«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-v заңы


-бап. Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бiрге



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата21.02.2024
өлшемі248.67 Kb.
#492617
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы

14-бап. Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бiрге 
қызмет (жұмыс) iстеуiне жол бермеу 
1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттiк функцияларды 
орындауға уәкілеттік берілген адамдар және мемлекеттік функцияларды орындауға 
уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының 
Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының 
депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық 
округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына 
мүшелікке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар өздерiнiң жақын туыстары 
және (немесе) жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымдарға тiкелей 
бағынысты лауазымдарды атқара алмайды. 
2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын бұзатын адамдар, егер олар көрсетілген 
бұзушылық байқалған кезден бастап үш ай ішінде оны ерікті түрде жоймаса, осындай 
бағыныстылықты болғызбайтын лауазымға ауысуға тиіс, ал осындай ауысу мүмкін 
болмаған кезде осы қызметшілердің біреуі лауазымынан шығарылуға немесе көрсетілген 
функциялардан өзгедей босатылуға тиіс. 
Ескертпе. Осы Заңда жақын туыстар деп ата-аналар (ата-анасы), балалары, асырап 
алушылар, асырып алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-
қарындас-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері, жекжаттар деп - жұбайының (зайыбының) 
аға-інілері, апа-қарындас-сіңлілері, ата-аналары мен балалары түсініледі. 
15-бап. Мүдделер қақтығысы 
1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды 
орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға 
уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға, егер 
мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым 
салынады. 
2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар мүдделер қақтығысын болғызбау және 
шешу бойынша шаралар қабылдауға тиіс. 
3. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар тікелей басшысына не өздері жұмыс 
істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның 
туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда 
хабарлауға міндетті. 
Тікелей басшысы не ұйымның басшылығы осы баптың 1-тармағында аталған 
адамдардың өтініштері бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер 
қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шараларды уақтылы қабылдауға: 
1) осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды лауазымдық міндеттерін орындаудан 
шеттетуге және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе 
бойынша лауазымдық міндеттерді орындауды басқа адамға тапсыруға; 
2) лауазымдық міндеттерін өзгертуге


10 
3) мүдделер қақтығысын жою бойынша өзге де шаралар қабылдауға міндетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет