сынып Аптасына – сағат, жылына – 34 сағат


Адамның іс-әрекетіне тыйымдар



бет7/13
Дата04.10.2023
өлшемі60.48 Kb.
#479769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Жеті тыйым қиссалар

Адамның іс-әрекетіне тыйымдар
Адамға қарап керілмейді, әдепсіздік болып саналады.
Тырнақ тістесе, ырыс-несібе кетеді.
Жатқан кісінің үстінен аттамайды.
Жақты таянбайды. Қайғы-қасіреттен, әбден қажыған адам ғана жағын демеу етіп таянады.
Бетті басуға болмайды. Қайғыдан қажыған адам ғана бетін басады.
Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауырған кісі тартады.
Жуған қолды сілкісе ырыс-несібе кетеді
Киімге қатысты тыйымдар
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді.
Тозбаған киімді тастауға болмайды.
Киімді сілкіп киген жөн, өйткені киімге жабысқан улы жәндіктер болса, ұшып түседі.
Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Жаман ырым.
Киімнің жағасын басуға болмайды.
Бас киімді теріс киюге, лақтыруға болмайды. Бас киімді әрқашанда таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес, төрге ілу керек.
Қыз бала басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара –қайғының белгісі болып саналады.
Садақаға киім берсе, оның түймесін қиып алады.
Қоршаған ортаға байланысты тыйымдар
Көкті жұлса көктей соласың.
Суға түкірмейді.
Құстардың ұясын бұзуға болмайды. Қарғаса, үй-ішіңе кесапаты тиеді.
Құмырсқаның илеуін бұзба.
Төрт түлікке қатысты тыйымдар
Мал қораның сыртында, болмасы ішінде ысқырмайды.
Жас мал төлдегенде үйге қарыз сұрап келгендерге ештеңе бермейді.
Малдың алдынан бос ыдыспен шықса, сүт азаяды.
Малға дауыс көтеріп ұрсуға, ал атты ауыздықпен ұруға болмайды.
Түнде мал санамайды және ешкімге бермейді
Отқа қатысты тыйымдар
Отты шашуға, атуға, басуға болмайды. Отбасының берекесі кетеді.
Отқа түкірмейді.
Отты су құйып өшірмейді, өйткені қайта тұтатуға қиын болады.
Түнде күл шығармайды.
Күл төгілген жерді баспайды. Себебі барлық жаманшылық күлмен кетеді, оны басу сол жаманшылықты үйіне әкелгенмен бірдей.
Үй тұрмысына қатысты тыйымдар
Үйге кіргізілген отынның артығын шығарып тастамайды.
Үйді айналып жүруге, жүгіруге болмайды. Бұл жамандықты шақырма дегенді білдіреді.
Шәугім, аққұманның шүмегін есікке қаратып қойса, ырыс-несібе кемиді.
Сыпырғышты төрге қоймайды. Бұл үй ішіндегі жаманшылық, ауру-сырқау сыпырғышпен босағадан шықсын, төрге жоламасын деген ниетпен туған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет