Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер түрлері пәнінің контенті



бет21/41
Дата03.01.2022
өлшемі0.72 Mb.
#450656
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
УМКД СКЖӨТ 2020-2021

Ақсу-Жабағылы қорығы. Қазақстандағы тұңғыш қорык. Ол 1926 жылы Қазақ АССР Халық Қомиссарлар Кеңесініц қаулысы бойынша құрылды. Бұл қорық Шымкент облысының Түлкібас, Ленгір және Жамбыл облысының

Жуалы аудандары түйіскен Талас Алатауының Өгем, Піскен тауларына

жалғасқан жерінде орналасқан. Ақсу-Жабағылы қорығын ұйымдастырудағы негізгі мақсат—Батыс Тянь-Шань ландшафтың қаз-қалпында сақтап, осы тау жүйесінің табиғат кешендерінің даму заңдылығын зерттеу.

Қорықтың өсімдіктер дүниесі де саналуан. Осы өңірде мүктің 80 түрі, қынаның 60 түрі, күрделі өсімдіктердің 1200-ге жуық түрі, соньщ ішінде бұтаның 62 түрі, ағаштың 16 түрі кездеседі.

Жер жағдайының және ауа райының осындай құбылмалығы жер шарының әр түрлі ендіктерінде мекендейтін сан алуан аңдар мен құстардың осында шоғырлануына жағдай туғызған. Мәселен, бұған қорықтағы 42 түрлі аңдар мен 240 түрлі құстардьщ ішінен Сібір арқарлары мен тау ешкілерінің, Орта Азия аюыныњ Алтай маралының, Тайга көкектері мен Тундра торғай-ларының Гималай бұлбұлы тағы басқа да сол сияқты көптеген аңдар мен қ±стардың қорықтың байырғы «тұрғындарына» айналғандығы дәлел бола алады. Сонымен катар қорықта өте сирек кездесетін аңдар мен кұстар да баршылық. Мәселен, Менизбир суыры дүние.жүзінде тек Ақсу-Жабағылы қорығында кездеседі. Қорықтағы кездесетін хайуанаттардың ішінде кәсіптік манызы бар бағалы түрлеріне арқар, таутеке, елік, марал, қабан, барыс, сусар, қызыл түлкі және қызыл суыр жатады.

Қорықтың жерінде шет елдерден әкелінген жануарлардың түрі де кездеседі. Мысалы, субтропикада мекендейтін теңбіл торғай (райская мухоловка), көкқұс (синяя птица) және Үндістан карала торғайы (майна) секілді құстардың өкілдері тараған. Сондай-ақ, мұнда Гималаи шымшығы, көк шымшық, тау шымшығы сияқты құстар да бар, бұл қанаттылардың ең бір пайдалы жа­ғы — олар арша орманы мен тоғайдың зиянкестері — шыбындар мен насекомдарды жейді.

Қорықта сондай-ақ біздің заманымыздан миллиондаған жылдар бұрын µмір сүрген алып ұшқыш кесірткелер мен динозаврлардың, жұқа сауытты тасбақалардын, тау жыныстарымен бірге тас болып қатып қалған бейнелері табылған. Мысалы, теңіз деңгейінен 3000 метр биіктіктегі Қасқабұлақ тауының басындағы тас үңгір ішінен ерте кездегі адамдардың салып кеткен сансыз көп «сурет галереясы», Ақсу өзенінің арнасындағы өсімдіктер, табиғи оранжереясы және тағы басқа да толып жатқан табиғат туындыларының таңғажайып тамашалары мен өткен ғасырлар қазынасының асыл мұралары табьлған. Бұл нағыз тарихи ескерткіш.

Міне, осындай сан алуан ғажайыптары үшін Ақсу - Жабағылы қорығы халықаралық маңызы бар қорықтардың есебіне енгізілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет