6. Қосалқы жабдықтар
60. Сұйық аммиакты сақтауға арналған изотермиялық және шар тәрізді резервуар-ыдыстардағы буланған аммиакты коденсациялауға арналған мұздатқыш қондырғылар, резервуар-ыдыстардың әрбір тобына бірдей қысыммен, жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында, 100 % қосалқы жабдықтарымен қамтасыз етіледі.
Қондырғының өнімділігі, белгілі климатикалық ауданның ең жоғары температурасына сәйкес келетін қоршаған ортаның жылуынан буланған газ тәрізді аммиактың барлық көлемін сығымдау және сұйыту шарттарын қамтамасыз етуге есептеледі.
61. Сұйық аммиакқа арналған құйып алу, құю және тасымалдау сорғыларына, егер олар ғимараттың ішінде орналасқан болса, ең төменгі температура - 34°C болып қабылданады.
Ашық алаңқайда орналастырылған сорғылар үшін – суық бескүндіктің ең төменгі температурасы, егер ол - 34°C градустан төмен болса, қабылданады.
62. Тасымалдау сорғылары қоршаудың іргесіне (ішкі немесе сыртқы) орналастырылып және қашықтықтан басқару қондырғысымен жабдықталады.
Сұйық аммиакты сақтаға арналған резервуар-ыдыстардың қоршалған аумағындағы тасымалдау сорғылары үшін, буланған аммиакты суыту температурасы – 67°C градусқа дейін деп қабылданады.
Сорғының сору желісіндегі қысым аммиактың қайнап кетпеуі үшін жеткілікті.
63. Жабдықтар мен құбырларды үрлеу кезінде, олардағы қысымның төмендеуі салдарынан, цистерналарды төгу (құю) кезінде, сақтандырғыш клапандардан шыққан аммиак жиып алынады немесе сыртқы ауаға лақтыру мұржасына жіберіледі.
64. Факельдік қондырғылар жобада белгіленген факель жүйелерінің құрылымы мен оны қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес келеді.
65. Шекті ішкі қысымда жұмыс істейтін резервуар-ыдыстардың сақтандырғыш клапандарынан шыққан газ тәрізді аммиакты факельдік жүйеге жіберетін жолдарында сүзгілер қойылады.
66. Ауаның барометриялық қысымы мен температурасының өзгеру кездерінде, резервуар-ыдыстардың қабырға аралықтарындағы шекті қысымды тұрақты ұстау үшін, азотты айдайтын құбырда 490,3 Па қысымға есептелген, серіппелі немесе қозғалмалы диафрагмасы бар газгольдерлер орнатылады. Газгольдерлердің сиымдылығы, газгольдер жалғанған резервуар-ыдыстың қабырға аралық көлемінің 8 - 10 %-нан кем емес көлемде қабылданады.
7. Жылулық сыртқы орамдар
67. Сұйық аммиакты сақтауға арналған, 1,0 МПа қысымға есептелген резервуар-ыдыстар мен изотермиялық резервуар-ыдыстар сыртқы жылу ораммен жабдықталады.
Қысымы 1,0 МПа-ға есептелген резервуар-ыдыстардың сыртқы жылу орамдарды қажет етуі, ауаның температурасына, тағайындалған ең аз жұмысшы қысым мен ауаның температурасына байланысты және осы Талаптар бойынша анықталады.
Жылу орамдарының қалыңдығы мен жылу ағыны, күн радиациясының әсеріне сәйкес анықталады.
68. Жылу орамдар отқа жанбайтын немесе әрең жанатын заттардан дайындалады. Сыртқы орам ретінде, әрең жанатын заттарды және пенополиуретанды қолданған кезде, орамдардың жанбауын қамтамасыз ететін шаралар (су бүрку, отқа жанбайтын қабаттармен қорғау) қарастырылады.
69. Изотермиялық резервуар-ыдыстардың ішкі қабырғалары мен қақпақтарының сыртқы орамдарын қамтамасыз ету үшін, стандарттық гранулометриялық құрамды, ылғалдылығы 0,8 % болатын перлитті құмды пайдалануға рұқсат етіледі.
Қабырға аралық кеңістікті перлитпен толтыру жұмысы бүтін әрі толық және бос орындарсыз дайындалады. Толтырылмас бұрын, қабырға аралық кеңістік кептіріледі. Резервуар-ыдысты салқындатқаннан кейін жылу ұстағыштың нығыздалып, отыруынан кейін перлитті толықтырып салады.
70. Жылу - изоляциялау материалдары мен құрылғыларын, оларды сақтау, тасымалдау және монтаждау кездерінде ылғалдануына жол бермеу керек.
71. Изотермиялық резервуар-ыдыстардың түптерінің жылуұстағыш құрылғылары оларға ылғал кірмейтіндей, іргетас астындағы топырақтың аммиак температурасынан салқындап және резервуар-ыдыс құрылымдарының бөлшектерінің бүлінбеуін қамтамасыз етеді.
72. Изотермиялық резервуар-ыдыстардың түптерінің жылу ұстағыштарының шеттері тегі, бүтін, өте мықты материалдан жасалған, бір қабырғалы резервуар-ыдыстар үшін темір-бетон іргетасқа және екі қабырғалы резервуар-ыдыстардың сыртқы түбінің шеттеріне бекітіледі.
Оқшаулағышты резервуар-ыдыстың түп жағына нығыздап отырғызу үшін төгілетін материалдарды және аққыш қасиеті бар (асфальт, битум) материалдарды пайдалануға болмайды.
73. Изотермиялық резервуар-ыдыстардың түптерінің жылу ұстағыштарының бет жағының кедір-бұдыры, осы жылу ұстағыштардың төменгі және жоғарғы беттері аралықтармен шектеледі. Аралықтар жобада анықталады.
74. Изотермиялық резервуар-ыдыстардың жылу ұстағыштарында қоршаған ауадан су буларының пайда болмауы үшін, қабырға аралық кеңістік тұрақты түрде - 40°С градустағы және шекті қысымы 98,06 - 490,3 Па кептірілген азот толтырылады.
75. Изотермиялық резервуар-ыдыстардың жылу ұстағыштарын жылдың жылы, атмосфералық жауын-шашын жоқ кезде орнатады.
Оқшаулау элементтері мен қорғаныс-жабын қабатының қосылған жерлерінің нығыз жабылуына ерекше назар аударған жөн.
76. Жылу ұстағышты қауіпсіз пайдалану үшін оның жағдайын жобаға сәйкес, мезгілімен тексеріп, техникалық куәландырудан өткізіп тұрған жөн. Қосымша тоқсанына бір рет жылу ұстағышты бақылап көріп, ол туралы жөндеу кітапшасына жазып қояды.
Резервуар-ыдыстың сыртқы қабатын, жылу ұстағышының зақымданбауын анықтау үшін жылына бір рет термография жүргізеді.
8. Бақылау, басқару және автоматты түрдегі
апатқа қарсы қорғаныс жүйелері
77. Апаттық жағдайларды бақылау, басқару және автоматты түрдегі апатқа қарсы қорғаныс жүйелері, байланыс және хабар беру жүйелері сенімділігі, шұғыл қимылы, өлшегіш жүйелерінің рұқсат етілген мөлшердегі ауытқу мөлшері мен басқа да техникалық сипаттамаларына сәйкес технологиялық процесті және операцияларды регламентте көрсетілген тәртіпте, ал апаттық жағдайларда басқарудағы жүйелерді қауіпсіз жағдайға көшіруді қамтамасыз етеді.
78. Сұйық аммакты сақтауға арналған резервуар-ыдыстар деңгейді, температураны және қысымды өлшейтін аспап құралдармен қамтамасыз етіледі. Процестің қауіпсіздігін анықтайтын бақылаушы параметрлерді өлшейтін аспап-құралдар қосымша аспап-құралдармен жабдықталады.
Сұйық аммакты сақтаудың көрсетілген өлшемдері белгіленген дәлдікпен жүргізіледі. өлшеулердің шекті ауытқулары жобада анықталады.
79. Резервуар-ыдыстардағы сұйық аммиактың деңгейінің асып кетпеуі апатқа қарсы қорғаныс жүйесімен:
1) сыйымдылығы 10 м3 (қоса есептегенде) дейінгі резервуар-ыдыстарға – көрсеткіштерін бақылау жүйесінің қайталануымен;
2) сыйымдылығы 50 м3 дейінгі резервуар-ыдыстарға – көрсеткіштерін бақылау жүйесінің қайталануымен және қалыпты жағдайды көрсету белгісі бар өзін-өзі бақылау жүйесінің болуымен;
3) сыйымдылығы 50 м3 және одан да жоғары резервуар-ыдыстарға – көрсеткіштерін бақылау жүйесінің қайталануымен, өзін-өзі бақылау жүйесінің болуымен және технологиялық түрде бір-бірімен байланысты көрсеткіштерді салыстыру жүйесінің болуымен қамтамасыз етіледі.
80. Сұйық аммакты сақтауға арналған резервуар-ыдыстарда өлшегіш шыны ыдыстарды қолдануға болмайды.
81. Сұйық аммиакты өлшеу әдісі (көлемді, салмағы) жобада анықталады. Қоймаға келген және қоймадан кеткен сұйық аммиактың массасын және массалық шығының өлшеу кезінде, шығын өлшеуі құралдарда температураға байланысты реттелу жүргізілу керек, өлшеу нәтижелері кітапшаға тіркеледі.
Өлшеудің шекті кателігі шығынның ең үлкен көрсеткішінің ± 2,5 % көп болмау керек.
Сұйық аммакты тасымалдаудың магистральді құбыр желілерімен жалғанған қоймаларда орнатылған шығын өлшегіштердің өлшеу дәлдігі магистральді құбыр желілеріндегілермен бірегей болады.
82. Изотермиялық және шар тәрізді резервуар-ыдыстарда сұйық аммакты сақтау кезінде буға айналған аммакты конденсациялауға арналған мұздатқыш қондырғылар, жұмыс қысымының жоғарғы және төменгі шектерінде дыбыспен, жарықпен белгі беретін автоматты қосылу жүйесімен жабдықталған.
83. Сұйық аммиакты изотермиялық резервуар-ыдыстарға беретін құбыр желілерінде, аммиактың температурасы - 30°C көтерілген кезде, аммиакты резервуар-ыдыстың төменгі жағына жіберуді тоқтатып, оны резервуар-ыдыстың жоғарғы жағына беруге ауыстыратын автоматты түрдегі құрылғымен жабдықталған.
84. Қойманың ақауы бар немесе өшірілген бақылау, басқару, белгі беру және апатқа қарсы қорғаныс жүйелерімен жұмыс істеуіне тыйым салынады. Басқару және бақылау жүйелерінің негізгі элементтерін ауыстыру кезінде қосалқы-ауыстырғыш жүйенің жымыс істеуін қамтамасыз ету керек. Дайындаушы-ұйым белгілеген қызмет мерзімі өткен аспаптар, өлшегіш құралдар және олардың бөлшектері, оларды ары қарай пайдалану мүмкіншілігіне өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасынан өтеді.
85. Сұйық аммиак қоймасы автоматты түрдегі өрт белгісін беру жүйесімен жабдықталады.
86. Сұйық аммиак қоймасы оның аумағында орналасқан нысандармен екі жақты хабар беру жүйесімен және сымтетік жүйесімен жабдықталады. Сұйық аммиак қоймасы ең кемі екі каналды байланыспен жабдықталуы керек, егер қойма:
1) диспетчері, өрт сөндіру бөлімі, газдан қорғану бөлімшелері және қоймамен және басқа да (тізімі жобада келтірілген) нысандармен байланысқан өндіріс орындарындарының аумағында;
2) нысандармен, ұйымдармен және жергілікті қызмет көрсету ұйымдарымен көршілес мекеме аумағының сыртында орналасса.
Сымтетік байланысы орнатылатын нысандар тізімі апаттарды жою жоспарына енгізіліп, жыл сайын анықталып отырылады.
Тарату бекеттерінде және шеткі ауылшаруашылық қоймаларында сымтетік байланысымен қатар, радио байланысы да қосымша жүргізіледі.
87. Сұйық аммакты сақтауға арналған әрбір резервуар-ыдыстар, оның жұмысының негізгі өлшемдерін үздіксіз тіркеп отыратын, оның агрегатпен жалғанған жғдайында, көрсеткіштердің қайталанып, тіркеліп отырылуы, жарық және дыбыстық белгілері орталық басқару бекетіне беретін құралдармен жабдықталған.
88. Сұйық аммиак қоймалары ауаның газдануын тексеру жүйелерімен (газ сараптағыштар) жабдықталып, олар мынадай апатты жағдай туралы хабар беру жүйелерімен жалғанған:
1) газдану деңгейін бақылау және аммиактың апаттық түрде шығуын хабарлау жүйесі (бұдан ары - аммиак шығуын бақылу жүйесі) технологиялық бөлмелердегі және нысана аумағындағы ауаның газдануын бақылау және аммиактық шығуын бақылауды қамтамасыз етеді;
2) аммиактың ауаға шығуын бақылау жүйесі, автоматты түрде, газ сараптау құралдары орнатылған жерлердегі аммиак концентрациясы таралы мәліметтерді жинап және оны өңдеп процесті басқару әрекеттеріне шешім қабылдауға ықпал етеді;
3) аммиактың ауаға шығуымен байланысты апат болған жағдайдағы аммиактың ауаға шығуын бақылау жүйесі, автоматты (немесе автоматтандырылған) түрде апаттық жағдайды құрықтау жүйесінің техникалық құрылғыларын, апатты хабарлау құралдарын іске қосып және жұмыс ітеуі апаттың ауқымының және оның салдарының өсуіне әкеліп соқтыратын технологиялық жабдықтарды өшіреді;
4) аммиактың ауаға шығуын бақылау жүйесі екі контурлы және екі деңгейлі болып қабылданады.
Сыртқы контур өндірістік алаңқайдағы газдану деңгейін, оның нысана аумағының сыртына таралуын және ғимарат сыртында тұрған технологиялық жабдықтардан аммиактың шығуын қадағалауды қаматамасыз етеді.
Ішкі контур өндірістік бөлмелердегі газдану деңгейін және аммиактық апаттық шығуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Аммиактың ауаға шығуын бақылау жүйесінің ішкі және сыртқы контурларының аммиактың ауадағы концентрациясын бақылаудың екі деңгейі болады:
бірінші деңгей – технологиялық бөлмелердегі және бөлме сыртындағы ауада газ анықтағыш құралдар орнатылған жерлердегі ауасындағы аммиактың концентрациясын жұмыс аумағының шекті концентрациясына тең етіп ұстап тұру (ПДК 20 мг/м);
екінші деңгей «Аммиактың апаттық шығуы» - газ анықтағыш құралдар орнатылған жерлердегі ауасындағы аммиактың концентрациясын белгілі дәрежеде ұстау – 25 есе ПДК (500 мг/м);
5) жүйе басқару бөлмесінде апаттың пайда болған жері, оны және оның салдарын жоюдың техникалық құралдарының іске қосылуы туралы шұғыл түрде ескертуді қамтамасыз етеді;
6) аммиактың шығуы туралы белгі беретін газ анықтағыш құралдардың техникалық сипаттамалары, саны және олардың орналасу орны жобада анықталады;
7) сұйық аммакты сақтауға қоймаларда пайдаланылатын, аммиактың концентрациясы туралы мәліметтер беретін газ анықтағыштар (белгі бергіштер) белгіленген тәртіпке сай пайдалануға рұқсатнамасы болуы керек;
8) жобада негізделген жағдайда, апаттық жағдайды құрықтау жүйесінде қамтылған құралдарды автоматсыз түрде (орнатылған жерінде немесе қашықтықтан) іске қосуға рұқсат етіледі;
9) жүйе өндірістік алаңқайдағы ауаның газдануының деңгейін (сыртқы контур бақылауының бірінші деңгейі) бақылауды және химиялық улану аумағының нысана аумағының сыртына таралуын болжауын қамтамасыз ететін автоматтық құрылғылармен жабдықталған.
Алаңқайда, мәліметтері газдану аумағының есептеу кезінде қолданылатын, желдің бағытын және жылдамдығын өлшейтін құрылғы орнатылады.
9. Қойманы электрмен жабдықтау
89. Сұйық аммиак қоймасын электрмен қамтамсыз ету көздері мен жүйелері электр қондырғыларының құрылымы және оларды пайдалану талаптары мен осы Талаптар бойынша жүргізіледі.
90. Изотермиялық және шар тәрізді резервуар-ыдыстарда сұйық аммиакты сақтау қоймасының электр қабылдағыштары I дәрежелі сенімділіктегі тұтынушылар болып табылады.
91. Негізделген жағдайларда компрессор қондырғысының қосалқы қозғалтқышы ретінде іштен жану қозғалтқышын, ал, қойманың қосымша электрмен жабдықтау көзі ретінде аккумуляторлық батареяны немесе қосалқы апаттық электргенераторын пайдалануға рұқсат етіледі.
92. Шекті қысымдағы және сыйымдылығы 100 тоннаға дейінгі резервуар-ыдыстарда сұйық аммиакты сақтау қоймасының электр қабылдағыштары II дәрежелі сенімділіктегі тұтынушылар болып табылады.
10. Сумен қамтамасыз ету және ағын су жүйесі.
Өрт сөндіру құралдары мен жүйелері
93. Сумен қамтамасыз ету көздері мен ағын су жүйелері, судың қоры мен шығыны, судың сапасына қойылатын талаптар ҚР СНжЕ 4.01-02-2001 «Сумен қамтамасыз ету. Сыртқы жүйелері және имараттары» талаптары бойынша анықталады.
94. Сұйық аммиак қоймасы өртке қарсы, шаруашылыққа-ішуге және өндіріске арналған су жүйелерімен қамтамасыз етіледі.
Сумен жабдықтау жүйелері жеке, толығымен немесе жартылай біріктірілген болуы мүмкін.
95. Қойманың сумен жабдықтау көздеріне өнеркәсіптердің, тұрғын мекендердің, басқа мекемелердің магистральдық су жүйелері, жеке жер асты немесе жер үсті су көздері болуы мүмкін.
96. Рельс жанындағы, алыс жерлердегі ауылшаруашылық қоймалары және тарату бекеттерінде сумен жабдықтау жүйелеріне су тарту мұнараларының суларын, өрт сөндіруге резервуарлар немесе су қоймаларынан мотопомпа немесе автосорғы арқылы қамтамасыз етуге болады.
Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету резервуар-ыдыстарының сыйымдылығы, саны және оларды орналастыру сыртқы су жүйелеріне қойылатын талаптарға сай жүргізіледі.
97. Тарату бекеттерінде және алыс жерлердегі ауылшаруашылық қоймаларында шаруашылыққа-ішуге арналған су ретінде әкелінетін суды пайдалануға болады.
98. Өрт сөндіруге арналған су шығыны жобада анықталады.
99. Сұйық аммиак қоймаларын жобалаған кезде, жылулық сәулелердің қоймадағы немесе оның жанындағы сұйық аммиак сақтайтын резервуар-ыдыстарға, жабдықтарға және құю-құйып алу бекеттеріндегі жанатын және тез тұтанатын заттары бар құбыр желілеріне әсері есептеу арқылы тексеріледі. Бұл нысаналарда, резервуар-ыдыстарға тиісті жылу орамдар немесе сумен суыту (бүрку) жүйесі қарастырылады.
Бұл жүйелер өрт сөндірудің есептелген уақыт аралығында жанып жатқан нысанадан ұрған ыстық ауаны басу үшін резервуар-ыдыстың қабырғаларына су бүркуді қамтамасыз етеді.
Резервуар-ыдыстарға су бүрку жүйесі қолмен немесе қашықтықтан басқарылуы мүмкін.
Салқындатылатын резервуар-ыдысқа су бүрку жиілігі 0,2 л/с мөлшерде есептелген 1 метр су бүрку ұзындығына:
1) горизонталь резервуар-ыдыс үшін – цилиндрлік бөлігінің ұзындығына тең;
2) шар тәрізді және изотермиялық резервуар-ыдыстар үшін – олардың шеңберінің ұзындығының жартысына тең.
100. Қойма нысаналары жобаға сәйкес өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілген.
Қоймаларға өрт сөндіру бөлімдері қызмет көрсетеді.
Мекемелер немесе елді мекендердің өрт сөндіру бөлімдері қызмет көрсетпейтін, алыс жерлердегі ауылшаруашылық қоймалары және тарату бекеттерінде өрт сөндіру бекеті немесе өрт сөндірудің алғашқы құралдарын сақтайтын жылытылатын бөлме немесе сумен, кбікпен немесе жанбайтын газдармен өртті өшіретін жеке автоматты қондырғылары қарастырылады.
101. Атмосфералық жауын-шашыннан пайда болған суларды резервуар-ыдыстардың қоршауларынан, олардың құрамында аммиактың бар-жоғына сараптама жүргізгеннен соң, арықша арқылы ағын су жүйесіне немесе дренаж ыдысына, құрамындағы аммиакты залалсыздандырып болған соң жібереді.
11. Қойма жабдықтарын пайдалануға дайындау,
пайдалану және оларды жөндеу
102. Қоймаларды пайдалану жобалық құжатнамаларға, технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
103. Жабдықтар, құбыр желілері және жылу ұстағыштар қалыпты жағдайда пайдаланылып және ұйым бекіткен жоспарлы-ескертпелі жөндеу жүйесіне сәйкес жөнделеді.
104. Сұйық аммиак сақтайтын резервуар-ыдыстарды, басқа жабдықтарды, құбыр желілерін жұмысқа қосар алдында олардан ауа, ал жөндеу алдында – аммиак үрленіп шығарылады.
Үрлеу азотпен жүргізіледі. Жұмысқа жіберер алдында ауа оттегінің көлемдік мөлшері 3,0 % болғанша үрленеді, газ тәрізді аммиакпен үрлеу үрлеу газындағы аммиактың көлемдік мөлшері 90 % кем болғанша үрленеді.
Жабдықтарды жөндеу алдында олардан аммиак шығарылып алынады да, азотпен және ауамен оттегінің көлемдік мөлшері 18,0 % болғанша үрленеді.
Рельс жанындағы алыс қоймаларда және таратқыш бекеттерде компрессор жабдықтарын, сорғыларды және құбыр желілерін сұйық аммиактан тазалап болған соң, үрлеуді ауамен жасауға рұқсат беріледі, аммиакты ауыз сшаруашылық суларға арналған сумен жууға болады.
Үрлеу кезінде ауаны немесе басқа ортаны пайдалану үшін ұйым, үрлеу кезінде жарылыс қауіпті қоспалардың, вакуумның пайда болмауы және ауада және суда аммиактың шекті концентрациясының өсіп кетпеуі үшін, үрлеудің тәртібі мен жүргізілуі туралы технологиялық регламент дайындайды.
105. Аммиакты изотермиялық резервуар-ыдысқа құяр алдында, резервуар-ыдыстың салынған жылу ұстағыш заты бар қабырға аралық кеңістікке, ондағы ауа мен ылғалды шығару үшін - 40°C грдуста құрғақ азот жіберіліп, қабырға аралық кеңістік қысымда болады.
106. Изотермиялық резервуар-ыдысқа сұйық аммиакты құят алдында, оны газ тәрізді аммиакпен үрлеп алады және жұмыстемпературасына дейін салқындатылып алынады. Салқындату мен азотты шығару үшін үрлеуді бір мезгілде жүргізуге болады.
Изотермиялық резервуар-ыдысты суытуды, вакуум болмайтындай етіп, бүрккіштер арқылы аммиакты бүркумен жүргізеді. Бұл кезде:
1) салқындатуды бастар алдында резервуар-ыдыстың жоғарғы мен төменгі жақтарының температураларының айырмасы 50°C. Температураларының айырмасы 30°C болғанша салқындату жылдамдығы сағатына 2°C;
2) резервуар-ыдыстың жоғарғы мен төменгі жақтарының температураларының айырмасы 30°C болған кезде, салқындату жылдамдығы сағатына 5°C дейін ұлғайту керек, бірақ одан жоғары емес;
3) резервуар-ыдысты үрлеу мен салқындатуды бірге жүргізген кезде аммиактың құрамындағы азот мұздатқыш жұмыс істей алатындай көлемдік концентрацияға жеткен кезде, газ тәрізді аммиак резервуар-ыдыстан компрессорлы аммиакты-мұздатқыш қондырғының сору құбыр желісіне беріледі. Аммиакты мұздатқыш қондырғыға бере кезде, оның автоматикасы іске қосылып және резервуар-ыдысты үрлеу жабылады;
4) резервуар-ыдыста ең жоғары жұмыс қысымы пайда болған кезде, мұздатқыш қондырғы автоматты түрде қосылғандығын тексеру керек. Егер қондырғы автоматты түрде қрсылмаса, оны қолмен қосып, автоматиканы реттеу керек.
Егер, резервуар-ыдыстың жоғарғы және төменгі жақтарының температуралары тең болып және резервуар-ыдыстағы сұйық аммиактың деңгейі, деңгей өлшегіш құрылғы бойынша, ең кемі 200 мм болса,резервуар-ыдысты салқындату аяқталған болып саналады.
107. Резервуар-ыдысты пайдалану кезінде, қабырға аралық кеңістіктегі аммиактың көлемдік мөлшері 0,5 %-тен асса, резервуар-ыдыс жөндеуге тоқтатылады.
108. Қоймадағы жөндеу жұмыстары технологиялық регламент талаптарына сәйке жүргізіледі.
12. Қызметкерлерді қорғау
109. Қойма қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен (аммиактан қорғану қобдишасы бар сүзгілік противогаздар, арнайы киім және арнайы аяқ киім) қамтамасыз етіледі.
Қоймадағы апаттарды жою үшін арнайы киім, противогаздар, қолғап, аяқ киім және басқа да қорғаныс құралдарының ауысымдағы ең көп жұмыскерлер санына жететіндей шамада қоры сақталады.
110. Шыққан аммиак қауіп төндірген жағдайда қойма қызметкерлері қауіпсіз жерге көшіріледі.
111. Қойма аумағы апат кезінде көзді жууға арналған су аққылармен және сұйық аммиакты жуып тастауға арналған душтармен жабдықталған. Апаттық душтар мен су атқылар көрініп тұратын кеңістік жерлерге орналастырылады. Душтар астына адам тұрғанда автоматты түрде іске қосылатын болуы керек. Душтар мен су атқылардың саны мен орналасу орны жобада қарастырылады.
Суы тасымалданып әкелінетін алыс жерлердегі тарату бекеттері мен қоймаларда, жоғары қарай бағытталған екі қол жуғыш және сиымдылығы 200 литрден кем болмайтындай ыдысы бар душ орнатылады.
112. Қойма зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету құралдары мен дәрі-дермектер салынға дәрігерлік қобдишамен қамтамасыз етіледі.
113. Қызметкерлердің денсаулығына және өміріне қауіп төндіретін жерлерге тиісті жазулар мен ескерту тақтайшаларын іліп қою керек.
114. Аз мөлшерде төгілген аммиакты 10:1 қатынасындай болатын сумен жуып тастауға, көмір қышқылымен залалсыздандыруға болады. Көп мөлшерде төгілген аммиакты сумен шаюға болмайды, себебі, суда көп мөлшерде еріген аммиак буға айналып, ауада аммиак концентрациясы көбее түседі.
115. Жеке қорғаныс құралдарының күй-жайы қойманың жауапты тұлғасымен тексерліп тұрады.
Противогаздарды мезгілімен тексеріп тұруды газдан қорғау қызметі жүргізеді.
116. Қойма жұмыскерлерін қалыпты қорғаныс және апатты – қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, оларды дер кезінде ауыстырып тұруға ұйымның техникалық басшысы жауап береді.
Противогаздарды тексеру және жөндеу жұмыстарын газдан қорғау қызметі жүргізеді.
117. Аммиак өндіретін немесе өңдейтін мекемелердің аумақтарының сыртында орналасқан сұйық аммиак қоймасында әрбір противогазға екі сүзгі қобдишасы болуы керек.
118. Арнайы киім мен қорғаныс құралдары қызметкерлердің жеке киімдерінен бөлек сақталуы керек.
119. Жеке қорғаныс құралдарының апатқа қажетті қоры белгілі бір орында мөр басылып сақталады.
Терминдер мен анықтамалар
Бұл Талаптарда келесі терминдер мен анықтамалар қабылданған:
Изотермиялық резервуар-ыдыс – температурасы шамамен - 33°С болатын сұйық аммиакты сақтауға арналған ыдыс имараты.
Резервуар-ыдыстардың қоршауы – төгілген, апатты түрде төгілген сұйық аммиакты залалсыздандыруға арналған имарат.
Сұйық аммиак қоймасы – сұйық аммиакты сақтауға, құю алу (құйып беру) операцияларын жүргізуге, аммиактың булану процесіне, аммиакты су дайындауға, аммиакты баллондарға толтыруға арналған технологиялық жабдықтардың, имараттардың, техникалық құралдардың жиынтығы.
Қойма аумағы – сұйық аммиак қоймасы орналасқан, айналасы қоршаумен қоршалған жер телімі.
Мұздатқыш қондырғы – аммиакты сығымдауға, суытуға, жинауға арналған компрессорлық, мұздатқыш және басқа да қосалқы жабдықтардың жиынтығы.
Шар тәрізді (сфералық) резервуар-ыдыс – аммиакты қысым астында, негізі 1,0 МПа-ға дейінгі қысымда, шар тәрізді резервуар-ыдыстарда сақтау.
Аммиактың қасиеттері
Молярлық массасы
|
0,01703 кг/моль
|
Сұйықтың тығыздығы
|
681 кг/м
|
Қайнау температурасы
|
-33,41°С
|
Адиабата көрсеткіші
|
1,32
|
Сұйықтың жылу сыйымдылығы
|
4700 Дж/(кг·К)
|
Булану жылуы
|
1,37·10 Дж/кг
|
Өлім қауіпті токсодоза
|
150 мг·мин/л
|
Шекті токсодоза
|
15 мг·мин/л
|
____________________
Сұйық аммиактың жер үсті қоймаларына арналған
өнеркәсіптік қауіпсіздік
талаптарына
қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |