Ағымдағы бақылау ауызша, жазбаша, аралас сауалнамалардан, үй тапсырмаларын, тестілерді қорғау мен таныстырудан, пікірталастарға, форумдарға, дөңгелек үстелдерге қатысуды бағалаудан тұрады.
Тьютор-оқу сабақтарын жүргізетін және нақты пәнді меңгеру бойынша оқушының кеңесшісі ретінде әрекет ететін оқытушы.
Форум-пікір алмасуға арналған веб-бет, онда белгілі бір тақырып бойынша хабарламалар және оларға түсініктемелер орналастырылады. Форум-бұл сайттағы қарым-қатынас құралы.
2.15. Силлабус бойынша глоссарий:
Жеке оқу жоспары-жұмыс оқу жоспары негізінде жыл сайын білімгердің оқу жылына дербес жасаған құжаты, ол жазылған оқу пәндерінің тізбесін және кредиттер немесе академиялық сағаттар санын қамтиды; жеке оқу жоспары нақты білімгердің білім траекториясын көрсетеді.
Қорытынды бақылау-оқу жылының аяқталуы бойынша қорытынды аттестаттау кезеңінде оқу пәнін оқуды аяқтағаннан кейін өткізілетін білімгердің оқу жетістіктерін тексеру. Өткізу түрі емтихан болып табылады: ауызша, жазбаша, тестілеу.
Кейс -1. Білімгерге өз бетінше жұмыс істеу үшін берілетін әр текті тасымалдағыштардағы оқу материалдарының жиынтығы (баспа, аудио-, бейне-, электронды материалдар). 2. Өзіндік талдау үшін білімгерге ұсынылатын нақты тәжірибелік жағдайдың сипаттамасы.
Кейстік технология-қағаз, электрондық және өзге де тасымалдағыштарда оқу-әдістемелік материалдар жиынтықтарын (кейстерді) жинақтауға және оларды өз бетінше оқыту үшін білімгерге таратуға негізделген технология.
Контент (ақпараттық толтыру) - мәтіндер, графика, мультимедиа және сайттың басқа да ақпараттық маңызды толтырылуы.
Кредит (Credit, Credit-hour) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі. Бір кредит оқу жылы бойы бір апта бойы білім алушының аудиториялық жұмысының 1 академиялық сағатына тең. Дәрістік, тәжірибелік (семинарлық) және студиялық сабақтардың әрбір академиялық сағаты міндетті түрде білім алушының өзіндік жұмысының 2 сағатымен (СӨЖ) болады..
Достарыңызбен бөлісу: |