Сырттай- педагогикалыќ факультеті “бмп жјне ОЈ” мамандыєы 211У(с) тобыныѕ “Жаѕа технологияларды бастауыш сыныпта пайдалану жо



бет4/9
Дата20.06.2022
өлшемі416.5 Kb.
#459357
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бастауыш сыныпта жаңа педагогикалық технологияны пайдалану

Білімділік: Тірі ағзаның өмір сүруіндегі негізгі қажетті жағдайлар туралы ұғым беру.
Дамытушылық: Қоршаған ортаның экологиялық жағдайымен таныстыру, оны жақсарту жолдарын қарастыру.
Тәрбиелілік: Айналадағы дүниемен дұрыс қарым-қатынаста болуға, оны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекі- құралдар: 1. Қабырға газеті.

  1. 2. Мақал-мәтелдер.

  2. 3.Газет материалдары.

  1. Кітапшалар т.б.

Методикалық әдістер: Түсіндіру, “ой қозғау” әдісі, тірек –сызба әдісі т.б.
Тәрбие сағатының барысы:
Бастаушы: Құрметті ұстаздар!
Ата-аналар мен оқушылар!
Бүгін 2 “В” сынып оқушылары өздеріңізбен қоршаған орта
жағдайлары ой бөліспекші.
Ендеше бүгінгі
“Төрт құдірет”
атты тәрбие сағатын
бастауға рұқсат етіңіздер.
Ауа: Жер шары дәу әлем,
Қоршаулы ауамен.
Ауасыз кім шыдар.
Ауасыз тұншығар.
- Міне балалар, сендер өмірдің тірегі болып тұрған ауа, күн, жер, су екенін ұғыныңдар. Ендеше Айдана мен Розаның орындауында тамаша ән тыңдап көріңіздер.
Ән: “Туған ел”
- Балалар бүгін біздің сынып оқушылары өз қаламыздың экологиялық жағдайы туралы айтқысы келеді. Ол үшін алдымен экология деген сөздің мағынасын ұғынып көрейік.
Экология – тірі ағзалар мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас дегенді білдіреді.
Өз қаламыздағы экологиялық жағдайлар жөнінде сынып оқушылары жасаған кітапшадан білеміз.
“Табиғаттың шағым кітабы”
- Балалар, табиғаттың шағым кітабында жазылғандай жердің тозып, құнарлануы, ауаның ластануы, судың лайлануы тірі табиғаттың өмір сүруіне кедергі жасап өз әсерін тигізеді.
1. Тазалық – денсаулық кепілі.
2. Бір тал кессең – он тал ек.
3. Таза ауа – жанға шипа.
4. сулы жер – нулы жер.
Көрініс: “Ормандағы оқиға”
Ән: “Анам әкем”
орындайтын: Тілеуғабылтегі Роза
Мұғалім: Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат, мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана. Табиғат адам бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялатып тұратын сұлулық пен әсемдік әлемі, адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагері.
- Балалар тірі табиғаттың өмір сүруіне қажетті жағдайларды атаңдаршы?
Жылу, жарық, су, ауа, тамақ.
- Дұрыс балалар, ал адам баласы жылуды, жарықт, суды, тамақ пен ауаны қайдан алады?
Жылу Жер тамақ
К үн Су су
Жарық Ауа ауа
- Адам табиғаттың бір бөлшегі дегенді қалай түсінесің?
- Дұрыс балалар, ал олардың өздері не айтар екен, тыңдап көрейікші?
Күн: Әлемге қуатты,
Сәуле мен шуақты.
Алып күн бекіп тұр,
Жарық күн, көрік күн.
Жер: Аялар анамыз,
Саялар панамыз.
Құлпырған тірлікпен
Жет құтты гүл біткен.
Су: Өмірдің өзені,
Өңірдің өзені.
Сусыз жер өмірсіз.
Нусыз өр - өңір түз.
Мұғалім:
Қазақстанда экологиялық жағдайы өте төмен аймақтар бар. Солар жөнінде не білеміз?
Айнұр:
Өмір қымбат қашанда әр бір,
Жанға, оны қорғау борышың елім онда.
Кешегі бір жылдарда айналыпты
Қазағымның даласы полигонға.
Мадияр:
Жоқ мұндайда төзуге енді болмас,
Өкініштің оп-оңай орны талмас.
Осылай деп, полигон зұлыматтың
Аузын жапты ақын аға Олжас алғаш.
Мұғалім:
- Бүгін міне тіршіліктің негізі, тірегі болар жер – ана, су – ана, күн – ана, ауа – ана екенін білдік. Халқымыз ерте заманда-ақ ырым, тиым сөздерден жастарымыздың санасына табиғат тазалығын, сұлулығын, оны қорғау қажеттігін сіңіре білген. Қане біз де еске түсірейік.
1. Аспанға тас лақтырма.
2. Аспанға қарап түкірме.
3. Ауаны қылышпен кеспе.
4. Суды улама, суға түкірме.
Би: Бұлттар.
Мұғалім:
- Табиғат пен адам егіз, оның қорғай білу – азаматтық борыш. Табиғатты қорғау жөнінде Президентіміздің Қазақстан халқына жолдауында қоршаған ортадағы экологиялық жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінген.

Хор: “Қазағымның даласы”


Пәні: Ана тілі


Сабақтың тақырыбы: Алып бала.
ав. Қалмақан Әбдіқадіров
Сабақтың мақсаты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет