Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасын бекiту туралы


Параграф. БРТЖП мамандықтары бойынша қайта даярлау



бет8/36
Дата12.06.2016
өлшемі2.45 Mb.
#129658
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36

4 Параграф. БРТЖП мамандықтары бойынша қайта даярлау

      396. Аталған кәсiби дайындық түрi БРТЖП бойынша мамандары айтарлықтай жұмыс пiшiнi өзгерген кезде, жаңа және жабдықты жетiлдiрудi енгiзгенде бiлiктiлiк мамандармен қамтамасыз ету үшiн, мамандарды қызметке орналастыру қажеттiлiгi болғанда, жеке объектiлердiң қызмет пiшiнi және қызмет көрсету рәсiмдерi өзгерiске ұшырағанда қосымша дайындық деңгейiн және мамандандыруды талап еткенде өткiзiледi.


      397. Қайта даярлау бағдарламасы тиесiлi құрғылардың және жүйелердiң тұжырымдамасын үйренуiн, тиесiлi құжатнамаларды қолдануды, ұшудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету тәжiрбиелiк әдiстерiн пайдалану және қамтамасыз етудi қосу қажет.
      398. Қайта даярлау бағдарламасын игергеннен соң тиесiлi сынақтан өту мерзiмi өткiзiледi.
      399. Нақты назарланған жұмыс саласына немесе қызметкерлердiң мiндеттерiнiң негiзiнде ҰРТҚЕ мамандары бойынша қайта даярлау арнайы дайындық түрiнде жүргiзiледi және жүзеге асырылады:
      1) БРТЖП жабдықтарының жаңа түрiн қайта оқып игеруiне және байланыс пен БРТЖП нақты жабдықтарына және жүйелерiне қызмет көрсету құқығының алуына;
      2) пайдаланудың жаңа технологиясын игеру;
      3) авиациялық оқиғаға немесе авиациялық келiспеушiлiкке әкелiп соқтырған апаттық, қауiптi және штаттық емес жағдайлардағы және бұзушылықтан соң әрекеттерi бойынша өзгерулердi өңдеу;
      4) ҰРТҚЕ бойынша жұмысының уақытты; реттейтiн,нормативтi-құқықтық талаптардың елеулi өзгерiске ұшыраған жағдайда;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылатын басқа да жағдайларда.
      400. Арнайы дайындық тәжiрбиеде нақты бiлiм, дағды және iскерлiктi бекiтiп, жұмыс орнында пайдаланылатын жабдықтарда қызметтiк мiндеттердiң орындалып жұмыс орнында үйрететiн бiлiктi нұсқаушының қадағалауымен шынайы жағдайда алдында алынған бiлiмдер мен дағдылардың шынайы инеграциясына бағытталған. Аталған дайындық байланыс пен БРТЖП бойынша нақты жабдықтарды пайдалануға рұқсатнамаға айналған жүйе мен жабдықтарға тиесiлi бiлiм мен дағдының аяқталу кезеңi болып табылады.
      401. ҰРТҚЕ бойынша қызметтердi арнайы дайындау аэронавигациялық ұйымдарда тәжiрбиелiк дайындық түрiнде де (қажет болған жағдайда), жеке курстар, тренингтер түрiнде де авиациялық оқу орталығында да жүзеге асырылады. Өкiлеттi органдарда дайындық бағдарламасын бекiту қажет етiлмейдi.
      402. арнайы дайындық теориялық бiлiмi мен тәжiрбиелiк дағдыларын тексерумен, қажеттi техникалық жабдықтарға қызмет көрсетуде және БРТЖП мен байланыс объектiлерiнiң жабдықтарының жұмыс iстеу қабiлетiн қайта қалпына келтiруiмен аяқталады.

24 Бөлiмше. Ұшуды электро жарық техникасымен қамтамасыз етушi
мамандарды (маман, әуежайлардағы жабдықтарды электро жарық
техникасын пайдалану бойынша инженерлi-техникалық қызметкерлер)
кәсiби дайындаудың типтiк бағдарламасы

      403. Ұшуды электро жарық техникасымен қамтамасыз етушi мамандарын кәсiби дайындау бойынша осы типтiк бағдарламасы мамандардың кәсiби дайындалуларына тiкелей ұшуды электро жарық техникасымен қамтамасыз етушi қызметтерiн орындайтын мамандарының «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуының электро жарық техникасымен қамтамасыз етуiнiң ережелерi» мерзiмделiнiп, «ұшудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн,авиациялық қызметкерлердiң кәсiби дайындығының ережелерiне» сәйкес арналған.


      404. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациялық саласындағы нормативтiк-құқықтық актiлерiмен айқындалынатын кәсiби дайындыққа жаңа және қосымша талаптар қосымша және арнайы курстар мен тренингтер қажеттiлiк туындалғанда азаматтық авиация ұйымының қарастыруымен өткiзiледi.
      405. Электро жарық техникалық қамтамасыз ету мамандарының ұшуға алғашқы дайындығы мiндеттi түрде бастапқы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыру үшiн, алғашқы қабылданғандар үшiн өткiзiледi. Осыған дейiн азаматтық авиация саласына ұқсас мамандандырылған болса дайындықты қажет етпейдi.
      406. Қазақстан Республикасының «Электроэнергетика туралы» заңына сәйкес дайындалған құқықтық-нормативтiк актiлерiнiң уақытын өлшей келе, оқыту уақытынан тәуелсiз алғашқы дайындық мөлшерi 48 сағатты құрайды.
      407. Ұшуларды электротехникалық қамтамасыз ету мамандарын қайта дайындау азаматтық авиация кәсiпорындарында құрылғыларды құрастырушылардың бағдарламасы бойынша жаңа жүйелер мен технологияларды пайдалануға енгiзу арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ АУЦ ГА. Бағдарламасы бойынша да iске асады. Бағдарлама азаматтық авиация саласында өкiлеттi ұйымдардың мiндеттi келiсiмiн қажет етпейдi Кәсiптiк деңгейдi өз қалпында сақтап қалу, курстардан өту, тренинг және семинарлар, оның iшiнде қашықтықтан, бастапқы дайындықтың типтiк тақырыптық бағдарламасына сәйкес және 5 жылға жүйелену арқылы жүзеге асады.
      408. Кәсiптiк деңгейдi өз қалпында сақтап қалу,курстардан өту, тренинг және семинарлар, оның iшiнде қашықтықтан, алғашқы дайындықтың типтiк тақырыптық бағдарламасына сәйкес және 5 жылға жүйелену арқылы жүзеге асады.
      409. Қазақстан Республикасының «Электроэнергетика туралы» заңына сәйкес дайындалған құқықтық-нормативтiк актiлерiнiң уақытын өлшей келе,оқыту уақытына байланысты кәсiптiк деңгейдi қалпында ұстаудың жалпы курстық сағаты 24 сағатты құрайды.
      410. Iске асырылып отырған кәсiптiк дайындықтың түрiне қарамастан оқудың соңында маманның бiлiмi тексерiледi. Бiлiмдi тексеру аяқталғаннан кейiн курстан өтушi маман тиесiлi құжатқа ие болады.
      411. Алғашқы дайындық пен қайыра дайындалу аяқталған соң, жұмыс орынында сынақ iсiнен өтедi. Сынақ iсi маман өтетiн азаматтық авиациялық кәсiпорынның уақыт өлшемiмен сәйкестендiрiледi.
      412. Алғашқы дайындықтар аз дегенде төмендегiдей қажеттi бiлiмдердi меңгеруiн қамтамасыз ету осы Үлгiлiк бағдарламаның 32-қосымшасында берiлген.
      413. Алғашқы дайындық пен қайта дайындау да алған кәсiптiк деңгейдi қалыпында ұстау бағдарламасының мазмұны бойынша, бiлiктiлiктi бағалайтын элементтердi қосқанда, бiлiктiлiк пен бiлiмдi қамтамасыз етедi.
      414. Кәсiптiк деңгейдi қалыпында ұстау төмендегiдей мақсаттар бойынша өткiзiледi:
      1) кәсiптiк деңгейдi қалыпында ұстауды мамандық бойынша үздiксiз жүйелi түрде қадағалау;
      2) штаттан тыс,кездейсоқ, қауiптi, апатты жағдайдағы әрекеттердi үйрету; 6 айдан көп үзiлiсте болған мамандардың кәсiптiк бiлiгiн қалыпына келтiру.

25 Бөлiмше. Азаматтық авиация кәсiпорындарының жетекшiлерiн
кәсiби дайындаудың типтiк бағдарламасы

      415. Осы категориядағы сала қызметкерлерiне арналған, АУЦ ГА оқу бағдарламасында қамтылған, бұл типтiк бағдарлама азаматтық авиация кәсiпорындарының жетекшiлерiн кәсiби дайындауда оқытудың қысқа мазмұнын қамтиды.


      416. Азаматтық авиация кәсiпорындарының жетекшiлерi қатарына алғашқы жетекшiлер (бас директор, директор, президент, вице-президент т.б.) және штаттық орынбасарлар жатады.
      417. Азаматтық авиация кәсiпорындарының жетекшiлерi қатарына алғашқы жетекшiлерiнiң қосымша және мамандандырылған курстары мен тренингтары өз қалауынша,кәсiпорындардағы өндiрiстiк үрдiсте бiлiмдерiн кеңейту үшiн, сондай ақ басқа да салаларда қызмет ету үшiн өтедi.
      418. Кәсiптiк дайындықтың толық циклi курстардан өтумен қатар, тренингтер мен семинарлар, оның iшiнде қашықтықтан, көрсетiлген типтiк бағдарлама тақырыбына сәйкес өтедi және 3 жылды құрайды.
      419. Оқыту бiрыңғай курстық формада ұйымдастырылуы мүмкiн. 3 жылда бiр рет жеке модуль ретiнде де 3 жыл мерзiмiнде жүзеге асу қажет.
      420. Қайтадан басқа жетекшiлiк қызметке тағайындау жағдайында өтiлген курс немесе модульдi курсты өткен күннен бастап бес жылға дейiн күшiн жоймайды.
      421. Осы бағдарламаны жүзеге асыруда азаматтық авиация кәсiпорындарының жетекшiлерi алғашқы жетекшiлер қатарына (бас директор, директор, президент, вице-президент т.б) және штаттағы орынбасарлар жатады. АУЦ ГА жетекшiлiк ететiн жұмыскерлерi немесе азаматтық авиация оқу ұйымдары да жатады.
      422. Азаматтық авиация кәсiпорындарының жетекшiсiнiң семинарға тақырыпқа және типтiк бағдарламаның бiрден бiр бөлiмiне толық сәйкес қатысуы және құжатпен расталу (сертификат, куәлiк, диплом жеке куәлiк).
      423. Азаматтық авиация саласының жетекшiлерiн оқыту бағдарламасы келесi аспектiлердi зерттеудi қарастыру осы Үлгiлiк бағдарламаның 33-қосымшасында берiлген.

26 Бөлiмше. Теңiз қондырғысына тiкұшақты қондыру жөнiндегi
маманды кәсiптiк даярлаудың үлгiлiк бағдарламалары

      424. Осы Теңiз қондырғыларына тiкұшақты қондыру жөнiндегi мамандарды кәсiптiк даярлаудың үлгiлiк бағдарламалары келесiлердi кәсiптiк даярлаудың қағидаларын, ұйымдастырылуын, тәртiбi мен минималды көлемiн, сондай-ақ өз бетiмен жұмысқа қатынауды анықтайды:


      1) теңiз қондырғысына тiкұшақты қондыру жөнiндегi маман;
      2) теңiз қондырғысына тiкұшақты қондыру жөнiндегi маман-нұсқаушы.
      425. Теңiз қондырғыларына тiкұшақты қондыру жөнiндегi мамандарды кәсiптiк даярлау кәсiптi игеру, жаңа технологияларды зерделеу, қызметтiң саласын өзгерту немесе кеңейту, апаттық, штаттан тыс жағдайларда және жүйелердiң жұмысқа жарамдылығы нашарлаған кезде орындалатын қызметтiк мiндеттерге сәйкес келу үшiн жүргiзiледi.
      426. Теңiз қондырғысына тiкұшақты қондыру жөнiндегi маманды кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және кәсiптiк деңгейiн ұстау келесi кезеңдерден тұрады:
      1) Теориялық даярлау;
      2) Тәжiрибелiк даярлау.
      427. Бастапқы даярлау және қайта даярлау көрсетiлген мамандар үшiн бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн тұлғалар қатарынан жүргiзiледi және кемiнде 76 сағат құрайтын даярлаудың жалпы көлемiмен жүргiзiледi.
      428. Кәсiптiк деңгейдi ұстау 24 айда бiр рет мерзiмдiлiкпен және кемiнде 40 сағат құрайтын жалпы көлеммен жүргiзiледi.
      429. Бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсiптiк деңгейдi ұстау көлемi азаматтық авиация саласында уәкiлеттi органмен бекiтiлетiн, АА АОО тиiстi бағдарламаларымен реттеледi және келесi өлшемдерге сәйкес келедi:
      1) авиациялық персонал тұлғалары iшiнен теңiз қондырғыларына тiкұшақты қондыру жөнiндегi маманды бастапқы даярлау кезiнде даярлаудың жалпы көлемi кемiнде 40 сағат болу тиiс;
      2) авиациялық бiлiмi болмайтын тұлғалар iшiнен теңiз қондырғыларына тiкұшақты қондыру жөнiндегi маманды бастапқы даярлау кезiнде даярлаудың жалпы көлемi кемiнде 76 сағат болу тиiс;
      3) теңiз қондырғыларына тiкұшақты қондыру жөнiндегi маманды бастапқы даярлау кезiнде - тыңдаушының 4-шi деңгейден кем емес ИКАО тiл бiлiмiнiң шкаласы бойынша игеру деңгейiн растайтын әрекеттегi сертификаты болу тиiс;
      4) теңiз қондырғыларына тiкұшақты қондыру жөнiндегi маманды бастапқы даярлау кезiнде - тыңдаушының авиациялық станция операторының әрекеттегi куәлiгi болу және теңiз қондырғыларында кемiнде екi жыл жұмыс тәжiрибесi болу тиiс.
      430. Құзыреттiлiктердi бағалау элементтерiн қоса алғанда, кәсiптiк деңгейдi ұстау бойынша бағдарламалар мазмұны кемiнде 40 сағат құрайтын көлеммен бастапқы даярлау, қайта даярлау кезiнде алынған және ендi игерiлген бiлiм мен дағдының расталуын қамтамасыз етедi.
      431. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында нормативтiк-құқықтық акттермен анықталатын кәсiптiк даярлауға қойылатын жаға және қосымша талаптарды енгiзу кезiнде, оларды кәсiптiк даярлау бағдарламаларында iске асыру мiндеттi болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны барабар өзгередi.
      432. Теңiз қондырғыларына тiкұшақты қондыру жөнiндегi мамандарды бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсiптiк деңгейiн ұстау кем дегенде келесi салаларда, қажеттi бiлiмдi зерделеу мен көрсету осы Үлгiлiк бағдарламаның 34-қосымшасында берiлген.
      433. Теориялық даярлау аяқталған соң тәжiрибелiк даярлау бiлiктi нұсқаушылардың басшылығымен бекiтiлген бағдарлама бойынша жаттығу құралын немесе арнайы жабдықты пайдаланумен жүргiзiледi.
      434. Тыңдаушылардың сабақ үлгерiмiн бақылау ағымдағы, аралық және қорытынды бола алады, және техникалық құралдарды пайдаланумен, соның iшiнде компьютерлiк техниканы, сауалнама жүргiзу, сынақ жүргiзу, ауызша сұрақ-жауап, жазбаша бақылау жұмыстары әдiстерiн пайдаланумен жүзеге асырыла алады.
      435. Теориялық және тәжiрибелiк даярлау сәттi аяқталған соң теңiз қондырғыларына тiкұшақты отырғызу жөнiндегi бiлiктi мамандар-нұсқаушыларының басшылығымен өз бетiмен жұмыс iстеуге қатынау үшiн тиiстi өндiрiстiк тағылымдама жүргiзiледi.
      436. Теңiз қондырғыларына тiкұшақты отырғызу жөнiндегi маман-нұсқаушының басшылығымен теңiз қондырғысында тағылымдаманың минималды көлемi азаматтық авиация саласында уәкiлеттi органға өз бетiмен жұмыс iстеуге өтiнiш берер алдында тiкелей 6 ай бойы қызмет көрсетiлетiн тiкұшақтарды кемiнде 75 ұшу мен қондыруды құрау тиiс.
      437. Тағылымдама келесiлер сияқты, бiлiмдi, дағды мен iскерлiктi алуды қамтамасыз ету тиiс:
      1) вертодромның бас жоспарын және оның физикалық сипаттамаларын зерделеу;
      2) нысанда ұйымдық құрылымды зерделеу;
      3) әуе кеңiстiгiнiң құрылымын зерделеу;
      4) вертодром нысандарын зерделеу;
      5) жұмыс орнында жұмыстың жалпы технологиялық үдерiсiн зерделеу;
      6) ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты зерделеу (вертодромның аэронавигациялық төлқұжаты;
      7) нақты жұмыс орнында пайдаланылатын анықтамалық материалмен және рәсiмдермен танысу;
      8) аралас жұмыс тармақтарымен, ұшуды бақылау және үйлестiру огандарымен өзара iс-қимыл жасау тәртiбi мен ерекшелiктерiн зерделеу;
      9) жұмыс орнының метеорологиялық қамтамасыз етуiмен танысу;
      10) жұмыс нысанында радиотехникалық, жарық-сигналдық, метеорологиялық, отын-май құятын, өртке қарсы және апаттық-құтқару жабдығымен танысу;
      11) жерүстi байланыс құралдарымен танысу;
      12) жұмыс тармағын (жабдық пен оны пайдалану) және жұмыс жағдайларының ерекшелiктерiн зерделеу;
      13) нақты жұмыс орнында теңiз қондырғыларына тiкұшақты отырғызу жөнiндегi маманның жұмысына қатысты рәсiмдердi, нұсқаулықтар мен басқа нормативтiк құжаттаманы зерделеу және оны тәжiрибеде қолдану;
      14) вертодромда апаттық орай әрекет ету бойынша рәсiмдер мен әрекеттердi зерделеу;
      15) тәжiрибелiк қызмет (даярлау).
      438. Осыдан кейiн теңiз қондырғыларына тiкұшақты отырғызу жөнiндегi маманмен тағылымдамадан өтушiнiң бiлiмiн тексеру және тәжiрибелiк даярлаудың басталуына тағылымдамадан өтушiнiң дайындығы туралы шешiм қабылдау жүргiзiледi.
      439. Тәжiрибелiк даярлау теңiз қондырғыларына тiкұшақты отырғызу жөнiндегi маманның жұмыс орнында жүргiзiледi.
      440. Тәжiрибелiк даярлау жұмыс орнында нұсқаушының рәсiмдердi нұсқаушылық көрсетуден және оператор-нұсқаушының бақылауымен теңiз қондырғыларына тiкұшақты отырғызу жөнiндегi маман ретiнде тағылымдамадан өтушiнiң жұмысынан тұрады.
      441. Теңiз қондырғыларына тiкұшақты отырғызу жөнiндегi маман үшiн нұсқаушылық көрсету келесiлермен сүйемелденетiн, тағылымдамадан өтушi болған кезде теңiз қондырғыларына тiкұшақты отырғызу жөнiндегi маман-нұсқаушының тәжiрибелiк жұмысын қарастырады:
      1) жұмыс ахуалының сипаттамалық мысалдарын түсiндiру;
      2) жұмыс ахуалын бақылаудың тәсiлдерi мен рәсiмдерiн түсiндiру;
      3) тиiстi ақпарат пен шешiмдердi қабылдау мен алу себептерiн түсiндiру;
      4) ӘК-мен жұмыс iстеген кезiнде назарды бөлу бойынша ұсынымдар;
      5) жабдықты пайдалану бойынша ұсынымдар;
      6) аралас жұмыс тармақтарымен және қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасау тәртiбi бойынша ұсынымдар.
      442. Теңiз қондырғыларына тiкұшақты отырғызу жөнiндегi маман ретiнде тағылымдамадан өтушiнiң жұмысы оператор-нұсқаушының бақылауымен теңiз қондырғыларына тiкұшақты отырғызу жөнiндегi маманның функцияларын жартылай немесе толық орындауды қарастырады және сүйемелденедi:
      1) ахуалдың дамуын және тағылымдамадан өтушiнiң әрекеттерiн маман-нұсқаушының үздiксiз бақылауы;
      2) тағылымдамадан өтушiнiң әрекеттерiне дер кезiнде кедергi жасауға маман-нұсқаушының тұрақты даярлығы;
      3) тағылымдамадан өтушiнiң қиындықтары туындаған кезде маман-нұсқаушының түсiндiрмелердi, ұсынымдар беру мен жәрдем көрсету.
      443. Тағылымдамадан өткен соң тiкұшақты отырғызу жөнiндегi маман-нұсқаушы алынған бiлiмдi, дағды мен iскерлiктi тиiстi тексерудi жүргiзiп, тағылымдамадан өтушiнiң жұмыс орнында өз бетiмен қызмет жасауға даярлығы туралы шешiм шығарады.

27 Бөлiмше. Теңiз қондырғысына тiкұшақты қондыру жөнiндегi
маман-нұсқаушыны кәсiптiк даярлаудың үлгiлiк бағдарламалары

      444. Осы Теңiз қондырғыларына тiкұшақты қондыру жөнiндегi маман-нұсқаушыны кәсiптiк даярлаудың үлгiлiк бағдарламалары кәсiптiк даярлаудың қағидаларын, ұйымдастырылуын, тәртiбi мен минималды көлемiн, сондай-ақ өз бетiмен жұмысқа қатынауды анықтайды.


      445. Теңiз қондырғыларына тiкұшақты қондыру жөнiндегi маман-нұсқаушыны кәсiптiк даярлау кәсiптi игеру, жаңа технологияларды зерделеу, қызметтiң саласын өзгерту немесе кеңейту, апаттық, штаттан тыс жағдайларда және жүйелердiң жұмысқа жарамдылығы нашарлаған кезде орындалатын қызметтiк мiндеттерге сәйкес келу үшiн жүргiзiледi.
      446. Теңiз қондырғысына тiкұшақты қондыру жөнiндегi маман-нұсқаушыны кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және кәсiптiк деңгейiн ұстау келесi кезеңдерден тұрады:
      1) теориялық даярлау;
      2) тәжiрибелiк даярлау.
      447. Бастапқы даярлау және қайта даярлау көрсетiлген мамандар үшiн бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн тұлғалар қатарынан жүргiзiледi және кемiнде 76 сағат құрайтын даярлаудың жалпы көлемiмен жүргiзiледi.
      448. Кәсiптiк деңгейдi ұстау 24 айда бiр рет мерзiмдiлiкпен және кемiнде 40 сағат құрайтын жалпы көлеммен жүргiзiледi.
      449. Бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсiптiк деңгейдi ұстау көлемi азаматтық авиация саласында уәкiлеттi органмен бекiтiлетiн, АА АОО тиiстi бағдарламаларымен реттеледi және келесi өлшемдерге сәйкес келедi:
      1) авиациялық персонал тұлғалары iшiнен теңiз қондырғысына тiкұшақты қондыру жөнiндегi маман-нұсқаушыны бастапқы даярлау кезiнде даярлаудың жалпы көлемi кемiнде 40 сағат болу тиiс;
      2) авиациялық бiлiмi болмайтын тұлғалар iшiнен теңiз қондырғысына тiкұшақты қондыру жөнiндегi маман-нұсқаушыны бастапқы даярлау кезiнде даярлаудың жалпы көлемi кемiнде 76 сағат болу тиiс;
      3) теңiз қондырғысына тiкұшақты қондыру жөнiндегi маман-нұсқаушыны бастапқы даярлау кезiнде - тыңдаушының 4-шi деңгейден кем емес ИКАО тiл бiлiмiнiң шкаласы бойынша игеру деңгейiн растайтын әрекеттегi сертификаты болу тиiс;
      4) теңiз қондырғысына тiкұшақты қондыру жөнiндегi маман-нұсқаушыны бастапқы даярлау кезiнде - тыңдаушының авиациялық станция операторының әрекеттегi куәлiгi болу болу тиiс;
      5) теңiз қондырғысына тiкұшақты қондыру жөнiндегi маман-нұсқаушыны бастапқы даярлау кезiнде - теңiз қондырғысына тiкұшақты қондыру жөнiндегi маман-нұсқаушы ретiнде жұмыс тәжiрибесi теңiзде екi және одан артық вертодромда кемiнде бiр жыл болу тиiс.
      450. Құзыреттiлiктердi бағалау элементтерiн қоса алғанда, кәсiптiк деңгейдi ұстау бойынша бағдарламалар мазмұны кемiнде 40 сағат құрайтын көлеммен бастапқы даярлау, қайта даярлау кезiнде алынған және ендi игерiлген бiлiм мен дағдының расталуын қамтамасыз етедi.
      451. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында нормативтiк-құқықтық акттермен анықталатын кәсiптiк даярлауға қойылатын жаға және қосымша талаптарды енгiзу кезiнде, оларды кәсiптiк даярлау бағдарламаларында iске асыру мiндеттi болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны барабар өзгередi.
      452. Теңiз қондырғыларына тiкұшақты қондыру жөнiндегi мамандар-нұсқаушыларды бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсiптiк деңгейiн ұстау кем дегенде келесi салаларда, қажеттi бiлiмдi зерделеу мен көрсету осы Үлгiлiк бағдарламаның 35-қосымшасында берiлген.
      453. Теориялық даярлау аяқталған соң тәжiрибелiк даярлау бiлiктi нұсқаушылардың басшылығымен бекiтiлген бағдарлама бойынша жаттығу құралын немесе арнайы жабдықты пайдаланумен жүргiзiледi.
      454. Тыңдаушылардың сабақ үлгерiмiн бақылау ағымдағы, аралық және қорытынды бола алады, және техникалық құралдарды пайдаланумен, соның iшiнде компьютерлiк техниканы, сауалнама жүргiзу, сынақ жүргiзу, ауызша сұрақ-жауап, жазбаша бақылау жұмыстары әдiстерiн пайдаланумен жүзеге асырыла алады.
      455. Теңiз қондырғысына тiкұшақты отырғызу жөнiндегi маман-нұсқаушыны теориялық және тәжiрибелiк даярлау сәттi аяқталған соң, тағылымдама жүргiзiлмейдi.

28 Бөлiмше. Теңiз қондырғысына тiкұшақты қондыру жөнiндегi
маманның көмекшiсiн кәсiптiк даярлаудың үлгiлiк бағдарламалары

      456. Осы Теңiз қондырғыларына тiкұшақты қондыру жөнiндегi маманның көмекшiсiн кәсiптiк даярлаудың үлгiлiк бағдарламалары келесiлердi кәсiптiк даярлаудың қағидаларын, ұйымдастырылуын, тәртiбi мен минималды көлемiн, сондай-ақ өз бетiмен жұмысқа қатынауды анықтайды.


      457. Теңiз қондырғыларына тiкұшақты қондыру жөнiндегi маманның көмекшiсiн кәсiптiк даярлау кәсiптi игеру, жаңа технологияларды зерделеу, қызметтiң саласын өзгерту немесе кеңейту, апаттық, штаттан тыс жағдайларда және жүйелердiң жұмысқа жарамдылығы нашарлаған кезде орындалатын қызметтiк мiндеттерге сәйкес келу үшiн жүргiзiледi.
      458. Теңiз қондырғысына тiкұшақты қондыру жөнiндегi маманның көмекшiсiн кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және кәсiптiк деңгейiн ұстау келесi кезеңдерден тұрады:
      1) теориялық даярлау;
      2) тәжiрибелiк даярлау.
      459. Бастапқы даярлау және кәсiптiк деңгейiн ұстау кемiнде 16 сағат құрайтын жалпы көлеммен жүргiзiледi.
      460. Кәсiптiк деңгейдi ұстау 24 айда бiр рет мерзiмдiлiкпен және кемiнде 16 сағат құрайтын жалпы көлеммен жүргiзiледi.
      461. Бастапқы даярлау және кәсiптiк деңгейдi ұстау көлемi азаматтық авиация саласында уәкiлеттi органмен бекiтiлетiн, АА АОО тиiстi бағдарламаларымен реттеледi.
      462. Құзыреттiлiктердi бағалау элементтерiн қоса алғанда, кәсiптiк деңгейдi ұстау бойынша бағдарламалар мазмұны кемiнде 16 сағат құрайтын көлеммен бастапқы даярлау, қайта даярлау кезiнде алынған және ендi игерiлген бiлiм мен дағдының расталуын қамтамасыз етедi.
      463. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында нормативтiк-құқықтық акттермен анықталатын кәсiптiк даярлауға қойылатын жаға және қосымша талаптарды енгiзу кезiнде, оларды кәсiптiк даярлау бағдарламаларында iске асыру мiндеттi болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны барабар өзгередi.
      464. Теңiз қондырғыларына тiкұшақты қондыру жөнiндегi маманның көмекшiсiн бастапқы даярлау және кәсiптiк деңгейiн ұстау кем дегенде келесi салаларда, қажеттi бiлiмдi зерделеу мен көрсету осы Үлгiлiк бағдарламаның 36-қосымшасында берiлген.
      465. Теориялық даярлау аяқталған соң тәжiрибелiк даярлау бiлiктi нұсқаушылардың басшылығымен бекiтiлген бағдарлама бойынша жаттығу құралын немесе арнайы жабдықты пайдаланумен жүргiзiледi.
      466. Теориялық және тәжiрибелiк даярлау сәттi аяқталған соң теңiз қондырғыларына тiкұшақты отырғызу жөнiндегi бiлiктi мамандар-нұсқаушыларының басшылығымен өз бетiмен жұмыс iстеуге қатынау үшiн тиiстi өндiрiстiк тағылымдама жүргiзiледi.
      467. Теңiз қондырғыларына тiкұшақты отырғызу жөнiндегi маман-нұсқаушының басшылығымен теңiз қондырғысында тағылымдаманың минималды көлемi азаматтық авиацияны ұйымдастыруға өз бетiмен қатынауға рұқсат алар алдында тiкелей 6 ай бойы қызмет көрсетiлетiн тiкұшақтарды кемiнде 30 ұшу мен қондыруды құрау тиiс.
      468. Тағылымдама келесiлер сияқты, бiлiмдi, дағды мен iскерлiктi алуды қамтамасыз ету тиiс:
      1) вертодромның бас жоспарын және оның физикалық сипаттамаларын зерделеу;
      2) нысанда ұйымдық құрылымды зерделеу;
      3) вертодром нысандарын зерделеу;
      4) жұмыс орнында жұмыстың жалпы технологиялық үдерiсiн зерделеу;
      5) ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты зерделеу (аэродромның, вертодромның аэронавигациялық төлқұжаты);
      6) нақты жұмыс орнында пайдаланылатын анықтамалық материалмен және рәсiмдермен танысу;
      7) аралас жұмыс тармақтарымен, ұшуды бақылау және үйлестiру огандарымен өзара iс-қимыл жасау тәртiбi мен ерекшелiктерiн зерделеу;
      8) жұмыс нысаныда радиотехникалық, жарық-сигналдық, метеорологиялық, отын-май құятын, өртке қарсы және апаттық-құтқау жабдығымен танысу;
      9) жұмыс тармағын (жабдық пен оны пайдалану) және жұмыс жағдайларының ерекшелiктерiн зерделеу;
      10) нақты жұмыс орнында теңiз қондырғыларына тiкұшақты отырғызу жөнiндегi маманның көмекшiсiнiң жұмысына қатысты рәсiмдердi, нұсқаулықтар мен басқа нормативтiк құжаттаманы зерделеу және оны тәжiрибеде қолдану;
      11) вертодромда апаттық орай әрекет ету бойынша рәсiмдер мен әрекеттердi зерделеу;
      12) тәжiрибелiк қызмет (даярлау).
      469. Осыдан кейiн теңiз қондырғыларына тiкұшақты отырғызу жөнiндегi маманмен тағылымдамадан өтушiнiң бiлiмiн тексеру және тәжiрибелiк даярлаудың басталуына тағылымдамадан өтушiнiң дайындығы туралы шешiм қабылдау жүргiзiледi.
      470. Тәжiрибелiк даярлау теңiз қондырғыларына тiкұшақты отырғызу жөнiндегi маманның көмекшiсiнiң жұмыс орнында жүргiзiледi.
      471. Тәжiрибелiк даярлау жұмыс орнында нұсқаушының рәсiмдердi нұсқаушылық көрсетуден және оператор-нұсқаушының бақылауымен теңiз қондырғыларына тiкұшақты отырғызу жөнiндегi маман нұсқаушысы ретiнде тағылымдамадан өтушiнiң жұмысынан тұрады.
      472. Теңiз қондырғыларына тiкұшақты отырғызу жөнiндегi маманның көмекшiсi үшiн нұсқаушылық көрсету келесiлермен сүйемелденетiн, тағылымдамадан өтушi болған кезде теңiз қондырғыларына тiкұшақты отырғызу жөнiндегi маман-нұсқаушының тәжiрибелiк жұмысын қарастырады:
      1) жұмыс ахуалының сипаттамалық мысалдарын түсiндiру;
      2) жұмыс ахуалын бақылаудың тәсiлдерi мен рәсiмдерiн түсiндiру;
      3) тиiстi ақпарат пен шешiмдердi қабылдау мен алу себептерiн түсiндiру;
      4) ӘК-мен жұмыс iстеген кезiнде назарды бөлу бойынша ұсынымдар;
      5) жабдықты пайдалану бойынша ұсынымдар;
      473. Теңiз қондырғыларына тiкұшақты отырғызу жөнiндегi маманның нұсқаушысы ретiнде тағылымдамадан өтушiнiң жұмысы оператор-нұсқаушының бақылауымен теңiз қондырғыларына тiкұшақты отырғызу жөнiндегi маманның функцияларын жартылай немесе толық орындауды қарастырады және сүйемелденедi:
      1) ахуалдың дамуын және тағылымдамадан өтушiнiң әрекеттерiн маман-нұсқаушының үздiксiз бақылауы;
      2) тағылымдамадан өтушiнiң әрекеттерiне дер кезiнде кедергi жасауға маман-нұсқаушының тұрақты даярлығы;
      3) тағылымдамадан өтушiнiң қиындықтары туындаған кезде маман-нұсқаушының түсiндiрмелердi, ұсынымдар беру мен жәрдем көрсету.
      474. Тағылымдамадан өткен соң тiкұшақты отырғызу жөнiндегi маман-нұсқаушы алынған бiлiмдi, дағды мен iскерлiктi тиiстi тексерудi жүргiзiп, тағылымдамадан өтушiнiң жұмыс орнында өз бетiмен қызмет жасауға даярлығы туралы шешiм шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет