«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-v заңы



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата21.02.2024
өлшемі248.67 Kb.
#492617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы

2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғаларға 
қатысты қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық 
шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде осы Заң 
Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тіркелген заңды 
тұлғаларға қатысты қолданылады. 
2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза - 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, әкімшілік сыбайлас жемқорлық 
құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық пен жаза - Қазақстан Республикасының 
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген. 
3-бап. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 
туралы заңнамасы 
1. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 
заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен 
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда 
қамтылғаннан өзге де қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың 
қағидалары қолданылады. 
4-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: 



1) заңдылық; 
2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау 
басымдығы; 
3) жариялылық пен ашықтық
4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы; 
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді 
пайдалану; 
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану; 
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды 
көтермелеу; 
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның 
бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет