Сырттай- педагогикалыќ факультеті “бмп жјне ОЈ” мамандыєы 211У(с) тобыныѕ “Жаѕа технологияларды бастауыш сыныпта пайдалану жо



бет3/9
Дата20.06.2022
өлшемі416.5 Kb.
#459357
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бастауыш сыныпта жаңа педагогикалық технологияны пайдалану

Білім беру





Ақпараттан-дыру




Насихат-тау




Игеру

Жұмысты жетілдіру, жаңалықтар іздестіру

А


Ақпарат жаңалықтарын меңгеру

Ә

Оқыту, игеру


Б


Пайдалану

Инновациялардың таралу үрдісінің бір түрімен (А, Ә, Б) екінші түрінде өту ерекше функцияларды орындайды.


А – инновациялар белгілі болады, көпшілікке таралады.
Жаңалықтарға жол ашылады;
Ә - олардың теориялық және әдістемелік жолдары ойлап шешіледі;
Б – жаңалықтарды енгізу жолдары қарастырылады, білім беру ұйымдарының жұмыстарына енгізіледі;
Оқу – тәрбие үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу ІҮ кезеңнен тұрады.
1 кезең; Жаңа идеяны іздеу
Ақпараттандыру және инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.
2 кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру
Оқу – тәрбие үрдісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу, ұйымдастыру және кеңес алу.
3 кезең. Жаңалықтарды енгізу
Оқу – тәрбие үрдісінде инновциялық әдіс – тәсілдерді пайдалану.
4 кезең: Жаңалықтарды бекіту
Оқу – тәрбие үрдісінде енгізілген жаңалықтардың нәтижесін бағалау.
Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі.
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа бет бұруы болашақ мұғалімдерді даярлаудағы әдістемелік өзгерістермен тығыз байланысты.
Оқу – тәрбие үрдісінде жаңа технологияны енгізу жолдары


Сорос - Қазақстан” қорының “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” бағдарламасын оқып-үйреніп, оны екі жылдан бері тәжірибемізде қолданып келеміз. Бағдарламаның кез келген әдісін қолдану арқылы жұмысымызда оң өзгерістер болғанын байқап жүрміз.


Мысалы, бір жаңа технологиялық әдістің өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асуы мүмкін. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын 50 – ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мәлім. Бірақ мұғалімдер оны өз тәжірибелерінде жүйелі қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден ажырата алмайды. Сондықтан біз оқытудың жаңа технологияларын және жаңа әдістерді көптеген ағартушы педагогтар ұсынған критерилерін көрсете отырып, мына әдістердің тиімділігін атап өтейік.
Тренинг сабақтар.
Тренинг сабақтар мұғалімдерге оқушыларды жан жақты және тереңірек ашуға, оларға бағыт бағдар беріп, әсер етуге, оқушы көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді. Мұндай сабақтарды ұйымдастыру барысында мұғалім мақсатты нақтылап оған шығармашылық тұрғыдан келіп оқушының білімділік, тәрбиелік жағынан қызығуын арттырып, ой-өрісін дамытуға баса назар аударуы тиіс.Оқушылардың тұлғалық дамуына бағытталған осындай жаңа білім технологиясы кім-кімді де ойлантары әрі қызықтырары даусыз.
Мен дипломдық жұмыстың бөлімін практикалық ұштастыру барысында мемлекеттік практикада болдым. Маған 2 “в” сыныбын берді. Сыныпта 25 оқушы бар екен. Дипломдық жұмысым педагогикадан жаңа технологиялық әдістерді сабақ өту процесінде тиімді қолдану болғандықтан, оқушылардың білімділікке деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Оқушылардың бойына жаңа әдістерді қалыптастыру үшін көптеген әдістерді, ашық сабақтарды, тәрбие сабақтарын өткіздім.Атап айтқанда “1001 мақал, 101 жұмбақ” жарысын өткіздім. Бұл жарысты “ой қозғау” әдісіне жатқызуға болады. Қазақ тілі сабағындағы “Етістік” тақырыбына байланысты ашық сабақ өткіздім. Бұл ашық сабақта жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып оқушылардың логикалық ойлауын, сабаққа деген қызығушылықтарын ояттым және де “Кішкентай арулар” атты қыздар байқауын, сабаққа деген құштарлықты таныта отырып, өткіздім. Бұл тәрбие сағатының тәрбиелік маңызы зор болып өтті.
Оқушылардың бойына жаңа технологиялық әдістердің қалыптасуын 3 эксперимент бойынша зерттедім.Сынптағы оқушылардың жаңа технологиялық әдістерді меңгеру қасиеттерін қалыптастуруды мақсат ете отырып, мен анықтау экспериментінде оқушыларды түгел қатыстырып түсіндіру, баяндау, “Венн диаграммасы”, “ассоцация” әдісі, тірек – сызбасы және тағы да басқа көптеген әдістерді қолдана отырып сабақтар өткіздім.
Анықтау экспериментінің нәтижесін процентке шаққанда 100 оқушылар көрсеткішінің 80 көрсеткіші шектеліп, ұжымдық ортаға белсенділік танытпайды екен.

Шектеліп қалған оқушыларды сабаққа бейімдеу мақсатымен қалыпқа келтіру. Экспериментін жүргіздім. Қалыпқа келтіру экспериментінде ашық және ашық тәрбие сағаттар өткізіп отырдым. Мұнда топтастыру әдістерін қолдана отырып, жаңа технологиялық әдістерді сабақ өту процесінде тиімді қолдандым.Қалыпқа келтіру эксперименті бойынша нәтижесін процентке шаққанда 80 оқушылар көрсеткішінің 20 көрсеткіші шектеліп, сабаққа деген белсенділік таныта бастады.


Сыныптағы жаңа әдістерді қолдану жөніндегі мағлұматтары төмен оқушылардың сабаққа қызығушылығын дамытуды мақсат ете отырып, бақылау экспериментін жүргіздім. Бақылау экспериментінде балаларға бір шама көмек ретінде қосымша сабақтар өткіздім.


Қорыта келгенде төмендегі сабақтарды, ашық және ашық тәрбие сабақтарды өткізе отырып өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын.


2.2 Жаңа технологияларды пайдаланудың әдістемелік мазмұны


Тақырыбы: “1001 мақал, 101 жұмбақ”


Мақсаты:
Оқушылардың білім білік дағдаларын қалыптастыра отырып, халқымыздың ауыз әдебиеті, мақал, жұмбақтар туралы мағлұматтар бере отырып, оқушының бойына күш – жігер, ақыл – ой қабілеттерін дамыту, ұйымшылдыққа алғырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сөздер, шарлар, гүлдер, т.б.
Сайыстың барысы:

  1. Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар!

  2. 1 – ші айналым.

Таныстыру: Роза, Маржан, Айгерім.

  1. Өздері ұнататын мақал айту.

  2. 1. Қына тасқа бітеді.

Білім басқа бітеді.

  1. Көзің ауырса, қолыңды тый.

Ішің ауырса аузыңды тый.

  1. Білекті бірді жығады.

Білімді мыңды жығады.

  1. Сиыр сипағанды білмейді.

Жаман силағанды білмейді.

  1. Ата – асқар тау.

Ана – бауцырындағы бұлақ.
Бала – жағасындағы құрақ.

  1. Еңбектің наны тәтті.

Жалқаудың жаны тәтті.

  1. Болат қайнауда шынығады.

Батыр майданда шынығады.

  1. Жаман аттан аяғым артық.

Жаман жолдастан таяғым артық

  1. Ата көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішер.

  1. Тәні сұлу – сұлу емес.

Жаны сұлу – сұлу.

  1. 2 – ші айналым.

Мақал айту
Көрермендер көрімдігі.
Сөз айту. Мақал құрастырады.

  1. Әдепсіздік белгісі.

Иіліп сәлем бергені.

  1. Ер бір өледі.

Қорқақ мың өледі.

  1. Көп сөз көмір, аз сөз алтын.

  2. Өнерлі өрге жүзеді.

  3. Отан – оттан да ыстық.

  1. Білім.

  2. Жұмбақшыларды таныстыру:

Гүлбала, Айдана, Айдынбек.

  1. 1 – айналым.

  1. Қылдай белі бүгілген

Өзінен де жүгі үлкен.
(құмырсқа)

  1. Жуынам деп жазған ай,

Күннен күнге азғаны – ай.
(сабын)

  1. Құйған шайым азанда

Ыстық қалпы қашанда
(термос)

  1. Шік түсті, бүк түсті.

Алшы тұрды, бәйке тұрды,
Шеше алады ал, кім мұны?
(асық)

  1. Алдымда әр түрінен жіюек жіптің

Аспанға әшекейлеп кесте тіктім
(кемпірқосақ)

  1. Қақпан емес, қабады,

Суға басын малады.
(қармақ)

  1. Тал басында түндіксіз отау.

(ұя)

  1. Жазу жазып жалықпаған,

Жаза – жаза арықтаған.
(бор)

  1. Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы
(түлкі)

  1. Жауын жауса тысқа шығады.

Жаумаса оны бұрышқа тығады.
(қолшатыр)

  1. 2-ші айналым.

Бір біріне жұмбақ жасырады.

  1. Көрермендер көрімдігі.

  1. Апаң – апан

Ескі шапан,
Иір қобыз, жарық жұлдыз.
(түйе)

  1. Жолы – темір,

Жалы – темір
Шымыр атты
Зымыраттым.
(трамвай)

  1. Көкшіл айна үйдегі,

Көрсетеді киноны
(теледидар)

  1. Опақ құйрық, топақ бас,

Көп ұйқыны жаратпас
(әтеш)

  1. Жас кезіңде қара орман.

Жыл озған сайын ағарған.
(шаш)

  1. Белі бүкір,

Алысқа түкір
(мылтық)
Финал.

  1. Құрғақ жерде сақтайсың,

Менсіз тамақ таппайсың (тұз)

  1. Ақ сандығым ашылды.

Ішінен жібек шашылды. (күн)

  1. Екі айнасы бар, екі найзасы бар,

Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбытқысы бар. (айыр)

  1. Шөпшілердің шөбін шапты,

Қалпағымды ала қашты. (жел)

  1. Сылдыр суық – су емес,

Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да – қар емес,
Шешуін кім табады. (сүт)
Бірде Төле би Ташкент шахарының шығысындағы бір батырдың үйіне барады.
Оның істеген тірлігін көріп Төле би былай дейді:

  • Арғымақтың құйрығы,

Сатса – жібек, кессе – қыл!
Жақсы жігіт белгісі
Түзде – мырза, үйде – құл!
Бұл сөзді батырға айтқан?
Бәрекелді! Қойгелдім сен жалғыз ел қорғауға ғана емес, үй қорғауға да ұрпағымызға үлгі екенсің, деп риза болған деседі.
Қорытынды сөз: Қатысқан мұғалімдерге, ата-аналарға, демеушілерге беріледі.
Тақырыбы: Кішкентай арулар.
Мақсаты: қыздардың білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып, халқымыздың ауыз әдебиетін, салт-дәстүрін толық және жан-жақты ұғындыру. Қыздарды осы сайысқа қатыстыра отырып олардың бойына күш-жігер, ақыл-ой, сенім қабілеттерін дамыту, ұйымшылдыққа, алғырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер, қыз суреті бейнеленген плакат, шарлар, гүлдер, т.б.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, ой қозғау, әңгіме, сұрақ-жауап т.б.
Сайыстың барысы:

  1. Ал, халайық, біз сіздерге көптен күткен “Кішкентай арулар” байқауын тарту етпекшіміз.

Қатысатындар 2-ші сынып қыздары.

  • Біздің халқымызда “Қыз” деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің жан-жақты сұлулықтың белгісі ретінде қолданылады.

Халқымыз ауыз әдебиетінде:
“Қыз емес” қыздың аты қызыл алтын.
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқынның сақтай білген ізгі салтын – деген өлеңі бар. Бұл қыз баланың айрықша әдепті де, көрікті болатындығын аңғартады.
“қыз өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі” деген мақал бар. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктігінен, өнер- білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөз. Халқымыз қыз баланы ардақтап, мәпелеп өсіреді.
- Аруларды ортаға шақырмастан бұрын әділқазылар алқасын тағайындайық.

  1. – Уа, халайық, байқауымыздың демеушілері аруларымыздың атасы, әжесі, ата-анасы, заманымызға сай мектеп үлкен сыйлық бермесе де, аруларға орын белгілейді.

  • Беташар.

Уа. Халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Аруларың ортада,
Көзайымын алайық.
Қайсы күйші, кім биші,
Талабына қарайық,
Кімдер зерек, кім тапқыр,
Таланттарын табайық.
Асқар анау аталар,
Салиқалы аналар.
Ұрпағың бұл тағы бір,
Бүгін ару атанар.
Уа, арулар, арулар,
Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын,
Оны қазың бағалар.

  1. Ал, енді аруларымызбен танысыңыздар. Алдарыңызда кішкентай арулар.

  1. Түзелова Жансәуле.

  2. Бердімұханбеттегі Гулбала.

  3. Төлегентегі Нүрилә.

  4. Сейсенбаева Айдана.

  5. Белқожаева Айгерім.

  6. Иманқұлова Балнұр.

  • 1. Сайысымыздың бірінші бөлімі аруларымыздың өздерін таныстыруы.

  • 2. Тілдің майын тамызып,

Сөздің балын ағызып, - демекші сайысымыздың 2-ші бөлімінде кішкентай аруларымыздың мәнерлеп оқуымен таныс боласыздар.

  • 3. “Өнерлі өрге жүзер” демекші қазір сайысымыздың 3-ші бөлімінде кішкентай аруларымыздың өнер сайысын тамашалайық.

“Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырып жатыр жолында.”
Сонымен өнер сайысы.

  • 4. “Ас адамның арқауы” демекші сайысымыздың 4-ші бөлімінде аруларымыздың үйден даярлап келген астарының дәмін татайық және бағалайық..

  • 5. “Жұмыстың көзін тап,

Түзудің тезін тап” демекші сайысымыздың бесінші бөлімінде кішкентай аруларымыздың түйме қадауымен таныс боламыз.

  • 6. “Біреу білмегенді, біреу білер” демекші сайысымыздың алтыншы бөлімінде кішкентай аруларымыз сұраққа жауап береді.

  • 7. Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып-тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
“Сән үлгісі сайысын”
Көңілді қошаметпен қарсы алайық.
Қорытынды сөз: Қонақтарға, ата-аналарға, қазылар алқасына беріледі.

Пәні: Дүниетану.


Тақырыбы: Төрт құдірет.
Мақсаты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет