Ӛсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер биоәралуандылығЫ



Pdf көрінісі
бет37/80
Дата22.09.2022
өлшемі1.09 Mb.
#461128
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80
abdrahmanov3

айналу системасы. Сҥт қоректілердің сол жақ қарыншадан 
шығатын бір ғана сол жақ қолка доғасы болады. Қолқадан кететін 
басты артериалық тамырлар тҥрліше бағытта тарайды. Нерв 
системасы. Сҥтқоректілердің миы басқа жануар-лардың миымен 
салыстырғанда әлде қайда ҥлкен болады. Ол мишық пен алдыңғы 
ми сыңарларының кӛлемді болуына байланысты. Алдыңғы мидың 
дамуы негізінен оның қақпағының ми кҥмбезінің ӛсуімен 
байланысты. Сезім органдары. Сҥт қоректілердің иіс сезу 
органы ӛте жақсы жетілген және тіршілігінде ҥлкен роль 
атқарады. Есту органы сҥтқоректілердің кӛпшілігінде ӛте жақсы 
жетілген. Оның қҧрамына тӛменгі сатыдағы кластың ӛкілдерінде 
болатын ортаңғы, ішкі қҧлаққа, жаңа екі бӛлім: сыртқы дыбыс 
жолы, 
қҧлақ 
қалқаны 
енеді. 
Қҧлақ 
қалқаны 
кейбір 
сҥтқоректілерде (киттерде, ескек аяқтылардың кӛпшілігінде, жер 
астын мекендейтін кӛртышқандарда т. б.) болмайды. Кӛру 
органдары. Сҥтқоректілердің кӛру органдарының қҧрылысында 
ерекше ӛзгешелік болмайды.Кӛру органдарының жануарлардың 
тіршілігінде қҧстармен салыстырғанда аса маңызы жоқ.
Зәр шығару системасы. Басқа амниоттардікі сияқты сҥт 
қоректілердің бҥйрегі де мықын бҥйрегі деп аталады. Анамнияға 
тән дене бҥйрек сҥт қоректілерде- эмбриональдық даму кезінде 
болады да, кейін жойылып кетеді, Жыныс органдары. 
Сҥтқоректілерде аталық жыныс бездерінің пішіні сопақша 
болады. Кейбір сҥт қоректілерде: клоакалыларда, пілдерде, мҥкі 
тістілерде, кит тәрізділерде т. б. аталық безі ӛмір бойы дене 
қуысында болады. Аталық жыныс безіне тҧрқы бойына беттесе 
орналасқан — ен сағағы болады. Ен сағағы аталық жыныс безінің 
ӛнімін сыртка шығаратын кӛптеген иректелген каналдардан 
тҧрады. Ен сағағынан, вольфов каналының гомологы — қос 
тҧқым жолы шығады. Жҧп аналық жыныс безі дене қуысының 
арқа жағында қҧрсақ қуысының шарбысына бекіп тҧрады. Бір пар 
жҧмыртқа жолының алдыңғы ҧшы, аналық жыныс бездерінің 
маңынан келіп ашылады.


54 
Негізгі әдебиеттер:  28, 29, 30, 31. 
Қосымша әдебиеттер:  66-69, 72, 73-78, 80-82. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет