Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі


Ата- аналар жинлысының құрылымы



бет3/4
Дата01.07.2016
өлшемі472 Kb.
#169755
1   2   3   4

Ата- аналар жинлысының құрылымы

Ата-аналар жиналысын өз уакытында бастауды қатаң сақтау керек. Ең ұзақ деген жиналыстың өзі шамамен 1-1.5 сағаттан аспағаны дұрыс.

1. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі — 5 минут.

2. Ата-аналармен жүргізілген сауалнаманы талдау (сынып жетекшісі, психолог. мұғалім), қарастырылатын мәселені айшықтай түсу үшін 5-7 минут.

3. Такырып бойынша сөйлеу; шақырылған маман немесе сынып жетекшінің өзі. Сол нақты дәл тұжырымдалған, түсінікті болуы тиіс —5-15 минут.

4. Мәселені ата- аналармен бірге талқылау —20 минут.

Алдымен жағымды нәтижелерден бастау керек Талдау ата-аналармен бірлескен жұмыс арқылы жағдайды түзеуге болатынына көздерін жеткізетіндей, сенімді түрде айтылғаны жөн.

Қорытындылау барысында сынып жетекшсі ата-аналарға бірлесіп жұмыс жасағандары үшін алғысын білдіріп, рахмет айтуы тиіс және оқуында не тәрбиесінде қиындықтар туғызып жүрген балалардың ата-аналарын 1 минутка кідіре тұруын сұрайды да, жеке-жеке әңгімелеседі.



Бастауыш сатыда өткізілетін ата-аналар жиналысылын үлгі тақырыптары:

1-сынып


1. Бастауыш мектеп жасы. онын ерекшедіктері

- Бастауыш мектеп жасындағы окушының физиологиялық ерекшеліктері.

- Баланың оқуға келгенде сұраныстарының қатынас құру формаларының өзгерілуі бірінші сынып оқушысының мінезі, қызығушылықтары.

- Баланың жеке дара ерекшеліктері (отбасының әлеуметтік паспортын толтыру)

2. Балаларды оқуға қалай үйрету керек;

- Кіші мектеп жасындағы оқушыны оқыту психологиясы. Кіші мектеп жасындағы оқушының танымдық процестерінің ерекшелікіері Зейін мен естің ерекшеліктері;

- Бастауыш сыныптарда мектеп білімінің мазмұны;

-Оқу материалын меңгерудегі жеке қиыншылықтар;

3. Оқушының үйде және мектептегі дене тәрбиесі Оқушы өмірінің табиғи ритмі. Күн тіргтібін қалыптастыру негіздері. Бірінші сынып оқушысының күн тәртібі. Баланың денсаулығын нығайтудағы қимыл ойындарының ролі. Әр іске - белгілі уақыт.

4. Кіші мектеп жасындағы оқушы өмірінде ойын мен еңбектің ролі.

- Ойын мен еңбек — кіші мектеп жасындағы оқушының іс-әрекет түрлері. Баланың еңбегіне қойылатын педагогикалық талаптар;

- Бірінші сыныптағы еңбекке баулу пәнінің бағдарламасы ерекшеліктері.

- Окушының отбасындағы еңбегі. Сүйікті іс-әрекеттері;

5. Оқушылармен бірге ұйымдастырылған қорытынды ата-аналар жиналысы.

- Осы жылы нені, неге үйрендік. Оқушылардың жетістіктері;

- Марпаттау;

- Концерт;

2-сынып


1. Дені сау ұрпақ тәрбиелеудегі отбасы мен мектепттің ролі.

- Медициналық тексеру қорытындысы;

- Мектептегі оқу іс-әрекетінің бала ағзасына әсері;

- Мектепте және үйдегі тамақтану тәртібі;

2. Кіші мектеп жасындағы оқушыда рухани, мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу

- Отбасында және үйде кіші мектеп жасындағы оқушыда мәдениетті жүріс-тұрыс тәрбиелеу әдіс-тәсілдері;

- Баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

-"Өзіне және өзгелерге жақсы өмір сүру үшін не істеу қажет?" - оқушылар ережесі.

3. Кіші мектеп жасындағы оқушының дамуындағы оқу ролі

- Бала өміріндегі кітаптың орны. Отбасында, мектепте оқу барысына басшылық ету. Оқуға деген қызығушылықты арттыру. Оқу талғамын тәрбиелеу.

- Балалардың кітаптарды қабылдау ерекшеліктері. Оқылған кітаптардың әсері. Ата-ананың оқылған кітаптың мазмұны бойынша батасымен әнгімелесуі. Баланың сөздіқ қорын байыту. Кіші мектеп жасындағы оқушыларға арналған әдебиеттермен таныстыру.

4. Балаларымыздың жасырын әлемі.

- Оқушының бос уақыты. Анкеталарды сараптау;

- Ананың көнілі балада, баланың көңілі далада;

- Балалардың жазғы демалысын дұрыс ұйымдастыру жолдары;

5. Қорытынды жиналыс.

- Оқу жылының қорытындысы;

- Марапаттау;

- Концерт. Ойындар;

3- сынып


1. Әр түрлі жас кезеңдеріндегі баланың тұлғасын қалыптастыру ерекшеліктері.

- Баланың жас ерекшеліктерін, дара ерекгеліктерін білу;

- Балаларда жақсы әдеттер тәрбиелеу;

- Жаңа оқу жылына қойылатын масат-міндеттер;

2. Сынып ішіндегі балалардың қарым-қатынас психологиясы.

- Дос, достық туралы анкеталарды сараптау;

- Кіші мектеп жастағы балалар арасындағы өзара көмек пен өзара сыйластық;

3. Отбасының бала тәрбиелеудегі ролі.

- Отбасындағы тәрбие ахуалы. Ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың, материалдық жағдайдың балараға әсері;

- Отбасы тәрбиесінде кездесетін қиындық пен қателер, олардың себебі жою жолдары;

- Ата-аналарға өсиет;

4. Сөздің тәрбиедегі ролі. Отбасындағы тәрбиелеу әдістері.

- Баланың өмірін ұйымдастыру;

- Мақтау;

- Педагогикалық ситуациялар;

5. Бала балалық шақтан қалыптасады.

- Кіші мектеп жасындағы оқушының мінез-құлық қалыптасу ерекшеліктері;

- Кіші мектеп жасындағы балалардың өз-өзін тәрбиелеу бағдарламасы; Осы бағдарламаны іске асырудағы ата-аналар көмегі.

6. Мектептегі, отбасындағы эстетикалық тәрбие.

-Эстетикалық тәрбиенің мектептегі ойлау, еңбек, дене тәрбиесімен байланысы;

- Балаларды өнср түрлеріне баулудағы ата-аналар ролі. Балалардың сабақтан тыс уақытын өткізу;

- Біздің шығармашылығымыз, Балардың өнерін тамашалау;

4-сынып

1 Бастауыш мектептегі соңғы оқу жылы.



- Жаңа оқу жылының тәрбиелік бітімділік мақсат-міндеттері;

- Кіші мектеп жасындағы оқушының интеллектуалдық мүмкіцдіктеріне және ойлау дамуына қазіргі көзқарас;

- Оқушылардың ойлау тәрбиесінде отбасы ролі. Ата-аналардың балаларының үй тапсырмасын орындауын бағалау әдістемесі;

2. Балаңыз қандай болып өсіп келеді?

- Оқыту және тәрбиелеу психологиясы. Оқушылардың жеке ерекшеліктері.

- Теледидар: иә — жоқ. Балаларымыз не көреді, олардың психикасына қалай әсер етеді;

3. Әке-шеше — бірінші тәрбиешілер.

- Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі әсері.

- Ананың, әкенің отбасындағы ролі. Қыздары мен ұлдарына әкенің әсері.

- Ата-аналардыңөз-өзін тәрбиелеуі;

4 Әкем, шешем. мен - тату отбасымыз.

-Ата-аналардың хоббиі;

-Отбасылық тағамдармен таныстыру;

- Біріккен ойындар. Викториналар;

5. Қорытынды мерекелік жиналыс "Қош бол, бастауыш мектебІм!"

- Бастауыш сыныпта нені, неге үйрендік. 5 сынып жетекшісімен таныстыру.



Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері.

Ата-аналардың өз балаларының жан-дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісінің ата-аналармен педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттелінеді.

Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болуда. Ондағы көзделген мақсат ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде, сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай, ата-аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылыктарға кездеседі. Сондықтан да олар мұғалімнің ақыл-кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл-кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата-аналарға ғана қажет емес, сонымен бірге отбасы тәрбиені ата-аналарға да керек. Себебі, қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан ата-аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалы білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егер де мектеп пен ата-аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімнің ата-аналармен кездесуін ата-аналар жиналысын ұйымдастыру, ата-аналар комитетін құру, ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, мәслихат өткізу сенімді жұмыстар барысында атқарылады.

Ата-аналармен жеке кездесу

Сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған. Оқушылардың отбасына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі. Ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, отбасы мүшелерімен, жолдастарымен қарым-қатынасы жайлы түсінік алады. Сонымен бірге сынып жетекшілері ата-

аналарды балаларының үлгерімі қоғамдық жұмысқа белсенділігі, кейбір қылыктары туралы мәліметтермен таныстырады. Оқушылардың күн режімі, оларды еңбекке баулу, үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата-аналарға педагогикалық кеңес береді.

Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің дс маңызы өте зор. Ата-аналармен әңгімелесу мазмұны әртүрлі тақырыптарға байланысты. Мәселен, бала жақсы оқыды, тәртібі де жаман емес, бірақ қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуға ынтасы жоқ. Бұл жөнінде ата-аналарды күн бұрын ескерту, оларға дұрыс кеңес беру өте кажет. Ғылымның кейбір салаларда баланың дарындылығын дамыту мәселесі жайлы, ал кейде ата-аналарды баланың өрескел қылыктары үшін де шақыруға тура келеді.

Міне, осы жағдайларға ата-аналармен кездесіп, оларға педагогикалық кеңес беру сынып жетекшілерінің, мұгалімдердің, мектеп басшыларының борышы, нақты көмегі. Мектепте кездесу үшін ата-аналар күні белгіленеді. Осы күні олар мектепке келіп, тәрбие оқу мәселелері жайлы пікір алысады, қажетті педагогикалық кеңестер алады.
Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата-аналар комитеті мен ата-аналар белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата-аналар жиналыстарында оқу-тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары бекітіленеді. Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарды сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата-аналар комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады.

Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты ата-аналарды психологиялық-педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту.

Мұғалімдердің басшылығымен оқушылар көркем-өнерпаз үйірмесінің мүшелері ата-аналар алдында өнер көрсетеді.

Ата-аналар жиналысында балалардың үлгерімі мен сабаққа қатынасы, тәртіпсіздіктері, оқудағы үлгермеуі жөнінде ақпарат беріп шектелместен, келеңсіз құбылыстардың алдын алу жағдайларына орай нақты шаралар жолын сөз еткен пайдалы. Ата-аналар жиналысын құрғақ уағыз бен кейіп-сөгу, оқушымен оның отбасын әшкере ету де сынып жетекшісіне жараспайды.

Ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты жақындатудың бір жолы баланың әке-шешесін мектепке шақырып, сабаққа қатыстырып, оқушы үлгерімі мен тәртібін хабардар етіп тұру. Бірақ, мұндайға себеп болатын бір келеңсіз жағдайдан гуманист сынып жетекшісінің аулақ болғаны жөн. Мысалы, әміршіл-әкімшіл жүйеден босай алмаған мектепте ата-аналарды мектепке шакырудың себебі біреу-ақ: оқушы тәртібі мен үлгерімінен қанататтанбаушылық, ал сылтауы-нақты факт. Ал осындай ата-аналардың көңіліне тиіп, ашу-ызаға бұлықтыратын мұндай шақырулар оларды мектептен бездіреді, мектеп-баладан безінеді.

Қызметтестік педагогикасын ұстанған мектепте келесідей ереже қалыптасқан: әрбір әке не шеше міндетті түрде аптасына бір рет мектептен хабар алып тұруы. Мұндай да кезекті мектепке келу алдынан болған оқушының қандай да болымсыз әрекеті қалыпты қабылданып, жалпы ұнамды фонда аса қатерлідей, ата-ана жанына батқандай сезілмейді осындай формада жүргізілген жұмыспен мектеп, сынып жетекшісі ата-аналарға өз балаларының тәрбиесімен жүйелі айналысуға көп септігін тигізеді, әрі осындай тәрбиелік іспен тұрақты шұғылдануға үйретеді. Әлбетте, мұндайда сынып жетекшісінің жүктемесі ауырлайды: әр күні ол 3-4 ата не анамен қатынас жасауына тура келеді, дегенмен бұдан түсер пайда отбасы үшін де, мектеп үшін де орасан. Уақыт озуымен ата-аналардың мектеппен хабар алып тұруының тұракты «кестесі» қалыптасады, ал бұл барша оқушылардың-үздіктердің де, үлгермейтіндердің де. тәртіпсіз не тәртіптілердің де жалпы оқуы мен қылықтарының жақсара түсуіне ұнамды ықпал жасайды.

Сынып жетекшісі өз тәрбиеленушілерінің үй тұрмыстық жағдайларымен, үйдегі тәрбие жөнімен жақыннан танысуы үшін отбасынан хабар алып тұруы-міндетті істердін бірі. Үйдегі жалпы ахуал, отбасы мүшелері арасындағы үлкенді-кішілі қатынастар тәжірибелі ұстаға көп нәрседен ақпарат береді. Оқушы отбасының босағасын аттауды сынып жетекшісі аса әдептілік сақтап, келесі ережелерге бағынғаны өте қажетті:

- шакырусыз бармаңыз, қандай да жолмен болса да ата-ана рұксатын алуға тырысыңыз;

- отбасының ересек мүшелерімен әңгімелесуде аса жоғары әдептілік мәдениетін сақтаңыз, әркашан әңгімені көңілге жылу беретіндей сөздермен, мақтаумен бастаңыз;

- оқушыңыз үлгерімі не тәртібі жөнінде арыз айтуды тіпті де естен шығарыңыз, ойыңызда болса, ондай жағдайларды үлкен, маңызды проблемалармен жанамаластырып шешу жолдарына кеңес айтыңыз;

- әңгімелесу кезінде оқушыларыңыз қастарыңызда болғаны жөн, ата-анамен көзбе көз сөйлесулерді аса қажетті жағдайда ғана қоланыңыз;

- ата не анаға мін тағудан сақтаныңыз:

- оқушы тағдырына жаныңызбен ортақ екпініңізді білдіруге тырысыңыз;





Ата-аналар жұртшылығының тұрақты органы ата-аналар комитеті.

Ол мектеп ұжымымен бірге жұртшылықтың көмегін пайдалана отырып, оқу-тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудың шараларын жасайды, оларды іске асырудың барлық мүмкіншіліктерін қарастырады. Ата-аналар комитеті айналысатын басты мәселелер: мектеп және сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын, семинарларын өткізуге көмектесу; университетке ата-аналарды тарту, қатысуларын бақылау; үлгірмейтін және

«қиын» балаларды шефке алу, сынып жетекшілеріне көмектесу; үйірме ұмыстарын басқару; балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру; экскурсияларды, қатарды, ұйымдастыруға қатысу; мектеп үйін жөндеу т.б.

Ата-аналар комитеті мүшелерінен және ата-аналар белсенділерінен тұрақты комиссиялар құрылып, олар мектеп жұмысының кейбір түрлерін педагогикалқк ұжым мүшелерімен одақтасып бірге басқарады. Мысалы, оларға оқу-тәрбие жұмысы, педагогикалық насихат, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек, мәдени көпшілік жұмысы т.б. жатады.



Ата-аналар белсенділерімен жұмыс

Белсенділер мектептің барлық жұмысына қатысады, ата-аналармен қарым-қатынас жасайды, пікір алысады, оларға көмек көрсетеді, ата-аналар конференциясын және жиналыстарын, оқушылардың үйірмен жұмыстарын өткізуге көмектеседі, еңбек тәрбиесін, қоғамдық пайдалы жұмысты және өнімді еңбекті ұйымдастыруда өз үлесін қосады. Жеке отбасымен жұмыс істейді, бала тәрбиесіне салқын және жауапсыз қарайтын ата-аналарға ықпал жасайды, кейбір, әсіресе қиын балаларды шефке алады, оларға қажетті көмек көрсетеді.

Ата-аналар белсенділері мұғалімдер ұжымының үлкен тірегі. Сондықтан, мектеп басшылары, ата-аналар белсенділерімен арнайы жұмыстар жүргізеді. Олар үшін семинарлар, коллоквиумдар ұйымдастырып, тәрбие үрдісі мен ұстанымдары, әдістері мен тәсілдері, баланың жасына қарай дене және психикалық даму ерекшеліктері жайлы теориялық және практикалық біліммен белсенділер мүшелерін қаруландырады.

- кеңестеріңіз бен ұсыныстарыңызды ата-ана мойнына таға салуға тырыспаңыз, өз талаптарыңыз бен отбасы мүмкіндіктері сай келетін болсын;

- бірлікті атқарылатын жобалар ұсыныңыз, екі талаптың бірдей қатысып, орындалу мүмкін істер жөнінде келісіңіз;

- негізсіз уәде беруден тартыныңыз, қандай да күрделі жағдайларда ұстамды болыңыз, бәрі де жақсы болып кетеріне сенім, ниет білдіріңіз;

Өкініштісі, ата-аналармен жұмыс алып баруда сынып жетекшісінің, жалпы педагогтардың кәсіби деңгейінің төмендігі мұғалімдер мен мектептің абырой-беделіне нұқсан келтіреді. Отбасының ересек мүшелерін бірлікті істер мен бұдан былайғы байланыс-қатынастарға қызықтырып тартатын бірден-бір себеп сынып жетекшісінің отбасы балаларының тағдырына етене жақындығы және ол үшін жан пидалыққа баратыны.



Ата-аналар үшін әңгімелер мен лекциялар

Педагогикалық және психологиялық тақырыптарға сай ата-аналарға түрлі әңгімелер және дәрістер өткізіледі. Олардың мазмұны ата-аналардың білім дәрежесіне, тілектері мен мүдделеріне сай болуы тиіс. Әсіресе, мектеп жайлы газет және журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелерден дәрістерге үлкен мән беріліп, оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі ата-аналар арасында дұрыс насихатталуы керек.

Әңгімелер мен дәрістердің мазмұны балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай баяндалуы қажет.

Жоғары сынып оқушыларымен өткізілетін тәрбие жұмысы мазмұнының өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар ғылым негіздерін игереді, адамгершілік, еңбек тәжірибесінің барысында, олардың көзкарастары қалыптасады, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке тікелей қатысады, өзінің сүйген мамандығын таңдау үшін мамандардан тұжырымды кеңестер алады. Демек, өмірге, еңбекке, өзін-өзі даярлауға бет бұрады.

Тәрбие жұмыстарының осындай басты мәселелерін еске алып, мектеп мұғалімдері, ауыл шаруашылық мамандары, инженерлер, дәрігерлер, заң қызметкерлері балалардың ата-аналарымен әңгімелер өткізеді, дәрістер оқиды.

Ата-аналар үшін мұндай ағартушылық жұмыс алдын-ала белгіленген бағдарлама бойынша, негізінде әрбір ата-аналар жиналысының бастапқы бөлімінде белгілі бір мамандарды немесе озық мұғалімдерді шақыру барысында жүргізіледі.


Конференция өткізу

Отбасы тәрбиесінің басты мәселелері жайлы пікір алысу негізінде параллельді сыныптарды қатыстыру барысында ата-аналармен конференциялар өткізіледі. Копференцияға жұртшылық және еңбек ұжымдарының уәкілдері де қатыса алады. Конференцияда талқыланатын тақырыптар күні бұрын ұсынылады. Мысалы: «Балаларды тәрбиелеуде мектеп пен отбасының ынтымақтастығы», «Отбасындағы тәрбиеде жұртшылықтың ролі». Сонымен бірге кейбір отбасында бала тәрбиесі жайлы тәжірибелер еске алынып, конференцияларда ата-аналардың: «Үйге берілген оқу тапсырмасын орындауда мен балама қалай көмектесем», «Біздің отбасындағы еңбек тәрбиесі», «Отбасында бала бос уақытын қалай пайдалану керек» сияқты баяндамалары тыңдалады.

Әдетте конференцияны мектеп басшыларының біреуі немесе ата-аналар комитетінің төрағасы я болмаса озат мұғалім ашады. Содан кейін баяндамалар талқыланып кең түрде пікір алысу болады. Конференция өз жұмысын қысқа әдістемелік кепілдеме қабылдаумен аяқтайды.

Конференция кезінде көрме ұйымдастырылып, отбасылық тәрбие тақырыптарына түрлі экспонаттарды көрсетуге болады. Олар ата-аналардың үлгі істері, отбасылық тәрбие жайлы педагогикалық әдебиеттер, олардың тізімі,

оқушылардың отбасындағы күн режімі, отбасы тәрбиесі туралы жасалған баяндамалардың текістісі, теле және кинофильмдердің тізімі т.б. Конференция соңында бала тәрбиесіне байланысты фильм көрсету т.б.

Ата-аналар лекторийлері. Бұлар мектептердің, балалар бақшаларының мәдени сарайлары мен үйлерінің жанынан ұйымдастырылады. Лекторий жұмысы бір немесе екі жылға жоспарланып, онда арнаулы бағдарлама бойынша ата-аналар үшін дәрістер оқылады.

Обылыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттары мен обылыстық педагогикалық білім қоғамы лекторийлердің бағдарламасын жасап, өздерінің біріккен кеңесінің мәжілісіндс бекітеді. Мысалы, мынадай тақырыптарды ұсынуға болады:

1. Қоғамдык және отбасылық тәрбие, олардың бірлігі;

2. Балалар мен жеткіншектерді еңбекке даярлауда, сүйген мамандығын саналылықпен таңдауда өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірістерінің тәрбиелік ролі.

3. Жыныс тәрбиесі, жастарды некелік-жанұялық өмірге дайындау.
Ата-аналарға, жұртшылыққа жүйелі педагогикалық білім беретін ата-аналар университеттері және халық университеттерінің жанынан педагогикалық факультеттер ұйымдастырылады. Университеттерде оқу мерзімі екі жыл. Оку сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Университетке түсетін адамдар мектеп жанындағы ата-аналар комитеті арқылы қабылданады. Университетке түскендер педагогика, балалар психологиясы, жас ерекшелік физиологиясы, мектеп гигиенасы мәселедерінен және халықаралық жағдайдан, өнер, медицина, құқық және заң тақырыптарынан дәрістер тыңдайды, семинарларға қатысады, рефераттар жазады.

Университетті тыңдаушылар бірінші оқу жылының аяғында сынақтар, ал екінші оқу жылының соңында емтихан тапсырады. Университетті бітіргендерге куәлік беріледі.

Мектеп тәжірибесінде озық ойлы шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер ата-аналармен жұмыс істеу барысында жоғарыда аталған дәстүрлі формалардан басқа бейдәстүр формаларында қолданады. Дегенмен де мектеп пен отбасылық өзара қарым-қатынасының нәтижелі болуы көбінесе педагогикалық тұрғыдан дұрыс таңдалған қарым-қатынас пен өзара әрекет формасына байланысты. Олардың негізіне міндетті түрде 5 жағдайды ескеру қажет.

1 –Оқушыға қатысты жағымды қарым-қатынастың болуы. Мұндай жағдай, тіпті қиын оқушыға да қатысты болуы шарт.

2.Мұғалімдердің ата-аналар тарапынан болатын кеңестеріне өте мұкият назар аударуы.

3.Оқушы тұлғасында пайда болған жағымсыз құбылыстың себебін бірлесіп анықтау, талдау және оны жоюдың тәсілін бірге қарастыру.

4.Оқушы тұлғасына немесе сынып ұжымына нәтижелі әсер етудің формалары мен тәрбиелік ортасын табуда бірлесе іс-қимыл көрсету.

5.Мұғалімдердің ата-аналарымен қарым-қатынасында педагогикалық тактының, этиканың қатаң сақталуы.

Олай болса, мұғалімдермен, сынып жетекшісі және ата-аналардың өзара жағымды қарым- қатынасын ұйымдастыруға сай жоғарыда аталған 5 жағдайдың межеге айналуы, бала тәрбиесіндегі олардың өзара тәрбиелік-ұйымдастырушылық әрекетін біртіндеп жоғары деңгейде нәтижелі болуға септігін тигізеді.

Ата-аналармен қарым-қатынастың иновациялық формалары мен әдістері.

Жас ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгінгі де болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шахар абат болады» дейді екен көне шығыстың даналығы. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың ойын мәніндегі адам болып қалыптасуы қыруар уакыт пен тер төгетін, зор еңбектің қажет ететін ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс екенін ұктырса керек.

Ұлы Абай «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, тартып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды таниды- дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» десе, француз педагогы Жан Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне симайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», деген екен.

Болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене білетін рухани ойлау дәрежесі биік, отан сүйгіш, еңбекқор, ізденімпаз, қабілетті адамды тәрбиелеу-мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істегенде ғана үйлесімін табады.

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені ешуақытта күмән туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рол атқарушы отбасы. Оның өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл аткарады. Сынып жетекшінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу -тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады. Педагогика практикасында оқушылар ата-аналармен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының 5 түрлі қызмсетін анықталған.

Олар:


1-қызметі. Ата-аналарды оқу тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстырады. Алғашкы ата-аналар жиналысында сынып жетекшісінің өзі ата-аналармен танысады және оларды өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады, өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен таныстырады, өзекті мәселелерді бірігіп талқылайды.

Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне төмендегідей әрекеттер арқылы тартады:



  • балалар мен олардың ата аналарының шығармашылығының күні;

  • ашык сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар;

  • мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейту және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету;

  • шефтік көмек;

  • ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы;

2-қызметі. Ата-аналармен медагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады:

  • тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған

мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;

  • ата аналар университеттері;

  • қызығушылықтары негізінде ата-аналар лекторийлері: дарынды балалар, қиын балалар, педагогикалық кәсіпті таңдаған балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалардың ата-аналары үшін деп бөліп өткізуге болады;

  • Сыныптық ағарту жұмыстыры тәрбие міндеттеріне байланысты, оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеу бойынша; Оны түрлі формада мәселелік конференциялар, жеке және топтық кеңтер беру түрінде өткізуге болады.

  • Психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер;

  • тренингтер;

  • Ата -аналарға армаам эдебиеі гергс шолу, кормесін ұйымдастыру және окырмандар конференциясын өткізу.

3-кызметі. Ата-аналарды балалармен бірлескен әрекетке тарту.

Оның формалары:

- сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қағыс (жорық, серуен, саяхат, жөндеу жұмыстары, сенбіліктер, турнирлер):

- жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру (түлектер кештері туристердің мектептік слеті, мектеп бітіру кештері, ардагерлермен кездесу және т.б.);



  • республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізу;

  • оқырмандар конференциясы;

- отбасылық ойын байқаулары Заман алға жылжып, мемлекетіміз өркениетті ел қатарына қосылу кезеңінде жас ұрпақты тәрбиелеу мен қатар, ата-аналар мен мұғалім арасындағы жұмыс та жаңа сипат алу керек. Бұл ретте басты рөл атқаратын сынып жетекшісі. Сынып жетекшісінің ата аналармен жұмысының мазмұмы негізгі 3 бөліктен тұрады.

4-кызметі. Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу. Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру. Көп көңілді отбасындағы жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалы және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына бөлу керек.

5-қызметі. Ата-аналар белсенділері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдардың өзара әркет ету.

Сынып жетекшінің ата-аналармен жұмысының табысты не табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлығына байланысты болатынын ұмытпау керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет