Сынып жетекшісі: Сынып сағатының



бет2/2
Дата21.09.2023
өлшемі20.46 Kb.
#478226
1   2
сынып сағаты

Білімсіздік: Есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңілтектікпен қарау.
Қызығу: Қызығушылықтың туындауына көбінесе бұқаралық ақпараттардың өздері себеп болады дей аламыз.
Ойын – сауық орындары: Дискотека және басқа да ойын – сауық орындары.
Қысым: Жаман достардың қысым жасауы.
Әуестік: Бір рет көрейін, сосын тастаймын деп ойлау. Бірақ бір немесе екі рет көру адамды қайтпас жолға түсіру үшін жеткілікті болады.
Мода: Айналадағы адамдарға еліктеу. Қоршаған орта бұзық болса, жаман әдеттердің жұғуы өте оңай.
Есірткімен алғашқы байланыс көшедегі белгісіз сатушы немесе достар арқылы пайда болады.
2-топтың жұмысы:Нашақорлардың негізгі белгілері
Есірткі қолданатын адамдарды мынадай белгілерден анықтауға болады:
Адамның дәрілерді жасыруға тырысуы;
Терісінде көгерген немесе қарайған ине іздерінің болуы;
Көктамырдың үстінде немесе айналасында су жиналғандай іріңнің жиналуы;
Солғын, ұйқылы – ояу болу немесе талу, әсіресе денесін қасу байқалса есірткі немесе синтетикалық заттардың көп мөлшерде қабылданғанын көрсетеді;
Есірткіден алыстатылған немесе қадағаланған кезде бірдеңе жоғалтқандай әрекеттер жасауы;
Көз қарашықтарының үлкеюі;
Нашақорлардың жаргон тілін білуі;
Кісінің белгілі уақытта басқа жерге кетіп қалуы.
Есірткіге тәуелді адамдар өте ашушаң болады.
Есірткіні қабылдау уақыты жақындағанда көздері суланып, мұрны ағып, есінеп қасына бастайды

“Темекі ” сөзіне мақал — мәтел құрау


Т — тазалық денсаулық кепілі
Е — екі ауру бір келсе ажалыңның жеткені
М — маскүнем арақтан өледі
Е — ескермеген ауру жаман,
К — күлкі денсаулық кепілі
І — ішің ауырса аузыңды тый

«Тәні саудың – жаны сау» (сұрақ — жауап)


1. Шылымның зияны тиетін мүше? (Өкпе)
2. Салауатты өмір салты деген не? (Салауатты өмір салты – спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау, оң эмоциялардың көп болуы, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болу)
3. Адамға ең қымбат. Ол не? (Денсаулық)
4. Денсаулыққа зиянын тигізетін қандай факторларды білесіңдер? (Шылым шегу, ішімдік ішу, нашақорлық, аз қозғалу, жеке бас тазалығын сақтамау)
5. Құрамында этил спирті бар. Ол не? (Ішімдік)
6. Гигиена деген не? (Грек тілінен аударғанда «денсаулық әкелуші» деген мағына береді)
7. Темекіден туындайтын ауруларды ата? (қолқа демікпесі, өкпе ауруы)

«Өзім үшін жазу» әдісі:


Біз бүгінгі тәрбие сағатымызда нашақорлық жайында ашық әңгіме жасадық. Осы тақырып төңірегіндегі өз ойларымызды ортаға салып, жолдастарымыздың пікірлерін білдік, тыңдадық. Қазір сендер бүгінгі сабақтан алған әсерлерің туралы өз ойларыңды жазып мұда ілесіңдер, Барлығыңыздың пікірлеріңіз әртүрлі екен. Мен сіздерге үндеу айтқым келеді: Үндеу!


Құрметті оқушылар! Бойларыңдағы бар қабілеттеріңді тек жақсылыққа бағыттай біліңдер. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңдар. Бойыңды ластамай, жан – дүниеңді таза ұста. Бос уақытыңды пайдалы іске арна. Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың – өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.


Кімде-кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе, соларға адал ұл-қыз болам десе – арақ ішпесін. Өз ортасына қадірлі адам болам десе – темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы азамат болам десе – нашаға әуестенбесін!

IV.Бекіту бөлімі. Ұзақ өмір сүрудің алғы шарттары, Есірткі- жас өмірді


улаушы

Тән саулығыңыз қалай? Тест тапсырмасы


1) Дене шынықтырумен жиі айналысасыз ба?
А) Аптасына 4 рет
Ә) Аптасына 2 — 3 рет
Б) Аптасына 1 рет
В) Шұғылданбаймын

2) Күн бойына қанша шақырым жаяу жүресіз?


А) 4 шақырымнан артық
Ә) 4 шақырымға таяу
Б) 1, 5шақырымнан аз
В) 700 метрден аз
3) Сабаққа, дүкенге сіз….
А) Ылғи жаяу барамын
Ә) Әр кез жаяу барамын
Б) Жарты жолды жаяу жүремін
В) Ылғи көлікпен барамын
4) Демалыс күндері сіз…
А) Сағаттап үйде жұмыс істеймін
Ә) Күн ұзаққа серуендеймін
Б) 1 — неше рет азды көпті серуен жасаймын
В) Күн ұзағына кітап оқимын, теледидар көрем




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет