«Химия және биология» факультеті
«Биология» кафедрасы.
“Өсімдіктер систематикасы” пәні бойынша
050607 «Биология» мамандықтарының студенттері үшін.
Практикалық – лабораториялық сабақтарының жоспары.
Жетісай 2007ж.
Р/с
|
Лаборатория тақырыбы, жоспары
|
Сағат
саны
|
Әдебиеттер №
| -
|
Лабораториялық сабақ №1
Тақырыбы : Көк – жасыл балдырлар – Cyanophyta
а) Көк – жасыл балдырлардың туыстары хроококк осцилатория, ностоктардың құрылысы, морфологиялық ерекшеліктерімен танысу, суреттерін салу.
|
1
|
1-5 бет
| -
|
Лабораториялық сабақ №2
Тақырыбы : Жасыл балдырлар – Chlorophyta
a) Жасыл балдырлардың түрлерімен жасуша құрылысымен және көбею жолдарымен танысу
б) Хламидомонада – Сһlamydomonas – тың жасуша құрылысы, көбею жолдары.
в) Вольвокстың морфологиялық ерекшеліктері, жасуша құрылыстары.
г) Хлорелланың жасуша құрылысы, көбеюі, микроскопта көріп суреттерін салу.
|
1
|
1-5 бет
| -
|
Лабораториялық сабақ №3
Тақырыбы :Сары – жасыл балдырлар – Xanthophyta
a) Сары – жасыл балдырлардың өкілдерінің құрылымдық және көбею ерекшеліктерімен танысу.
б) Вошерия –Vaucheria балдырының құрылысы, көбею жолдары, суретін салу.
в) Ботридий – Вotridium балдырының құрылысы, көбею жолдары.
|
1
|
1-5 бет
| -
|
Лабораториялық сабақ №4
Тақырыбы : Диатомды балдырлар
а) Диатомды балдырлардың биоморфологиялық ерекшеліктері.
б) Пинуларияның жасушалық құрылысы
в) Центрикалықтар класының өкілдері, жасуша құрылыстары, суретін салу.
|
1
|
1-5 бет
| -
|
Лабораториялық сабақ №5
Тақырыбы :Эвглена балдыры
а) Эвглена – Euqlena virides жасушаларының морфологиялық ерекшеліктері.
б) Эвглена балдырының көбею жолдары
в) Эвглена балдырының стигмасы
|
1
|
1-5 бет
| -
|
Лабораториялық сабақ №6
Тақырыбы : Хитродимецетті саңырауқұлақтар
а) Ольпидиум саңырауқұлағы, капустаның зақымдануы, ауру белгілері.
б) Синхитриум саңырауқұлағы, картоптың зақымдануы, зақымдалған картоптың жапырағынан гербарийлер жасау, зақымданған жапырақтың суретін салу.
|
1
|
1-5 бет
| -
|
Лабораториялық сабақ №7
Тақырыбы : Оомицеттер класы
а) Фитофтора саңырауқұлағының таралу ерекшеліктері.
б) Фитофторамен зақымданған картоптың белгілері, жапырағының гербарийн жасау.
в) Зақымданған жапырақтың көлденең кесіндісінен мезофильді клеткалар арасындағы орналасқан гифаларды, бұтақтанған спорангия сағақтары спорангияларымен қарастырылады
|
1
|
1-5 бет
| -
|
Лабораториялық сабақ №8
Тақырыбы : Зигомицеттер класы
а) Мукор. Нандағы мукордың мицелийінің аздаған бөлігінің спорангийлерімен зат айнасының бетіндегі су тамшысының үстіне салып, бетін жабып айнасымен жабады. Микроскоп кіші үлкейткіш жәрдемінде бұтақтанған гифаларды спорангия сағағын зерттеп қарастырады.
|
1
|
1-5 бет
| -
|
Лабораториялық сабақ №9
Тақырыбы : Ашық тұқымдылар
Кәдімгі қарағайдың стробилі (шишкасы) бар гербарий үлгілері, пісіп жетілген стробилдері бар өркендері алынады. Морфологиялық сипаттамажасалынады.
а) Өсімдік
б) Аналық стробилдерінің морфологиялық белгілері анықталынып жазылады.
|
1
|
1-5 бет
| -
|
Лабораториялық сабақ №10
Тақырыбы : Қос жарнақтылар
Гербарийге қос жарнақты өсімдіктер салынады. Морфологиялық сипаттамалары :
а) Жарнақ, жарнақ ерекшеліктері, саны
б) Жапырақ, формасы, торлы, жүйкелі
в) Сабағы жуандайды, жуандамайды
г) Тамырлары шашақ немесе кіндік
д) Гүл компоненттері
|
1
|
1-5 бет
| -
|
Лабораториялық сабақ №11
Тақырыбы : Раушангүлділер тұқымдасы Posaceal
Раушангүлділер тұқымдасының морфологиялық ерекшеліктерімен үшін төмендегі схема пайдаланады
а) Өркен, қос жарнақты, ағаш, бұталар, көп жылдық өсімдік, гинецейі көп бөлікті, апокарпты, бір бөлікті ценокарпты
б) Тамыры, кіндік тамыр
в) Тұқымдас тармақтарының бөлінуі тобылғылар, итмұрындар, алмалар, қараөріктер.
|
1
|
1-5 бет
| -
|
Лабораториялық сабақ №12
Тақырыбы : Бұршақ тұқымдасы – Fabaceal
a) Жапырақ : жай, күрделі, орналасу тәртібі
б) Гүлдері, құрылысын анықтау, лупа жәрдемінде тостағанша, күлте жапырақшаларын анықтау.
в) Тамыр жүйесі, тамыр жүйесіндегі кішкене түйнекшелерге ұқсас төмпешіктерді анықтау
г) Жемістерінде тұқымдардың орналасуы
д) Бұршақ тұқымдас өсімдіктерінің түрлерін анықтау, гүл формуласын түзу.
|
1
|
1-5 бет
| -
|
Лабораториялық сабақ №13
Тақырыбы : Алабота тұқымдасы – Chenopodiaceal
Тұқымдасқа жататын ақ алабота, көкпек өсімдіктерінің жалпы морфологиясы, гүл бөліктерімен танысу. Морфологиялық сипаттамалары :
а) Өркен, гербарий немесе тірі өсімдіктен вегетативті мүшелеріне сипаттама беру.
б) Гүл, гүл серіктері, құрылысы, аталық, аналық гүлдерін анықтау.
в) Жеміс, жеміс түрлерін анықтау
г) Өсімдік түрлерін анықтап гүл формуласын анықтау
|
1
|
1-5 бет
| -
|
Лабораториялық сабақ №14
Тақырыбы : Алқа тұқымдасы – Solanaceal
a) Гербарийден немесе тірі өсімдіктерден (картоп) өсімдіктердің вегетативтік мүшелеріне қарап суретін салу.
б) Гүл құрылысымен танысып, гүл формуласын құрастыру.
|
1
|
1-5 бет
| -
|
Лабораториялық сабақ №15
Тақырыбы : Астық тұқымдастары – Роасеаl
Тұқымдас өсімдіктердің құрылысы систематикада алатын орны
а) Астық тұқымдас өсімдіктердің гербарийден немесе тірі үлгілерінен қынапты жапырақтарын, тілшелерін көрсету.
б) Гүлшоғыры түрлерін анықтау, аталық, аналық ерекшеліктері
в) Гүл диаграммаларымен жемістерінің бейнелерін салу
г) Гүл формулаларын құрастыру.
|
1
|
1-5 бет
|
Әдебиеттер тізімі :
1. Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасының практикалық жұмыстары Алматы 1994ж.
2. Мәкенова М. Ботаника курсының практикумы Алматы 2000ж.
3. Гордеев Т.Н. Крукберт В.В. Практический курс растений М. 1986.
4. Абдрахманұлы О. Өсімдіктер систематикасы (төменгі сатыдағы өсімдіктер) Алматы 2003.
5. Әметов Ә. Ә. Ботаника Алматы 2000ж.
6. Комарницский Н.А., Кудряшов А.В., Уранов А.А. Ботаника (систематика растений) М. 1975г.
7. Шостаковский И.В. Систематика высших растений М.1971.
8. Кузнецов Н.И. Введение в систематику цветковых растений 1931.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
«Сырдария» университеті
Достарыңызбен бөлісу: |