Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер түрлері пәнінің контенті


-тақырып. Жануарлардың құрып кету себептері



бет28/41
Дата03.01.2022
өлшемі0.72 Mb.
#450656
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
УМКД СКЖӨТ 2020-2021

8-тақырып. Жануарлардың құрып кету себептері

Жануарлардың адамның әсерінен құри бастауы ерте заманда басталған.Адам жер бетінде тіршілік ете бастағанына 40 мың жыл өтті.Мал және ауыл шаруашылығымен айналыса бастағанына 10 мың жыл.Яғни 30 мың жыл бойы адам тек қана аңшылықпен айналысқан.Көне заманда аңшылық құралдары мен әдісінің жетілуі көптеген жануарлар тұрінің құрып кетуіне себепші болды.Аңшылық әдісінің жетілуімен жер бетінде соңғы мұздану бір мезгілге тура келді.Бұл жануарлардың тіршілік ететін ортасын қолайсыздандырды.Мұның әсерінен Европадағы ең ірі шөп қоректі жануар- мамонттар,жүнді мүйізтұмсақтар (носорог),алып маралдарқұрып кетті.Сол кезде осы аңдармен қоректенетінүнгір арыстаны,үнгір аюлары сияқты жыртқыш аңдар да жойылды.Америкада бұл кезде мамонттармен бірге мастодонт, мегатерий,неникл,түйе сияқты жануарлар да тірщілік етуен қалды.Мұндай ірі жануарлар құрыған соң адам баласы аңшылықты тастап мал және ауыл шаруашылығымен айналасуға көшті.Бұған қарамастан адамдардың жабайы аңдарға шабуылы жалғаса берді.

Аншылық қарулары мен жол қатынасының жетілуі адам баласына жер шарының алыс түпкірлеріне баруға мүмкіндік берді.Ол жерлерде жабайы аңдарға аяусыз шабуыл жалғаса берді,түрлердің құруы тоқтаған жок .Мысалы,XIX ғасырдың басында аумақты жерді қамтитын қанатты гагарлар сол ғасырдың ортасында су жолы қатынасының көбеюіне байланысты түпкірдегі аралдардың өзінде құрып кетті.1741 жылы Беринг экспедициясы теңіз немесе Стеллер сиырын тапқан еді.Бұдан бар болған 27 жыл өткеннен кей»н әлгі сиыр құрып кетті. Осы жолмен Португалия және Голландия теңізшілері аралдардағы дронт құсын да құртып жібірді.Аңшылықтың әсерінен Европа жабайы жылқысы – тарпан, қазіргі ірі қара малдың ата- тегі жабайы сиыр- тур,қарақаз /очковый боклан/, лабрадар гагасы, бенгал удоды сияқты жануарлар жер бетімен мәңгілік қоштасады.

Дамыған техникасы бар капиталистік қоғамның пайда болуы және адамдардың аяусыз қырыпжоюы жануарлар түрлерінің құру процесіне өте тездетіп жібірді.Бұл процесс әсіресе соңғы екі ғасырдв шарықтау шегіне жетті.

Құрама Штаттарда қанғабас көгершінді еті үшін көп мөлшерде аулады.Осы ғасырдың басында кит аулайтын пушка және кит өңдейтін жүзгіш кемелер шықты.Бұл киттің жеке популяцияларының жойылуына және жалпы санының азаюына әкеп соқты.Қосымша пайда қуған капиталистік мемлекеттер егістік жер үшін жерді көптеп игерді.бұл Солтүстік америкада бизондардың жаппай қырылуына әкеп соқты.Орташылдар Американың жергілікті халқы индустарды тамағынан айыру үшін әдейі қаскүнемдікпен де көптеп жойыды.Нәтижесінде 1886 жылы Америкада бар болғаны 600 бизон қалды.

Мұндай қырып- жою басқа жерлерде қарқынды жүрді.Мысалы,Австралияда ұсақ малдың жайылымына жер кеңіту жолында кенгуруді қырып жойды.Нәтижесінде Австралияда кенгурудың жеті түрі құрып кетті.XIX ғасырдың аяғында Тасмания аралының малшылары қалталы қасқырларды түгелімен жойып жібірді.

Антропогендік факторлардың әсерінен жер бетінен түгелдей құрып кетпегенмен белгілі бір үлкен аймақта немесе мемлекетте құрып кеткен жан жануарлар да баршылық.Нәтижесінде көптеген мемлекеттер ғылыми- практикалық жағынан бағалы түрлерден айырылып қалды.Мысалы,Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы 52 қалталы

Жануарлар түрлерінің 11 түрі,Шотландияда құстардың 14 түрі,Алабама штатында /АҚШ/ жыланның 3 түрі,Луизиана штатында бақаның 4 түрі ба,Солтүстік Америкада балықтардың 7 түрі кетті.Россиялық Кавказда адамның қатысумен тоғыз хайуанат түрі құрыды, олар:арыстан,тур,құлан,гепард,құндыз,бұлан,тарпан,зубр,жолбарыс.Басқа аудандарда – дуадақ,безгелдек,/стрепет/ суыр сияқты омыртқалылар жойылды.

Кейінгі жылдары техниканың өсуіне байланысты адам әсерінен жануарлар тіршілік ететін ортының өзгеруі күшейді.Егістіктің механикалануы жертесерлердің жаппай қырылуына себепші болды.Улы химикаттардың себілуінен пайдалы жәндіктер жаппай қырылады.Арал,Каспий теңіздерінің суының азаюы,ондағы тіршілік ететін жан- жануарлардың тіршілік жағдайының нашарлауын,біраз жануарлар түрлерінің күрт азаюын туғызды.

Енді кейбір жер бетінен құрып кеткен жануарларға тоқталайық. Тур- жабайы сиыр,Европаның ірі қара сиырларының ата- тегі,XVIIғасырда құрып кеткен.Көне заманда турлар тек қана Европада емес Сібірде,Орта Азияда,Кіші Азияда және Солтүстік Америкада тіршілік еткен.Аңшылықты көбеюі және егістік үшін орманынның кесілуі турды ығыстырды.XVғасырдан бастап Польша мен Россияда тіршілік ететін ортасы тарылып,XVIғасырдан бастап саны азайып кетті.Аздаған табыны Висла,Буга,Нарева өзені аңғарларында ғана қалған.Бұл жануардың ең соңғысы 1927 жылы өлді.

Тарпан – Европа жазықтарында тіршілік есткен,жабайы жылқы.Бұрын Оңтүстік Европаның жазықтарында егістік үшін игеру,дәмді еті үшін жаппай аулаудың салдарынан бұл бағалы аң құрып кетті.Польшада тарпан 1813жылы жоыйлып бітті.XIX ғасырдың отызыншы жылдары Азов және Қаратеңіз жағалауларындағы жазықтарда табындары көп болатын.Сол ғасырлардың алпысыншы жылдары жекелей үйірлері ғана қалды да, XIX ғасырдың аяғында түгелдей құрып кетті.

Теңіз немесе Стеллер сиыры.Бұл Тыңық мұхитының солтустік бөлігінде тіршілік еткен.1741 жылы Беринг экспедичиясы алғаш рет тауып,академик Стеллер сипаттама жазған.Командор аралдарының жағасындағы таяз, шөп басқан суларда табынымен журген,балдырлармен қоректенген.Бұл ұзындығы 7-8 метрге,салмағы 3,5 тоннаға жететін,баяу қозғалатын және еті дәмді жануар.Сондай- ақ, Стеллер сиыры өте аңқау. Осы аңқаулығы оның құрып кетуін тездеткен.Жаппай аулау бұл бағалы жануар табылғаннан кейін бар болғаны 27 жылдан кейін,яғни 1768 жылы құрып кетуіне әкеп соқты.

Қанатсыз гагарка- ұшу қабілетінен айрылған,биіктігі 75 см жететін ірі құс.Бұрынғы кезде гагарка барлық Солтүстік Атлантиканың жартасты жағалаулары мен аралдарынла өте көп және таралған жері де кең болған.Бұл құс ерте заманнан ау ланған.Мұны тек қана жергілікті халықтар емес Солтүстік Атлантика суларын кезіп жүрген теңізшілер мен балықшылар да көптеп аулайтын.Кейде кемелерді осы құстың еті мен жұмыртқасына толтырып алатын.Осындай жаппай қырып- жою қорғануға дәрменсіз құстың құруына негізгі сепеб болды.XVI-XVII ғасырлардасаны өте азайып кетті.XVIII- XIXғасырларда ұяларының көп бөлігі жойылды.Ал 1844 жылы Исландия жалауында ақырғы бір жұбы өлтірілді.Осымен бағалы құс жер бетінен құрыды.

Қарақаз /стеллера баклан/.Алғашқы рет 1741 жылы Стеллер Беринг аралынан тапқан құс.XIX ғасырдың ортассында құрып кеткен.1826 жылға дейін Командор аралында адам жоқ кезде өте көп тараған құс.Құрып кетуіне негізінен аралға қоныс тепкен адамдардың аулауы себеп болған. Бұдан басқа жер бетінен құрып кеткен жануарларға көгілдір ақбөкенді/ Оңтүстік Африка/, Квагг зебрасы / Шығыс Африка/,ұшпайтын дронет көгершінін / Индия мұхитының аралдары/,қаңғыбас көгершінді / Солтүстік Америка/ жатқызуға болады.



Негізгі әдебиеттер: [1-5] (128-135, 298-331)

Қосымша әдебиеттер: [1-2] (86-97, 112-169)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет