Силлабус 2023-2024 оқу жылының күзгі семестрі



бет1/5
Дата09.11.2023
өлшемі97.67 Kb.
#482751
түріСеминар
  1   2   3   4   5
2023-2024 Силлабус Психология


СИЛЛАБУС
2023-2024 оқу жылының күзгі семестрі
«6B05401 Актуарлық математика», «6B05403 Механика», «6B05404 Есептеу ғылымдары және статистика», «6B05405 Қолданбалы математика», «6В06105 Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6В07110 Робототехникалық жүйелер», «6В07111 Ғарыштық техника және технологиялар» білім беру бағдарламалары



Пәннің ID және атауы

Білім алушының өзіндік жұмысын
(БӨЖ)



Кредиттер саны

Кредит-тердің
жалпы
саны

Оқытушының жетекшілігімен білім алушының өзіндік жұмысы
(ОБӨЖ)

Дәрістер (Д)

Семинар сабақтар (СС)

Зерт. сабақтар (ЗС)

93471
Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
(Психология)

3

1,5

0,5

-

2

6


ПӘН ТУРАЛЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ АҚПАРАТ

Оқыту түрі

Циклы,
компоненті

Дәріс түрлері

Семинар сабақтарының түрлері

Қорытынды бақылаудың түрі мен платфомасы

Оффлайн

ЖББ, МК

Аналитикалық

Семинар тапсырмалары бойынша презентация-лар қорғау

Тест, ИС Univer

Дәріскер (лер)

Қайратова Іңкәр Қайратқызы

e-mail:

inkarkairatova@gmail.com

Телефоны:

+7 778 663 5252

ПӘННІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

Пәннің мақсаты

Оқытудан күтілетін нәтижелер (ОН)*

ОН қол жеткізу индикаторлары (ЖИ)

Мінез-құлық моделдерін талдау барысында әлеуметтік интеллект пен имидж түсініктерін негіздеуге бағытталған бағдарлама құрастыру үшін психодиагностикалық әдістер мен психотехнологияларды қолдану арқылы ұлттық сананы дамыту контексіндегі тұлғаның мотивациялық және эмоциялық әлемі, құндылықтар жүйесі туралы теориялық білім негіздерін қалыптастыру.

1-ОН: Тұлғаның мотивациялық және эмоциялық ерекшеліктерін зерттеу негізінде ұлттық сана туралы теориялық білімдерін қалыптастыру.

1.1 ЖИ – тұлғаның мотивациялық сферасын теориялық меңгере отырып қажеттіліктер пирамидасын және әртүрлі құрылымдық сызбасын келтіру;

1.2 ЖИ – тұлғаның эмоциялық күйлерінің арасындағы өзара байланысты анықтау;

2-ОН: Құндылықтар жүйесі және өзіндік анықталу негізінде тұлғаның «психологиялық портретін» түсіндіру.

2.1 ЖИ – құндылықтар жүйесін зерттеген психологиялық теорияларды игеру;

2.2 ЖИ – өзіндік анықталу түсінігін тұлға психологиясы негізінде қалыптастыру;

2.3 ЖИ – құндылықтар жүйесі және өзіндік анықталу түсініктері арқылы психологиялық портрет туралы білімдерді меңгеру;

3-ОН: Психологиялық денсаулық және әлеуметтену процесін зерттеу үшін психодиагностикалық әдстерді қолдану.

3.1 ЖИ – психологиялық денсаулықтың тұлғалық дамудағы рөлін анықтау;

3.2 ЖИ – психологиялық денсаулық пен әлеуметтенудің өзара байланысын талдау;

3.3 ЖИ – психологиялық денсаулық пен әлеуметтенуді зерттейтін психодиагностикалық әдістердің тиімділігін ажырату;

4-ОН: Тұлғаралық қарым-қатынас психологиясын талдау арқылы қоғамдық сананы жаңғыртуда психотехнологияларды пайдалану.

4.1 ЖИ – тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы негізінде психотехнологияларды игеру;

4.2 ЖИ – тұлғалық дамудағы қарым-қатынас пен коммуникацияның айырмашылығын меңгеру;

4.3 ЖИ – тұлғаның коммуникативті дағдылары мен коммуникация модельдеріне мысалдар келтіру;

5-ОН: Тұлғаның мінез-құлық модельдерін талдау арқылы әлеуметтік интеллект және имидж түсініктерін қалыптастыруға бағытталған психологиялық бағдарлама құрастыру.

5.1 ЖИ – конфликт психологиясы негізінде мінез-құлық модельдерін құру;

5.2 ЖИ – әлеуметтік интеллект пен әлеуметтік табыстылықтың деңгейлері мен түрлеріне сызба құрастыру;

5.3 ЖИ – әлеуметтік интеллект пен имиджді қалыптастыру бағдарламаларын дайындау және жетілдіру.

Пререквизиттер

«Мамандыққа кіріспе», «Философия», «Әлеуметтану», «Әлеуметтік психология».

Постреквизиттер

Тұлға психологиясы және т.б. базалық курстары.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет