Нұсқаушының қадағалауымен тәжiрбиелiк дайындық нұсқаушысының әуе қозғалысына қызмет атқарудың нұсқаушылық және сынақтан өтушiнiң ӘҚҚК (жоспарлаушы, бақылаушы, және әуе қозғалысын үйлестiрушi диспетчер, Брифинг диспетчерi, ГЦ ӘҚЖ аусымының басшысы) диспетчерi ретiнде жұмысына көрсетiлiмiн қамтиды.
294. ӘҚҚК диспетчерiне нұсқаушылық көрсетiлiмi ӘҚҚК нұсқаушысының сынақтан өтушiнiң қатысуымен тәжiрбиелiктi қамтамасыз етiп, төмендегi аталғандармен қоса жүредi:
1) әуе жағдайының мiнездемелiк мысалдарының түсiнiктемелерiмен;
2) әуе жағдайының рәсiмдерiнiң бақылауы мен амалдарының түсiнiктемелерiмен;
3) диспетчерлiк шешiмдерiнiң қабылдануы мен берiлуiнiң түсiнiктемелерiмен;
4) ӘҚҚК барысында зейiннiң үйлесуi туралы ұсыныстарымен;
5) РТС ӘҚҚК пайдалану туралы ұсыныстар;
6) iргелес диспетчерлiк пункттермен қарым-қатынастарының тәртiптерiнiң ұсыныстарымен.
295. Нұсқаушының қадағалауымен сынақтан өтушiнiң ӘҚҚК диспетчерi жұмысы (жоспарлаушы, бақылаушы, және әуе қозғалысын үйлестiрушi диспетчер, Брифинг диспетчерi, ГЦ ӘҚЖ аусымының басшысы) жартылай немесе толығымен диспетчердiң мiндеттерiн атқаруы қарастырылады және төменде көрсетiлгендермен қоса жүредi:
1) нұсқаушының сынақтан өтушiнiң iс-әрекеттерi мен жағдайдың дамуын үзiлiссiз қадағалауымен;
2) сынақтан өтушiнiң нұсқаудың болдырмауына немесе жаңа нұсқауларды орындау туралы әрекеттерiне уақытылы араласуына нұсқаушының үнемi дайындығы;
3) сынақтан өтушiге қиыншылықтар туындалған жағдайда нұсқаушының түсiнiктемелер, ұсыныстар және жәрдем беруi.
296. Емтихан қабылдаушы сынақтан өту мерзiмi аяқталғаннан соң алынған бiлiмдерiн, дағдыларын және ептiлiктерiн тиесiлi түрде тексерiс жүргiзiп, диспетчерлiк пунктте (жұмыс орнында) жұмысқа кiрiсуiне даярлығы туралы шешiм қабылдайды.
297 ӘҚҚК кезектi рұқсатнама алу үшiн сынақтық мерзiм ӘҚҚК алғашқы рұқсатнама алғаннан кейiн 6 айдан кем болмайды.
298. Егер де ӘҚҚК диспетчерiнде басқа немесе басқа бөлiмшелер бойынша бiлiктiлiк белгiсi болатын болса, сынақтан өту мерзiмi 70% төмен емес көлемге төмендетiледi.
299. Iргелес ӘҚҚК пункттерiне жұмысқа рұқсатнама әр диспетчерлiк пункттерден ӘҚҚК рұқсатнамасын алғаннан соң ғана рәсiмделiнедi.
300. Жоспарлаушы, бақылаушы, және әуе қозғалысын үйлестiрушi диспетчерiнiң, Брифинг диспетчерiнiң, ГЦ ӘҚЖ аусымының басшысының сынақтық мерзiмдерi осы бағдарламаның пункттерiне сәйкес, тиесiлi рұқсатнама алуымен жүзеге асырылады.
4 Параграф. ӘҚҚК қызметкерлерiнiң және ұшу жоспарлаушыларының
кәсiби деңгейiн қолдау
301. Бағдарламаның мазмұны ғұзырлы бағалау элементтерiн қоса радиотелефондық байланыста қолданылатын тiлдi оқытуды қоспағанда, 72 сағаттан кем емес көлемiндегi алғашқы және жаңадан дайындықта алынған бiлiмдерi мен дағдыларын қолдауын қамтамасыз етуi қажет.
302. Кәсiби деңгейдi қолдау курстар, тренингтер және семинарлар түрiнде, сонымен қатар осы типтiк бағдарламада көрсетiлген бастапқы дайындық тақырыбының мерзiмдiлiгiне байланысты қашықтық түрде де ұйымдастырылады және талап етiлетiн мерзiм бойынша бiрге жүргiзiлетiн бiр ғана курстық түрiнде де, жеке модульдiк түрiнде де жүзеге асырылады.
303. ӘҚҚК диспетчерлерiнiң (аға диспетчерлерi, ұшу жетекшiлерi, ұшу жетекшiсiнiң мiндеттерiн атқаратын аға диспетчерлер) диспетчерлiк пункттердiң жоспарлаушы, бақылаушы, және әуе қозғалысын үйлестiрушi диспетчерiнiң, Брифинг диспетчерiнiң, ГЦ ӘҚЖ аусымының басшысының, қызмет жетекшiлерiнiң кәсiби деңгейiн қолдау мерзiмдiлiгi әр үш жылда өткiзiлiп отырылады.
304. Кәсiби деңгейдi қолдау келесi мақсаттарда өткiзiледi:
1) мамандандыру бойынша мерзiмдi кәсiбилiктi қолдау;
2) ИКАО шкаласы бойынша радиотелефондық байланыста пайдаланылатын тiлдiң меңгерiлуiн жұмыс деңгейiнде қолдау;
3) ӘҚҚК рәсiмдерi және ұшуды жоспарлау, әуе қозғалысының және ұшудың жоспарлауының техникалық жабдықтау жүйесiнiң ұйымдастырылуы бойынша бiлiмдi жаңарту;
4) штаттық емес, қауiптi және апаттық жағдайлардағы iс-әрекеттерге үйрету;
5) қатерлер мен қателiктердiң факторларын қадағалау ұстанымдары, сонымен қатар (TRM) тобының жұмысын оңтайландыруға дайындығын қоса алғанда адамның мүмкiндiктерiнiң және шектеулерiн қарастыру;
6) 6 айдан жоғары жұмыста үзiлiс болған жағдайда мамандардың кәсiби дағдыларын қалпына келтiру;
305. Бағдарламадағы кәсiби деңгейдi қолдауды мiндеттi түрде жүзеге асыру алдындағы көрсетiлген 1, 4 және 5 пункттердегi мақсаттар болып табылады.
306. ИКАО шкаласы бойынша ағылшын тiлiн меңгеру өз еркiмен жүзеге асырылады, жеке және жүйелендiрiлген курстар, тренингтер, курстың бiр бөлiгi кәсiби деңгейдi қолдау бойынша болғандықтан радиотелефондық байланыстарда тiлдi меңгеру талаптарын орындалуы аэронавигациялық ұйымдардың саясатымен ұйымдастырылады.
307. Рәсiмдер, аэронавигациялық ұйымдардың техникалық жабдықтары бойынша бiлiмдi жаңарту аэронавигациялық ұйымдарда (қажеттiлiк болған кезде) техникалық оқыту, тәжiрбиелiк және жаттығу құрылғысымен дайындық түрiнде де, сонымен қатар жеке курстар, тренингтер түрiнде авиациялық оқу орталығында да жүзеге асырылады. Бағдарламаның (жоспар) өкiлеттi органдарда бекiтiлуi талап етiлмейдi.
308. Кезектi мерзiмнен кеш болмай, жеке және жеделдi түрде қажеттiлiк жағдайларда аталынған түр жоспардан тыс өткiзiлуi мүмкiн.
309. ӘҚҚК мамандарының кәсiби дағдыларын қайта қалпына келтiру жүзеге асырылады:
1) алты және он екi айға дейiн жұмыстан үзiлiс болғанда - рұқсатнама бар кезде жұмыс орнында жаттығу құрылғысымен дайындықтың өткiзiлуi және тәжiрбиелiк дағдыларын тексерiлуi;
2) бiр жылдан жоғары жұмыстан үзiлiс болғанда - кәсiби деңгейдi қолдау, сынақтық мерзiм, жаттығу құрылғысымен дайындық, теориялық және тәжiрбиелiк дағдылардың бағдарламасы бойынша оқытылады. Маманның дайындық деңгейiне байланысты диспетчерлiк пунктке белгiленген бастапқы рұқсатнамадан 70% төмен емес көлемнiң төменденуi рұқсат етiледi.
310. ПВД мамандарының кәсiби дағдыларын қайта қалпына келтiру келесi аталған түрде жүзеге асады:
1) 6 айдан 12 айға дейiн жұмыстан үзiлiс болғанда-жұмыс орнында тәжiрбиелiк дағдыларды тексеру;
2) жұмыстан бiр жылдан астам үзiлiс кезiнде - кәсiби дәреженi қолдау бағдарламасы бойынша бойынша оқытып, сынақтық мерзiмдi өте, теориялық және тәжiрбиелiк дағдыларын тексеру.Бастапқы диспетчерлiк пунктегi рұқсатнамасына белгiленген маманның дайындық деңгейiне байланысты 70 % төмен емес сынақтық көлем қысқаруы мүмкiн
5 Параграф. Теориялық бiлiмдi, тәжiрбиелiк дағдылар мен
ептiлiктi тексеру
311. ӘҚҚК қызметкерлерiнiң теориялық бiлiмдерiн тексеру және әуе қозғалысының жоспарлануы рейтингтiк шкала бойынша бағалаумен немесе өкiлеттi емтихан қабылдаушылармен компьютерлiк техниканы қолдана тест түрiнде жазбаша немесе ауызша түрде алынады.
312. Теориялық бiлiмдi тексеру жүзеге асады:
1) ӘҚҚК диспетчерлерiнiң куәлiк, жұмысқа бастапқы рұқсатнама алуы;
2) кейiнгi бiлiктiлiк белгiнi иелену (растау);
3) куәлiктiң жарамдылық мерзiмiн ұзарту;
4) Жеке, дара жұмысқа рұқсатнама болғанда;
5) бұзушылықтар болып авиациялық келiспеушiлiктер немесе авиациялық оқиғаларға әкелiп соққанда;
6) бiр жылдан жоғары жұмыстан үзiлiс болғанда.
313. Теориялық бiлiмдiлiк келесi салалар бойынша тексерiледi:
1) Әуе кеңiстiгi, әуе кемелерiнiң ұшуына аэронавигациялық қызмет атқару саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының негiзiнде;
2) әуе қозғалысына қызмет көрсету;
3) жұмыс технологиясы, радио типтiк фразеология және байланыс ережелерi;
4) ұшуды метрологиялық қамтамасыз ету;
5) аэродинамика және әуе кемелерiнiң ұшу-техникалық мiнездемелерiнiң негiздерi;
6) ұшуды навигациялық қамтамасыз ету (штурманды);
7) ұшуды радио техникалық қамтамасыз ету.
314. Жұмысқа рұқсатнамалары бар ұшу жетекшiлерi мен ӘҚҚК мамандары авиациялық оқиғаның немесе авиациялық келiспеушiлiктiң туындалған кездегi iс-әрекеттерi бойынша литерлiк рейстердi қамтамасыз ету және қызмет атқару, объективтi бақылау жабдықтарын пайдалану ретiнде қосымша тексерiстерден өткiзiледi.
315. ӘҚҚК мен қызметкерлерiнiң тәжiрибелiк дағдылары мен бiлiмдерiн тексеру өкiлеттi емтихан қабылдаушылармен жүргiзiледi.
316. ӘҚҚК қызметкерлерiнiң тәжiрбиелiк дағдыларын тексерiлуi келесi түрде жүзеге асырылады:
1) ӘҚҚК диспетчерiнiң жұмысқа бастапқы рұқсатнаманың, куәлiк алуы;
2) кейiнгi бiлiктiлiк белгiнi иелену (растау);
3) жеке, дара жұмысқа рұқсатнама болғанда;
4) куәлiктiң жарамдылық мерзiмiн ұзарту;
5) бұзушылықтар болып авиациялық келiспеушiлiктер немесе авиациялық оқиғаларға әкелiп соққанда;
6) алты айдан жоғары жұмыстан үзiлiс болғанда.
317. ӘҚҚК және әуе қозғалысын жоспарлау мамандарының тәжiрбиелiк дағдылары мен iскерлiктерiн тексеру бiлiктiлiк белгiсiн (белгiлер) ескере жұмысқа рұқсатнамалары болып, әр диспетчерлiк пункттерде (секторда, жұмыс орнында) келесi элементтер бойынша жүзеге асырылады.
1) кезекшiлiктi қабылдау және тапсыру;
2) әуе қозғалысының қызметiнiң және әуе қозғалысының ережелерiн ұстану;
3) жетекшi құжаттардың талаптарын ұстану;
4) радио байланыс және радио алмасу (радио алмасуды жүзеге асыратын қызметкерге) фразеологиясының ережелерiн ұстану;
5) ӘҚҚК РТС пайдалану;
6) iргелес қызметтермен ара-қатынас;
7) белгiленген құжаттарды ұстану;
318. ӘҚҚК диспетчерiнiң тәжiрбиелiк дағдылары мен iскерлiктерiн тексеру әуе қозғалысының екi сағаттан кем емес орташа қарқындылығында (күрделiлiк) диспетчерлiк пункттерде жүзеге асырылады. Көп секторлы РДЦ тәжiрбиелiк дағдылықтарын тексеру емтихан қабылдаушының қалауынша екi сағаттан кем болмай кез келген бiр секторда өткiзiледi.
319. ӘҚҚК диспетчерлерiнiң тәжiрбиелiк дағдылары мен iскерлiктерiнiң тексерiлуi алты ай бойы жарамды болып саналады.
320. Ағылшын тiлiнде әуе қозғалысына қызмет атқаруына жiберiлген ӘҚҚК диспетчерлерiнiң тәжiрбиелi дағдылары мен iскерлiгiнiң тексерiлуi, орыс және ағылшын тiлдерiнде аралас өткiзiледi.
321. Ұшу жетекшiлерi мен аға диспетчерлерiнiң жұмысын тексеру келесi элементтер бойынша жүргiзiледi:
1) жұмыс ауысымының нұсқауының өткiзiлуi;
2) кезекшiлiктi қабылдау және тапсыру;
3) диспетчерлiк ауысымның ӘҚҚК қызметкерлерiнiң кезекшiлiктi қабылдау және тапсыруын және ӘҚҚК диспетчерлерiнiң жұмыс барысында ауысуын қадағалау;
4) ұшуды қамтамасыз ететiн қызметтермен ара-қатынас;
5) кезекшiлiк кезiнде диспетчерлiк ауысымның жұмысын қадағалау;
6) диспетчерлiк ауысым жұмысының талқылауын жүргiзу.
322. Ұшу жетекшiлерiнiң және ұшу жетекшiлерiнiң мiндеттерiн атқарушы аға диспетчерлерiнiң жұмысын тексеру, бiрнеше жұмыс ауысым аралығында кезеңдер бойынша өткiзiлуiне рұқсат берiледi.
323. Жаттығу құрылғысымен дайындық ӘҚҚК мамандарының тәжiрбиелiк дағдылары мен iскерлiгi құрамдас бөлiгi болып сананалады және диспетчерлiк пунктте өзiндiк жұмысқа рұқсатнаманың алдында жүргiзiледi.
324. Жаттығу құрылғысымен дайындықтар келесi жағдайларда өткiзiледi:
1) төменде көрсетiлген көлемде өзiндiк жұмысқа рұқсатнама болғанда:
рульдеу диспетчерлiк пункт (РДП) – 10 сағаттан кем емес;
бастамалық диспетчерлiк пункт (БДП) – 10 сағаттан кем емес;
тұрғылылық диспетчерлiк пункт (ТПП) – 40 сағаттан кем емес;
шеңбердiң диспетчерлiк пункты (ШДП) – 40 сағаттан кем емес;
мұнаралық диспетчерлiк пункт (МДП) – 40 сағаттан кем емес;
аудандық диспетчерлiк орталық (АДО или РӘҚҚК) – 40 сағаттан кем емес;
жергiлiктi диспетчерлiк пункт (ЖДП) – 20 сағаттан кем емес;
2) кейiнгi бiлiктiлiк белгiсiн немесе өзiндiк жұмысқа рұқсатнаманы иеленуiнде жаттығу құрылғысымен дайындық уақыты 70%-дан аспай қысқартылуы мүмкiн;
3) ағылшын тiлiнде әуе қозғалысына қызмет атқаруға рұқсатнама болған жағдайда 6 сағаттан кем емес көлемде;
4) куәлiктiң жарамдылығының мерзiмiн ұзартқанда 6 сағаттан кем емес көлемде;
5) әуе қозғалысына қызмет атқару жұмысындағы үзiлiс алты айдан асқанда 6 сағаттан кем емес көлемде;
6) авиациялық оқиғалалр және авиациялық келiспеушiлiктерге әкелiп соқтырған бұзушылықтар кезiнде 6 сағаттан кем емес көлемде;
7) ӘҚҚК жаңа рәсiмдерi енгiзiлгенде, әуе кеңестiгiндегi құрылымдар өзгергенде рәсiмдердiң күрделiлiгiне қарай, 3 сағаттан кем болмай ӘҚҚК жетекшiсiнiң анықтауымен көлем енгiзiледi.
325. Объективтi бақылау жабдықтарын тексеру нәтижесiнде ұшулардың жетекшiсi ӘҚҚК диспетчерiн қосымша жаттығу құрылғысымен дайындыққа жөнелтуi мүмкiн.
326. Ағылшын тiлiнде әуе қозғалысына қызмет көрсетуге рұқсатнамалары бар ӘҚҚК диспетчерлерi жаттығу құрылғысымен дайындықты бiр уақытта ағылшын және орыс тiлдерiнде өтедi.
Достарыңызбен бөлісу: |