ШАШ ЖАЮ – ҚАЙҒЫНЫҢ БЕЛГІСІ (Қазақ қызы ешқашан шашын жайып жүрмеген!)
Баяғы заманда шаңырағының тірегі – ерінен, арқа сүйенер азаматынан айырылған әйелдер шашын жайып, жоқтау айтқанын бүгінгі жастар біле ме? Егер білсе қазіргі қыздарымыз, әйелдеріміз неге шаш жаюға құмар? Неге жартылай жалаңаштануға әуес? Бұл дінсіз батыс қоғамының қоқысқа толы «мәдениетіне» еліктеушілік емес пе? Мәдениет деп біз неге олардың ғылымын, технологиясын алмаймыз? Нағыз мәдениет деген осы емес пе? Әлде мәдениет - шаш жайып, жартылай жалаңаштанып жүруде ме?
Қазіргі таңда қоғамымызда байқап жүргеніміздей жайылған шаштан аяқ алып жүре алмайтын болдық. Кейде қонаққа барған кезімізде, тіпті ең атақты деген ірі мейрамхана, кафелердің өзінде тағамның арасынан әйел шашының өріп жүргенін көріп те, байқап та жүрміз. Мұны қай жағынан алып қарасақ та, яғни ақылға да, тазалыққа да кереғар іс екендігін көру еш қиын емес. Кейде тіпті көшеден осындай жалбыраған (жайылған) шашты қаракөздерімізді көргенде не күйеуі, не болмаса бір жақыны қайтыс болып кеткен шығар деп те ойлап қаласың… Біз неге осыншама дінімізден ұзақтадық? 12 ғасыр бойы мұсылман болған ел екендігімізді бірі білсе, бірі білмес. Алайда дана хәкім Абайлардың, Құнанбай, Шәкәрімдер мен Мәшһүр Жүсіптердің, күйші Динадай асыл әжелеріміз бен ұлы дала батырлары Жәнібек пен Керейдің ұрпағы екендігімізді неге ойламаймыз? Неге бір уақыт зер салып, ақыл жүгіртпейміз? Олар кімдер еді? Олар нағыз 5 уақыт намазын қаза қылмай, әуретін жауып, елін-жерін шын сүйетін шынайы момын мұсылмандардан еді…
От, Ай, Күнге қатысты ырымдар Алла тағала адам баласы жарық көрсін, жылу алсын деп күн мен айды жаратқан екен. Ал ертедегі қазақтар көшіп-қону, малды төлдету, емшілік, ораза ұстау, ауыз ашар, намаз оқу, ауа райын болжау – бәрін де күн мен айға байланысты тындырып отырған.
Жаңа туған айды көргенде: «Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке!», – деп бет сипаған. Үлкендер күнге, айға және құбылаға қарап дәрет сындыру Аллаға тәніңді көрсеткенмен бірдей деп тыйым салған.
Қазақтар отты ең жоғарғы, қасиетті нәрсе деп санаған. Үй иесінің «Отағасы», әйелін «Отана» деп санауда да үлкен жылылық жатыр. Отбасы аман, берекелі, ынтымақты болсын деп тілейді. Жас түскен келін босағаны аттамастан бұрын отқа май салып, «От ана жарылқа!» деп тілеген. Отты шашу, отқа түкіру – отбасының берекесі кетсін, отағасы мен отана халықтан қарғыс алып, ел беттеріне түкірсін деген жаман ырым.
Ертедегі қазақтар малдары төлдеп болғанша, жас баланың кіндігі түскенше басқаларға от бермеген, үйден от алып шықпаған.
Бұлақтың тұщы суы былай тұрсын, шөл қысқан кезде ағып жатқан өзен, теңіз суларымен де таңдай жібсітіп, өмірін сақтаған. Бұрынғылар «су ішкен құдығыңа түкірме» деп, кейбір ерсі сөйлеп, тәкаппарлық жасаған, қонысын өзі менсінбегендерге айтқан. Қара суды сапыру – «ішерге ас қалмады» деген жаман ырымды шақыру. Біреуді қарғаса: «Қара қазанның қасында қара су сапырып қалғыр» деп сөйлеген.
Қазақтар жас босанған келіндерін түн ішінде «ауырып қалады» деп суға жібермеген. «Құдықтан су тарту – белін тарту» деген нанымда болған. Яғни «құрсақсыз қалады» деп жаман ырымға балаған. Кейбіреулер «ананың сүті қайтып кетеді» деген. Жалпы ұлттық ғұрыпта түн ішінде су алуға құдыққа не бұлаққа барғанда: «Бисмилләһир-Рахманир-Рахим, Су иесі Сүлеймен, су алуға рұқсат ет», – деп бақыр тиынды, не күні бұрын жуып-тазалап қойған майда тасты суға тастайды да содан кейін шелектерін суға батырған екен.
Су туралы бір аңызда жас келін асыға келіп су алғанда, шелегі қанға толып шыққан десе, енді бірінде шелегін суға сала бергенде су перісі қолын ұстап қалыпты дейді.
Қазақтар судың тіршіліктегі маңызын біліп суды үнемдеп ұстауды, «бұлақ көрсең көзін аш» деп ертеден балаларына айтып келген. Ал қазіргі өмірде су құбырларынан бостан-бос ағып жатқан тіршілік нәрін немесе су құбырын балалардың ойыншыққа айналдырып жатқанын көрсек те жақ ашпай, қастарынан өте шығамыз. Тіпті моншаға жуынуға барған бала түгілі үлкендердің суды рәсуа етіп жатқанын көріп, «шіркін-ай» ертедегі өткен бабалардың: «Судың да сұрауы бар» деген тәрбиелі сөзін моншаның кіреберісіне неге қағып қоймайды екен?» деп те ойлайтынымыз шынды