Барсакелмес қорығы. Барсакелмес мемлекеттік қорығы 1939 жылдың аяғында Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесі қаулысына сәйкес аңшылық шаруашьлық негізінен құрылған.
Бүл қорық Қызылорда облысы Арал тедізінің солтүстік батыс бөлігіндегі Барсакелмес аралында орналасқан Барсакелмес аралы Арал қаласына дейін теңізден 180 км, ал ең жақын жаға Құланды түбегі. Ол аралдың солтүстік батысында 22,5 км қашытықта орналасқан.
Аралдың өсімдіктері де, көбіне шел даланың өсімдігі тектес болады. Оларға негізінде көп жылдық бұталы және эфемерлер жатады. Бұл аралдың флорасы 160 түрлі күрделі өсімдіктерден құралады. Солардың ішінде алабота тұқымдастар, күрделі гүлділер, дәнді шөптер крест гүлділер тұқымдасы, бұршақ тұқымдас сияқты өсімдіктер көбірек кездеседі. Аралдың 90%-не жуық аймағы сазды, тақырлы, көбіне жусан-бұйрығын, сирек сексеуіл мен итсигек еседі.
Үстірттің шет жағасындағы құмды жерлерде бидайық, бетеге, арпабас, қоңырбас, мортық сияқты көптегев жабайы жан-жануарлардың сүйсіне қоректенетін шөптері еседі.
Аралда жан-жануарлар түрлері өте аз. Мұнда қос мекенділердің бір түрі (жасыл бақа), бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі, кұстардың 200-ге жуық түрі, аңдардың 12 түрі кездеседі. Жыланның ішінде жиі таралғаны боз
жылан. Бұл улы жылан, көбінесе жусанды, бидайықты, б±талы өсімдіктер өсетін тақырлы жерлерде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |