«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-v заңы


-бап. Кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата21.02.2024
өлшемі248.67 Kb.
#492617
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы

16-бап. Кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 
шаралары 
1. Кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың 
алдын алу жөнінде, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға 
ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту бойынша: 
1) шешімдер қабылдау рәсімдерінің есептілігін, бақылауда болуын және ашықтығын 
қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық тетіктерді белгілеу; 
2) адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау; 
3) мүдделер қақтығыстарын болғызбау
4) іскерлік әдеп нормаларын қабылдау және сақтау; 
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі шараларды 
қабылдау; 
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен 
және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы шаралар қабылдайды. 
2. Кәсіпкерлік субъектілері үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі 
стандарттарды кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) 
әзірлеуі және қабылдауы мүмкін. 
17-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама 
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама - сыбайлас 
жемқорлықтың халықаралық және ұлттық деңгейлерде таралу жай-күйі мен үрдістерін 
талдау мен бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, іске асыру 
және жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылған құжат. 
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастырады 
және оны әрі қарай Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін, Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының 
Үкіметіне енгізеді. 
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл жөніндегі уәкілетті орган жұмысының және мемлекеттік органдардың, жеке және 
заңды тұлғалардың қызметінің нәтижелері негізінде қалыптастырылады. 
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау
Қазақстан Республикасы Президентіне енгізу және жариялау тәртібін Қазақстан 
Республикасының Президенті бекітеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет