Құрылыс
Тұрғын үй. Ауданда 2012 жылдың 9 айында халықтың өз күшімен 126,7 млн. теңге көлемінде 5941,4 шаршы метрге тұрғын үй салынып, 2011 жылдың көрсеткішіне қарағанда 50,8 пайызға артып отыр.
Тұрғын үй салуға аудандық бюджеттен жыл сайын қаржы қарастырылып келеді.
2012 жылы аудандық бюджеттен Тереңөзек кентінде 3 тұрғын үй құрылысына 21,0 млн. теңге қаржы қаралып, жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар Тереңөзек кентінде салынатып 18 және 24 пәтерлі тұрғын үй құрылысына жобалау сметалық құжаттар жасауға жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар Қалжан ахун ауыл әкімі аппаратының әкімшілік ғимараты құрылысына 17,0 млн. теңге қаржы бөлініп, қаржы толығымен игерілді.
Ауыз су. Еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету маңызды міндеттердің қатарына жатқызылған. Осыған орай мемлекетімізде «Ақбұлақ» бағдарламасы қабылданып, басты мақсаты - халықты сапалы ауыз сумен және суды жеткізетін әрі тарататын қызметтермен қамтамасыз ету болды.
Қазіргі таңда Сырдария ауданы халқының 66,7 пайызы таза ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 2020 жылы аудан халқының 100 пайызы түгел дерлік орталықтандырылған көзден су ішетін болады.
Осы бағдарлама шеңберінде Тереңөзек кентінің ауыз су жүйелерін кеңейту және қайта құрылымдау жұмыстарын жалғастыру үшін республикалық бюджеттен 270,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 30,0 млн. теңге бөлініп, 9 ай қорытындысымен 278,6 млн. теңгесі игеріліп отыр.
2012 жылы Тереңөзек кентіндегі Сырдария көшесінің ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджет есебінен 1,4 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен орындалды. Сонымен қатар ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеуге ЖСҚ дайындауға Тереңөзек кенті А. Тоқмағанбетов көшесіне 2763,0 мың теңге, Б. Момышұлы көшесіне 1714,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Жол. Ағымдағы жылы аудандық бюджет есебінен Тереңөзек кентіндегі Қазантаев көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарына 14,7 млн. теңге, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына 24,5 млн. теңге, кентішілік және елді мекендердің ішкі көшелеріне «жол қауіпсіздігі» жол белгілерін орнату жұмыстарына 1,2 млн. теңге бөлініп, жұмыстар 100,0 пайызға орындалып отыр.
2012 жылы Аманкелді ауылдық округінің 2,7 шақырым, Шіркейлі ауылдық округінің 2,9 шақырым, Қоғалыкөл ауылдық округінің 3,1 шақырым, А. Тоқмағамбетов ауылдық округінің 2,86 шақырым ішкі көшелерін орташа жөндеуден өткізу үшін облыстық бюджеттен 140,0 млн. теңге қаржы қаралып, Амангелді елді мекені бойынша жұмыс 100,0 пайызға аяқталып, қалған 3 ауылда жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар автомобиль жолдарын орташа және күрделі жөндеуге ЖСҚ дайындау үшін «Қызылорда - Айдарлы - Тартоғай» автожолына (0-9 шақырым) 500,0 мың теңге, Тереңөзек кентінің 31 көшеніне 12608,0 мың теңге, С. Сейфуллин ауылы кіре беріс автомобиль жолына 600,0 мың теңге және Сәрке батыр көшесіне 8333,0 мың теңге, Қалжан ахун ауылы «Қызылорда - Жалағаш» автожолына 900,0 мың теңге, Айдарлы ауылының 3 көшесіне 1000,0 мың теңге, Жетікөл ауылының 3 көшесіне 1000,0 мың теңге, Шаған ауылының 6 көшесіне 750,0 мың теңге, Ақжарма ауылының 3 көшесіне 930,0 мың теңге, Іңкәрдария ауылының көшелерін жөндеуге 1000,0 мың теңге және центральная көшесіне 13927,0 мың теңге, Н. Ілиясов ауылының көшелерін жөндеуге 900,0 мың теңге барлығы 7,6 млн. теңге қаржы бөлінді.
Кентішілік, қала маңыздағы ауданішілік қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мақсатында жергілікті бюджеттен 3,0 млн. теңге көлемінде субсидия бөлініп, қазіргі таңда аудан орталығында 2 бағытта 2 маршрут жүргізіліп жұмыс жасалуда.
Тереңөзек кентінде екі көше қиылыстарына бағдаршам орнату жұмыстарына жергілікті бюджеттен 8,2 млн. теңге бөлініп, жұмыстар атқарылды.
Жарықтандыру. 2012 жылы Шаған және Ақжарма елді мекендерінің жарықтандыру жұмыстарына жергілікті бюджет есебінен 16,2 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.
Сонымен қатар Шаған ауылы Самара – Шымкент автотрасса бойын жарықтандыруға 11,9 млн. теңге, Ақжарма ауылы Самара – Шымкент автотрасса бойын жарықтандыруға 9,7 млн. теңге қаржы бөлінді.
Көпір. Биылғы жылы Тереңөзек – Шаған автожолындағы Сырдария өзені арқылы өтетін республикалық бюджет есебінен салынатып көпір құрылысы жүргізіледі. Жалпы құны 2,6 млрд. теңге тұратын бұл құрылысқа 2012 жылы 550,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Көпір құрылысы 2013 жылы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде.
2012 жылы Тереңөзек кентінде жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысына ЖСҚ жасауға 900,0 мың теңге, Шаған ауылы «Шіркейлі» каналына жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысына ЖСҚ жасауға 1700,0 мың теңге бөлінді.
Абаттандыру. Тереңөзек кентінде демалыс саябағын абаттандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 60,8 млн. теңге және Қонаев пен Амангелді көшелеріне бордюр орнатуға 32,3 млн. теңге, сонымен қатар «Сыр сұлуы» композициясын абаттандыру жұмыстарына 51,8 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Н. Ілиясов елді мекенінің Достық көшесін және мәдениет үйінің ауласын абаттандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 2,7 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда жұмыстар толығымен аяқталды.
«100 мектеп 100 аурухана бағдарламасы». Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында бастамашылық еткен «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында аудан бойынша балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы бала бақша және шағын орталықтардың санын көбейту арқылы 68,2 пайыздан 82,7 пайызға дейін жеткізілді.
2012 жылы республикалық бюджеттен «100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасы бойынша жалпы құны 1266,0 млн. теңге Шаған ауылында 900 орындық мектеп ғимаратының құрылысына 540,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 2013 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
Сонымен қатар республика бюджет есебінен Тереңөзек кентіндегі 300 орындық №210 орта мектеп құрылысының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық – сметалық құжаттары дайындалды және Шіркейлі ауылындағы 600 орындық мектеп ғимаратының құрылысының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық – сметалық құжаттарын дайындауға 4,5 млн. теңге қаржы бөлінді.
Спорт объектілерінің құрылысы. Елбасымыз өз Жолдауында қазақстандықтардың 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту міндетін жүктеген болатын.
Осы мақсатта 2012 жылы аудандық бюджеттен Айдарлы, Бесарық, А. Тоқмағанбетов және Қоғалыкөл ауылдарына шағын спорт алан құрылыстарына 24,8 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда Бесарық ауылы бойынша конкурс өткізіліп, жеңімпаз анықталып, 1,8 млн. теңге қаржысы игеріліп, жұмыстар жүргізілуде.
Шағын және орта бизнес
2012 жылдың қантар – қыркүйек айларында аудан бойынша 1391 шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тiркелген.
Салада тiркелген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнде барлығы 5002 адам жұмыспен қамтылған.
2012 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша салада өнімдер шығару 578,4 млн. теңге көлемінде болып, 2011 жылдың 9 айымен салыстырғанда 1,9 пайызға артты.
2012 жылдың 9 айында шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке 37,0 млн. теңгенің төлемдері түсіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға ұлғайды.
Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелік ресурстармен қамтамасыз ету мәселесі микрокредиттік ұйымдар, кредиттік серіктестіктер және екінші деңгейлі банк филиалдары арқылы шешілуде. 2012 жылы қаржыландыру институттарынан барлығы – 461,8 млн. теңгенің несиелері берілді.
Аудан тұрғындарына «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Қызылорда облысы филиалы арқылы есеп беріліп отырылған мерзім ішінде 30 тұрғын 69,4 млн. теңге несиеге, шағын несие ұйымдары 35 адамға 9,4 млн. теңге, «Сырдария» несие серіктестігі арқылы 22 тұлға 32,2 млн. теңге несиеге ие болды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ауданда біршама жұмыстар атқарылуда.
Жаңа жобаларды индустриаландыру картасына енгізу, бағдарламаның артықшылықтары мен оған қатысу жөнінде ауданда тұрақты семинар-тренингтер, түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылуда. Аудан бюджетінен бұл мақсатқа 2012 жылы 243,0 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді. «Даму институттары мен екінші деңгейлі банкілердің ауылдағы кіші бизнесті несиелендіру туралы ашып айту» тақырыбында семинар «Құндызды» және «Аманкелді» ауылдық округтерінде «Сыр ұландары» жастар қоғамдық бірлестігі арқылы өткізілді.
Оқу тренинг барысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасындағы шағын және орта бизнестің өркендеуіне бағытталған несиелендіру бағдарламалары туралы, ол бағдарламаларға қатысу жолдары, бизнес идеяны таңдау, бизнес жоспар жасау, маркетингтің алтын ережесі, қаржы, несие бағдарламалары, оны есептеу жолдары, қызметкерлерді басқару, мотивациялау ережелері, өз бизнесіңді құрудағы және оны әрі қарай тиімді жүргізудегі пайдалы кеңестер жайлы тақырыпта мәселелер қамтылды.
Аудан экономикасына сырттан инвестиция тарту арқылы ауданның әлеуметтік –экономикалық жағдайын жақсартуға, жаңадан кәсіпорындар ашуға және жұмыссыздарды жаңа жұмыс орындарымен қамтуға қол жеткізіліп, индустриялық-инновациялық жұмыстар бастама ала бастады. Атап айтсақ:
«СП Пласт Сервис» ЖШС-нің «ПВХ терезе алды ақтайшалар мен ламбри шығаратын» зауыты жұмыс жасауда.
Алдағы уақытта Шаған ауылындағы «Жұмыс істеп тұрған ұн диірменінің қуаттылығын тәулігіне 30 тоннаға жеткізу» және «Құрама жем өндіру кәсіпорнын ұйымдастыру» жобаларын іске асыру жоспарлануда, жобалар жүзеге асқан жағдайда 30 жұмыс орыны ашылады деп күтілуде.
«Тереңөзек Құрылыс Материалдары» ЖШС-нің «Бау-бақша өнімдерін терең өңдеу зауытының құрылысын салу» инвестициялық жобасы бүгінгі күні кепілдік қорымен қамтамасыз етіліп, төлем қабілетін растайтын қаржылық жағдайын қалыптастыру үшін жұмыс жасауда.
-
Көлік инфрақұрылымы және байланыс қызметі.
2012 жылдың 9 айында аудандағы жүк тасымалдау көлемі 3874,7 мың тонна жүкті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,3 пайызға артты. Жүк айналымы 562,0 млн. тонна шақырымды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,0 пайызды құрады).
Тасымалданған жолаушылар саны 3023,9 мың жолаушы, 2011 жылдың қантар-қыркүйегімен салыстырғанда 128,9 пайызды құрады. Жолаушылар айналымы 51,3 млн. жолаушы шақырым (2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 120,1 пайыз болып отыр).
8, Жұмыссыздық және жұмыспен қамту
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты биылғы Жолдауын республика өңірі мен әрбір қазақстандық үшін аса маңызды мәні бар саяси оқиға. Бұл жолдау қоғам мен мемлекет дамуының барлық негізгі бағыттарын қамти келе, әсіресе әлеуметтік салаға басымдық жасаумен ерекшеленеді. Онда Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттерін белгіледі.
Қазір елімізде әлеуметтік көмектің негізгі түрлері «Халықты жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша кешенді іс – шараларды жүзеге асыруға, мүгедектерді әлеуметтік қолдауға және аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған. Әр отбасының табысын арттыру, әлеуметтік қамтамасыз ету, өмір сүру сапасын жақсартудың негізі - тұрақты жұмыспен қамту болып табылады.
Аудан бойынша 2012 жылы 60 мекеме ұжымдық шартқа отырып, жалпы жұмыс жасайтын мекеменің 35 пайызын құрап отыр.
Ауданда бойынша 2012 жылы өңірлік бағдарлама бойынша 550 жаңа жұмыс орындарын ашу белгіленген болса, 2012 жылдың 1 қазанына 497 жаңа жұмыс орындары ашылды.
2012 жылы 1400 адамды жұмысқа орналастыру белгіленіп, 2012 жылдың 1 қазанына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 1351 адам хабарласып, 539 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасқандардың 45 тұрмысы төмен отбасыларынан, оның ішінде бірде-бір жұмыс істемейтін отбасыларынан 15 адам жұмысқа орналастырылды.
2012 жылы қоғамдық жұмыспен 800 жұмыссызды қамту белгіленіп, жергілікті бюджеттен 32617,0 мың теңге қаржы бөлінген. 2012 жылдың 1 қазанына 784 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа тартылып, қаржы толығымен игерілді.
2012 жылдың 1 қазанына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген 22 мүгедектің 13-і қоғамдық жұмысқа, 4-і тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бүгінгі күнге 18 мүгедек тіркеуде тұрады.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінде 27 жазасын өтеп келген жұмыссыз азаматтар есепте тұрады. Бүгінгі күнге 1-і тұрақты жұмысқа орналасып, 3-і қоғамдық жұмысқа жіберілді.
2012 жылдың 1 қазанына 128 адам жұмыс іздеуші ретінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тіркеліп, жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайызды құрады.
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша кәсіптік даярлау курстарына -50 адам, қайта даярлау курстарына -50 адам жоспарланған. Қазіргі таңда, кәсіптік даярлау курстарына – 67 адамға, қайта даярлау курстарына – 99 адам жолдама алды.
Аудан бойынша биылғы жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 27702,0 мың теңге қаржы қаралып, 186 адам жұмысқа тартылып, 9 ай қорытындысы бойынша игерілген қаржы көлемі 19738,0 мың тенге.
Жастар тәжірибесіне 2012 жылға 45 адамды тартуға 7816,0 мың теңге қаржы қаралып, 56 адам жолдама арқылы жұмысқа жолданып, 4632,0 мың теңге қаржы игерілді.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «PROF КОНСАЛТИНГ» ЖШС-гі арқылы кәсіпкерлік негіздері курсында 84 адам оқып сертификат алды.
Микрокредит алуға республикалық бюджеттен – 225,0 млн. теңге қаржы қаралған, несие алушылар саны - 103 адам. Тереңөзек кенті мен ауданның барлық ауылдық округтері бойынша кәсіпкерліктің 10-11 түрімен айналысамын деп бағдарламаға қатысуға ниет білдіріп құжат тапсырған азаматтардың құжаттары аудандық комиссия қарауына ұсынылып, комиссия шешіміне сәйкес «Рита» МҚҰ ЖШС-гі 64 адамға - 110,0 млн. теңге, «Мұхтар Кредит» ЖШС-гі 25 адамға – 25,0 млн. теңге, «МКЛН КРЕДИТ» ЖШС-гі 14 адамға – 17,0 млн. теңге, барлығы 103 адамға – 152,0 мың теңге қаржы берілді.
Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша республикалық бюджеттен 48,0 млн. теңге қаржы қаралып, 9 ай қорытындысымен 33,3 млн. теңге игерілді. Оның ішінде Шаған ауылындағы №37 орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуге 29,5 млн. теңге қаралып, 21 адамға жұмысқа жолдама беріліп, 17,1 млн. теңге, ауылішілік жолдарын орташа жөндеуге 18,5 млн. теңге қаралып, 4 адам жұмысқа қабылданып, 16,2 млн. теңге қаржы көлемі игерілді.
Осы бағдарлама аясында аудандық бюджет есебінен 27,1 млн. теңге қаралып, 24,3 млн. теңгесі игерілді. Оның ішінде Шаған ауылының Әуез мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуге 15,4 млн. теңге бөлініп, 13,9 млн. теңгесі игерілсе, 750,0 мың теңгеге ауылішілік жолдарын орташа жөндеу жобасының сметалық құжаттары дайындауды.
Сонымен қатар Самара-Шымкент трассасының бойын жарықтандыруға 9,2 млн. теңгеге жұмыстар жүргізілсе, 1,7 млн. теңгеге «Шіркейлі» каналы арқылы жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайындалды.
Осыған қосымша «Шаған жер» ЖШС-нің қаражаты есебінен 30,0 млн. теңгеге Шаған ауылын көркейту көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы.
Халықтың аз қамтылған бөлігін әлеуметтік қорғау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек көрсету жалғасуда. 2012 жылға атаулы әлеуметтік көмекке нақтыланған бюджет бойынша 3210,0 мың теңге бөлініп, 2012 жылдың 1 қазанына 52 отбасына (274 отбасы мүшелері) 2075,4 мың теңге төленді.
18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы туралы.
Аудан бойынша 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға арналған жәрдемақы төлеуге нақтыланған бюджет бойынша 2012 жылға 46130,0 мың теңге қаржы қаралған. 2012 жылдың 9 айында 908 отбасына (оның ішінде бала саны - 2975) 28957,6 мың теңге тағайындалып, төленді.
Тұрғын үй көмегі туралы.
Аудан бойынша 2012 жылға тұрғын үй көмегіне нақтыланған бюджет бойынша барлығы 23238,0 мың теңге қаржы қаралған болса, 2012 жылдың 9 айында 365 отбасына (жанұя мүшелері 1972 адам) 4349,9 мың теңге тағайындалып, төленді.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы. 2012 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша мүгедек жандарға 109 құрал жабдық беріліп, 49 мүгедек санаторияға емделуге, 8 мүгедек кәсіптік оқуға жолданса, 2 мүгедек жан жұмыспен қамтылды.
2012 жылға жергілікті бюджеттен мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмекке 30 балаға 1794,0 мың. теңге қаржы қаралып, 1 қазанына 830,9 мың теңге қаржысы игерілді.
Сонымен қатар бағдарлама аясында мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 19,7 млн. теңге қаржы бөлініп, оның ішінде 9 ай қорытындысымен гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге қаралған 6,0 млн. теңгеге 95 адам 4,5 млн. теңгеге құралдармен қамтамасыз етілсе, мүгедектердің жеке көмекші мамандарына 13,7 млн. теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда 61 меүгедекке 61 жеке көмекші мамандар қызмет көрсетіп, 10,5 млн. теңге қаржысы игерілді.
9. Ауданның әлеуметтік - саяси ахуалы
9.1.Мәдениет. Сырдария ауданы бойынша барлығы 35 мәдениет мекемелері мәдени қызмет көрсетуде. Олар - аудандық мәдениет үйі, кент мәдениет үйі, 4 ауылдық мәдениет үйлері, 10 ауылдық клубтар, 1 мәдени – демалыс кешені, аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, 15 ауылдық кітапханалар және аудандық тарихи-өлкетану музейі.
Аудандық мәдениет үйлері мен клубтары мемлекеттік кәсіпорны бойынша көптеген мәдени - көпшілік шаралар ұйымдастырылуда. 2012 жылдың 9 айында 524 мәдени шара өткізіліп, оған 97719 көрермен қатысты.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 17 кітапхананың қорында 2012 жылдың 9 айы қорытындысымен 385127 дана кітап бар.
2012 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша аудандық мұражай қорына 130 экспонат қабылданып, 60-ы негізгі қорға тіркелді.
9.2. Білім беру.
Аудан бойынша қазіргі таңда 36 білім ошақтары жұмыс істеп, онда 1136 мұғалім тәлім – тәрбие беруде. Мұғалімдердің 15-і жоғары, 488-і бірінші, 373-і екінші санатты мамандар.
Мұғалімдердің шығармашылық белсенділігі инновациялық ізденімпаздығы озық тәжірибелердің дүниеге келуіне, оқытудың жаңа түрлерінің кеңінен қанат жаюына ықпалын тигізуде. Оқу үрдісінде жаңа инновациялық әдістерді қолдану, жетілдіру мақсатында семинар-конференциялар, семинар-кеңестер, білім сатысы курстары өткізілуде.
Ауданда 228 мүмкіндігі шектеулі және мүгедек, 55 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. 2012 жылы 10941,0 мың теңгеге мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы оқыту бағдарламалары бар компьютер алып беру жоспарланып, 9 ай қорытындысы бойынша 4499,4 мың теңгеге 6 балаға компьютер алынды. Жазғы демалыста 40 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар облыстық, аудандық және мектеп жанындағы тынығу лагерлерінде демалды.
Аудан мектептерінде 7045 оқушы білім алуда. №36 мектеп-лицейге №8 теміржол бекеті маңайындағы малшы үйінен 6 оқушы, кент сыртындағы лагерден 1 оқушы, кенттегі мектептен алыс жерде тұратын 60 оқушы, №37 орта мектепке Шаған ауылының сыртындағы «Шешен ауылдан» 2 оқушы, Ақжарма ауылындағы «Шешен ауылдан» 1 оқушы барлығы 69 оқушыны тасымалдау кент, ауыл әкімлдіктері арқылы жүргізіледі. Жаңадан пайдалануға берілген №36 мектеп-лицейге кент ішінен 3 км артық қашықтықтан 200-дей оқушы қатынайды. Мектеп автобусы таңертең, түсте, кешке 2 рейс жасап оқушылар тасымалдайды.
Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылы 40970,0 мың теңге қаржы аудан бюджетінен бөлініп, оған 1298 оқушыға бір мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылуда. 1 сынып оқушылары 100 пайыз бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған.
Аудан мектеп оқушыларына жергілікті бюджет есебінен жыл сайын кезең-кезеңімен 100 пайыз қайта басып шығару кестесіне сәйкес сатып алу жолымен тегін оқулықтармен қамтамасыз ету жолға қойылған.
2012 жылы Көкшетау қаласында өткен «Зерде» Республикалық балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобасында №132 орта мектептің 5 сынып оқушысы Мәжит Мағауия (мұғалімі Қ.Қараева) өз жұмысын белсене қорғап, жүлделі ІІІ орынды иеленді.
2012 жылғы ҰБТ-ға мектеп бітіруші 554 оқушының 404-і сынама тестерге қатысты. ҰБТ-ы қорытындысымен аудан мектептерінен 1 оқушы «Алтын белгі», 3 оқушы үздік аттестатқа ие болды. Орташа бал 65,3 құрады.
№37 орта мектептің 11 сынып оқушылары Нұрғали Айжан мен Әбдіғаппарова Айшабибі «Ғылым әлемін ашамыз» Халықаралық конференциясының жүлдегері ретінде ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылды.
2012 жылы «Жалын» тынығу лагерінде балалар мен жасөспірімдердің демалысы үшін жазғы маусымда 1-маусымнан бастап 15 күннен 5 ауысымдық кезеңде 650 бала демалды. Жалпыға міндетті оқу қорынан бөлінген 5250,0 мың теңге қаржыға аудандағы «Жалын» тынығу лагеріне аз қамтамасыз етілген отбасы балаларынан 350 баланы демалдырды.
Мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлеріне жоспар бойынша міндетті оқу қорынан бөлінген 1204,0 мың теңге қаржыға 669 оқушы және 3144 оқушы ата-аналардың және демеушілердің, шаруашылықтардың есебінен, барлығы жазғы маусымда мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлерінде 3600 оқушы демалды.
2012 жылы жастар мен жасөспірімдерді жазғы маусымда еңбекпен қамту бағытында 38 көркейту-көгалдандыру бригадасына 970 оқушы, 17 құрылыс бригадасына 400 оқушы, жалпы саны 1370 оқушы қамтылды. Көркейту-көгалдандыру бригадалары мектептердің тиісті аймақтарында бақтарды күтіп – баптауға, ал құрылыс бригадалары практика есебінен мектептерді әктеу, сырлау жұмыстарына атсалысты.
9.3. Спорт.
Аудан бойынша балаларды дене шынықтыру және спортқа тарту жолында 104 спорттық нысандар жұмыс жасауда.
Аудан бойынша 2012 жылдың қантар – қыркүйек айларында 148 спорттық жарыс өткізіліп, оған 14899 спортшы тартылды. Оның 141-і аудандық денгейдегі жарыс болса, 5-і облыстық, 1-і республикалық, 1-і халықаралық денгейдегі жарыстар. 2012 жылы спорттық іс-шараларға аудандық бюджеттен 44,8 мың теңге қаражат бөлінді.
Жалпы аудан бойынша 7802 спортшы жүйелі түрде спортпен айналысуда, бұл халыққа шаққанда 20,1 пайызды құрап отыр.
9.4. Денсаулық сақтау.
Аудандық денсаулық сақтау саласында 17 аудандық және ауылдық емдеу алдын-алу мекемелері халыққа қызмет көрсетеді.
Денсаулық сақтау саласында барлығы 755 қызметкер, оның ішінде 76 дәрігер. Дәрігерлер арасында жоғарғы санатты 4, бірінші санатты 26, екінші санатты 5 дәрігер қызмет атқарады.
Сырдария аудандық денсаулық саласының емдеу алдын алу мекемелеріне 2012 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша 150258 тұрғын дәрігерлердің қарауында болды, бұл көрсеткіш 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,0 пайызға ұлғайған.
Есепті кезеңде аудан бойынша 718 нәресте дүниеге келсе, 147 адам қайтыс болған.
Тұрғындар арасында туберкулез ауруын табу мақсатында 2012 жылдың 9 айында 18835 адам тексеріліп, 23 туберкулез ауруына шалдыққаны анықталған, қатерлі ісік ауруы бойынша 3391 адам тексеріліп, 21 ауру анықталып, есепке алынды.
Есепте тұратын балаларды және мүгедек балаларды квота бойынша облыстық және республикалық емдеу мекемелерде сауықтырылады. 2012жылдың 3 тоқсан қорытындысы бойынша Ақсай Республикалық ауруханасына 11 бала, көз ауралардың ғылыми зерттеу институтына 1 бала, ана мен бала қорғау институтына 3 бала, РНЦПИДХ – 3 бала жіберілді.
Аудан халқы арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша 9 ай қорытындысымен 679 әр түрлі іс – шара мен газетке мақалалар жарияланып 28713 материалдар таратылса, оған 21074 адам қатысты.
9.5. Ішкі саясат. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын аудан тұрғындары арасында түсіндіру мен жүзеге асыру мақсатында «Аудандық ақпараттық-насихаттық топтар туралы» 3 ақпараттық-насихаттық топ, құрамы 37 адам, АНТ-дың Тереңөзек кенті мен ауылдық округтерге бөліну кестесі, АНТ-дың қызметін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары» жасалып, аудан әкімінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 47-ө өкімімен бекітілді.
Бірінші айналым бойынша ақпан-наурыз айларында облыстық АНТ жетекшісі А.Мұхимов бастаған топ мүшелері мен аудандық АНТ мүшелері, жетекшілері аудан әкімінің орынбасарлары Қ.Сәрсенбаев, Е.Әжікенов, Х.Бихожаев бастаған топ мүшелері 3 аймақ бойынша Тереңөзек кенті мен 14 ауылдық округтерде тұрғындармен кездесулер өткізді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР Премьер Министрінің орынбасары Е.Орынбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, РАНТ жетекшісі Г.Әбдіхалықова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары, РАНТ мүшесі С.Ахметжанов, ҚР Қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы, облыстық Тәртіптік кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаев, облыстық әділет департаментінің директоры, облыстық АНТ жетекшісі Б.Кесебаева бастаған топ Елбасы Жолдауына орай Тереңөзек кенті мен Н.Ілиясов, Шаған ауылдық округтерінде кездесулер өткізді. Кездесуге аудан әкімі Ғ.Әбілтай, мәслихат хатшысы Б.Маншарипов, ауыл округі әкімдері, мәслихат депутаттары, облыстық, аудандық БАҚ, ҮЕҰ өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты.
Елбасы Жолдауы жарияланған күннен бастап есепті мерзімге аудан тұрғындары арасында Жолдауды түсіндіру, кеңінен насихаттау мақсатында ұжымдарда талқылау жиналыстары, дөңгелек столдар, т.б. барлығы 26 түрлі шаралар ұйымдастырылып, оған 2309 адам қамтылды.
Жолдаудың басым бағыттары бойынша көрнекі үгіт-насихат құралдарын орналастаруға сәйкес Тереңөзек кенті мен ауылдық округтерде 15 билборд, 14 керме жасалып ілінді.
Елбасы Жолдауын насихаттау, негізгі басымдықтары мен міндеттерін түсіндіру және олардың жүзеге асырылуы бойынша баспа құралдарында және электронды БАҚ-да арнайы айдарлар ашу, ақпараттық-насихаттық материалдар жариялауға байланысты барлығы 30 материал жарық көрді.
Достарыңызбен бөлісу: |