Сырттай- педагогикалыќ факультеті “бмп жјне ОЈ” мамандыєы 211У(с) тобыныѕ “Жаѕа технологияларды бастауыш сыныпта пайдалану жо


ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет2/9
Дата20.06.2022
өлшемі416.5 Kb.
#459357
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бастауыш сыныпта жаңа педагогикалық технологияны пайдалану

1.1 ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Жаңа педагогикалық технологиялардың даму және қалыптасу барысы


ХХІ ғасыр табылдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі – білім беру прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге жетті.
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту Тұжырымдамасында қазіргі мектептер:

  1. практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақөталуы;

  2. қоғамның интелектуалдық қуатын жетілдіру;

  3. еліміздің материалдық-қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;

  4. орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту т.с.с. міндеттерді көздейді.

Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл, инновациялық деп атайды.
Мектеп практикасымен танысу барысында мұғалімдердің инновациялық технологияларды бртіндеп қолдануға ұмтылғаны байқалады. Бірақта олар инновациялық әдіс-тәсілдердің жалпы әдістерден айырмашылығы, оларды қолданудың тиімді жолдары қандай деген мәселелерді анық-айқын біле алмайды.
Инновация (латын сөзі in – в, novis - жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. С.И. Ожегов сөздігі бойынша: инновация бірінші рет шыққан, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.
1957-1964 ж. он жылдық тарихқа американдық білім жүйесіндегі инновациялар және өзгерістер кезеңі ретінде енеді.

  1. Ағылшын ғалымдарының пайымдауынша, жаңалық көзі арнайы қолданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтардың білімді көтеру ұйымдастырушыларда, т.с.с.

  2. Өз зерттеулерінде ағылшын ғалымдары мынадай қорытындығы келеді: “Әр жоғарғы сатыдағы мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде іс-әрекет жасауы тиіс,” – дейді.

  3. Инновациялық технологияларды қолданып дамыту мәселелерін басқа елдердің педагогтары да қарастырады.

90- жылдардың бас кезінде орыс ғалымдары Днепрова В.И. Зоялинский, Лазереваның еңбектерінде “инновация” пайда болады. Олар “инновация” ұғымы білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды. М.М. Поташник, А.С. Лоренсов “жаңалық” дегенді құрал ретінде (яғни, жаңа әдіс, жаңа технология) ал, “инновацияны” осы тәсілдерді меңгеру үрдісі деп санайды.
Қазақстан мемлекетінде “инновация” ұғымын пайдалану соңғы бес жылдыққа жатады. Ең алғаш “инновация” ұғымы қөазақ тілінде анықтаған ғалым профессор Немеребай Нұрахметов. Ол: “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” – деген анықтаманы ұсынады.
Н.Нұрмағанбетов “Инновация” білімінің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: 1) Жеке түрі (жек-дара, бір-бірімен байланыспаған); 2) Модульдік түрі (жеке дара кешені, бір-бірімен байланысқан); 3) Жүйелі түрі (Мектепті толық қамтитын).
Ал жалпы инновацияны модификациялық, коминаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады:
Модификациялық инновация – бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық инновация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновацияға білімге мелекетті стандарттарды енгізу жатады. Мемлекетті стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогиалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі үлгерім көрсеткіші, берілген білім сапасы формализм мен субъективтіліктен әлі арыла алмауда, осыған орай, ғалымар жаңашыл-мұғалімер бұл мәселелерді шешу бағытында біршама істер атқаруда. Инновация дегеніміз – белгілі бір жүйедегі жаңашылдық. Педагогикалық инновация – педагогикалық жүйедегі жаңашылдық.
Педагогикалық жүйе құрылымын кей ғалымдар (И.П. Подласый, В.П. Беспалько, т.б. оқушылар  тәрбие мақсаты  тәрбие мазмұны  тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары түрінде қарастырады (тәрбиелей отырып оқыту жағдайында). Білім беру үрдісінің негізгі бөліктері: мақсат  мазмұн  форма  әдіс  оқыту көрнекілігі тізбесі жаңа мазмұнға ие болғанда ғана педагогикалық жүйедгі жаңашылдыққа жол ашылады. Ал жаңа технологияны қолдану төмендегі кезеңдер арқылы іске асады: оқып-үйрену  меңгеру  өмірге ендіру  дамыту.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:
 оқу үрдісін интенцивтендіруді жаппай қолға алу;
 оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;
 жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді емлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;
 оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.
Педагогикалық технология кәсіптік қызметті ерекше түрі болып табылады. Оқыту технологиясын меңгері үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет болады. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында, әрбір педагог жаңа технологияны меңгеру барысында өзін өзі қалыптастырады.
Жаңа технология жасаудың теориялық негіздерін зерттеп дайындауды оқу процесі жөніндегі ір түрлі ойлар жүйесінің принциптері негіздерін сын көзқараспен ұсынып, мәнін түсіндіруден бастаған жөн:

  1. Оқу процесін басқару үлгісі мен атқару тәртібін қайта қарау.

  2. Оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және басқаруда, оны үйлесімді, қолайлы түрде күшейтуде дамудың басым, ұтымды бағытына сүйену.

  3. Оқу процесін ұйымдастыру кезеңіндегі жоспарлаудың, бағдарламалар, оқулықтар, оқыту әдістемесінің түпкілікті және сапалы болмауын, соның нәтижесінже оқыту уақытының текке, мақсатсызжұмсалуын бейтараптандыру және түпкілікті болдырмау.

  4. Оқытудың жоғарғы нәтижелеріне жету мен қажетті оқыту уақытының бір-бірімен өзара тығыз байланыста.

  5. Оқушыларды оқытуды күшейтіп, білімді базалық деңгейге дейін тереңдетуді түсіну, олардың ой-өрісін кеңейту, оқыту уақытын арттырмай, бағдарламалық мәліметтерді толық меңгерудің әдістемесін іске асыру.

Оқыту уақыты қорының тапшылығы оқущшылардың психологиялық және физиологиялық мүұмкіндіктерінің шектеулілігін ескеру, оқу еңбегінің жоғарғы деңгейдегі мөлшеріне сәйкес жұмыс көлемі жүйелі түрде қолайлы қызметатқаруға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде белгілі мамандықтардың студенттері жоспарланған жалпы білімдік дайындықтың негізгі деңгейіне барынша толық жете алады.
Оқыту қарқыны күшейудің негізгі бағыттары мыналар:

  1. Оқу процесін жобалағанда әрбір студенттің мүмкіндіктері мен қабілетін басынан бастап ескеру (оқытудың жаңа технологиясы)

  2. Жоспарланған уақыт аралығында белгілеп алған мамандық бойынша өтілетін пәндерді ұтымды және жүйелі орналастыру (оқу процесін ұйымдастырудың модульдік, тақырыптық, тараулық, бөлімдік) технологиясы.

  3. Дидактикалық модільдің әр түрлі кезеңдеріне әрбір оқушының мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескеріп оқыту.

  4. Оқушының білім деңгейін болжау және бағалауда қарқынды бақылау тәсілін қолдану.

  5. Оқыту әрекетәнінің қарқынын күшейту, жалпы білімдік іс-әрекетпен сабақ оқуға мақсатты дағдылануды қалыптастыру не нәрсеге оқыту? қалай оқыту? Немен оқыту сияқты “шартты ” бағыт істейтін мақсаттарды айқындау.

Оқу процесін ұйымдастырудың модульдік технологиясы мен оқыту технологиясы оқу процесін құрып, анықтауға мүмкіндік береді.
Оқу процесінің үлгісін жасағанда сол оқу процесіне нақты түрде бірте-бірте жуықтау тәсілін қолдану міндетті іс (жаңа технология жобасының идеолгиясы). Жаңа технология оқу процесінде іске асырылатын және мұғалім іс-әрекетін жоспарлайтын дидактикалық модульдердің жобасын жасауды көрсетеді.
Сонымен бірге, дидактикалық модульдерді жасау арқылы оқу процесін жобалау мен үлгісін жүйелі түрде іске асырудың ең бір маңызды дидактикалық мәселесін іске асырып, жоғары оқу орнының жаңа үлгідегі оқулығын дидактикалық модульдердің жиынтығы ретінде жасау жұмысын іске асыру толық орындалады.
Оқытудың жаңа технологиясы осы уақытқа дейін өз мәнінде шешілмеген пәнаралық байланыстарды оқу процесі барысында дидактикалық модульдердің бір-бірімен ара байланыстары арқылы мүдделі түрде жаңаша шешуге мүмкіндік береді. Жаңа технология әр түрлі пәннің оқытушыларына өз мамандығының сапа деңгейіне жұмыс істеу ерекшелігіне әдістемелік тәжірибесіне шығармашылықпен қарауына, жаңашыл тәжірибелерін және әдістемелерін кеңінен пайдалануға, ең бастысы, білімнің жаңадан қалыптасқан мазмұны арқылы жоғары айтылғандарды барлық мектептердің күнделікті оқу жұмыстарында таратуға мүмкіндік береді. Мұндай жұмыстың нәтижесі – оқыту мақсатын меңгеру, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқыту мазмұны тұжырымдалған оқытудың әдістемелік жүйесін құру болып табылады. Оқушыларға базалық білім жүйесін беру, олардың жеткілікті іскерлік деңгейін қалыптастыру, оқуға, ойлауға үйрету, оқушылардың білімді өздігінен іздестірулерін дамыту, яғни оларды танымдық әдістермен қаруландыру, оларды сын көзбен қарап ойлауға үйрету, сонымен қатар, өздерінің ойлары мен тұжырымдарының дұрыстығын негіздеп, дәлелдеуге үйретуге мүмкіндік туады.
Жаңа технологияны іске асырудың қажетті шарты ретінде мынандай әдіснамалық принциптерді міндетті түрде орындауға баса көңіл аудару аса маңызды.

  1. Мұғалімнің педагогикалық кәсіби қабілетіне сену принципі.

  2. Оқытудың кез-келген уақыты аралығында берілген пәннен оқушының кепілді дайындығы болу принципі.

  3. Оқу процесінің модульдік жобалау принципі.

  4. Жоғарғы оқу орныдарындағы кері тартарлық шек қойып тежеушілікті жойып, бұрынғы дәстүрлі оқыту көздерін дұрыс ара қатынаста үйлесімді пайдалану принципі.

  5. Ұйымдастыру және оқыту технологияларын қолдану мен қалыптастырудағы педагогтік мәліметтердің дұрыстығы мен шындыққа сәйкестік принципі.

  6. Мектеп мұғалімдері мен оқушылардың оқу процесіндегі арақатынасының жарасымды даму бірлігі принципі.

  7. Оқушылардың жалпы біліктілігінің нәтижесінде пәндік біліктілік әдісін меңгеруді жүйелі түрде ұйымдастыру принципі.

  8. Жаңа технологияны жобалаудағы мазмұндық, бірізділік, мотивациялық жақтарының бірлігі принципі.

  9. Әр оқушының жалпы білім бойынша дайындығының базалық деңгейге міндетті түрде жету принципі.

Оқытудың жаңа технологиясының дидактикалық модуль түрінде жүзеге асыру жобасы, әуелі ойша тұрғылзылған материалдық дүниеден басталады. Содан кейін, ой салыстырмалы түрде ұсынылады, әрине ең әуелі болашақта дидактикалық модуль жүзеге асырылатын оқу процесінің құрылымын айқындау қажет. Мұнда технологиялық процестің негізгі кезеңдері жөніндегі алғашқы мағлұматтарды, әдістемелік, технологиялық, тұрмыстық жобаларды, орындаушылардың мамандық деңгейін, оқытудың технология тіліне аударылған болжау мен бағалауды көрнекі жұмыс жабдықтарының жоспарланған қорытындысын меңгерудегі өз ұсыныстарымызды қатаң бір жүйеге келтіру аса маңызды.
Ең бастысы мектептің педагогтар ұжымы өзінің мәдени және білімділік деңгейі мен адамгершілік ақыл парасаты жағынан педагогикалық технологияны қабылдауға дайын болып, ол жұмысты құлшына іске асыруға дайын болуы қажет.
Енді оқу процесінде жобалаудың пәндік логикасының кейбір мәселелеріне тоқталайық.
Бірінші кезең – нақтылы технология көзқарас жүйесін, оның мағлұмат түрлері және нақтылы дидактикалық модул шеңберіндегі технологиялық процестің соңғы қорытындысын өз құрамында сақтайтын “Оқытудың жаңа технологиясын теориялық тұрғыдан негіздеу” деп аталатын құжаттар жинағын зерттеп дайындау.
Әрине, оқыту технологиясына жоспар дайындағанда оның бірнеше түрлері қолымызда болып, оны оқу процесіне енгізу үшін қажетті жоғары ғылыми деңгейде дайындалған болуы керек.
Жаңа технологияның бірнеше түрі жөнінде айтқанда, біріншіден, таңдаулы авторлар жасаған дидактикалық модульдің әдістемелік тәжірибе нәтижесінде жасалған түріне тоқталған болатынбыз. Оқытудың технологиялық процесінің соңғы нұсқасын, яғни жалпылама меңгеру мен санын көбейтуге дайын дидактикалық модульді – барлық талдап шыққан мағлұмат түрлерін қарастырып және оларды жинақтаудың нәтижесінде алынған қорытынды деп танитын боламыз.
Екінші кезең – “берілген дидактикалық модуль шеңберіндегі технологиялық атқару тәртібі” деп аталатын құжаттар жиынтығын дайындау. Оқыту технологиясы оны іске қосу тәртібіне байланысты болғандықтан уақыт мөлшері белгіленген бөлімдері болады және олардың атқару бірізділігі оқу процесі технологиясының логикасын айқындап құрастырады. Белгіленген мұндай бөлімдердің мысалы ретінде технологиялық жағдай ды қарастыруға болады. Технологиялық жағдай оқушылардың болжамдалған және жоспарланған дамуы мен оқуының белгілі бір нәтижеге жетудің қарапайым түрі болады. Аралық нәтижеге жету келесі технологиялық жағдайды 45 минуттық уақыт модулімен сәйкестендіреміз де істің алдағы қорытындысын осы қарапайым модульдің қорытындысымен өлшейміз.
Сонымен оқыту технологиясын жобалаудың қарапайым іс-әрекеті ретінде технологиялық жағдайды қарастырамыз. Дидактикалық модульді жобалағанда біздің ойымызша, келесі технологиялық жағдайларды жүзеге асыруымыз қажет: дайындық жұмысы, оқушының жеке басының міндетті жұмысы яғни оқу- танымдық жұмысы, тексеру жұмысы, яғни оқушының оқу көлемін игеруінің қазіргі жағдайға жан-жақты сай дамуын жүйелі түрде талдап болжау, қорытынды жұмысы, яғни, берілген дидактикалық модульге сәйкес әр студенттің немес оқушының алып қарастырылған тараудан білімнің базалық деңгейін оқу сапасының мемлекеттік стандартына сай игергендігі жөнінідегі сұраққа жауап алу.
Үшінші кезең – берілген дидактикалық модульге сай “мұғаліинің әдістемелік жұмыс жабдықтары” атты құжаттар жинағын дайындау. Біз мектеп мұғалімдерінің оқу тәрбиелік жұмысын жобалаудағы және атқарудағы жетекші роль атқаратын әдістемелік жұмыс жабдықтарына аса маңызды мән береміз. Сондықтан да технологияның осы бөлігі “не нәрсеге оқыту” керек деген сұрақпен бірге “қалай оқыту қажет” деген сұраққа жауап береді. Бұраннан қалыптасқан оқыту әдістемесіне біз осы екі сұраққа жауап берумен ғана қанағттанып келсек, енді оларға “немен оқыту” керек деген сұрақты жалғаймыз. Бұл сұраққа жауап бару мақсатында әдістемелік тәсілдерге, амалдарға, әртүрлі әдістемелік жұмыс жабдықтарына, оқыту технологиясының жаңа мәліметтерінің дидактикалық мүмкіндіктеріне сүйкнкміз. Осыларға байланысты технологиялық процестің соңғы қорытындысына жақындауға мүмкіндік туады.
Болашақ мектеп мұғалімі мен жоғары оқу орындарының оқушыларын дайындайтын жоғары педагогикалық және университеттік білім беру жүйесіндегі, әсіресе, оқушыларға жан тану және білім беру мен тәлім тәрбиені қалыптастырудағы ашықтан ашық кеткен кемшіліктер мен ақаулар, соның нәтижесінде қажетті іс-әрекетке бағытталған жұмыс жабдықтарының мұғалім мен оқушының қолында болмауы, олардың әдістемелік, дидактикалық білім мәдениетін елеулі түрде нашарлатады. әрбір мектеп мұғалімі мен жоғарғы оқу орнының оқытушысы оқытудың жаңа технологиясын жобалау мен меңгеруге қатыса отырып, өзінің кәсіби білім деңгейін кеңейтеді және көрсетеді.
Төртінші кезең – берілген дидактикалық модульге сай “технологиялық жұмыс мақсатын іске асырудың қорытындыларын өлшеу әдістемесі мен білгілері” деген құжаттар жинағын дайындау. Бұл жинақтың мазмұны оқушылардың белгілеп алынған тараудан алынған білімді, іс-әрекетіне қойылатын дәстүрлі бағдарламалық талаптарды жоспарлап технологиялық қорытындыларға өшіреді. Оқытудың технологиялық процесінде арнаулы өлшемдер мен белгілер арқылы оқытудың нақтылы қорытындылары белгіленіп және олар оқытудың жоспарланған қорытындыларымен салыстырылады. Әрине, бұл жағдайда әр оқу пәнінің мазмұн ерекшелігін ескеру қажет.
Бесінші кезең – “оқытудың жаңа технологиясын меңгеру мәдениеті” атты құжаттар жинағын дайындау. Бұл технологиялық құжаттар үшінші бөлімнен тұрады, олардың әрқайсысы технологияны меңгерудің әр түрлі үш сатысын баяндайды:

  1. Әдістемелік жобалаудың бүкіл құжаттарын тізімге алу. (түгендеу);

  2. Дидактикалық модульдің теориялық құрылымдарын дайындау;

  3. Оқытудың жоспарланған нәтижелеріне жетудің әдістемелік ұйымдастыру шарттарын сипаттап анықтау.

Оқытудың жаңа технологиясын меңгеруде әрбір мұғалімнің шыармашылық лабараториясында жоғарыда аталған үш саты шын мәнінде міндетті түде өтілуі тиіс. Оқыту технологиясын сипаттағанда біз “адамдар технологиялары” деген сөзді қолданамыз. Ондағы мақсатымыз педагогикалық және әдістемелік ғылымдардың аз меңгергендігін атап көрсету.
Технологияның кез келген жобасы – ол түп нұсқа, болашақ оқу-тәрбиелік процестің шығармашылық педагогикалық нұсқасы. Әр мамандықтың ерекшелігіне сәйкес осы алғашқы нұсқаларды пән оқытушыларды дайындайды. Басқаша айтқанда дидактикалық модульдің адагершілікті нәтижесі – осы заманғы жоғары білімді мамандарды қалыптастырудағы адамның шығармашылық ісіне бағыттаушы шарт болып табылады.
Атап айтқанда технологияны меңгерудің үш сатысын жоғарыда айтылған мәселелерді ескере отырып қалыптастырамыз.
Бірінші саты: Барлық жобалаушы құжаттарды ұқыпты түрде түгендегеннен кейін модульді меңгеріп, жүзеге асатын қажетті жағдайлар болуына көз жеткізу аса маңызды мәселе болып табылады. Оқу процесін ұйымдастырудыңмодульдік технологиясын іске асыру маңызды көрсеткіштерді бірі болады. Оқыту технологиясының мүмкіндігін және нақтылы игерудің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Екінші саты: Дидактикалық модульді қарастыратын бастапқы технологиялық жағдайлардың жиынтығы меңгеріледі. Әрбір пән оқытушылары әдістемелік жұмыс жабдықтарының барлық құрамдас бөліктері мен бағдарламаларын меңгеру барысында олардың іс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қарай және берілген мамандықтың ерекшелігіне байланысты дидактикалық модульдің қолданбалы бағдары басталады.
Үшінші саты: Оқытудың жоспарланған қорытындыларының барлық әдістемелік шартарын меңгергеннен кейін, алдын ала белгілеп алған оқу тобына берілген дидкатикалық модуль бойынша оқыту ісін екінші алғашқы жуықтау кезеңін байқап көру аса маңызды іс.
Техниканы меңгеру қысқа уақытта тез қол жеткізетін жұмыс емес, әрбір оқытушы өз басының педагогикалық тәжірибесін жинақтап бір жүйеге келтіруі қажет. Берілген дидактикалық модуль бойынша оқыту ісін екінші, үшінші қайталанғанда әр пән оқытушыларының өздігінен әдістемелік жетілуінің жаңа мүмкіндіктері пайда бола бастайды, қосымша жаңашылдық табыстарға жетіп, ол табысты нәтижелерге дидкатикалық модульге біртіндеп енетініне көз жеткізу қиын емес. Осындай нәтижелер әр оқытушының өздігінен жетілуіне, олардың педагогикалық кәсіби дамуы мен шығармашылық еркіндігінің ұлғаюындағы аса маңызды іс болып табылады. Сонымен, адамтану технолоиясы педагогтар сана-сезіміне барынша сіңіріледі.
Педагогикалық технология дегеніміз – педагогтар жеке басының шығармашылқ күш қуатын өрістетуді қамтамасыз етудегі, адамаралық және іс-әрекеттегі қарым –қатынасты рухани жоғарылатудағы, кәсіби еңбектегі адамгершілік жүйе болып табылады.
Оқытудың жаңа технологиялары ғылымға және тәжірибеге негізделген әртүрлі білім саласын кең түрде игеруде оларды іс жүзінде пайдаланғанда аумағы кең, жаңа мәліметтер мен күнделікті іс-әрекеттегі ұсыныстарды іске асыруда аса пайдалы.
Бұл зерттеуде біз өзінің мазмұны, әдістемелік көмекші құралдары жағынан қолданылып жүрген оқулықтардың күнделікті оқу процесін сапалы түрде қамтамасыз ететіндігі жөнінде мәселе қойып тырған жоқпыз.
Оқытудың жаңа технологиясы алғашқы рет оқушыларға жүйелі білім берудің принциптерін ұсцнцп отыр. Бұл технология, біріншіден, оқу процесіндегі жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулықтардың іс жүзіндегі қызметін, екіншіден, әр пәндә оқыту жолдарының жағдайы мен педагогикалық және кәсіби ой-өрісінің қалыптасуын түпкілікті түрде қайта қарайды.
Оқыту технолоиясын жасап шығып оны мектептегі күнделікті оқу процесіне жалпылама енгізу арқылы біз бірте-бірте және орынды түрде оқушылардың жалпы және орынды түрде кәсіби білімділік, дидактикалық бейімделген мазмұны мектептің жаңа буын оқулықтарын шығару мәселелерін шешекен болар едік.
Сонымен:
1. Мектептерде оқушылардың оқулықтары әдістемелік жүйеден байланыссыз жасалмайды, қайта сол жүйенің қажетті және біртұтас құрамдас бөлігі болады. Әдістемелік жүйе құрылып, оны ғылыми тәжірибе арқылы қабылдап, мақұлдаудан кейін және оқулық жазылып біткенде, енді ол оқулықты жалпылама түрде бірте-бірте жақсарту және сапасын арттыруға болады.
2. Болашақтаға оқу процесін жобалау негізін анықтайтын дидактикалық модульдер жүйесі ретінде, яғни, оқытудың жаңа техологиясы ретінде де қолданылады.
3. Оқыту технолгиясына оқу процесін жобалаудың әр түрлі мүмкіндіктері де енгізіледі. Бұл жағдайда оқулық мазмұны белгілі дәрежеде пән оқулықтарының әдістемелік жұмыс жабдықтарына сәйкес және мәндес , ал болашақ оқу процесінің жобасы оқулық мазмұнына сәйкес болып келеді.
4. Жоғары оқу орындары мен мектептердегі оқу бағдарламасындағы білім беру бағдарламасының мазмұны оқыту технологиясында екіге бөлініп, жалпы білім беру жағдайларын қарастырады. Базалық білім беружағдайларын оқушылардың жалпы білім дайындығы сапасының мемлекеттік стандартына қатысты базалық білім құрамын анықтаумен байланысты айқындалады. Бұл арада базалық білім құрамы мен оқушылардың оны меңгеруігнің базалық деңгейі шешуші роль атқарады.
Ал жалпы білім беру жағдайы оны іске асырумен шектеледі, білім мазмұнын оқулыққа қатыссыз іріктеп таңдап алу, берілген курс бойынша мазмұнын таңдау, пәннің мазмұнын таңдап, оны меңгерудің жолдарын қалыптастыру. Бұдан кейін нақты оқулық үшін пән мазмұнын анықтап, оны дайындау жолдарын қалыптастыру жұмысы істеледі.
Баяндау тәсілдері, тақырыптарды орналастыру логикасы және пән мазмұнының принциптерін айқындау, оқулық тілін таңдап алу.


1.2 Жаңа педагогикалық технологиялардың түрлері және өзіндік ерекшеліктеріне психологиялық-педагогикалық сипаттама


Қазіргі замандағы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдында мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол өз жұмыс орныныда және бүкіл техникалық тізбекте технологияың үрдіссіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру.


ХХІ- ғасырдағы білім беру жүйесі қандай болуы керек? деген мәселе әркімді де толғандырады.
Американдық мұғалімдер ассоциоциясыныц вице-президенті, доктор А.Урбанский білім берудің болашақ мұратын былайша сипаттайды:
“Оқыту ойлауға үйретуге негізделуі тиіс. Осыған байланысты оқу үрдісіндегі ең маңызды кезең – рефлексті емес, басымдылықтан ойлау әдістері мен амалдарын саналы түрде игеруге көшу”.
Жаңа оқыту технологиясы материалды сипаттамалы түрде емес, шынайы проблема негізінде берілуі тиіс. Көптеген ғылыми әдіскерлер “Методология мәселені шешеді” деп есептейді. Бұдан басқа белгілі әдіскерлер “Оқытудың жаңа жүйесінде мұғалім назары дұрыс жауап алудан оның қандай жолмен алынғандығын түсіндіруге көшуге ауды,” – дейді.
Адами қарым-қатынастар оқу тәрбие үрдісінің нәтижелерін белгілейтін маңызды фактор болып табылады. Сондықтан жаңа техгнологияның негізі саналатын ізгілендіру мен демократияландыру – мектептегі оқу үрдісін жетілдірудің басты ұстанымдары.
Балаларға ізгілік тұрғысынан қарау дегеніміз:

  • балаға деген ұстаздық сүйіспеншілік, олардың тағдырына алаңдау;

  • баланың болашағына, қабілетіне сену;

  • ынтымақтастық, қарым-қатынас шеберлігі;

  • тікелей қысым көрсетпеу;

  • баланы ынталандыру;

  • баланың кемшіліктеріне шыдамдылық көрсету.

Қарым-қатынастарды демократияландыру дегеніміз:

  • мұғалім мен оқушының тең құқықта болуы;

  • оқушылардың еркін таңдауына мүмкіндік құқығы болуы;

  • қателесу құқығы;

  • өзіндік көзқарас құқығы;

  • “балалар құқықтарының конвенциясын” сақтау;

  • қарым-қатынас стилі, тыйым салмау – бағыт беру, басқармау – бірігіп тең басқару, зорламау – ұйымдастыру, шектемеу – еркін таңдауға мүмкіндігін беру.

Ынтымақтастық педагогикасы – білім беруде көптеген жаңалықтарды өмірге келтірген, оқушылармен, ата-аналармен қарым-қатынасты тағы басқа көптеген жағдайларды қамтитын, аса бай педагогикалық қатынас.
Бұл технологияның атауын сексенінші жылдардағы жаңашыл педагогтар тобы ұсынды. Олардың жинақтаған іс-тәжірибесінде қазіргі заман мектебінің ең жақсы дәстүрлері мен отандық және шетелдік психолгиялық-педагогикалық тәжірибе мен ғылымның жетістіктері көрініс тартты.
Қазақтың көрнекті ұстаздарының бірі, ағартушы - педагог С.Көбеевтің ұстаздық қызметінде баламен ынтымақты қарым-қытынас туралы айтылғаны мәлім. Тұтас технология ретінде ынтымақтастық педагогикасының нақты үлгісі жоқ, реттеу- атқару жабдықтамасы қалыптаспаған. Ол жүздеген мамақалалармен кітаптарда шашыранды түрде біріліп келеді. Оның идеялары барлық қазіргі заманғы педагогикалық технологияға енгізілген. Ол Қазақстан Республикасы орта білім тұжырымдамасының негізін құрайды. Сондықтан ынтымақтастық педагогикасын ерекше түрдегі “сіңімді” технология деп қарастыру керек, ол жаңа педагогикалық ой-өрістің нышаны, прогрессивті идеялардың қайнар көзі.
Сондықтан қазіргі көптеген педагогикалық технологияларға олардың құрамды бөлігі ретінде енеді.
Орта білім тұжырымдамасында ынтымақтастық ересектер мен балалардың өзара түсіністігімен бекітілген, біріге даму әрекетінің идеясы ретінде түсіндіріледі. Ынтымақтастық оқушы мен ұстаздың бір-бірінің жан-дүниесін түсініп, ортақ іс-әрекеттің барысы мен нәтижесінде бірігіп талдауы. Қарым-қатынас жүйесі ретінде ынтымақтастық сан алуан болғанымен, оның ішінде ең маңыздысы “мұғалім - оқушы” қатынасы.
Оқытудың дәстүрлі түрі мұғалімге педагогикалық үрдіс субъектісі, ал оқушыға объектісі ретінде қарауға негізделген. Ынтымақтастық тұжырымдамасында оқушы өз “оқушының субъектісі” деп қаралады. Сол себепті бір үрдістің 2 субъектісі бірге, өзара достық пен жолдастық тұрғысында, жасы үлкен тәжірибелісі, жасы кіші тәжірибесі аз, бірақ жастық жалыны бар кішкенесіне түсінікпен қарап жұмыс істеуі тиіс.
“Оқушы – оқушы қатынастарындағы ынтымақтастық мектептегі ұжымдар арасында достастық, бірігіп жұмыс істеу, реніш қайғыны бірге бөлісу, шығармашылық одақта болу, бірге басқару сияқты әр алуан түрде жүзеге асады. Ынтымақтастық педагогикасын өте кең шеңберлі” деп айтуға болады. Ол мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы, арасында ғана емес, мектеп әкімшілігі мен оқушылар, мұғалімдер, оқушылар мен басқа басшыларының көпшілікпен: ата-ана, қоғамдық және еңбек ұжымдары, тағы басқа ара қатынастарда да орын алады.
Ынтымақтастық педагогикасы негізінен:

  1. балаға тұлға ретінде ізгілікті қарым-қатынас;

  2. белсенділікті артыратын және арттыратын дидактикалық кешен;

  3. тәрбиелеу тұжырымдамасы;

  4. ортаны педагогикаландыру бағытында жүзеге асады.

Ізгілікті бағыт мектептің назарын баланың тұлға ретінде дамуына, оның ашылмаған қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға, еркіндік пен әділдікті, мейірім мен бақытты тілеймін, ішкі жан дүниесіне үңіле білуге аударады.
Мектептің міндеті – осы ішкі мүмкіншіліктер мен қабілеттерді оятып, өміршең етіп, оларды тұлғаның толық және еркін дамуына пайдалану.
Ізгілікті бағыттың негізгі идеялары мынадай:

  • оқушылармен ұнамды қарм-қатынас;

  • қысым көрсетпей еркін оқыту;

  • тірек идеясы;

  • оқушылар еңбегін бағалау;

  • таңдауға еркіндік беру;

  • өзінің жұмысын талдай білу;

  • өзіндік көзқарас;

  • тұлғаны дамыту;

  • тұлғаның жеке қасиеттерін ескеру;

  • уақыттың көбін балаға арнау;

  • өзін-өзі сыйлау идеясы;

  • өз жұмысын реттеп, бағыттай білу идеясы;

  • өз пікірін білдіру (қарсы тұру) идеясы;

  • ойын- тұлғаны демократияландыру құралы.

Ынтымақтастық педагогикасының белсенділік туғызу және дамыта бағытталған дидактикалық кешені “нені оқыту” және “қалай оқыту” мәселелерін шешуге бағытталған үрдіс қалыптастырады: білім мазмұнын тұлғаны дамыту құралы ретінде қарастыру; ең алдымен жалпылама білім, білік, дағдыға, ойлай білуге үйрету, мектеп пәндерін кіріктіру (интеграция) оқытудың жағымсыз емес, жағымды әсерін пайдалану, саралай және көпнұсқалы оқыту.
Оқу үрдісінің әдістері мен түрлерін жетілдіру жаңашыл педагогтардың озық дидактикалық идеяларында көрініс табады. В.Ф. Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Ш. Штейнердің еркін таңдау идеясы, С.Н. Лысенкованың оза оқыту, П.Эрдниевтың дамыта оқыту, Л.С. Выгодскидің жақын даму аймағы тағы басқа сол сияқты.
Ойлау механизмдерінде білім екі түрлі қызмет атқарады: жаңа білім алу мақсатымен ойша өңделетін материал және ойлау әрекеттрін реттейді. Білімнің реттеушілік қызметі заттардың, құбылыстардың, идеялардың немес олардың қасиеттерінің арасындағы қарым-қатынастарын, тағы басқа зерттеуде байқалады. Оқу үрдісінде білімнің реттеуші қызметі қалыптаспаған. Өйткені қазіргі оқу фактілері еске сақтап, бұрыннан белгілі сұрақтарға бірыңғай жауаптар алуға бағытталған. Бұдан шығатын қорытынды қоғамда жобалық педагогика – тұлғаның бойында шығармашылықпен ойлау стилін қалыптастыратын тұрақты құрылымдар жүйесі қажет. Мұндай ойлау стилінің негізгі ерекшелігі, кез-келген мәселені талдай білу, жүйелі байланыстырады, қайшылықтарды анықтау, олардың дұрыс шешемін табу, осындай шешімдерді дамытудың мүмкін болатын жолдарын талдау және болжау. Ойлау стилі осылай қалыптасқан тұлға технологияларының үздіксіз өзгерістеріне әрқашан дайын болумен қоса, өмірде кездесетін проблемалық мәселелерді парасаттылықпен шешуге моральдық қанағат алады.
Қазіргі педагогиканың оқушылардың бойында шығармашылық пен қызмет ету сапасын қалыптастыруға бағытталуы педагогикалық іс-әрекеттің ұстанымдарының да өзгеруіне соқтырып отыр. Білім беру жүйесі әрекетінің мәні – сынып жөнінде болатын “с-*әркетке тәуелді. Сондықтан мұғалім тек дайын білімді беруші, жеткізуші емес, оқушының оқуына, дамуына көмектесуі, ол ақпарат көзі емес, ойлау әрекетін ұйымдастырушы болуы тиіс.
Сонымен оқушының өзінің шығармашылықпен ойлау қабілеттері оқу үрдісін қайта құрудың басты факторлары болып табылады. Ол үшін мұғалім ойлау әрекетінің негізі болып табылатын методологияны меңгерген, шығармашыл тұлға болуы тиіс. Бірақ әзірге мұғалімнің педагогикалық үрдістері ойлау әрекетін кәсіби басқарушы ретіндегі әдістемелік те, психологиялық та дайындығы жеткіліксіз.
Білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесінде оқу бағдарламалары, негізінен, фактілерді жинақтап еске сақтауға, басқа да шығармашыл емес әрекет түрлеріне құрылған. Ондықтан мектептежақсы оқыған оқушылардың көпшілігі, егер одан кейінгі оқуы немесе жұмысы одан шығармашылықты талап етсе, бұған барынша қарсылық көрсетеді. Егер шығармашылық әрекеті білім берудің басынан бастап, тіпті, мектепке дейінгі мекемеден бастап, баланың бүкіл шығармашылық еңбек әрекетінде үйретіп, дем беріп отырса, мұндай қайшылықтарды жоюға болады.
Қазіргі заманғы оқытудың жаңа технологиялары қайта даярлануға жұмсалатын қаржыны үнемдеп, кездесетін күйзеліс жағдайларын жойып, өндіріс үшін жағымды, қалыпты психолгиялық ахуал қалыптастыру мүмкіндіктерін береді. Бұдан қоса оқытудың оқытудың жаңа технологиясы тағы бір мемлекеттік маңызы бар міндет – жедел қарқынмен зерделік қорды қайта жаңғыртады.
Шығармашыл тұлғалардың қасиеттерін зерттей келе, психологтар шығармашылық қабілеттердің табиғаты жаратылыстану және гуманитарлық бағыттар үшін бірдей екендігін анықтады.
Еліміздің егемендік алуы нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы күнге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Бұған дейінгі дәстүрлі білім бері оқушыларға тек пәндік білім, білік дағдырлардың белгілі жиынтығын меңгертуге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінбеді.
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берідің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, менталитет пайда болуда.

  • Білім беру мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байланысқа түсуде.

  • Ақпараттың дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радио байланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

  • Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптастыруына көңіл бөлінуде;

  • Мектеп, отбасы және қоршаған әлеуметтік ортасының бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;

  • Қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуна және ғылымның рөліне мән берілуде. Сөйтіп, оқытудың технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой тұжырымдары төмендегіше сипатталады;

  • Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынға меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

  • Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп-саралап оқыту бағдарламасына өту.

Қазір республика оқу орындары педагогикалық ұжымдары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды.
Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәрбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психолгиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап, қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру салаларындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес, жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Бір техгологияның өзін әртүрлі мұғалім түрліше, орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен іске асыруы мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушы әрекеті – оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі роль атқарады. Әрине нәтиже әртүрлі болуы мүмкін, бірақ олардың бәрі де осы технологияның мәнін ашып, мақсатын орындауға жақын болады.Мектептегі оқу үрдісінде педагогикалық технологияның қолдану түрлерінің белгілі тәжірибесі қалыптасқан. Бұл болашақ маманның кәсіптік шеберлігін меңгеруіне арналған іскерлік ойындар технологиясы т.б.
Ал жалпы білім беретін мектептер үшін педагогикалық технология мынадай басты шартты қанағаттандыруы тиіс.
а) педагогикалық технология оқытудағы экспролеттерды жоюы қажет;
ә) оқушының оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу тәрбие үрдісінің жобасына негізделуі қажет;
б) оқу мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды қажет етеді;
в) практикада оқу үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс;
оқыту технологиясын таңдап, іріктеу оқушының оқу танымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны. Б.В. Горячев мұғалімдерге оқыту үрдісінде төмендегі технологияларды қолдануды ұсынады:

  • дидактикалық қағидаларды – ұстанымдарды, әдістерді, құрал, форма, амал, тәсілдерді таңдау технологиясы;

  • дидактиканың бірліктерді ірілендіру технологиясы;

  • ЭЕМ – ды пайдаланып оқыту технологиясы;

  • даралап оқыту технологиясы.

Б.В. Горячев еңбектерінде оқыту технологиясы туралы көптеген нақты пікірлер болғанымен, ол ұғымның мәнін толық аша алмайды.
Сабақ біздің заманымызда да оқытудың негізггі түрі ретінде қала бермек, бірақ оның ерекшеліктері мен мүмкіншіліктері мүлде жойылған жоқ, өзгеріп жаңаруда. Соңғы кездерде сабақ түрлерін жетілдірудің түрлі жолдары пайда болып, оқыту үрдісін ғылыми тұрғыдан басқаруға, оқу технологияларын қолдануға көңіл бөліне бастады. Соның айғағы соңғы жылдарда мерзімдік баспасөз беттерінде оқытудың жаңа технологиясы туралы бір шама мақалалар, пікірлер, әдістер жарияланып келеді.
Қазіргі заманғы оқыту технологиясын меңгеру өте күрделі де ұзақ үрдіс. Кейде ол мұғаліммен оқытудың үйреншікті әдіс-тәсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек.


2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ

2.1 Бастауыш сыныптарда жаңа педагогикалық технологияның бағыттарын оқу-тәрбие процесінде қолдану ерекшеліктері


Егемен елімізде болып жатқан өзгерістер мектеп жұмысына да елеулі жаңалықтар болып отырғаны даусыз. Ең бастысы, ұстаздар шығармашылығына жол ашылды. Қазақ тілі мемелекеттік тіл дәрежесіне көтеріліп жатқанда қазақ тілі мен әдебиеті және басқа да пәндердің оқыту ісі де жаңа бағытта болып жатыр. Демек, оқушыларға жүйелі білім, саналы тәрбие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп, жаңалап отыруға міндеттіміз.
Қазақтың көрнекті жазушысы Мүсірепов Ғабиттің “Оқу білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, ең алдымен білім керек” дегені бекер айтыла салған сөз еме. Өз ісіне ізденгі мұғалім ғана балаға жақсы өнеге, терең білім бере алады. Сол себепті мен де көп ізденіп, білім мен білігімді жетілдіруді, сөйтіп болашақ ұрпаққа өмір талабына сай білім беруді басты мақсатым деп санаймын.
Пәндердің әдістемесін қолдануды жоспарлау мынаған келіп тіреледі. Яғни әр оқушының өз кезеңі барысында мұғалім оған қажетті әрбір жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістерді міндетті түрде пайдалануы қажет.
Бастауыш мектеп:

  • дамыта отырып оқыту әдістемесі. (Л.В.Зайков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, В.В.Репкин, В.А.Левин);

  • дидактикалық бірліктердің ірілендіруі (П.М.Эрдниев);

  • түсініктерді қабылдау (С.Н.Лысенкова);

  • нәтижелі әдістемелер және оны қабылдау;

  • іс-әрекетті бағалау (Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков);

  • оқулықсыз оқыту (В.В.Асеев);

  • ойын әдістемесі және оны қабылдау;

  • Монтесори, Р.Штейнердің жүйесін қабылдау.

Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда тиімді әдістерерді пайдалану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын арттыруға, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын тыңдаушы ғана еді, енді ол сын тұрғысынан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды.
Жоғарыда берілген жаңа әдістерді мектептерде қолдану – мұғалімнің шеберлігіне, іскерлігіне байланысты. Болашақ ұрпақ үшін білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр ұстаздың міндеті екені сөзсіз.
Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазір білім беру саласындағы проблема - әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау. Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік-экорномикалық міндеттерін заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімделудің жаңа талаптары туындап отырады.
Бұл жерде ұстанымдар кәсіби педагог кадрларын даярлау жүйесіндегі көзқарастардан айқындалары даусыз.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берідің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологиялық педагогиканы игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуымен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығымен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экномикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз. Ол үшін болашақ мұғалімдерді даярлауға жоғары оқу орындары төмендегідей жұмыстар атқаруға тиісті:

  1. Болашақ мұғалімдерді ақпаратты қоғам жағдайында оқып білім алуға, өмір сүруге бейімдеу;

  2. Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияға бейімделген білім берудің ғылыми- әдістемелік базасын жасау, білім саласын басқарудың жаңа формалары мен әдістерін пайдалана отырып жоғары білім беру жүйесін жаңарту;

  3. Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне орта білім беру мен жоғары білім беру жүйесін сәйкестендіре отырып кіріктендіру;

  4. Білім берудің иллюстративтік түсіндірмелі жүйесін дамыта оқыту жүйесіне көшу. Оқыту үрдісінде оқушы шығармашылығана негізделген оқыту әдістерін пайдалануға түбегейлі көшу;

Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кемшіліктері баршылық:
 білім сапасының төмендігі;
 білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы;
 директивалық құжаттар көптеп шығарылғаныме оның мардымсыздығы;
 оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
оқушылардың және оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Оқу-тәрбие үрдісіне жаңалықтар енгізу төмендегідей жолмен көрсетуге болады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет