9- тақырып. Кәсіптік хайуанаттарды қорғау және тиімді пайдалану
Адамның әрекеті тек аз кездесетін жануаралар ғана емес,көптеген пайдалы кәсіптік мәні бар жануарлардың таралуы мен санының кемуіне де әсерін тигізеді.Көптеген пайдалы хайуанаттар адам қажет үшін пайдаланылады.Бұл кәсіптік хайуанаттарды қорғау қажеттілігін туғызып отыр.
Аң аулау адам баласымен бірге жасап келк жатқан ежелгі кәсіп.Аң және балық аулау мыңдаған жылдар бойы адамның азық көзі болып келді.Көне заманда қарапайым қараулармен жасақталған адам әрекеті хайуанаттардың санына айтарлықтай зиян келтірмейтін.Бертін қеле отты мылтық шығып,аң аулау әдістері жетілген кезде,ет, аң терісі үшін хайуанаттар көптеп аулана бастады.Хайуанаттар дүниесін жаппай қырып- жою әсіресе пайда қуған капитализм заманында күшейтіп кетті.
Октябрь революциясынан кейін Совет үкіметі хайуандарды жоюға тыйым салды.Кәсіптік жануарлардың қорын сақтап,қайтадан қалпына келтіру жөнінде пәрменді шаралар қолданылады.Алайда хайуанаттарды азайтатын антропогендік факторлардың зиянды әсерін түп- тамырымен жоюға түпкілікті қол жетпей отыр.Кейбір түрлердің санының азаюына әлі күнгі дейін сақталып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |