Щурихин Б. Г., Курманов Б. А., Суминов А. А



бет3/9
Дата07.07.2016
өлшемі1.84 Mb.
#182056
1   2   3   4   5   6   7   8   9

9.4 Қарын тимпаниясы

Тимпания, немесе іштің кебуі – жеңіл ашитын (жоңышқа), беде, сиыржоңышқа, сүтті жас жүгері, орамжапырақтың және қызылша жапырақтары азықтарды қабылдағандағы судың жетіспеу салдарынан жылдам газдың жиналуы. Сонымен қатар өңештің бітелуі, жіті инфекцияның ауруға шалдығуларының, улы өсімдіктерден, травматиялық ретикулитте, қалта қарынның бітелуі, бауырдың ауруларында т.б болуы ықтимал. Сақа малдарда жайылымға шыққанда жаппай кездеседі, бұзауларда сүттен өсімдіктер рационына ауысқанда болады. Аурудың жіті ағымы кезінде клиникалық белгілері 1 сағат ішінде көрінеді: азықтан бас тартады, қарынына, ішіне қарайды, денесін құйрығымен сабалап жиі жатады да, жылдам тұрады, артқы аяқтарымен қарынын тебеді, мөңіреп ыңқылдайды. Қарының көлемі ұлғаяды. Ішінің кебуіне байланысты тілі салбырап, ауызын ашып тыныс алады, кілегей қабаттары көктеніп цианоз (көгеру) болады.

Созылмалы тимпанияда іш кебуі қайталанып (азықтануы бұзылғанда) отырады, айқын белгілері болмайды.

Жіті тимпанияда емдеу шараларын жедел жүргізу қажет: үлкен калибрдағы зондты енгізіп, сол мезетте қарын бүйірінен массаж жасап, газды шығару керек. Малдың кеуде қуысын артына қарағанда жоғары ұстап, соңында қарында сумен шаяды. Ірі қара малға енгізген зонд арқылы ашытқыны бейтараптандыру мақсатында ихтиол (10–20 г), формалин (10–15 мл) немесе 1–2 л сумен – (5-10 мл) араласқан лизолді пайдаланады. Егер бұл шаралар жеткіліксіз болса, онда солжақ аш бүйірден арнайы троакар енгізіп, одан жиналаған газды өте баяу шығарып соңында дәрілік заттарды (тимпанол, қарамай, креолин т.б.) енгізуге болады.



9.5 Қатпаршақ қарының бітелуі

Қатпаршақ қарының бітелуі азықтың шамадан тыс көп жиналуынан және оның кеуіп қалуымен сипатталады. Себебі ұзақ уақыт ірі азықтарды пайдалану, құрғаған сулардың орындағы жаңа ұсақ өсінділерден, өте ұсақ азықтан, сырты лас тамыр түйнектілермен, минералдық жеткіліксіздіктен, сонымен қатар қарын атониясында, травматикалық ретикулите, улануларда, кейбір инфекциялық ауруларда болады. Ауру ұзақтылығы 7-12 күн, дер кезінде кәсіби жәрдем көрсетілмесе мал өледі.

Ауру белгілері: азыққа тәбеттің тартпауы, қарын жиырылуы нашарлығы мен әр түрлі шуылдар, қатпаршақ пен ішектің перестальтикасында, ыңқылдар, тіс қайрауы, дәреттің шықпауы, қалшылдаудың болуы, дене қызуының көтеруі жатады. Қанында лейкоцитозды байқаймыз.

Емдеу жұмыстары қарынның жиырлуын күшейтуге және қатпаршақ ішіндегі затты сұйылтып, оны алып тастауға бағытталған. Мал суды шектеусіз ішеді, натрия сульфатты ішкізеді – (300-500 г в 10-15 л сумен), өсімдік майы (300-500 мл), зығыр дәнінің тұнбасы (5-6 л, күніне 2 рет), тамыр ішіне 5-10 % ерітіндіні -кофеинді натрия хлоридті – 300 мл егеді.

Қатпаршақтың өзіне 10–15 % - натрий сульфатты 2-3 л, кастор майын 200-300 мл беруге болады. Ол үшін инені оң жағынан 9-шы қабырға аралыққа иық, шынтақ сызығынан 6-7 см жерде енгізеді. Дұрыс енгізуді тексеру үшін 1-2 мл физиологиялық ерітіндіні қолданып оның түс өзгеруіне байланысты қайта сорып алады.

Бұндай жағдайларды болдырмау мақсатында ірі қара малдың алдында үнемі су болғаны абзал, сонымен қатар азық сапасын қадағалап, малды моционға шығару керек.



9.6 Асқазан алды атониясы
Месқарынның жиырылуының баяулауы, асқазаннның жұмыс істемей қалуы. Жиі ірі қарада кездеседі.

Себептері: бұзылған азықпен азықтандыру, көп мөлшердегі қоспалар, сояу ағаш жемеу, судан ашығу, ұсақталған сабан, малды серуенге шығармау; екінші рет травматикалық ретикулитте дамуы мүмкін (шеге немесе басқа тордағы үшкір заттардан), төлдегеннен кейін, бауыр ауруында,бүйректе т.б.

Белгілері: тәбеті төмендейді немесе жоғалады,күйіс қайыруы сирек немесе болмауы, мес қарынның жиырылуы төмендейді немесе болмауы, кейде іш өту, сүт беруі аз.

Емі: Бірінші ол аурудың себебін жою. Жануарға 1-2 күн азық бермеу, аздап сабан, шөп, сәбіз беру керек. Мес қарынға массаж жасау:сол жақ бүйірін жұмылдырықпен басу керек. Ішке глаубер тұзы немесе өсімдік майын беру (400-800г), сау малдағы мес қарынның ішіндегісі (0.5-1кг). Суды ерікпен беру керек.

Алдын-алу шаралары:аурудың себебін жою; азықтандыру мөлшерін қадағалау және малдың күтімін қадағалау.

10. АЗЫҚТАН УЛАНУ

Бұл улану жиі жайлымға шыққанда ірі қара малдың улы өсімдіктермен азықтануынан және қора жайда тұрғанда шөптен, пішендемемен сүрлемнен, сонымен қатар химикаттармен және басқада қосындылардан болады.

Улағыштық улы өсімдік түріне, өскен орынына, климатына, сонымен қатар жасына, малдың улы шөпті қабылдағандағы сезімталдығына байланысты болады.

Сипатына қарай улы өсімдіктер мал ағзасына тигізетін әсеріне байланысты келесі топтарға біріктірілген:

- орталық жүйке жүйесіне әсері бар (еліртпе, меңдуана, жусан және т.б.): қозуы, сіңір тартылулар, қозғалыстың үйлестігінің бұзушылығы;

- ас қорыту, несеп бөлу және орталық жүйке жүйесіне әсері (өсімдіктің құрамында соланин, сапонин және гликозидтердің болуы);

- тыныс алумен ас қорытуға әсері (крестгүлдіден - дала қышасы, қышабас): тыныс алу жиілігі, ентікпе, жөтел, тұмсығынан сұйықтықтың ағуы;

- қан айналым жүйесіне (оймақгүл): жүрек қызметін бұзуға әсері;

- бауырға (бөрібұршақ, сарбас): сары ауру, іш өту т.б.;

- геморагиялық диатезді тудыратын (түйежоңышқа): әлсіздік, терінің қанталауы.

Басқада улы өсімдіктер кездеседі.

Қауіпті химиялық заттар пестицидтер, тыңайтқыштар, күшән препараттары, мыстың, фосфордың, хлордың, сынаптың қоспаларында уланады. Ірі қара мал ас тұзын шектеусіз қабылдағанда, азықтық қызылшаны қайнатып немесе бұқтырып (5-12 сағат) суығаннан кейін берсе, жас сүтті жүгеріні т.б., азыққа қолданғанда осы дертке шалдығады.



Уланған кезде ағзаға улы азықты беруді тоқтатып, асқазан трактысінен улы азықты алып тастап, оны шайып-жууды, уытты басатын затты беріп ұйымдастыру қажет (мысалы, көбіне қолданатын уды ыдырататын 5% унитол ерітіндісін бұлшық етке 5-10 мл, мыс үшін - (1: 1000) 0,1 % марганцовокислого калийдың), сорғыш ретінде (қаныққан көмір, жұмыртқаның белогы), іш жүргізуге, зәр шығарғыш және потогондік заттар, жүрекке жалпы ынталандарғыш препараты ретінде пайдалануға болады (кесте 2).


Кесте 2 – Малдардың улануларының түрлері




Улану түрлері

Клиникалық белгілері

Алдын алу және емі

1

2

3

4

Пестицидтер және тыңайтқыштармен улану

1

Сынапты органикалық препараттармен улану

Тез күйзелуі, азықтан бастартуы, қызу, сілекей бөлуі, көру қабілетінің нашарлауы, жүрісінің өзгеруі, салдар, тыныс алу қиындығы.

Қарынды жуып шайып, сүт, белсендірілген көмір, кілегейлі қайнатпалар береді.


2

Күшән препараттарымен улану

Сілекей бөлуі, құсық, кілегей қан аралас іш өту. Тыныс алумен жүрек жұмысы нашарлайды. Қалшылдаумен салдын пайда болуы.

Уланған жемді азыққа қоспайды. Уытты басу үшін унитол және т.б препараттарды қолданады. Сүт, белсендірілген көмір, кілегейлі қайнатпалар, жұмыртқа белогін т.б береді.

3

Фтора препараттары

мен улану


Қозу, қалшылдау, бұлшық ет дірілі, күйзелуі байқалады. Тәбеттің болмауы, іш өту, қиы қара қоңыр түсті.


1%-ным хлорлы кальций ерітіндісімен, танин 0,5%-ерітіндісімен жуады. Іс жүргізетін препаратты пайдаланады. Глюконат немесе хлорлы кальций ерітіндісін тамыр ішіне, кофеинді – тері астына егеді.

4

Фосфорлы органикалық қосылыстар


Азықтан бас тарту, бұлшық ет дірілі, сіңір тартылуы, жалпы әлсіздік. Тамыр соғуы мен тыныс алуы жиі. Күйзелуі күшейеді, коматоздық жағдайда болады, мал өледі.

Сұйық май, кілегейлі қайнатпаларды ішкізеді. 10%- хлорлы кальций ерітіндісін, немесе глюконат кальцийді, глюкоза ерітіндісін тамыр ішіне, кофеинді – тері астына егеді.

Азықтық қоспаларды дұрыс қолданбағандағы улану.

1

Мочевинамен улану

Күйзелу, терінің сезімталдығы жоғарлайды, бұлшық ет дірілі, сіңір тартылу, тамыр соғуы мен тыныс алу жиеленеді. Азықтан бас тарту, сілекей бөлу. Коматоздық жағдайға келу.

Мөлшерден тыс бермеу (тәулігіне 100 кг тірі салмаққа1-2 г). Сірке қышқылы-1% немесе сүт қышқылы (1басқа1 л), 10%-сіркелі натрий және глюкоза тең көлемде 1-2 л 1 басқа, ашыған сүт, қант ұнтағын ішкізеді. 20%- глюкозаны тамыр ішіне, кофеинді тері астына егеді.

Азықтық дұрыс әзірлеп және қолданбағандағы улану.

1

Қантқызылшасын шамадан тыс көп бергендегі улану (12-15кг).

Тәбетті төмендейді, қызуы көтеріледі, іші өтеді, күйзеліс болады, жалпы әлсіздік, жүрек жеткіліксіздігі.

Қант қызылшасын мөлшерден тыс бермеу керек (тәулігіне 10-12 кг ). Іш жүргізетін тұздар және кілегейлі қайнатпалар, гидрокарбонат натрий ерітіндісін (3%-дық 1-2 л), перманганат калийді (0,1%-ерітіндіні 5 л дейін) ішкізеді, кофеинмен 5%-дық хлорлы натрийді тамыр ішіне, инсулинді – тері астына енгізеді.



1

2

3

4

2

Ашып кеткен және көгерген қызылша болжырмен уланғанда


Дене қызуының жоғарлауы, зәрдің қызыл түсті болуы, күйзелуі, бұлшықет дірілі, сіңір тартылуы, салдар.


Балауса қызылша болжырын тиісті көлемде рационға қосады. Ауруға шалдыққандарға қызылша болжырын бермейді, минералды қоспаны көбейтеді. Дене қызу көтерілсе антибиотиктерді егеді.

3

Картофелмен уланғанда (бұзылған немесе өсінділері бар картофелдегі соланиндер)


Сілекей бөлінуі, іш өту, мал көбіне жата береді. Қатты күйзеліс, кейбірде қозады, бей жайлық, алға жүрем деген ынта, жолына қарамау. Ауруға шалдыққандар дың жүрісі нашарлайды, артқы бөлігінің әлсіздігі, сіңір тартылу, ентікпе, жүрек жұмысының жеткіліксіздігі. Өлім мен аяқталуы мүмкін.


Азық құрамынан картопты және оның өнімдерін алыптастайды, ірі азықтар мен қоспаларды күшейтеді. Картоптың езбесін балауса түрінде ғана минералды(ақ балшық, монокальцийфосфат, үшкальцийфосфат) қоспамен береді. Жіті кезінде қарынды жуып шаяды, іш жүргізетін заттар, кілегейлі қайнатпалар қолданылады, глюкоза ерітіндісін тамыр ішіне, кофеинді тері астына егеді.


11. ТЫНЫС АЛУ МҮШЕЛЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ



Катаральды бронхопневмония

Катаральды бронхопневмония – өкпенің қабынуы мен бронхылардың қуыстарына катаральды экссудаттың толуымен сипатталатын дерт.

Ауру белгілері: бронхопневмонияның өту ағымына қарай үш түрге ажыратады.

Жіті бронхопневмония 5-10 күнге созылады, тынысы нашарлау, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі 2-3 күннен соң ғана байқалады, дене температурасы 40-42˚С-ға көтеріледі. Ентігу болып, ауыр жағдайда аузын ашып, тыныс алады. Көз маңайы қызарып, танауларынан ұйымалы катаралды немесе катаралды ақпа ағу байқалады. Күрт құрғақ, кейіннен әлсіз ылғалды және жиі болады. Жалпы жағдай нашарлап, гиподинамия жағдайы болады. Тыныс алу жиілеп, қиындайды.

Жітілеу бронхопневмония әдетте 20-30 күнге созылады. Тәбеттің төмендеуі, бойының өспеуі, салмағының азаюымен сипатталады. Жітілеу бронхопневмония ағымы кезінде ауырған малдың қалпына температурасын таңертең тексеріп аламыз да, ал кешке қарай 1-1,5˚С-қа көтерілгенін байқаймыз. Ентігу мен ылғалды жөтел пайда болады. Аурудың жалпы ағымында жағдайы нашарлап, температурасы көтеріліп, қатты ентігу және токсикозбен гипоксия белгілері күшейеді.Іші өтеді.

Созылмалы бронхопневмония. Аурудың бұл түрінде бойының өспеуі бұзауларда гипотрофика болады. Тәбеті құбылмалы үнемі жөтел болады. Бірнеше рет температураның көтерілуі. Мұрын қуысына серозды сұйықтықтар ағады. Жануардың өкпесін тыңдаған кезде, сырыл дыбыс шығады.

Жәрдем. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде тез арада жануарды суық жерде, ылғалды жерде тұрмауына, астына жылы төсеніш салып, тұрған жерінің температурасын сақтап, малдың азық құрамына витамин қосып, Оқшаулаиған малдарды медикоменттермен емдейді. Ең жоғарғы әсерін пеницилин мен стрептоцин тигізеді. Бұлшық етке пеницилиннің натрий тұзын және калий тұзын және бензопеницилиннің 0,5% ерітіндісін күніне 3-4 рет 7000-10000 Ә.Б1 кг тірі салмаққа 3-5 рет енгізу тағайындалады. Сонымен қатар кальций глюконатын 0,5-0,25-0,5г, супрастин 0,025-0,05г, 10%-ды кальций хлоридін енгізеді. Осы дәрілермен бірге витамин препараттарын да қолданады (ретинол майы ерітіндісі, аскарбин қышқылы, тривитамин).

12. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖӘНЕ СЕЗІМ МҮШЕЛЕРІ АУРУЛАРЫ

12.1 Ыстық өту

Сыртқы ортаның ылғалдылығы мен қызу жоғарылауына байланысты сонымен қатар ауа алмаспайтын қора-жайларда малдарды ұзақ уақыт ұстау, мал тасымалдау нормативтерін бұзғанда дене қызуының жоғарылауы және жеткілікті қызуды шығарудың бұзылуы салдарынан ағзада қызудың тоқтап қалуы әсерінен орталық жүйке жүйесінің қызметінің жіті бұзылуымен сипатталады.

Дене қызуы 1-2°C сәл жоғарылаған кезде, тынышсыздық, қозу, күйзеліс, жүрісінің өзгеруі, шартты рефлекстің бұзылуы, тершендік, тамыр соғуымен, тыныс алудың жиіленуі болады.

Малдарға көмек көрсету - қызудың себептерін жою болып табылады. Терезені ашып, су ішу еркіндігін беріп, малдың басына және кеудесіне салқын су құйған жөн. Сонымен қатар тік ішекке 20-25 °C 0,5-1 л суды құяды, гипертоникалық ерітіндіні тамыр ішіне, 20 %-дық глюкозаны (300 мл) кофеинмен (2 г), тері астына – жүректік затты (10-20 мл кордиамин, 1–5 мг 1 кг салмаққа аминазин) егеді.



12.2 Күн сәулесінің әсері немесе күн өту


Мал басына күн сәулесі ұзақ уақыт тікелей түсуінен орталық жүйке жүйесімен сопақша ми зақымданады. Мидың қатты қызуынан және күрделі ми орталығының салдануы болады. Ұзақ уақыт күннің көзінде жұмыс істеуден, жүрек қызметінің жеткіліксіздігінен, ағзада су мөлшерінің аз болуынан мал әлсіреп, оған күн өтеді.

Аурудың алғашқы кезеңдерінде күйзелу, тершеңдік, жүйке-бұлшық ет тонусының төмендеуі, сыртқы ортаның қоздырушына әректтенуі, тамыр соғуының жиіленуі мен баяулауы және дене қызуының 41-45°C жоғарылауын көруге болады. Көздері бадырайған, малдың жүрісі өзгерген, түрі қорқақ, сіңірлері тартылған, мал құлап, 1-3 сағатта, кейде 2-3 күннің ішінде сіңірі тартылып, өледі.



Көмек көрсету – ең бастысы қызудың себептерін жою болып табылады. Терезені ашып, су ішу еркіндігін беріп, малдың басына және кеудесіне салқын су құйған жөн. Сонымен қатар салқындату үшін клизма жасайды, ыстық өтудегіндей жүректік затты және тыныштандырғышты береді.

Қапырықты кезде жайылымдағы малдарды күн өтпес үшін көлеңкеде ұстаған абзал; малдарды салқын уақытта көшірген дұрыс.


12.3 Конъюнктивит
Конъюнктивит - бұл көздің қасаң қабығының қабынуы (сурет 10). Бұл аурудың басты себептеріне механикалық белгілер (жарақат) әр түрлі жұқпалы аурулар (ірі қара малдың телязиозы) індет (қатерлі катаральды қызба), химиялық тітіркендіргіштер (әк, қышқылдар, сілтілер, емдік препараттар), авитаминоздар, қабаттас ұлпалардың қабынуы (көз жасы аппараты, қабақ терісі, ортаңғы қасаң қабығы).



Сурет 10. Бұзау көзінің жасаурауы
Конъюнктивит бірнеше түрде болуы мүмкін. Катаральді конъюнктивит- көздің толық немесе жартылай жабылуымен, оның қызаруымен және ісінуі, жас бөлінуі, жарықтан қорқуы сипатында болады; іріңді түрі – көз қабатының қатты ісінуімен, көздің ішкі бұрышынан іріңнің ағуы, эрозиялар және жаралар пайда болады; флегмозды – көздің кілегей қабатының ісінуі, көздің саңылауы үйінді түрінде болуы; фолликулярлық – үшінші қабаттың ішкі бетінің фолликулдардың ұлғаюымен өтеді.

Барлық жағдайда аурудың себебін жою керек, содан кейін емдік шараларды өткізу керек. Мал дәрігер кеңеске дейін көзінің кілегей қабығын патогенді микрофлорадан арылту үшін көздің кілегей қабығынан 3%-ды бор қышқылымен, марганцово-калий ерітіндісін (1:5000), риванолмен (1:10000) шаяды.

Іріңді турін фурацилинмен шайып (1:5000) көзге арналған антибиотик қосылған май дәрілерді қолдану керек. Фолликулярлы конъюнктивитте үшінші қабақта бүріп, қарындашпен күйдіреді және 1%-ды хлорлы натрий ерітіндісімен шаяды

12.4 Мүйізше қабатының қабынуы (кератит)
Кератит (мүйізше қабатының қабынуы). Аурудың себебі механикалық, химиялық, инфекциялық, инвазиялық, нейрогенді әсерін және симптоматиялық-аусыл, метрит, мыт, қатерлі катаралды қызба.

Барлық формадағы кератитке көздің мүйіз қабатының бұлдырауы, перикорнеалды қантамырларының гиперемиясы, жарық айнасының бұзылуы, жоғары сезімталдықтың көтерілуі, қабақ спазмасы, эксудаттың бөлінуі.

Ем ретінде 3%-ды хлорамфенекольды және ауреомицин май дәрі, 0,1%-ды цинк сульфаты эссенциасы, синтомицин эмульсиясын дибиомицин май дәрісі қолданылады. Ақуыздың бұлдырауын жою үшін 10%-ды май дәріні немесе қантпен бірге ұнтақты және 1%-ды май дәрі немесе гидрокартизон эссенциясы қолданылады.
12.5 Төлдегеннен кейінгі парез
Төлдегеннен кейінгі парез (туу парезі, сүтті сиырыдың комасы) – бұл естен тануы, ішек, тіл, жұтқыншақтың салдануымен өтетін малдардың жіті, күрделі жүйке ауруы.

Қадағалаулар нәтижесінде, ауру көбіне мыналарда көрінеді:

1) әсіресе бай белокты азықтармен қоспаларда ұстаған, қоңдылығы жақсы сиырларда;

2) сүт өнімділігі жоғары сиырларда (асыл тұқымды еместер де тіркелмеген);

3) 5-8 жасар сүттілігі жоғары сиырларда; бірінші бұзаулағандарда кездеспейді;

4) малдарды қора - жайда ұстағанда;

5) туылғаннан кейінгі 3 күн ішінде, жеңіл және жылдам туудан кейін; бұзаулағаннан кейін бірнеше апта немесе айдан кейін, буаз малдармен туу кезінде болмайды. Кейбір сиырлармен ешкілерде әр туған сайын пайда болады.

Ауру жалпы күйзелістен немесе керісінше қозудан басталады. Тәбеті болмайды, жүрісі сенімсіз; жалпы діріл байқалады немесе денесі мен аяқтарының кейбір бұлшық еттері дірілдейді. Барлық денесі, әсіресе мүйізі және аяқтары, суық болады. Сиыр тізелерін бүгіп кеудесіне жатады, көздері бақырайған; басын бір жағына бұрып алған. Мүйізінен тартқанда басын жеңіл табиғи жағдайда ұстайды, бірақ қояберсеңіз тез арада мойынын кеудесіне бұрып жатып алады. Көзінен жас мөлдірейді. Уақыт өте келе көздің беткейлі қабаты кеуіп, бұлынғырланады. Ауызы ептеп ашылған, тілі салбыраған. Тілмен жұтқыншақ салдануынан жұтынуы актісі толығымен немесе бөлшектеп жойылған. Перистальтикасы жоқ. Тік ішегінде құрғақ фекалий бар. Қуығы толған. Тимпания басталған. Тыныс алу баяу, қырыл (сілекейдің жиналуы және тілдің түсуі). Желін қан тамыры қанға толы; сүті аз немесе мүлдем болмайды.



Көмек көрсету сүтті катетерді резеңке түтікше арқылы жалғанған велосипед немесе шар үрлейтін насоспен Эверс аппараты көмегімен сүт безіне ауа жіберу керек. Сүт безін бөгде заттармен ластамау мақсатында резеңке түтікшеге мақта салынады.

Ауаны жібермес бұрын бір қырынан жатқызып, желінді дұрыс қойып, астына орамал немесе төсеніш төсеп үрпілерді спиртпен сүртеді. Желінге ауа жіберуде кірлетпеу үшін және үрпі түтікшелерін тазарту мақсатында әр үрпіні сауып ағызып жібереді. Содан кейін абайлап үрпі катетерді енгізіп, ауаны жібере бастайды (асықпаңыз!). Төменгі үрпілерден бастап, кезектеп жіберген дұрыс. Қайтадан бөліктерге бастапқысынан бастап ауа жібереміз. Ауа жіберу мөлшері тәжірибе барысында белгілі болады; сүт безі терісінің қалыңдығына байланысты (қыртыстары жайылады), ең бастысы, саусақпен желінді басқанда тимпаниялық дыбыстың болуы (саусақтарын сырқылдатқан кезде, қатты созылып ауа «үрленген» бетте осындай дауыс шығады).

Егер желінге қажетті ауа жіберілмесе, емдік әсер болмауы мүмкін. Шамадан тыс немесе жылдам ауа жібергенде желінде альвеолалар жарылып және тері асты эмфиземасы пайда болады, бұны пальпациялағанда (тері асты клетчаткасының крепитациясы) анықтайсыз.

Ауаны жібергенен кейін, сфинктерлердің бұлшық еттерін оятып ауаны кер шығармас үшін үрпілердің басына жайлап массаж жасау керек. Егер сфинктер әлсіз болып және ауа тоқтамаса онда жалпақ материалмен үрпіні байлаған жөн. Үрпі шеттерінің некрозын болдырмау да және сфинктер бұлшық етінің сал болдырмау үшін жіпті пайдалануға болмайды. Оған ленталық бинтті салып тартып 2 сағаттан соң шешеміз. Кейде ауа жібергеннен кейін 15-20 минут ішінде сиырдың жалпы жағдайы жақсарып, азықтанғанын көреміз. Аурушаңдығы біртіндеп кетіп, ақырындап өзіне келе бастайды. Сиырда (ешкі) көтергенге дейін және кейін сирақ бұлшық еттерінің дірілі байқалып, бірнеше сағатқа созылады. Көп жағдайларда малдарға бір рет ауа жіберген жеткілікті, ал егер жақсару болмаса 6-8 сағаттан кейін ауа жіберуді қайталау қажет. Сиырдың барлық денесін, әсіресе артқы аяқтарын шөп әлде сабанмен ысқылайды. Ысқылағаннан кейін сиырдың денесін, суып қалмау үшін жабынмен жауып тастау қажет. Мал астындағы төсеніш құрғақ және таза болуы тиісті. Егер жануар өміріне тимпания қауып туғызса, тез арада мес қарынды троакар арқылы әлде қалың инемен тесіп, олардың тесігі арқылы мес қарын қуысына 20-40 мл 40 %-формалин ерітіндісін әлде 5 % спирт-ихтиол ерітіндісін қолданады.



Төлдегеннен кейінгі парезде сиыр жұта алмайды, сол себептен ауыз арқылы дәрі құюға болмайды. Осындай жағдайларда дәрі асқазанға емес өкпеге түсіп, мал өліп қалуы мүмкін.

Желінге ауа жібергеннен көмек болмаса күре тамырға 10-20 %-глюкоза ерітіндісін немесе 10 % кальция хлорид немесе глюконат (100-200 мл) ерітінділерін қолданады.

В. С. Кириллов төлдегеннен кейінгі парезді жою жолдары ретінде сау сиырдан жаңа сауылған сүтті 600-2000 мл көлемінде (желін көлеміне байланысты) желін ішіне құюды ұсынады. Тәжірибе көрсеткеніндей емделуі тез уақытта өтеді, бұлшық еттердің қысымы байқалмайды, жүрек қысымымен басқа органдарды жандандыратын препараттардың қажеті керек болмайды. Оданда артық нәтиже алуға болады, егер желіннің бір бөліміне 48°С жылытылған сүтті құйған жағдайда. Егер 1-1,5 сағаттан кейін сиыр тұрмаса, желіннің сол бөліміне сүтті қайта құю қажет. Екінші құйғаннан кейін 20-30 минут өткен соң ауру белгілері жойылып кетеді. Сиырды аяғына тұрғаннан кейін 1-2 сағаттан кейін саууға болады. Сауған кезде желіннен ауаны шығаруға болмайды. Сауғанда тек сүтті сауады, ауасын шығармай.

Төлдегеннен кейін парезге шалдыққан сиырларға антибиотиктерді емді мақсатта қолдануға болмайды


13. КӨБЕЮ ОРГАНДАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ

13.1 Қынаптың және жатырдың түсуі


Қынаптың түсуі негізінде буаздықтың екінші жартысында аналықтардың қарынның ішкі қысымының ұлғаюынан жатыр буындарының әлсіреуінен кездеседі. Ауру буаз аналықтардың толықтай сапалы азықпен қамтылмай және қанағатсыз жағдайларда тұрақтағандықтан пайда болады.

Қынаптың жартылай әлде тұтас шығып кетуін анықтайды. Жартылай болғанда сарпайдан қызыл, кілегей қабықпен жабылған тауық жұмыртқасынан қаз жұмыртқасының үлкендігіндей өсінді пайда болады (әсіресе жатқан малда анық байқалады). Қынаптың толықтай шығып кетуі жатыр қысымының, толғатудың ұлғайғанында асқынуының белгісі ретінде кездеседі. Сарпайдан үлкен шар тәрізді өсінді көрініп шығады, ол қызғылт-боз, кейін көк түсті, кілегей қабығы жылтыр болып кездеседі. Жануардың дәрет шығаруы бұзылады.

Белсенді моционның болмағанынан, жатыр созылып кетіп әлде оның бұлшық етінің қысымы бұзылғандығынан, төлдегеннен кейін жатырдың асқынуы ретінде кездеседі. Сыртқы жыныс мүшесінен қызғылт-боз, кейін көкшіл түстес алмұрт тәрізді өсімдік пайда болып салбырап түсіп тұрады.

Аурудың бастамасында жануарды көтеріңкі орынға қояды, орынның артқы шеті бас жағынан 20–30 см, қарынның ішкі қысымын бәсеңсету үшін жоғары болуы тиісті. Шығып кеткен қынаппен жатырды сабынды жылы сумен жуып, кілегей қабығын фурациллин, марганецқышқылды калий 1:5000 немесе басқа антисептик ерітінділермен жуып, содан кейін 10 % ихтиол майын немесе басқа микробтарға қарсы әсер ететін және қабыну процесстерін басататынын майлар қолданады. Келесі ретте жұдырықпен қынапты шат сүйек қуысына итеріп салып орналастырғаннан кейін, оперативті әдіспен бекітеді. Салынған тігісті 2–3 тәуліктен соң алады.



13.2 Шудың түспей қалуы

Ірі қара малдың шуы түспей тоқтап қалды деп айтылады, егер ол бұзаулағаннан кейін 8-10 сағаттан кейін өз бетімен түспей қалса. Оның себебі жатыр қысымының толықтай байқалмауынан (гипотония) немесе жатыр қысымының мүлдеш болшауынан (атония), қағанақтың аналық және балалық қуыстарының бір-бірімен өсіп кетуінен, қағанақтың түсуіне механикалық кедергілер пайда болғанда (оның қалыңдауы, жатырдың бүктеліп қалуы), сапалы азықтандырмағаннан, арықтап әлде семіріп кетуден төл көтеру кезінде моционның болмағанынан, жұқпалы аурулардан болады.

Сиырлардың қағанағының шуы 8-10 сағатта буынына дейін салбырап түседі. Жануар беломыртқасын көтеріңкіреп тұрады, несеп шығаратын тәрізді талтайып тұрады. Жатыр ішіндегі қағанақ іріңдеп иістенеді, жатыр қуысында қан аралас сұйық заттар жиналып, ерекше иіс шығуынан организм интоксикацияға ұшырайды. Жануар мазасызданып, дене қызуы көтеріледі, азықтан бас тартып, асқазан корытылуы бұзылып, сүт өнімділігі тез төмендейді.

Жатыр қысымын жоғарлату мақсатында 2 литр суға 500 г қант аралыстырып ішкізеді, бұлшық етке Ф2-2 мл препараттарын, тері астына окситоцин әлде питуитрин 40–60 бірлікте, жатыр қуысының ішіне кең көлемде әсер ететін антимикробты препараттарды: экзутер – 2-5 таблетка, септометрин – 2–3 капсула, трициллин таблеткаларын, фуразолидон таяқшаларын – 2–5 дана қолданады. Егер аталған шараларды колданудан дұрыс нәтиже болмаса, 24-48 сағат өткен соң ветеринарлық дәрігер оперативті әдіспен қолмен шуды айыруға кіріседі.



13.3 Сүт бездерінің қабынуы (желінсау)

Желінсау, немесе сүт бездерінің қабынуы сиырларда жиі кездеседі, әсіресе бұзаулағаннан кейін алғашқы күндерде басталады. Себебі, қолмен, машинамен сауу технологиясының бұзылуынан, желіннің морфологиялық және функционалды өзгерістерге ұшырауынан, шудың түспей тоқтап қалуынан, жатырдың жиырылмай қалпына келмеуі, жатыр кілегей қабығының қабынуынан, эндокринді және организмдегі басқа өзгерістерден, жарақаттармен (жара, жарақат, терінің жарылып кетуі және басқалар) және желінде инфекциялардың пайда болуынан.

Желін бездері ісініп, жергілікті дене қызуы көтеріліп түсі қызарады. Катаральді желінсауда сүт су тектес, іркіттері бар, ұйытқы немесе айран сияқты, ал іріңді желінсау – кей жағдайларда сарғылт түсті тамшыны немесе ақ-сұр түсті қан арлас қоймалжың массаны бөледі, желін бөліктерінің зақымдалғанын байқаймыз. Сүт бездерінде абсцесстер болуы ықтимал.

Аталмыш ауру малдың салмағының түсуімен, азыққа денен тәбетінің болмауымен, бейжайлықпен, қызба-шөлмен, асқазан жұмысының тоқтауымен өтуі мүмкін.

Желінсаумен ауырғандарға шырынды азықтармен, суға шектеу қойылады.

Тәжірибеде ( үрдістің күрделігіне байланысты) бұлшық етке және үрпі түтікшесіне кең қолданыстағы препаратты пайдаланады. Сиырларға 400 кг Нитокс бұлшық етке 40 мл рет төрт жерден, 2,5%-дық кобактан 20 мл бұлшық етке (б/е) мөлшерде, 12 сағат аралығында егеді.

Сүт цистернасын тәтпіштеп сауып алғаннан соң антибиотикті ерітінділерді шприцтер-тюбиктерді қолданамыз. Мысалы: мастилек, мастиет-форте немесен кобактан LC, 1 шприцті күніне екі рет үрпіге енгізеді.

Егер қолдау кезінде іркіттер, қоймалжындар, кілегейлер тежейтін болса, онда үрпі түтікшесіне сұйылту мақсатында 100 мл тұзды-содалы ерітіндімен

(100 мл қайнаған суға 1 г ас тұзын және 2 г ас содасының қосындысы) шаямыз. Соңынан үрпіні ептеп уқалап 15-20 минут ішіндегіні сауып тастайды, үрпі бетін дезинфекциялайды. Сиырға желінде жиналған секреттерді толығымен шығару керек болғанда, сауып тастамай тұрып, 5-7 минут қалғанда 30-60 ӨБ окситоцинді тері астына егеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет