«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-v заңы


-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата21.02.2024
өлшемі248.67 Kb.
#492617
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы

21-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның 
өкілеттіктері 
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган өзіне жүктелген 
функцияларды орындау кезінде: 
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды адамдардан Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпарат пен материалдарды 
сұратады; 
2) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 
заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, оларды жою бойынша заңнамалық 
тәртіппен белгіленген шараларды қабылдайды; 
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу тәртібін айқындайды; 
3-1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде 
белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады және 
істерді қарайды; 
4) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы 
Президентінің актілерімен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асырады. 
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы қызметі өз өкілеттіктері шегінде: 
1) сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша жедел-іздестіру және тергеу қызметінің 
практикасына, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге талдау жүргізуге; 
2) іс жүргізудегі қылмыстық істер бойынша шақырту бойынша келуден жалтарған 
адамдарды күштеп әкелуге; 
3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және (немесе) 
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес
құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қоюға немесе алуды 
жүргізуге; 
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен уақытша ұстау 
изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалануға; 
5) мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және оларда басқарушылық функцияларды 
орындайтын адамдарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында 
белгіленген тәртіппен, мән-жайларды немесе заңды басқа да бұзушылықтарды жою 
жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсынулар енгізуге
6) 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен алып тасталды
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, уәкілетті 
органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер
аудит және бағалау жүргізуді талап етуге; 
8) сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрестің нысандары мен әдістерін 
жетілдіруге, жедел-іздестіру қызметінің стратегиясы мен тактикасын айқындауға, оның 
тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға; 
9) өзіне жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құруға және пайдалануға, сотқа дейінгі 
тергеп-тексеру барысында зерттеуді, заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық 
бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді ұйымдастыруға; 
10) ұстап алынған және күзетпен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүруге; 
11) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы 
Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет