«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-v заңы


-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата21.02.2024
өлшемі248.67 Kb.
#492617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы

13-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет 



1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды 
орындауға уәкілеттік берілген адамдарға (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа 
жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын қоспағанда), 
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген 
адамдарға (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы 
Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар 
қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ 
жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды, 
квазимемлекеттік сектор субъектілерде қызметін жүзеге асыратын адамдарды 
қоспағанда), лауазымды адамдарға: 
1) егер шаруашылық етуші субъектіні басқару немесе басқаруға қатысу Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес олардың лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, 
шаруашылық етуші субъектіні басқаруға өз бетінше қатысуға, мүліктік немесе өзге де 
игіліктер алу мақсатында өздерінің қызметтік өкілеттіктерін құқыққа сыйымсыз 
пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың материалдық мүдделерін 
қанағаттандыруға жәрдемдесуге; 
2) ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, ұйымдастырылған 
бағалы қағаздар нарығында облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар 
нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін 
акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемде жай акцияларды) сатып 
алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға; 
3) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы 
төленетін басқа да қызметпен айналысуға тыйым салынады. 
2. Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйымдарда басқарушылық функцияларын 
орындайтын адамдар Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін өзге де ұйымдардың 
басқару органдарында, байқау кеңестерінде, атқарушы органдарында ақы төленетін 
лауазымды атқаруға құқылы. 
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдар өздеріне меншік құқығымен 
тиесілі тұрғын үйді мүліктік жалдауға (жалға) беруге және осындай тапсырудан кіріс 
алуға құқылы. 
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарларына 
инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың 
акцияларын сатып алуға тыйым салынады. 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары 
лауазымға тағайындалған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде лауазымға 
тағайындалғанға дейін сатып алынған, өздеріне тиесілі инвестициялық қорлар пайларын, 
облигацияларды 
және 
коммерциялық 
ұйымдардың 
акцияларын 
Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге 
міндетті. 
5. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар лауазымға кіріскен күннен бастап 
күнтізбелік отыз күн ішінде, осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, 
ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, сондай-ақ мүліктік 
жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өздеріне тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға әкелетін 
мүлікті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, осы 
функцияларды орындау уақытында сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. 
6. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариаттық куәландыруға жатады. 
7. Акцияларды сатып алған жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, сатып алған күннен 
бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оларды сенімгерлік басқаруға беруге және жұмыс 
орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) шартты нотариат 
куәландырғаннан кейін он жұмыс күні ішінде мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған 
шарттың нотариаттық куәландырылған көшірмесін ұсынуға міндетті. 



8. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік 
функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың және мемлекеттік 
функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың 
(Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің 
немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, 
ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың 
сайланбалы 
органдарына 
мүшелікке 
кандидаттарды, 
квазимемлекеттік 
сектор 
субъектілерде қызметін жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда) және лауазымды 
адамдардың осы баптың 4 және 6-тармақтарында көзделген міндеттемелерді орындамауы, 
олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет