«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-v заңы


-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата21.02.2024
өлшемі248.67 Kb.
#492617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы

5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері 
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас 
жемқорлықты жою болып табылады. 
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай: 
1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру; 
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен 
себептерді анықтау және олардың салдарларын жою; 
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту; 
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты 
дамыту; 
5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және 
тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады. 
  
  
2-тарау. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ 
  
6-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі: 
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті; 
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды; 
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде 
сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды; 
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды; 
6) қаржылық бақылауды
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді; 
8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді; 
9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын
10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды 
және тергеп-тексеруді; 
11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды; 
12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды; 
13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы 
қалыптастыруды және жариялауды қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет