2.14. Сараланған сынаққа дайындалуға арналған сұрақтар:
2.15. Глоссарий:
Қашықтықтан білім беру - бұл білім алушылардың белгілі бір білім беру бағасына қол жеткізу және растау үшін қашықтықтан оқыту үрдісі іске асырылатын жүйе, ол одан әрі шығармашылық және (немесе) еңбек қызметінің негізіне айналады.
Жеке оқу жоспары-жұмыс оқу жоспары негізінде жыл сайын білімгердің оқу жылына дербес жасаған құжаты, ол жазылған оқу пәндерінің тізбесін және кредиттер немесе академиялық сағаттар санын қамтиды; жеке оқу жоспары нақты білімгердің білім траекториясын көрсетеді.
Қашықтықтан оқытудың ақпараттық технологиялары-оқу материалдарын электронды тасығыштарда жасау, беру және сақтау технологиясы; оқу үрдісін ұйымдастыру және ақпараттық - телекоммуникациялық технологиялары қолдану.
Қорытынды бақылау-оқу жылының аяқталуы бойынша қорытынды аттестаттау кезеңінде оқу пәнін оқуды аяқтағаннан кейін өткізілетін білімгердің оқу жетістіктерін тексеру. Өткізу түрі емтихан болып табылады: ауызша, жазбаша, тестілеу.
Кейс -1. Білімгерге өз бетінше жұмыс істеу үшін берілетін әр текті тасымалдағыштардағы оқу материалдарының жиынтығы (баспа, аудио-, бейне-, электронды материалдар). 2. Өзіндік талдау үшін білімгерге ұсынылатын нақты тәжірибелік жағдайдың сипаттамасы.
Кейстік технология-қағаз, электрондық және өзге де тасымалдағыштарда оқу-әдістемелік материалдар жиынтықтарын (кейстерді) жинақтауға және оларды өз бетінше оқыту үшін білімгерге таратуға негізделген технология.
Контент (ақпараттық толтыру) - мәтіндер, графика, мультимедиа және сайттың басқа да ақпараттық маңызды толтырылуы.
Кредит (Credit, Credit-hour) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі. Бір кредит оқу жылы бойы бір апта бойы білім алушының аудиториялық жұмысының 1 академиялық сағатына тең. Дәрістік, тәжірибелік (семинарлық) және студиялық сабақтардың әрбір академиялық сағаты міндетті түрде білім алушының өзіндік жұмысының 2 сағатымен (СӨЖ) болады..
Достарыңызбен бөлісу: |