Силлабус пәннің ОҚу бағдарламасы


Гипотезаны құру барысында мына жайттарды ескеру қажет



бет33/48
Дата31.08.2023
өлшемі153.84 Kb.
#476344
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48
умкд Академиялық хат

Гипотезаны құру барысында мына жайттарды ескеру қажет.
- Логикалық түрде сенімді болуы. (Жұмыссыз жүрген ересектерді елімізге қажетті мамандықтар бойынша қайта дайындықтан өткізсек, оларға жұмыс орындары табылып, жұмыссыздық саны азаятыны логикалық тұрғыдан түсінікті).
- Сенімді ақпараттардың болуы. (Жұмыссыздық саны арнайы сенімді статистикалық дереккөздерінен алынып, оны дәлелдейтін ақпарат көздерінің сенімді болуына толық көз жеткізу).
- Тексерілетіндей болуы. (Жұмыссыз ересектерге арналған арнайы курстар ашылғанға дейінгі жұмыссыздық саны курстары ашылып, олардың білім алғаннан кейінгі жұмыссыздық саны қайта есептелуі тиіс, яғни курстар ашылғаннан кейін жұмыссыздық саны азаяды ма?).
Кейбір ғылыми еңбектерде гипотеза нөлдік болжам мен ғылыми болжам негізінде құрылады. Нөлдік гипотеза - осы кезеңге дейін қалыптасқан тұжырым немесе қандай да бір жайттардың өзара байланысы бар деген болжам. Ал, зерттеушінің жұмыссыздық санын азайтуы үшін тексеруге бағытталған болжам, «Балама гипотеза» деп аталады және ол - зерттелетін (ғылыми) гипотеза. Гипотезаны статистикалық талдау ғылыми немесе нөлдік гипотизаны шығаруға негізделеді.
Гипотезаны құру үдерісін қарапайым мысалмен былай сипатталады.
Зерттеу сұрағы: Темекі тарту ерлер мен әйелдерге қалай әсер етеді?
Әдебиеттерге шолу - темекі тарту ерлерге қарағанда әйелдерде жүйке жүйесін көбірек зақымдайды.
Көрсеткіштер: тәуелсіз көрсеткіш – темекі тартатындар, темекі тартпайтындар, тәуелді көрсеткіш – зақымданған әйелдердің жүйке жүйесі.
Жалпы гипотеза - темекі ерлер мен әйелдердің жүйке жүйесіне әсер етеді.
Бағытты гипотеза - темекі ерлерге қарағанда әйелдердің жүйке жүйесіне үлкен зиянын тигізеді.
Болжам жасау: Темекі тартқан әйелдердің жүйке жүйесі темекі тартатын ерлерге және темекі тартпайтын әйелдер мен еркектерге қарағанда қатты зардап шегеді.
Зерттеу жұмысына байланысты алынған гипотеза тексеріледі. Статистикалық шешім шығару үшін мәліметтерге талдау жасау. Мәселен, университетте 5000 студент бар болса, солардың тек 500 студентті ғана зерттеу жұмысында қамтылуы тиіс. Сондықтан, гипотезаның сенімділік деңгейі болуы тиіс. Сенімділік деңгейі - жасалған тұжырым бойынша тиімділікті анықтайды. Әдетте, зерттелген жұмыс нәтижесі 98% болуы мүмкін және осы арқылы маңыздылық деңгейі анықталады.
Бұл былайша есептеледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет