69
лігі тӛмендеді. Бұл кӛшпенділердің оңтүстікке және батысқа қа-
рай жаппай кӛшуінің себептерінің бірі болды.
Отырықшы халықтардың егіншілікпен айналасуының бары-
сында ормандарды ӛртеп, қырқу арқылы егістік жерлер (алқап-
тар) дайындалды. Мысалы, Кӛне
мәдениет орталығы Жерорта
теңізі жағалауы елдерінде, Кіші Азия мен Месопотамияда ор-
мандарды
жаппай қырқып, жою нәтижесінде аталған террито-
рияларда шӛлейттену процесі жүріп, аймақтың аридизацияла-
нуы, топырақтың эрозия және деградацияға ұшырауы күшейе
түсті. Африка мен Индияда тропикалық ормандар кӛлемінің
азаюы саванна аймақтарын кеңейтті.
Орталық Азия мен
Солтүстік Америкада мал шаруашылығын қарқынды дамыту –
жылжымалы бархан құмдарының пайда болуын туындатты.
Географиялық сапарлар жасау және жаңа жерлерді ашу, оларды
игеру кезеңдерінде кӛптеген ӛсімдіктердің тұқымы тасымалда-
нып, олар жаңа аймақтарда тез таралып, кӛбейіп кетті. Адамзат-
тың табиғатқа, соның ішінде ӛсімдіктер әлеміне әсері қоғамдық
формациялардың дамуына, ғылымның дамып, техникалық мүм-
кіншілігінің артуына және демографиялық дүмпуге, яғни адам-
дар санының күрт ӛсуіне тікелей байланысты.
Адамзаттың табиғатқа, соның ішінде ӛсімдіктер
әлеміне
әсері:
ойлаусыз жасалынған және
саналы түрде жасалынған
әсерлер болып бӛлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: