сынып Аптасына – сағат, жылына – 34 сағат


Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар



бет13/13
Дата04.10.2023
өлшемі60.48 Kb.
#479769
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Жеті тыйым қиссалар

Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
1.Бөтен адамды малдың ортасына кіргізбейді – малға көз тиеді
2.Жас мал төлдегенде үйге қарыз сұрап келгендерге ештеңе бермейді – жас төлдің құты кетеді.
3.Буаз малды төлдер алдында, өрістен қайтқанда, өріске айдарда қуаласа, өз мерзімінен бұрын төлдеуі мүмкін. Мұны «іш тастау» дейді.
4. Қой қоздағанда шуын жерден айыруға болмайды; оны сүйретіп апарып тастайды, әйтпесе қозы қашаған болады. Әрі шуын жеп қойған мал тумай қалады.
5.Мал туып жатқанда жанында адам тұрса, төлін қызғанып, өлтіріп тастауы мүмкін.
6. Малшы көктем уақытында дала­ға жалаң аяқ, жалаң бас шықса, отарына суық тиіп ауырады.
7.Ұрлық жасаған, өтірік айтқан адамға мал бағуга болмайды, мал­дың берекесі кетеді.
8.Тұмса малдың алғашқы сүтін ешкімге бермейді; сүтті болса, оны бөтен адамға айтып мақтамайды, себебі сүті қайтады.
9.Мал иесі немесе оның отбасында адам қайтыс болғанда, мал сауыл­май­ды, төлін ағытып жібереді
10.Мал әбзелдерін лас жерге, аяқ астына тастамайды. Оларды арнайы орынға іліп қояды.
11. Мал ұстайтын құралдарды (құрық, бұғалық т.б.) аттамайды. Мал ұстайтын құралдар киелі болып сана­лады.
12. Мал ұстайтын құралдарды тік көтеріп жүруге болмайды, олардың ілгегін қолға іліп, жерге сүйретіп жүре­­ді.
13. Мал байлайтын арқанды, жіпті, көгенді т.б. аттамайды.
14.Қой қырқатын қайшыны иесіне «мұны мен емес, жер беріп отыр» деп ойлап, жүнге орап қайтарады. 15.Қайшыны қолға бермейді, жерге қою керек. Екінші адам оны сол жерінен алады, әйтпесе қайшы қойдың терісін кесіп кетеді.
16. Малдың алдынан бос ыдыспен шықса, сүті азаяды.
17. Жолға жургелі тұрған ат құмалақ тастаса - жолдың оңга бастағаны, олжалы болмақ. Қуаныш сыйлайды деп ырымдалады.
18. Жайшылықта мініс атының жал-құйрығы күзелмейді. Себебі ат иесі өлсе- оның мініс аты тұлданып, жал-құйрығы күзеледі, қаралы күйге келтіріледі. Сондықтан жайшылықтағы мініс ат сондай күйде көрінбесін дегені.
19. Ауылдан атқа мініп аттанғанда артынан ит ере шықса, қуалап зорлықпен кері қайтармайды. Өйткені ит иесіне опадар. Мүмкін жолы болар деп, жақсылыққа жориды.
20.Мал қораның ішінде немесе сыртында ысқырмайды.Бұл жамандық шақырма дегенді білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет