«Химия және биология» факультеті
«Биология» кафедрасы.
“ Өсімдіктер систематикасы ” пәні бойынша 050607 «Биология» мамандықтарының студенттері үшін.
ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ.
Жетісай 2007ж.
9. Лекция сабақтары
1-лекция
Тақырып : Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thalloвionta.
(1 сағат)
Жоспары :
-
Төменгі сатыдағы өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері.
-
Таксондар (систематикалық бірліктер).
-
Төменгі сатыдағы өсімдіктер таксондарының орналау реттілігі.
Пайдалынатын әдебиеттер :
а) негізгі
1. Комарницкий Н.А, Кудряшов. идр. Ботаника Систематика растений : учебник М. Просвещение, 1975 с.608.
2. Курс низших растений (под. ред.М. В. Горленко. М. Высш.школа. 1981 с 520).
3. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие. Петрозаводск изд.ПГУ 1992 с 111.
4. Абдрахманов О. Тµменгі сатыдаѓы µсімдіктер систематикасы Алматы мектеп 1972, 243б.
5. Абдрахманов О. Альгология, Ќараѓанды, Алматы 1997, 400б.
б). қосымша:
1. Клюшникова Е.С, Сизова Т.П. Ботаника. Низшие растения Метод указания М. Изд-во, Моск ун-та,1983 с 35.
Лекцияның мәтіні :
1. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесін таллом деп атайды. Таллом бір клеткалы, калониялы, клеткаланбаған көп клеткалыболады. Олар ұлпаларға және органдарға (мүшелерге) бөлінбейді. Жыныстық жолмен көбею органдары (мүшелері) – оогонилері және антиридилері бірклеткалы болады. Түрлер саны көптігінен бірінші орынды иеелеп, кең таралған.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер органикалық және минералды заттармен қоректенеді. Органикалық заттармен гетеротрофты организмдер (бактериялар, саңырауқұлақ, кілегейлілер). Минералдық заттармен автотрофты организмдер (балдыр, қыналар) қоректенеді.
Систематика ғылымы біздің планетамызда кездесетін өсімдіктер түрлерін сипаттап жазып, оларды туыстық топтарға біріктірумен және осы топтардың жүздеген миллион жылдарға созылған эволюциясына жауап беретіндей жүйеде орналастырумен айналысады. Қазіргі кездерде өмір сүретін өсімдіктердің жалпы саны шамамен 500 мыңдай.
2. Таксондар (систематикалық бірліктер). Өсімдіктерді жекелеген систематикалық топтарға біріктіру (классификациялау) жалпыға бірдей қабылданған таксондар деп аталынатын систематикалық бірліктің негізінде жүзеге асады.
Түр (species) - морфологиялық жағынан ұқсас особьтардың жиынтығы Туыс (qenus) жақын түрлердің жиынтығы.
Тұқымдас (lamilia) – жақын туыстардың жиынтығы.
Бұл таксондардан басқа қосымша такондарда бар. Олар туыс тармағы, тұқымдас тармағы т.б. жатады.
3. Өсімдіктер дүниесінің жоғарғы таксондарының орналасу реттілігі.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thalloвіоnta
І Өсімдіктер дүниесінің клеткаға дейінгі тармағы – Procytoвіоnta.
ВИРУСТАР Б¤ЛІМІ –Virophyta
¤сімдіктер д‰ниесініњ талломды, ядроѓа дейінгі тармаѓы Thallobionta procaryota.
1. Дробянкалар бµлімі – Schizophyta
2. Кµк- жасыл балдырлар бµлімі –Cyanophyta
ІІІ. ¤сімдіктер д‰ниесініњ талломды,ядролы,пластид тармаѓы (тµменгі сатыдаѓы автрофты µсімдіктер) – Thallobionta Eucaryota.
1. Жалтырауыќ сары балдырлар бµлімі - Chrysophyta
2. Сары- жасыл немесе єрт‰рлі талшыќты балдырлар бµлімі – Хаnthophyta
3. Диатомды балдырлар бµлімі – Diatomophyta
4. Пирофитті балдырлар бµлімі – Pirrophyta
5. Эвгленалы балдырлар бµлімі – Enqlenophyta
6. Ќоњыр балдырлар бµлімі – Phaeophyta
7. Ќызыл балдырлар бµлімі – Rhodophyta
8. Жасыл балдырлар бµлімі – Chlorophyta
9. Хара балдырлар бµлімі – Choropyta
10. Қыналар бөлімі – Lichophуta
IV. ¤сімдіктер д‰ниесініњ талломды, ядролы, пластидтері жоќ (тµменгі сатыдаѓы гетеротрофты µсімдіктер) тармаѓы – Thallobionta aplfstidae
1. Кілегейлілер – Myxophyta
2. Сањырауќ±лаќтар – Mycophyta
2-лекция
Тақырып : Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядроға дейінгі
тармағы – Thallobionta procaryota.
(1 сағат)
Жоспары :
-
Дробянкаларға жалпы сипаттама
-
Бактериялар класы
Пайдалынатын әдебиеттер :
а) негізгі
1. Комарницкий Н.А, Кудряшов. идр. Ботаника Систематика растений : учебник М. Просвещение, 1975 с.608.
2. Курс низших растений (под. ред.М. В. Горленко. М. Высш.школа. 1981 с 520).
3. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие. Петрозаводск изд.ПГУ 1992 с 111.
4. Абдрахманов О. Тµменгі сатыдаѓы µсімдіктер систематикасы Алматы мектеп 1972, 243б.
5. Абдрахманов О. Альгология, Ќараѓанды, Алматы 1997, 400б.
б). қосымша:
1. Клюшникова Е.С, Сизова Т.П. Ботаника. Низшие растения Метод указания М. Изд-во, Моск ун-та,1983 с 35.
Лекцияның мәтіні :
Дробянкалар Н.А. Красильниковтың (1949) системасы бойынша 5 класқа бөлінеді : нағыз бактериялар, (Eubacteria, актиномицетин, Асtinomycetes, миксобактериялар (Мухоbacteria), спирохиттер (Spirochaetal), митоплазма (Mollicutes). Бұл организмдердің мембранамен қоршалған ядросы болмайды. ДНК –сы жалғыз жіпше түзеді. Центриолдары және методикалық жіпшелері болмайды. Дробянкаларда пластидтер, митохондрия болмайды. Клетка қабықшасы негізін гликопептид, муреин түзеді.
Қоректенуі автотрофты, гетеротрофты, жыныстық процесі осебьтердің бір – бірімен генетикалық материалдармен алмасу жағдайында жүреді.
Бактериялар класы. Бактериялар құрылысы қарапайым, бірклеткалы организмдер. Олардың ядросы болмайды. Клеткаларының мөлшері 0,2-10мкм аралығында болады. Сыртқы пішініне қарай : шар тәрізді – коккалар, таяқша тірізді-бацияалар, иілген – виброндар, спираллалар – спирохетта тәрізді болып келеді.
Жалпы бактерияларды екі топқа бөлуге болады : грамша бояуға оң қарайтын (грамположительные) және грамша бояуға теріс қарайтын (грамотрицательные). Бактериялар клеткаларының көпшілігінің сыртын кілегейлі сауыт қаптап тұрады. Мұндай сауыттар бактериялардың ауру таратқыштық қабілетін күшейте түседі.
Бактериялар қоректену түрлеріне қарай автотрофты және гетеротрофты болып екі топқа бөлінеді.
1. Автотрофты қоректенетін бактериялар көп болмайды. Олар органикалық емес заттарды синтездеуіне қарай фототрофты және хемотрофты болып бөлінеді. Фототрофты – бактерияның маңыздысы пурпур бактериясы. Мұндай бактериялар жасыл өсімдіктерге ұқсас жарықтың энергиясын пайдаланып, ауадағы көмірқышқыл газын өзіне сіңіреді, ауаға бос оттегі бөліп шығарады да ауадағы көмірқышқыл газынан көміртегіні алады.
Хемотрофты бактерияларға лептотрикс (темір бактериясы) беггиота (күкірт бактериясы) жатады. Олар ауадағы көмірқышқыл газынан көміртегін сіңіру үшін органикалық заттардың ыдырауы нәтижесінде, органикалық заттарды тотықтырғанда босайтын химиялық энергияны пайдаланады.
Гетеротрофты қоректенетін бактериялар көп. Олар паразиттік не сапрофиттік тіршілік етеді. Паразиттері адамның, жануарлардың және өсімдіктердің денесінде тіршілік етеді және оларға түрлі жұқпалы ауруларды таратады. Ал сапрофиттері өлі органикалық заттардың өлекселерінде, өсімдіктер қалдықтарында мекендеп қоректенеді. Бактерияның көбеюі үш түрлі жолмен өтеді : вегетативтік, жыныссыз және жынысты. Вегетативтік көбею бактерияларда клетканың жай екіге бөлінуі арқылы әрбір 20-30 минут сайын қайтадан жүріп отырады. Бұл процесс бактерияның хромосомы (ДНК –ның) екі есе артқан жағдайда жүреді. Аздаған түр бактериялар бүршіктену арқылы көбейеді.
Жыныссыз көбею спора түзу арқылы жүзеге асады. Көптеген бактериялар қолайсыз жағдайда ДНК – ның молекуласының айналасында цитоплазманың тығыздалуының нәтижесінде қалың қабықпен қапталған эндогендік спора түзеді. Бактериялардың споралары өте нәзік төзімді келеді, ұзақ уақыттар (20-30 жыл бойы) өз тіршілігін жоғалтпайды.
Бактерияларда жақын уақыттарға дейін жыныстық көбею белгісіз болып келеді. Соңғы кездегі зерттеулер нәтижесінде олардың жыныстық көбеюі болатыны анықталды. Ол екі клетканың бір – бірімен тікелей түйісуінің нәтижесінде жүреді. Мұндай клеткалардың бірінен (аталықтың қызметін атқаратын донор клеткасынан) арнайы өсінді (көпірше) пайда болады. Ол арқылы аталық клетканың материалы (ДНК), реципиенті –клеткасына (аналықтың қызметін атқаратын клеткаға) өтіп құйылады. Мұны капуляциялық процесс деп атайды.
3-лекция
Тақырып : Көк – жасыл балдырлар
(1 сағат)
Жоспары :
-
Көк – жасыл балдырларға сипаттама
-
Қоректенуі
-
Көбеюі
-
Классификациясы
Пайдалынатын әдебиеттер :
а) негізгі
1. Комарницкий Н.А, Кудряшов. идр. Ботаника Систематика растений : учебник М. Просвещение, 1975 с.608.
2. Курс низших растений (под. ред.М. В. Горленко. М. Высш.школа. 1981 с 520).
3. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие. Петрозаводск изд.ПГУ 1992 с 111.
4. Абдрахманов О. Тµменгі сатыдаѓы µсімдіктер систематикасы Алматы мектеп 1972, 243б.
5. Абдрахманов О. Альгология, Ќараѓанды, Алматы 1997, 400б.
б). қосымша:
1. Клюшникова Е.С, Сизова Т.П. Ботаника. Низшие растения Метод указания М. Изд-во, Моск ун-та,1983 с 35.
Лекцияның мәтіні :
Көк – жасыл балдырлар өте ертеде пайда болған өсімдіктер түрлерінің жалпы саны 14 мың.
Клетка құрылысы –бұлар негізінен колониялы және көп клеткалы, сиректеу бір клеткалы, түсі алуан түрлі (көк-жасыл, сарғыш, жасыл). Олардың түсі клеткада әртүрлі мөлшерде болатын әртүрлі пигменттердің көк – жасыл түсті фикоцианның, хлорофиллдың, каротиноидтардың және қызыл түсті фикоцианның, хлорофилдің, каротиноидтардың және қызыл түсті фикоэритриннің орайласып келуімен тікелей байланысты. Көк-жасыл балдырлардың клеткаларында қалыптасқан ядросы, хромотофорасы және клетка шырынына толы вакуольдері болмайды. Клетка қабықшасы негізінен пектинді заттардан тұрады : клетка қуысы цитоплазмамен толтырылған, ол екі қабаттан тұрады : қатты клетка қабықшасына жақын жатқан,мембраналар мен пигменттерден тұратын көк-жасыл түске боялған қабат хроматоплазмадан және ДНК – Дан тұратын, түссіз ортаңғы бөлік центроплазмадан тұрады.
Көп клеткалы көк-жасыл балдырлар жіп тәрізді болып келеді. Жіптерінің ұзындыққа өсуі клеткалардың жай екіге бөлінуі арқылы жүзеге асады. Жіп түзетін біртектес клеткалардың ішінде гетеро циста деп. Аталынатын үлкен, қабықшалары қалың, клетканың ішіндегі тірі заттарынан айырылған сарғыш-қоңыр түсті дөңгелек өлі клеткалар болады.Көп жағдайда бір клеткалы және жіп тәрізді көк-жасыл балдырлар өз бойынан шырышты заттар бөліп шығарады және бірігіп біршама үлкен колония түзеді.
Қоректенуі. Көк –жасыл балдырлар автотрофты жолмен қоректенеді. Кейбір жағдайларда олардың көпшілігі шіріген қалдықтары мол ластанған суларда өмір сүруіне байланысты миксотрофты (аралас) қоректенуге қабілетті болып келеді. Яғни фотосинтезбен бірге, органикалық заттарды өз бойына сіңіре алады. Артық қор заттары ретінде гликопротеид, валютин (белок) немесе көк-жасыл балдырларға тән цианофицин (лапопротеид) түзеді.
Көбеюі. Көк – жасыл балдырлар негізінен вегетативтік жолмен көбейеді. Бір клеткалы организмдер клетканың бірнеше ұсақ бөлшектерге бөлініп кетуінің ал көп клеткалыларының жіпше-гетероциста немесе маманданбаған өлі клеткалар арқылы үзіліп кетуінің нәтижесінде жүзеге асады. Жіпшенің вегетативні көбеюге қажетті участогі гармогония деп аталынады.
Арнайы маманданған көбею органдары болмайды. Жыныстық көбею жоқ. Қолайсыз жағдайларда клеткалардан қабықшалары қалың споралар түзіледі.
Классификациясы. Көк-жасыл балдырлар үш класқа бөлінеді : хрококкалар, (Chroococcophyceal),хамесифондылар (Сhamaesiphonophycal), гормогиялылар (Hormoqoniophyceal).
Хрококкалар класына (Chroococcophyceal), глеокапса, (Coleocapsa) микроцистис (Mierocystis), мерисмопедия (Merismopedia), хамесифондылар (Chamesiphonophycal), демокарпа (Democarpa), паширенема (Pasherinema), хамесифон (Chamecsiphon), гармониялар класына (Hormoqonophyceal), - осцилатория (Oscillatoria), спирулина (Spirulina), Лингвия (Lynqlya), анабенка (Anabena), носток (Nostoc), толипотрикс (Tolipotrix), ривулярия (Rivularia), глеотрикия (Gloetrichia).
Көк – жасыл балдырлар өте өзгергіш, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына тез бейімделеді. Олар тұщы және теңіз суларында, топырақ беттерінде, тастарда, бұлақтар суларында өмір сүреді.Ластанған суларда планктон түрінде судың көкшіл түске боялуына (цветение) әкеліп соқтырады.
4-лекция
Тақырып : Жасыл балдырлар бөлімі
(1 сағат)
Жоспары :
1. Жасыл балдырлардың жалпы сипаттамасы
2. Вольвоксты балдырлар класы
3. Протококты (хлорококты) балдырлар класы
4. Улотриксты балдырлар класы
5. Сифонды балдырлар класы
6. Тіркеспей балдырлар класы
Пайдалынатын әдебиеттер :
а) негізгі
1. Комарницкий Н.А, Кудряшов. идр. Ботаника Систематика растений : учебник М. Просвещение, 1975 с.608.
2. Курс низших растений (под. ред.М. В. Горленко. М. Высш.школа. 1981 с 520).
3. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие. Петрозаводск изд.ПГУ 1992 с 111.
4. Абдрахманов О. Тµменгі сатыдаѓы µсімдіктер систематикасы Алматы мектеп 1972, 243б.
5. Абдрахманов О. Альгология, Ќараѓанды, Алматы 1997, 400б.
б). қосымша:
1. Клюшникова Е.С, Сизова Т.П. Ботаника. Низшие растения Метод указания М. Изд-во, Моск ун-та,1983 с 35.
Лекцияның мәтіні :
Түрлерінің жалпы саны 15 мыңдай. Негізінде тұщы суларды, теңіздерде, ылғалды топырақтарда, ағаштар діндерінде, дуалдарда кең таралған өсімдіктер. Клеткалары бір ядролы, көп ядролы болуы да мүмкін. Пигменттеріне хлорофилл, каротиноидтар жатады. Артық қор заттарына крахмал және шыны майы жатады. Вегетативті, жыныссыз, жыныстық жолдармен көбейеді.
Классификациясы. Бес топқа бөлінеді: вольвоксты балдырлар класы (Volvocophyceal), протококты балдырлар класы (Рrotococcophyceay), улотриксті балдырлар класы (Ulotrichophyceal), сифонды балдырлар класы (Siphonophyceale) тіркеспелі немесе конъюгациялы балдырлар класы. (Conjiuqatophyceal).
Вольвоксты балдырлар класы – Volvocophyceae. Балдырлар класына жасыл балдырлардыңең қарапайым өкілдері жатады. Вольвоксты балдырлардың басым көпшілігі бір клеткалы организмдер, сонымен бірге колониялы формалары да болады. Шалшық сулардың немесе кішілеу көлшіктердің беттері жасыл бояуға боялған кездерде мұнда ең жиі кездесетін хламидомонада болады екен. “Хламидомонада” деген сөзді грек тілінен аударар болсақ, сыртқы қабықшамен қапталғант қарапайым организм деген ұғымды білдіреді. Хламидомонада тек микроскоппен қарағанда ғана анық байқалатын бір клеткалы жасыл балдыр. Ол жасыл түсті, құрамында бүткіл клеткаға жасыл өң беретін хлорофилл бар. Клетка қабықшасы арқылы хломидомонада судан минералды заттар мен көмірқышқыл газын бойына сіңіреді. Суды зиянды қоспалардан тазартады. Хламидомонада жыныссыз жолмен көбеюі оның жазда қолайлы жағдайларда бөлінуі арқылы жүзеге асырылады. Жыныстық жолмен көбейгенде клеткасынан мөлшері жағынан бірдей бірнеше зооспораға ұқсас ұсақ гаметалар пайда болады. Гаметалар суға шығып, екі – екеуден қосылады. Бұл жағдайда зигота түзіледі.
Протококты балдырлар класы – Protococcophyceae.
Протококты балдырлар класына негізінен бір клеткалы, сиректеу колониялы организмдер жатады. Тек қарапайым жіп тәрізді және пластинкалы формалары ғана көп клеткалы болып келеді. Біл клеткалы жасыл балдырлардың ішінде кең тарағандарының бірі хлорелла (Chlorella) . Ол тұщы суларда және топырақта көптеп кездеседі. Хлорелланың клеткалары ұсақ, шар тәрізді, тек микроскоппен қарағанда ғана жақсы көрінеді.Хлорелланың клеткасының сыртын жылтыр қабықша қаптап тұрады, оның астында цитоплазмасы мен ядросы орналасқан, ал цитоплазмасының –жасыл хроматофоры болады.
Хлорелла қозғалмайтын автоспоралары арқылы өте тез көбейеді және өзін қоршаған ортадан органикалық заттарды белсенді түрде сорып отырады. Сондықтан да оны лас суларды биологиялық жолмен тазартуға жиі пайдаланады. Космос корабльдеріндегі және сүңгуір қайықтардағы ауаның тұрақты және қажетт құрамын сақтап тұруға аса қажет. Соңғы кезде хлорелланың өндірістік мақсатта өсіруге бағытталған тәжірибе жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Улотриксты балдырлар Ulothrichophyceae.
Улотриксты балдырлар клсына талломның құрылысы жіп тәрізді немесе пластинкалы болып келетін жасыл балдырлар жатады. Ағын сулы өзендердің астындағы тастарда және шіріген ағаштардың қалдықтарында жабысып тұрған ашық көк түсті жіптердің жиынтығын көруге болады. Ол көп клеткалы жасыл балдыр улотрикстың клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде жіптер ұзарып өсіп отырады. Улотриксте фотосинтез процессінің нәтижесінде қоректік, органикалық заттарды өзі синтездейді және судан органикалық заттарды сорып қабылдайды. Жыныссыз көбеюі сопақша болып келген төрт талшықты зооспоралар арқылы жүзеге асады. Қолайлы жағдайда зигота бөлініп, одан төрт қозғалмайтын клетка спора түзіледі. Олардың әрқайсысы су астына шөгіп, жаңа жіп тәрізді балдыр улотриксқа айналады.
Сифонды балдырлар класы –Siphonophyceace.
Бұл класқа жататын балдырлардың басқа жасыл балдырлардан айырмашылығы сол, олардың клеткалық құрылысы болмайды. Сифонды балдырлар өте ертеде жасыл балдырлардың көбінен бұрын пайда болған. Олардың қазіргі кезде өмір сүретін түрлерінің саны көп емес 400-500 түрден аспайды. Сифонды балдырлардың 90% теңізде өседі. Негізгі өкілдерінің бірі каулерпа туысы. Бұл Жерорта теңізінде жиі кездесетін талломының ұзындығы 1м жететін балдыр. Нағыз жыныссыз көбеюі жоқ, кейде талломының бөліктері арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Жыныстық процессі изогамиялы.
Тіркеспелі балдырлар класы – Conjugatophyceae.
Тіркеспелі бюалдырлар класына негізінен микроскопиялық жасыл балдырлар жатады. Түрлерінің жалпы саны 4700 – дей болады. Олардың көбісін десмидиялылар қатары түзеді. Талломы көп клеткалы жіп тәрізді немесе бір клеткалы талшықсыз болып келеді. Жыныстық процесі тіркесу арқылы жүреді. Зооспоралары мен гаметалары болмайды.
Негізгі өкілдерінің бірі ткөп клеткалы жіп тәрізді балдыр спирогира туысы (Spiroqira). Ол сыртқы кілегеймен қапталған ашық көк түсті матасқан жіптердің жиынтығы түрінде ақпайтын немесе жай ағатын сулардың қабаттарында жүзіп жүреді, немесе судың түбінде салынды түзеді. Спирогираның клеткалары ұзынша созылған цилиндр пішінді болып келеді. Клетка қабықшасы қалың және ол целлюлозадан тұрады. Клетканың ішінде спирал тәрізді бұралған аситаға ұқсас хромотофоры болады. Вегетативті көбею жіптердің үзілуі арқылы жүзеге асады. Жасыл балдырлдардың табиғатта маңызы зор. Олар фотосинтез процессінің негізінде органикалық заттар түзіп судан өз бойына көмір қышқыл газын сіңіреді және оттегін бөліп шығарады. Онымен суда мекендейтін жануарлдар тыныс алады. Жасыл балдырлар шамадан тыс көбейіп кетсе, шаруашылыққа зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан каналдарды және көлшіктерді балдырлардан тазалап тұру қажет.
Хара балдырлар бөлімі – Charophyta.
Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша хара балдырларының 300 – дей түрі сиптталып жазылған. Талломы күрделі тарамдалған болып келетін үлкен балдырлар. Олар көп жағдайда тұщы суларда кездеседі. Су астында ну болып жиі өседі. Жыныссыз жолмен көбеймейді. Вегетативтік көбеюі ризоидтарында пайда болатын түйнектері немесе талломының төменгі бөліктері арқылы жүзеге асады. Жыныстық көбею органдары оогоний мен антеридийелері көп клеткалы.Хара балдырлары жасыл балдырлардың ішіндегі ең жақсы жетілгендіріне жатады. Пісіп жетілген қызғыш – сары түске боялады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан зигота түзіледі өмірлік циклы гаплоидты фазада өтеді. Зигота ғана диплоидта.
5-лекция
Тақырып : Сары -жасыл балдырлар бөлімі – Xanthoophyta
(1 сағат)
Жоспары :
1. Cары – жасыл балдырлардың жалпы сипаттамасы
2. Классификациясы
3. Ксантосифондылар
Пайдалынатын әдебиеттер :
а) негізгі
1. Комарницкий Н.А, Кудряшов. идр. Ботаника Систематика растений : учебник М. Просвещение, 1975 с.608.
2. Курс низших растений (под. ред.М. В. Горленко. М. Высш.школа. 1981 с 520).
3. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие. Петрозаводск изд.ПГУ 1992 с 111.
4. Абдрахманов О. Тµменгі сатыдаѓы µсімдіктер систематикасы Алматы мектеп 1972, 243б.
5. Абдрахманов О. Альгология, Ќараѓанды, Алматы 1997, 400б.
б). қосымша:
1. Клюшникова Е.С, Сизова Т.П. Ботаника. Низшие растения Метод указания М. Изд-во, Моск ун-та,1983 с 35.
Лекцияның мәтіні :
Бұл бөлімге 25 мыңдай түр жатады. Олардың тамомы көп клеткалы жіп тәрізді, клеткаланбаған. Сары – жасыл балдырлар негізінен тұщы суларды, сиректеу тұзды суларда мекендейді. Олар планктондар, бентостардың маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар сары – жасыл балдырлар топырақта және тастық бетінде де өседі. Олардың клеткаларының қабықшалары протопектинді, целлюлозасы аз болады. Ядросы көп жағдайда біреу, клеткаланбаған түрлерінің ядросы көп болады. Хромотофорында хлорофилден басқа талломға сары – жасыл түс беретін каротиноидтар болады. Пиренойдтары болмайды. Артық қор заттары ретінде шыны майы, кейде лейказиннің және валютиннің түйіршіктері жиналады.
Вегетативтік көбеюі клетканың екіге бөлінуі арқылы немесе талломдардың бөлшектері арқылы жүзеге асады. Жыныстық процессі негізінен изогамиялы. Сиректеу оогамиялы болып келеді. Зооспоралары мен сперматозоидтарының ұзындықтары әртүрлі, екі талшығы болады : біреуі қысқа түзу, жылтыр, ал екіншісі ұзын және қауырсынды болып келеді.
Классификациясы. Бұл бөлім мынадай 6 кластан тұрады : ксантомонадалылар класы (Xanthomonodap hyceal), ксантоподалалылар класы (Хanthopodophyceal) kcantokan салылар класы (Хаnthocapsophyceal), ксантококкалылар класы (Хanthococcophyceal), ксантококкалылар класы (Xanthotrichophyceal), ксантотрихалылар класы (Xanthotrichophyceal), kcanto сифондылар класы (Хanthosiphonophyceal) осы 6 кластың ең үлкені және теориялық тұрғыдан маңыздысы ксантосифондылар класы.
Ксантосифондылар класы – Xanthosiphonophyceal.
Бұл класқа сифонды құрылысты яғни талломы леткаланбаған сары – жасыл балдырлар жатады. Негізгі туысының бірі Вошерия (Vaucheria). Вошерия туысы пигменттерінің құрамына және ассимиляциясының өнімдеріне қарай систематиктер бұл туысты жасыл емес бұрынғыдай сары – жасыл балдырларға жатқызды. Табиғи жағдайда бұл түр ақпайтын тұщы және ағын суларда, сонымен бірге суы тартыла бастаған су қоймаларының жағалауларында қара – көк түсті, жіп тәрізді талломдардың жиынтығын түзеді. Топыраққа ризоидтары арқылы бекініп тұрады.
Талломы клеткаланбаған, тармақталған, көп ядролы диск тәрізді көптеген ұсақ хромотофоралары болады. Жыныссыз көбейгенде жіпшесінің жоғарғы ұшында зооспорангий түзіледі. Оның ішінде көптеген екеу – екеуден жұптасқан талшықтары бар бір ғана зооспора жетіледі. Зооспора біраз уақыт суда жүзіп жүреді, содан соң талшықтарын тастап, тоқтайды да өсіп жаңа талломға айналады. Жыныстық процесі оогамиялы. Актеридни мен оогонийт бір клеткалы болады. Біраз тыныштық кезеңінен соң зигота редукциялық жолмен бөлінеді де өсіп жаңа особьқа айналады.
6-лекция
Тақырып : Диатомды балдырлар бөлімі - Diatomophyta
(1 сағат)
Жоспары :
1. Диатомды балдырлардың жалпы сипаттамасы
2. Көбеюі
3. Классификациясы
Пайдалынатын әдебиеттер :
а) негізгі
1. Комарницкий Н.А, Кудряшов. идр. Ботаника Систематика растений : учебник М. Просвещение, 1975 с.608.
2. Курс низших растений (под. ред.М. В. Горленко. М. Высш.школа. 1981 с 520).
3. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие. Петрозаводск изд.ПГУ 1992 с 111.
4. Абдрахманов О. Тµменгі сатыдаѓы µсімдіктер систематикасы Алматы мектеп 1972, 243б.
5. Абдрахманов О. Альгология, Ќараѓанды, Алматы 1997, 400б.
Достарыңызбен бөлісу: |