Сұйық аммиакты тасымалдауға арналған теміржол вагон-цистерналарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары



жүктеу 347.56 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі347.56 Kb.


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2007жылғы «19» қыркүйектегі

№ 141 бұйрығымен


бекітілген




Сұйық аммиакты тасымалдауға арналған теміржол

вагон-цистерналарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік

талаптары

1. Жалпы талаптар
1. Сұйық аммиакты тасымалдауға арналған теміржол вагон-цистерналарын пайдалануда сақталатын қауіпсіздік талабы өздерінің ұйымдастырушылық - құқықтық және меншік түрлеріне қарамастан, сұйық аммиакты теміржол вагон-цистерналарына (бұдан әрі - цистерналар) құюды және цистерналардан құйып алуды, сонымен қатар оларды тасымалдау-экспедициялауды жүзеге асыратын барлық ұйымдарға таралады.

Ереже сұйық аммиакқа арналған көліктік цистерналарға, контейнерлерге және баллондарға таралмайды.

2. Сұйық аммиакты құю және құйып алу бекеттері (құю – құйып алу бекеттері) және сұйық аммиакты сақтауға арналған қоймалар белгілі тәртіппен бекітілген жобалық құжаттамалар бойынша тұрғызылады.

3. Сұйық аммиакты цистерналармен қабылдап алумен және босатумен айналысатын әрбір ұйымда, сұйық аммиакты цистерналарға құю, құйып алу, қабылдау, тексеру, дайындау, өңдеу, тасымалдау және маневрлеу жұмыстарының тәртібін регламенттеуші арнайы нұсқаулар жасалады.

Мекемеге келетін теміржолдарда сұйық аммиак толтырылған цистерналармен жүргізілетін, поездық және маневрлық жұмыстар, теміржолдарды техникалық қолдану ережесінің, қауіпті жүкті теміржол көліктерімен тасымалдауда сақталатын қауіпсіздік ережесінің, сонымен қатар поездық және маневрлық жұмыстарды ұйымдастыру нұсқауының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

4. Әрбір құю-құйып алу бекеттерінде «Технологиялық регламенттер», «Авариялық жағдайды жою жоспарлары», «Өндірістік қадағалау туралы нұсқаулықтар» дайындалады және белгіленген тәртіппен бекітіледі.

Көрсетілген құжаттамаларда қауіптіліктер тізімі жазылып, осы жұмыс орнында жұмыс істеушілердің міндеттері анықталады, қалыпты және апаттық жағдайларда жүргізілетін іс-әрекеттердің реті көрсетіледі, мүмкін болатын келеңсіз жағдайлар, олардың белгілері және оларды жою тәсілдері, сонымен қатар өндірістік жұмыстарды жүргізудің қауіпсіз әдістері келтіріледі.

5. Құю-құйып алу бекеттерінде авариялық жағдайды жою жоспары (бұдан әрі – АЖЖ) қолданылып жүрген, авариялық жағдайларды жою жоспарының талаптарына сәйкес дайындалады.

6. Технологиялық процестің, құбырлардың және жабдықтардың сұлбалары өзгергенде, нормативті құқықтық актілерге де тиісті түзетулер енгізіледі.

7. Сұйық аммиакты құю-құйып алу және тасымалдау процесстеріне қатысушы ұйымдарда төменде көрсетілген өндірістік бақылауларды қамтамасыз ету керек:

1) нысандар мен жабдықтарды қауіпсіз пайдалануды;

2) сұйық аммиакты цистерналарға құю және құйып алу технологиялық процестерін қауіпсіз жүргізуді;

3) цистерналардың техникалық күй-жағдайы мен олардың жөнделуін;

4) цистерналармен тасымалдауды ұйымдастыру мен жүргізуді;

5) теміржол көліктері құрылғыларын пайдалануды.

8. Өндірісте зақым алу оқиғасы Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік нысандарындағы өндірістік қауіпсіздік туралы» Заңының талаптарына сәйкес тексеріледі және есепке алынады.

9. Авария себептерін тексеру «Қауіпті өндірістік нысандарындағы өндірістік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.

2. Қызмет көрсетуші қызметкерге қойылатын талаптар
10. Сұйық аммиакты цистерналарда тасымалдаумен айналысатын және оларға ере жүретін, құю – құйып алу бекеттерінің қызметкерлері, «Өндірістік қауіпсіздігінің бірыңғай жалпы талаптарына сай дайындықтан өтеді.

11. Цистерналарға ере жүретін бригадалар мен жылжымалы авариялық –құтқарушы бригадалар, бекітілген тәртіппен газдалған аммиакты ортада жұмыстар жүргізуге рұқсаты бар, кәсіби мамандар немесе авария-құтқарушы құрылымдардың мүшелерінен жинақталады.



3. Цистерналарға қойылатын талаптар
12. 4-класты аммиактың қасиеттері осы Талаптың 1 - қосымшасында келтірілген. Аммиак, құю-құйып алу қондырғылы жоғарғы жағында орналасқан, қысымға есептелген, арнайы цистерналармен тасымалданады.

13. Цистерналар, белгіленген тәртіппен бекітілген, техникалық шарттарға сәйкес дайындалады.

14. Цистерна қазандық-ыдыстарының құрылысы, дайындалуы және олардың техникалық куәліктендірілуінің тәртібі мен мерзімі, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың құрылысына және оларды қолдану қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қанағаттандыруы қажет.

15. Цистерналардың сақтандырушы қалпақтарының алдына, аммиактың жабық қақпақтан ағып кетуді болдырмау үшін, сақтандырушы мембраналар орнатылады. Бұл кезде, мембраналық сақтандырушы жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін бақылауға мүмкіндік беретін жабдықтар қарастырылады.

16. Цистерна арматураларын жауып тұратын қорғағыш қалпақшалар (сақтандырушы қалпақ, бекіту шұралары және манометрұстағыштар) бекіту-пломбылаушы жабдықтармен (бұдан әрі -БПЖ) пломбыланады.

17. Цистерналар боялып, ерекше жолақтар жүргізіліп және оларға белгілері жазылады.

18. Әрбір цистернаның төмендегі тізімде көрсетілген құжаттары болуы тиіс:

1) белгіленген нұсқа бойынша жүк вагонының құжаты;

2) қысыммен жұмыс істейтін ыдыстың құжаты (цистернаның қазандық – ыдысының);

3) сақтандырушы қалпақшаның құжаты және оның өткізу қабілетінің есептеулері;

4) сақтандырушы қалпақша серіппесінің құжаты (сертификаты);

5) сақтандырушы қалпақшаға берілген құжатнама (ол орнатылған жағдайда);

6) құю – құйып алу шұраларының құжаты;

7) бекіту-сақтандырушы арматураларды сынау актілері;

8) ыдысты қолдануға нұсқау;

9) сақтандырушы қалпақшаларды қолдануға нұсқау;

10) белгіленген тәртіппен берілген, цистерна ыдыстарын қолдану рұқсаты.

4. Цистерналарды күтуге, қызмет көрсетуге және жөндеуге қойылатын қауіпсіздік талаптары
19. Ұйым, цистерналардың күтімін және олардың қауіпсіз жұмыс істеуін, күрделі және деполық жөндеудің дер кезінде, ұйымның техникалық басшысы бекіткен кестеге сәйкес, уақытылы жүргізілуін қамтамасыз етеді.

20. Цистерналарды жөндеудің көлемі мен түрлері, жүк вагондарды күрделі және деполық жөндеудің нормаларына сай анықталады.

21. Цистернаның қазандық-ыдысын жөндеу, техникалық куәліктендіру, сонымен қатар цистерналарды деполық және зауыттық жөндеу жұмыстары, тек қана, цистернаның қазандық - ыдысын дегазациялағаннан кейін жүргізіледі:

1) цистерналарды жөндеуге тиеп жіберуші-мекеме, цистерналарды күрделі және деполық жөндеуге жіберген кезде, жөндеу ұйымдарының мекен-жайына, тасымалдау құжаттамаларымен бірге цистернаның қазандық – ыдысының және бекіту – сақтандырушы арматураларының дұрыстығы туралы куәлік, сонымен қатар, цистернаның қазандық - ыдысына дегазация жүргізілгені туралы туралы анықтаманы салып жібереді;

2) бітегіш-сақтандырғыш арматураларды жөндеуге және сынауға жіберу үшін шешіп алу жұмыстары, тек қана цистерна қазандық - ыдысы дегазацияланғаннан кейін жүргізіледі;

3) қорғаныс қалпақшасындағы цистерна арматураларымен жабық тұрған ойық – тесіктер, бекіту-сақтандырушы арматураны шешіп алғаннан соң, бітеліп бекітіледі.

23. Цистерна қазандық - ыдысының ішіндегі жұмыстар газ қауіпті болып табылады және өндірістің ерекшеліктері мен жергілікті жағдайды ескере отырып, наряд – рұқсатнама бойынша жүргізіледі.

24. Цистернаның қазандық - ыдыстарын техникалық куәліктендіруінің мынадай түрлері жүргізіледі:

алғашқы куәліктендіру - қазандық – ыдыстарды жасаған кезде;

мезгілімен куәліктендіру- қазандық – ыдыстарды пайдалану барысында;

төтенше, яғни кезектен тыс куәліктендіру;

1) цистерна қазандық - ыдыстарын пайдалануға жіберудің алдында, алғашқы техникалық куәліктендіруден өткізуді оны жасаған ұйым жүргізіп, қысымда жұмыс істейтін ыдыстардың құжатына тиісті жазбасын жазып қояды;

2) цистерна қазандық - ыдыстарын техникалық куәліктендіру жиілігі, әдістері және көлемі, қысымда жұмыс істейтін ыдыстардың құрылымына және қолдану қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес жүргізіледі;

3) пайдалануға берер алдында, цистерналар, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың құрылысы және қолдану қауіпсіздігі талаптарына сәйкес тіркеуден өтеді;

4) цистерна қазандық-ыдыстарын мезгілімен техникалық куәліктендіруден өткізу жұмыстарын, өндірістік қауіпсіздік сараптамасын жүргізуге аттестаты бар, ұйымның мамандары жүргізеді;

5) техникалық куәліктендіру барысында айқындалған цистернаның қазандық - ыдыстарындағы ақаулар жойылуы тиіс;

6) техникалық куәліктендіру нәтижелері, цистерна қазандықтарын пайдалануға рұқсат етілген параметрлерін және келесі техникалық куәліктендіру мерзімін көрсетіп, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар құжаттамасына жазылады;

7) цистерна қазандық-ыдыстарын кезектен тыс техникалық куәліктендіруден өткізу, төменгі жағдайларда жүргізіледі:

цистерна 12 айдан көп уақыт пайдаланылмаған болса;

цистерна қазандық-ыдысы бөлек алынған және жаңа рамаға қондырылған болса;

8) майысқан және дүңкиген жерлерін түзеткен, сонымен қатар, цистернаны жөндеген немесе авариядан кейін, дәнекерлеуді пайдалана отырып, оның қысыммен жұмыс істейтін түйіндерін, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген болса;

9) цистернаның қазандық – ыдысының ішкі қабырғаларына қорғаныс қабаттарын жүргізу алдында.

25. Бекіту-сақтандыру және бақылау арматурасын сынау және тексеру жүргізу кемінде екі жылда бір рет жүргізіледі. Осы мерзім аралығында сақтандырушы мембраналарды (бар болса) ауыстыру жұмыстары жүргізіледі:

1) құю-құйып алу шұралары шешіліп алынады, тексеріледі және беріктікке 3,0 МПа (30 кгс/см2) артық қысыммен гидравликалық сынаудан өткізіледі;

2) бекіту шұралары мен сақтандыру қалпақшаларының бекітпелерінің нығыздалуы 2,0 МПа (20 кгс/см2) мөлшерден артық қысыммен гидравликалық сынау арқылы бақыланады;

3) сақтандыру қалпақшаларының серіппелері барлық орамдары қысылғанға дейін сығылып, тексеріледі, бұл жағдайда серіппенің сығылған деформациясының қалдығы болмауы керек. Сақтандыру қалпақшаларын сынау және реттеу жұмыстары, ұйымда дайындалып және бекітілген нұсқаулық бойынша жүргізіледі;

4) жылдамдықты күшейту қалпақшалары мен құю-төгу құбырларының қосылыстарының сапасы техникалық куәландыру арқылы тексеріледі.

26. Сырттай және іштей қарау арқылы, цистернаның қазандық – ыдысының ақауларын тауып және оларды жою қысымда жұмыс істейтін ыдыстардың құрылымына және қолдану қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес жүргізіледі.

27. Цистернаның қазандық – ыдысын гидравликалық сынау жұмыстары, оның ақаулары болмаған кезде немесе ақауларды жойған кезде ғана жүргізіледі.

28. Цистернаның қазандық – ыдысын гидравликалық сынау жұмыстары, оларға бекіту арматуралары қойылған кезде жүргізіледі, бұл кезде сақтандырғыш қалпақша технологиялық тығынмен алмастырылады:

1) гидравликалық сынақ жұмыстары, қауіпсіздік талаптарын қанағаттандыратын, сынақ стендінде өткізіледі. Цистернаның қазандық-ыдысындағы қысым минутына 0,5 МПа (5 кгс/см2) кем емес жылдамдықпен, 3,0 МПа (30 кгс/см2) дейін жоғарылатады және 5 минут бойы ұсталып, жұмысшы деңгейге 2,0 МПа (20 кгс/см2) дейін төмендетіледі. Одан әрі цистерна қазандығы сырттай қарап, тексеруден өткізіледі;

2) күшейіткіш жапсырмалардың бақылау тесіктері гидравликалық сынақ кезінде ашық тұруы тиіс. Цистернаның қазандық – ыдысын сумен толтырған кезде, оның жоғарғы жағынан ауаның толық шығуын қамтамасыз ету керек.

29. Егер сыртқы тексеру кезінде пісіру тігісінде немесе негізгі металда жыртылу, тесілу, тамшылар ағуы байқалмаса, сонымен қатар көрінетін қалдық деформациялар және манометр бойынша қысымның төмендеуі байқалмаса, онда цистернаның қазандық – ыдысы гидравликалық сынаққа шыдады деп есептеледі.

30. Негізгі фланецте және цистерна рамасына жапсырылған темірден жасалған кестелік жапсырмаға таңбалап соғу әдісімен, цистернаның қазандық – ыдысының техникалық куәліктендірілген күні және келесі куәліктендіру мерзімі жазылады.

31. Бекіту – сақтандыру арматураларына жөндеу ұйымының шартты нөмірі мен өткізілген және келесі өткізілетін жөндеудің (куәландырудың) мерзімі жазылған темір кестелік жапсырма бекітіледі.

32. Барлық жаңадан жасалған бекіту – сақтандыру арматурасының бөлшектері жасап шығарған ұйымның тауарлық белгісімен белгіленіп және сапа сертификатымен бекітіледі.

33. Бекіту шұраларының және сақтандырушы қалпақшалардың барлық жаңадан орнатылған қаңқалары және олардың серіппелері конструкторлық құжаттамаларға сай белгіленеді, оларға бекітілген нұсқа бойынша техникалық құжаттамалар (сертификаттар) рәсімделеді. Бекіту-сақтандыру арматурасының сынау актілері мен сертификаттары цистернаның қазандық - ыдыстарына берілген құжаттамалармен бірге сақталады. Актілердің бір данасы арматураны техникалық куәліктендіруден өткізген ұйымда, ал екіншісі - цистерна қазандық-ыдысын техникалық куәліктендіру туралы ілеспе - түсіндірме құжатына қосылады.

34. Ұйымда бекіту-сақтандыру арматураларын және сақтандырушы мембрана қондырғыларын (бар болса) қарау, тексеру, жөндеу, гидравликалық сынау жұмыстары, сақтандырушы қалпақшалардың жұмыс істеуін тексеру және күйге келтіру есебін жүргізу қамтамасыз етіледі, тиісті акт жасалынып, жөндеу жорналы мен техникалық күй-жағдайы туралы куәлікке орындалған жұмыстар жазылады. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар құжаттамасына бекіту-сақтандырушы арматураны ауыстыру, сақтандырушы мембрана қондырғысы туралы мәліметтер жазылады. Орнатылған сақтандырушы мембраналар құжаттамалары, сақтандырушы қалпақтарға берілген құжаттамалар мен оларды тексеруге, жөндеуге және реттеуге берілген актілермен бірге сақталады.

35. Жұмыс есебі, құжаттарды ресімдеу және оларды сақтау реті ұйым бойынша бұйрықпен анықталады.

36. Цистерналарды құю және құйып алу құбырларына қосу үшін шарнирлі-тұтқалы жабдықтар (стендерлер) немесе 2,0 МПа (20 кгс/см) қысымға арналған металды жеңұштар қолданылады. Кейбір негізделген жағдайларда резинаметалдық немесе резиналық жеңұштарды, аммиак ортасына тұрақты -34 ОС-ден +50 ОС дейінгі температураға төзімді материалдарды қолдануға жол беріледі. Ішкі диаметрі 32 мм құрайтын жеңұштар тоқыма каркасты болуы мүмкін.


37. Жеңұштарды және стендерлерді пайдаланудан бұрын және әрдайым пайдалану кезінде де, кепілденген жұмыс ресурсының жартысынан соң, белгілі стандарттармен немесе техникалық шарттармен, тексеруден және 4,0 МПа (40 кгс/см2) екі еселенген қысыммен гидравликалық сынаудан өтеді.

38. Цистерналарға әрбір құюды (төгуді) жүргізуден бұрын жалғанушы жеңұштарға және стендерлерге сыртқы бақылау жүргізіледі. Зақымдалған жеңұштар мен стендерлер ауыстырылады.

39. Резиналық жеңұштар ұштарында цистерна фланецтеріне және құбырларға жалғасатын металдық тетікшелермен (штуцерлермен) жабдықталады:

1) тетікшелер жеңұштарға қамыттардың көмегімен бекітіледі, бірақ сым қолдануға болмайды;

2) штуцерлердің бүйір қабырғаларында резинаның металлмен жанасу орнында, жеңұштың штуцерден сырғанап кетуін болдырмау үшін сақиналы қанатшалар жасалады.

40. Құю және құйып алу құбырларына қосылатын әрбір жеңұшқа және стендерге инвентарлық нөмір қойылады. Нөмір жеңұшқа немесе стендерге бекітілген биркаға қойылады да, пломбыланады. Нөмір жуылмайтын бояумен жазылады. Биркаға инвентарлы нөмірден басқа, гидравликалық сынау қысымының шамасы және оның келесі сынау мерзімі жазылады. Мұндай биркасыз (жазбасыз) стендерлер және жеңұштар, сонымен қатар гидравликалық сынау мерзімі өтіп кеткен жеңұштар қолданылмайды.

41. Әрбір құю және құйып алу бекеттерінде, осы Талаптың 2-қосымшасына сәйкес, стендерлерді және жеңұштарды тексеру және сынау нәтижелері жазылатын есеп журналы жүргізіледі.

42. Сұйық аммиакты тасымалдауға арналған цистерналарға басқа жүктерді салуға немесе сақтау құралы ретінде қолдануға рұқсат етілмейді. Кейбір жағдайларда басқа жүктерді тасымалдау үшін рұқсат орындаушы-мекеменің техникалық негіздеуі негізінде беріледі.

43 Пайдалануға сәйкес нормативті-техникалық құжаттамасымен анықталған нормативтік мерзімдерін орындап қойған цистерналар қолданылмайды. Цистерналарды одан әрі пайдалану үшін рұқсат белгіленген тәртіпке сәйкес, лицензиялары бар сараптау мекемелері берген, өндірістік қауіпсіздік сараптаманың оң қорытындылары негізінде беріледі.

5. Цистерналарды тексеру және құюға дайындау
44. Сұйық аммиакты құюдан бұрын, әрбір цистернаның күй-жағдайы тексеріледі.

Сұйық аммиакты цистернаға құю жүргізілмейді, егер:

1) цистернаның деполық, күрделі жөндеу немесе арматураларын профилактикалық жөндеу, цистернаның қазандық – ыдысының техникалық куәліктендіру мерзіміне 30 тәуліктен кем уақыт қалғанда;

2) цистерна түбі немесе қаңқасы зақымдалғанда (жарықшақ, майысу, пішінінің елеулі өзгеруінде және басқалай);

3) сақтандыру, бекіту немесе бақылау құйып-ағызу арматурасы бұзылғанда;

4) цистернаның қазандық-ыдысының бояуы жоқ немесе өзгешелеуші жолақ, клеймо, трафареттер, жазбалар қанағаттанарлықсыз жағдайда болғанда;

5) сақтандырушы қалпақша алдына орнатылған мембрана бұзылған, таңбалануы жоқ болған жағдайда;

6) бекіту-сақтандырушы арматурасының қорғағыш қалпақшасы болмағанда немесе дұрыс жұмыс істемегенде;

7) цистернада аммиактың орнына басқа өнім байқалғанда;

8) құйып алу эстакадасында техникалық ақаулар болғанда (цистерналарға құюға арналған жеңұш немесе стендер зақымданғанда, жеңұштарды куәліктендіру мерзімі өтіп кеткенде, стендер немесе бекіту-сақтандырушы арматураның куәліктендіру мерзімі уақытынан кешіккенде, теміржолдарда, электрсымдарда ақау болғанда және басқалар);

9) құю – құйып алу құбырларындағы манометрлер жоқ болса, ақауы бар немесе тексерілмеген болған жағдайда.

45. Құю үшін цистернаны техникалық тексеру, бос күйінде, тиеу басталғанға дейін, бір тәулік көлемінде жүргізіледі. Цистернаны техникалық тексеру жағдайы және олардың құюға жарамдылығы вагонды шаруашылық қызметкерлері бекітілген түрдегі қазандықтың жұмысшы және конструктивтік жабдықтарының техникалық жағдайы туралы куәлік нөмірін көрсетіп, арнайы кітапқа жазылады.

Цистерналар техникалық тексеруден өтпесе және олардың сұйық аммиакты тасымалдауға жарамдылығы анықталмаса құюға жіберілмейді.

46. Цистерналарды дайындау және жіберуге жауапты ұйым әр цистернаны тексереді: куәліктендіру мерзімін сақтау; сыртқы жағдайы, қорғағыш қалпақшалардың, сатылардың дұрыстығы, цистерналарды жөндеу және тексеру мерзімдерінің сақталуын, олардың бояуының жағдайын және сәйкестігін, жазбалары мен трафареттерінің жағдайы.

Цистерналардың тексеру нәтижелері арнайы кітапқа жазылады. Мұнда құюға жарамды цистерналарға, осы Талаптың 3-қосымшасына сәйкес аммиакпен толтыру үшін цистернаның жарамдылығы туралы ұйымның көлік бөлімшесінің қорытындысы жасалады. Бір данасы көлік бөлімшесінде сақталады, екіншісі-құю – құйып алу бекетіне беріледі.

47. Құю-құйып алу бекетеріндегі цистерналардың тексерілуіне жауапты тұлғалар, келген цистерналардың нөмірлерін, цистерналарды аммиакпен толтыруға жарамдылығы туралы ұйымның көліктік бөлімінің берген қорытындысында көрсетілген нөмірлермен сәйкестігін тексереді, содан кейін әр цистерна бойынша мыналар тексеріледі:

1) күрделі және деполық жөндеудің мерзімі;

2) цистерналардың техникалық куәліктендіру мерзімі, бояуы мен таңбалануының жағдайы;

3) сақтандырушы қалпақшаның жағдайы, шешіп алып, ондағы бекіту-сақтандырушы жабдығының бүтіндігі;

4) сақтандырушы қалпақтағы пломбының бүтіндігін, сақтандыру мембранасының (оны қондырған жағдайда) және манометрұстағыштың бұзылмағандығы, бекіту-сақтандырушы арматураның бояуы және сыртқы жағдайы, олардың кезекті жөнделуі және гидравликалық сыналу мерзімдері, фланцтік қосылыстарының жағдайы;

5) тығынды алмай, шұраларды қысқа және кезек-кезекпен ашу арқылы бұрандалар механизімінің жөнділігі;

6) цистерналардағы аммиактың қалдығын бақылау шұраларды ашу арқылы тексереді.

48. Цистерна қазандығы ішіндегі артық қысым болмағанда 0,0049 МПа (0,05 кгс/см2) және аммиак бар екендігін дәлелдеу мүмкін болмаған жағдайда, цистерна дегазациялауға жіберіледі.

49. Цистернада бөгде өнім анықталғанда, дегазациялануға және жуу үшін арнайы жабдықталған бекетке жіберіледі. Цистерна дегазациялаудан және (немесе) жуудан соң қайтадан тексеріледі.

50. Цистерна қазандық-ыдысы, құюдың алдында 1,6-2,0 МПа (16-20 кгс/см2) қысымда газ күйіндегі аммиакпен сығылады. Бұл жұмыс қажетті қауіпсіздік шаралары қарастырылған ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен нұсқау бойынша арнайы бөлімшемен (ұйымның басқару құрылымына байланысты және техникалық мүмкіндіктерге қарай белгілі бұйрық бойынша) орындалады.

51. Цистернаны сығымдау және тексеру нәтижелері, оны толтырудың алдында құю-құйып алу бекетінің жұмысшыларымен цистернаны бақылау, тексеру журналына жазылады, онда төменде көрсетілген бөлімдер бар:

1) цистернаның теміржолдық нөмірі;

2) цистернаның тіркеу нөмірі;

3) бояуының сәйкестігі;

4) жазбалар мен трафареттерінің болуы;

5) техникалық куәлендірілуінің кезекті мерзімі;

6) бекіту арматурасының жағдайы;

7) сақтандыру калпақшасының жағдайы;

8) үш позициялы деңгейінің жағдайы;

9) қазандық, арматура газ түріндегі аммиакпен сығымдалған қысым (кгс/см2) мөлшері;

10) қысым өлшенген, манометрдің нөмірі;

11) байқалған ақаулары;

12) құю бекетінің жойған ақаулары;

13) жарамдылығы туралы қорытынды;

14) тексеру және сынау мерзімдері;

15) цистернаны құю үшін қабылдап алған жауапты тұлғаның қолы.

Бұл кезде құю үшін жарамды цистерналарды аммиакпен толтыру үшін цистернаның жарамдылығы туралы осы Талаптың 6-қосымшасына сәйкес қорытынды толтырылады.

52. Цистернадағы ақауларды байқаған жағдайда, егер ол пайдалану кауіпсіздігін жоятын болса, цистернаның аммиакпен толтыруға жарамдылығы туралы қорытындыға сәйкес жазба түсіріледі, сосын цистерна ақаулар тізімімен бірге жөндеуге жіберіледі. Ұйым, цистернаның зақымдалғанын және ақауларын жүйелі түрде талдай отырып, олардың пайда болуының алдын алу шараларын қабылдайды.

6. Сұйық аммиакты цистерналарға құю
53. Цистернаға құятын аммиактың шекті деңгейге дейін толтырылуы автоматтық жүйемен бақыланады және цистернадағы бар үшпозициялы деңгей өлшеуішті ашу арқылы қосымша тексеріледі. Үштен көп емес цистернаны бір мезгілде толтыру кезінде деңгейді бақылауды, тек үшпозициялы деңгей өлшеуішінің көмегімен жүргізуге болады.

54. Сұйық аммиакты құю операцияларының барлығы құю-құйып алу бекеттерінің «Технологиялық регламенттеріне» сай орындалады.

55. Қысыммен жұмыс істейтін сыйымдылықтардан аммиакты цистерналарға құю, қойма және цистернада қысым айырмасын құру , сығумен немесе сораппен айдау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мұнда цистернадан ығыстырылушы және аздап қайнау әсерінен туындайтын газ тәрізді аммиак тұрақты шығарылып отырады. Цистернадағы төмендетілген қысым цистернадан газ тәрізді аммиакты сорумен және оны қоймаға берумен, сонымен қатар өндірісте қолдану үшін тұрақты алу жолымен (газгольдерде, конденсация қондыру, аммиакты суды дайындауға және т.б.) қамтамасыз етілуі мүмкін:

1) сұйық аммиакты құюдың және газ тәрізді аммиакты шығарып отырудың нақты сұлбасы жобамен қарастырылады және технологиялық регламентпен бекітіледі;

2) аммиак буларын атмосфераға шығаруға тиым салынады.

Сұйық аммиакты құюдың принципиалдық сұлбасы осы Талаптың 5-қосымшасында келтірілген.

56. Цистерналарға сұйық аммиакты құю бойынша операциялар, цистерналарды тексерген соң, осы Талаптың 4-қосымшасына сәйкес, цистернаның сұйық аммиакпен толтырылуына жарамдылығы туралы қорытынды дайындалған соң ғана басталады.

57. Сұйық аммиакты цистерналарға құю операцияларынан бұрын, төменгі шаралар жүзеге асырылады:

1) құю үшін берілген цистерналардың нөмірін, осы Талаптың 3-қосымшасына сай толтырылған, көлік бөлімінің қорытындысындағы нөмірімен салыстырылады;

2) құю бекетінің цистернаның аммиакпен толтыруға жарамдылығы туралы рәсімделген қорытындысының барлығы тексеріледі;

3) құю-құйып алу шұраларындағы тығындар алынады;

4) жеңұшты жұмсақ құбырлар түтікшелермен жалғанады;

5) жеңұшты жұмсақ құбырлардың түтікшелерге бекітілу беріктілігі және құбырлар мен цистерналардағы фланецтердің бір-біріне бекітілуі тексеріледі.

Құю басталғанға дейін, цистернаға жалғанған жеңұшты жұмсақ құбырларды, ауа кірмейтіндей тұмшаланғанын тексеру үшін, коллектордағы газ тәрізді аммиакпен толтырады.

58. Атмосфераға қысымға жақын қысымда жұмыс істейтін изометриялық қоймалардан температурасы -33ОС және одан да жоғары сұйық аммиак цистерналарға тек сорғылар көмегімен құйылуы мүмкін. Мұнда құю үшін сұйықтықты шұраны толық ашудан бұрын, цистернаны құйылушы аммиак температурасына жақын температураға дейін салқындатады. Салқындатуды абайлап, булануға үзіліс жасай отырып, цистернаға сұйық аммиактың аздаған мөлшерін коллектордан, цистернадағы газ тәрізді аммиак қысымын бақылай отырып, жүргізеді.

59. Қысым көзіне сай құбырдағы сұйық цистернаға құюды, максималды қысымда цистерна газды шұрасын ашу есебінен мүмкін болатын, оптималды қысымды сақтай отырып жүргізген жөн.

Құю уақытын азайту үшін, цистернаға аммиакты екі бірдей сұйықтықты шұра арқылы құйған жөн, ол үшін әрбір құю нүктесі сұйық аммиак коллекторына қосылған, екі жеңұшты жұмсақ құбырлармен (стендерлермен) жабдықталады.

Цистернадан қысым бірден төмендеп түсіп кеткен жағдайда (газды құбыр арқылы газдың үлкен шығыны болғанда) цистернаның газды құбырында орнатылған жылдамдықтық қалпақша жабылып қалуы мүмкін, яғни құбыр жабылып қалады. Бұл жағдайда цистернаға сұйық аммиактың берілуі төмендетіледі, ол жеңұшты жұмсақ құбырлар (стендерлер) алдында құбырда орнатылған аммиакты жіберетін шұраны жабу арқылы жүзеге асырылады.

60. Цистерналардың толғандығын үшпозициялы деңгей өлшеушімен бақылау түтікшелерімен бақылау үшін, құю кезінде әлсін-әлсін қалыпты деңгейді анықтау ( 83 % көлемін анықтау) шұрасы ашылады. Одан газ шығып тұрса, құю, сұйықтық шыққанға дейін жалғастырылады. Құю аяқталған кезде, жоғарғы шекті деңгейді анықтау - бақылаушы шұрасы ашылады, ол цистерна көлемінің 85 % сай келеді. Одан газдың шығуы, деңгейі мүмкін болатын шектерде екенін, ал сұйықтықтың шығуы - цистернаның толып кеткендігін көрсетеді.

Егер құйылған аммиактың деңгейі цистерна көлемінің 83-85 % шегіне жетсе, цистернаға құю тоқтатылады.

61. Цистерна шектен тыс толып кеткен болса, артық аммиак құйылып алынады, ол үшін әрбір құю бекетінде тиісті ыдыстар мен құбырлар қарастырылады. Осы мақсатта аммиактың ағызу құбырлары және қоймалық сақтау ыдыстары қолданылуы мүмкін. Цистерна аса толып кеткен кезде, артық аммиакты құйып алуды, басқа жарамды цистернаға ағызу жолымен жүргізуге болады.

Аса толып кеткен цистерна тасымалдауға жіберілмейді.

Цистерналардың жүк көтергіштігін толық пайдалану (цистернада орнатылған бақылау түтікшелері көмегімен деңгейі бойынша массасын анықтаған кезде), аммиакты тек 239,8 К (-33,3ОС) температурада құйған жағдайда ғана мүмкін болады. 239,8 К (-33,3ОС) мөлшерінен жоғары температурада аммиактың тығыздығының төмендеуі есебінен, цистерналар номиналды жүк көтергіштікке дейін толтырылмайды.

62. Құю бойынша цистерналар тобына бір мезгілде құю операциялары да, жеке цистернаға құю кезіндегімен бірдей болады. Цистернадағы қысымдарды, оларды газ тәрізді аммиак коллекторымен қосу жолымен теңестіруді құюды реттеу, газ тәрізді аммиак коллекторы жолына орнатылған бұрандалармен жүзеге асырылады.

63. Цистернаны толтыру, автоматты түрде жүргізіледі.

Цистерналарды топ бойынша автоматтандырылған құюда, цистерналарды құбырлардан автоматты ажырату, номиналды деңгейге жеткен кезде, жеке-жеке жүргізіледі.

Автоматтандырылған құю аяқталған кезде, әрбір цистернада жеңұшты жұмсақ құбырларды ажыратудан бұрын, цистернадағы үшпозициялы деңгей өлшеуші бұрандаларын ашу арқылы құйылған аммиак деңгейі бақыланады.

64. Цистернаны аммиакпен толтыруды жүзеге асыратын ұйым, келесі бөлімдерден тұратын толтыру журналын жүргізіп отырады:

1) цистернаны толтыру күні;

2) цистернаның нөмірі;

3) цистерна қазандық - ыдысының тіркеу нөмірі;

4) цистерна қазандық - ыдысының сыйымдылығы, м3;

5) өнімнің атауы.

65. Цистернаны толтыру және цистернаның дұрыс толғандағын тексеру аяқталған соң, келесі шаралар орындалады:

1) құю-құйып алу, бақылау және теңестіру шұралары жабылады;

2) құю жеңұшты жұмсақ құбырлар (стендерлер) ажыратылады;

3) бекіту-сақтандыру арматурасы ауа кірмейтіндей тұмшалануға тексеріледі;

4) құю-құйып алу, теңестіру газ шұралары бекітіледі;

5) бақылау және шаю келте құбырларына тығындар бұралады;

6) арматуралар қорғағыш қалпақшалармен жабылады, бекітіледі және бекіту-пломбалаушы құралдарымен пломбыланады.

66. Цистернаға құйылған өнімнің массасы темір жол таразыларында анықталады.

67. Құю және құйылған цистерналарды тексеру нәтижелері, осы Талаптың 6-қосымшасына сай, аммиакпен толтырылған цистернаны тапсыру актісі толтырылады, сонымен қатар цистернаны толтыру жорналына жазылады. Тапсыру актісінің бір данасы көлік бөлімшесіне қайтарылады, ал екіншісі - тапсыру актісінің іс қағаздарына тігіледі де, осы іс қағаз тізіміне тіркеледі.

68. Аммиакпен толтырылған цистернаға берілген тапсыру актісін көлік бөлімшесіне өткізген соң, осы көлік бөлімшесінің жұмысшылары цистернаны қарайды және арнайы журналда осы тексеру нәтижелері туралы жазба жүргізеді.

69. Толтырылған цистерналарды теміржолға тапсыру, бекітілген талаптар бойынша рәсімделеді.

70. Тиеп жіберілген аммиактың әрбір партиясына техникалық шарттар талаптарын қанағаттандыратын, аммиак сапасын куәландырушы құжаттаманы (сертификатты) жібереді.

Аммиакты сараптау үшін, сақтау қоймаларында сынамалар алу орны технологиялық регламентпен анықталады.



7. Сұйық аммиакты цистерналардан құйып алу
71. Ұйым сұйық аммиак құйылған цистерналардың келіп жеткені туралы хабарламаны алған соң, оларды бекітілген талаптарға сай қабылдап алады. Қабылдап - өткізу операцияларын жүргізу кезінде мыналар тексеріледі:

1) цистернаның нақты нөмірінің ілеспе құжаттағы және жүкке берілген құжаттамадағы (сертификаттағы) нөмірлерімен сай келуі;

2) цистерна қазандық-ыдысында зақымданудың болмауы (жарықшақтар, сызаттар және тағы басқалар), ал оларды байқаған жағдайда - бекітілген нұсқа бойынша тасымалдаушы ұйымның әкімшілігімен толтырылған техникалық актінің болуы;

3) цистернаның қорғағыш қалпақшасындағы бекіту-сақтандырушы құрылғының бар екендігі және оның бүтіндігі.

72. Цистернаны қабылдауда мыналар тексеріледі:

1) бекіту-сақтандыру арматурасының бұзылмағандығы;

2) цистернаның қазандық-ыдысына құйылған аммиак массасының ілеспе құжат және құжаттағы (сертификаттағы) теміржол таразысында өлшенген массаға сай келуі.

Егер цистернаға құйылған өнімнің массасы, ілеспе құжаттағы және құжаттағы (сертификаттағы) көрсетілген массаға сай келмесе, тексеру нәтижелері, құю-құйып алу және бақылау арматураларының техникалық жағдайы көрсетілген, акт рәсімделеді.

73. Жеткізілген цистернада бөгде өнім немесе аммиактың қауіпсіз құйылуына мүмкіндік бермейтін ақаулар болатын болса, онда ұйым ақауларды жою және цистернаны босату шараларын қарастырады.

Аммиак толтырылған, ақауы бар цистерналар жедел түрде құйылып алынады.

74. Келіп жеткен аммиакты цистерналарды тексеруді және құйып алу жүргізу үшін және оны жүк жіберушіге қайтару үшін, жүк қабылдап алушы ұйымның әкімшілігі, бұйрықпен, біліктілігі аммиакпен жұмыс істеуге сәйкес келетін жауапты тұлғаны, тағайындайды.

75. Аммиакты құю немесе құйып алуға қойылған цистерналар, рельсті жолдарға берік жалғастырылып тежегіш башмактармен бекітіледі, ал бағыттауыштар басқа қозғалу құрамының, төгу (құю) жолына қосылып кету мүмкіндігін болдырмайтын жағдайға келтіріледі және құлыптанып қойылады. Теміржолдарда жол жүруге тиым салушы белгілер орнатылады. Осы теміржолға пойыздарды қабылдауға тиым салатын, диспетчерлік бұйрық дайындалады.

76. Дайындау және құю-құйып алу операциялары, тек локомотив жүруге тиым салу туралы белгілерінен әрі жүріп кеткен соң орындалады.

77. Құю-құйып алу операцияларына дайындық жұмыстарын жүргізу кезінде, бұл жұмысқа қатысы жоқ адамдар бұл аймақтан шығарылады. Бұл аймақты қоршаудың қажеті жоқ.

78. Аммиакты цистернадан құю-құйып алу кезінде, рельсті жолдар жермен жалғанып-тұйықталып қосылады.

79. Дайындау операцияларын орындауда цистернадағы ауыспалы көпіршелердің түзулігі және көпірше алаңдардың қоршалуы, қыс мезгілінде мұздың жоқтығы тексеріледі.

80. Құю үшін жеткізілген аммиак толтырылған цистерналарды құю мүмкіндігі туралы қорытынды жасаудан алдын, жүк қабылдап алушы ұйымның жауапты өкілі цистерналарды тексеріп қарап, оның аммиакпен толтырылғандығына көз жеткізеді. Қажет болған жағдайда, құйып алу үшін жеткізілген цистерналар партиясынан сараптама үшін аммиак алынады. Цистерналарды қарап тексеру нәтижелері және құюға жарамдылығы туралы қорытынды, осы Талаптың 7-қосымшасына сәйкес, екі дана толтырылатын, тексеру және құю актілерінде тіркеледі.

81. Құю бойынша операцияларды бастамас бұрын, құюға дайындалған цистерналардың нөмірі, тексеру және құю актіндегі, құйып алу үшін рұқсат етілген цистерналар нөмірімен сәйкестігі тексеріледі. Жеңұштарды (стендерлерді) қосуға дейін тығындар алып тасталады, ал одан соң ағызу жеңұштары (стендерлер) қосылып және олардың түтікшелерге (фланецтерге) қосылу сенімділігі көзбен тексеріледі. Жеңұштарды (стендерлерді) қосқаннан соң, құбырлардағы фланецті қосылыстардың дұрыстығы және жүйенің герметикалылығы оны газ тәрізді аммиакпен толтыру жолымен тексеріледі. Ал одан соң ағызу шұралары толық ашылады.

82. Цистернаның арматуралық люгінің қорғағыш қалпақшасын ашатын жұмыскер сақтандырушы белдікті тағып алады, оның цистернаның металлоконструкциясына бекітілуі, қызметкердің құлауынан қорғайды, бірақ аммиак шыққан кезде жылдам эвакуация жасауына көмектеседі.

83. Цистернаның арматуралық люгінің қорғағыш қалпақшасы ашылғаннан кейін, тістесіп қалмас немесе құлап түспес үшін, бекітіліп қойылады.

84. Аммиакты құю кезіндегі ұзақ үзілістерде (0,5 сағаттан көп) цистерна коммуникациялардан ажыратылады. Ал аз уақытты үзілістерде, жеңұшты жұмсақ құбырлардың екі жағындағы шұраларды жабудың өзі жеткілікті болады және олардағы қысым, шаю шұрасы арқылы төмендетіледі.

85. Сыртқы тексеру, аммиакты құю-құйып алу, цистернаның тұмшалануын тексеру, жеңұшты жұмсақ құбырлар мен арматураларды жалғастыру және ажырату, сұйық аммиак коммуникацияларындағы қосындыларды қысып бұрау мен ажырату сияқты барлық технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес жеке қорғаныс құралдарын пайдалану арқылы орындалады.

86. Цистерна жанындағы, компрессорлық (сорғылық) және қойманың немесе құйып алу бекетінің басқа да жұмыс орнындағы операторлар, бір-бірімен ауысым бастығымен (мастермен) немесе кәсіби авариялық-құтқару құрылымының кезекшілерімен сенімді байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

87. Цистерна қазандығындағы манометр ажыратылған жағдайда (гидравликалық сынауларда қысымды бақылауға арналған), құю және құйып алу операцияларындағы қысымды бақылау, құю-құйып алу құбырларына орнатылған манометрлер бойынша жүзеге асырылады.

88. Аммиактың сыртқа ағып кетуі байқалғанда немесе авариялық жағдай туындағанда, технологиялық регламентпен, нормативті құқықтық актілерге сәйкес шұғыл шаралар қолданылады.

89. Бір цистернадан немесе цистерна тобынан сұйық аммиакты құйып алу, газ тәрізді аммиакпен немесе азотпен сығу арқылы, сонымен қатар сорғылармен айдау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Цистернаны жылдам босату үшін аммиакты құйып алуды екі сұйықтықты шұра арқылы жүргізеді. Құйып алу бекеті ағызу құбырына қосылған екі жеңұшты жұмсақ құбырмен (стендермен) жабдықталады.

90. Цистерналардан сұйық аммиакты құйып алу процессі автоматтандырылады.

91. Цистерналарды құйып алу барынша жылдамдықпен жүргізіледі және цистернаның сұйықтықты құбырларындағы жылдамдықты қалпақша жабылып қалмайтындай ағызу құрылғысындағы сұйықтықты шұралармен реттеледі.

Бұл жағдайда ағызудың барынша жылдамдығы дегеніміз - аммиактың құбырдағы ағу жылдамдығы кезінде цистернаның жылдамдықтық қалпақшалары ашық тұрған жағдайды айтады, бірақ шығын елеусіз артқан жағдайда ол жабылып қалуы мүмкін. Ағызу кезінде бұл жылдамдық ағызу құбырында жылдамдықтық қалпақ жабылу мезетіне дейін (қалпақтың ершікке күрт соғылуы естіледі) шұраны баяу ашу арқылы орнатылады. Одан соң сұйықтық шұра 0,25-0,5 айналымға жабылады.

Цистерна және қабылдаушы резервуар-ыдыс арасындағы қысымның тиімді ара-қатынасы, цистернадағы қысымды жоғарылату арқылы да, резервуар-ыдыстағы қысымды төмендету арқылы да қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұл кезде цистерна қазандық-ыдысындағы қысым 2,0 МПа (20 кгс/см2) мөлшерінен жоғары болмауы керек.

92. Он немесе одан көп цистерналар тобынан, аммиакты сорғымен айдау кезінде, ағызу құбырына, цистерналар және сорғылар арасына, сұйық аммиакка арналған рессивер-ыдысын орнатады. Рессивер-ыдыстың сыйымдылығы 1 сағатта құйылатын аммиак мөлшерінің 25% шамасында болып, бірақ 100 тоннадан аспауы керек.

93. Цистерналарды босату, оның ішінде ағызу қысымын сақтай отырып жүзеге асырылады.

94. Құюдың аяқталуы кезеңі, үшпозициялы деңгей өлшеуіштің бақылау шұрасын ашу арқылы анықталады. Шұралардан газдың шығуы цистернаның толық босағанын білдіреді, ал сұйықтықтың шығуы құйып алу әлі аяқталмағанын білдіреді. Ағызуды бақылау шұрасын ашудан алдын бақылау шұрасы құбыршасындағы және цистернаның газы бар кеңістігіндегі қысымды теңестіру үшін, 1-2 секундқа қысымды теңестіру шұрасы ашылады, ал олай жасалмайтын болса, анықтаудың нәтижесі дұрыс болмайды. Үшпозициялы деңгей өлшегіш ағызу бақылау шұрасынан сұйықтық шығатын және ішкі қысымы 0,049 МПа (0,5 кгс/см2) мөлшерінен кем болатын цистерналар қайтарылмайды.

95. Құйып алу аяқталған соң, цистернадағы қысымды төмендетпей мынадай операциялар орындалады:

1) цистерна бекіту шұралары көмегімен құйып алу құбырларынан ажыратылады, жеңұшты жұмсақ құбырлар (стендерлер) ішіндегі қалдық сұйықтар шаю коллекторына төгіледі және жүйеден ажыратылады;

2) арматуралардың, фланецті және бұрандалы қосылыстардың ауа кірместей тұмшалануы, сақтандырушы мембрананың бүтіндігі (бар болса) тексеріледі және шұраларға тығындар орнатылады;

3) цистернаның арматуралары қорғағыш қалпақшамен жабылады және бекітуші-пломбалы құрылғымен пломбыланады.

96. Бекітуші-сақтандырушы арматураларға бітеуші-пломбалаушы құрал орнатып, қалпақшалармен жабу жұмыстары, арматураларды, тығынды және қалпақшаларды тағы бір қарап, сақтандырушы мембрананың бүтіндігін (бар болса) тексеруді жүргізетін өкілетті тұлғаның рұқсатымен және қатысуымен жүргізіледі. Пломбаланған қалпақшасы бар цистерналар тіркелген станция-бекетіне шұғыл қайтарылады.

97. Цистерналарды тексеруден кейін, жіберуге өткізуден бұрын, осы Талаптың 7-қосымшасына сәйкес, цистерналарды тексеру және құйып алу актысі рәсімделеді. Акт екі данада толтырылып, оның біреуі құю-құйып алу бекетінде қалдырылады.

98. Сұйық аммиакты құйып алудың принципиалдық сұлбасы осы Ереженің 8 - қосымшасында келтірілген.

99. Цистернаны құйып алу құрылғысының сұлбасы, осы Талаптың 9-қосымшасында келтірілген.



8. Цистерналарды дегазациялау және жуу
100. Сұйық аммиакты тасымалдауға арналған цистерна қазандықтарының ішін тазалауды және жууды арнайы жабдықталған бекеттерде «Технологиялық регламенттің» талаптарына сай жүргізеді.

101. Цистернаның қазандық-ыдыстарын дегазациялауды және (немесе) жууды техникалық куәліктендіруден бұрын, цистернаның қазандық-ыдыстарында басқа өнімдердің болғанын байқаған жағдайда, сонымен қатар цистернаның қазандық-ыдысының ішіне ақауларды жою жұмыстары қажет болған жағдайда жүргізеді.

102. Цистерна қазандық-ыдысын жуудан бұрын, цистерна толық аммиактан тазартылып, азотпен (қалдық аммиак мөлшері 20 мг/м3 болғанға дейін) және ауамен үрленеді, кейін бұл жұмыстар анықтамамен бекітіліп, анықтама цистернамен бірге жуу бекетіне жіберіледі.

103. Цистернаның қазандық-ыдысын жуу, ереже бойынша оның бекіту-сақтандырғыш арматураларын жөндеумен бірге жүргізіледі. Мұнда цистернаның техникалық күтімін жасау және гидравликалық сынау жүргізіледі, ал сақтандырушы қалпақша арнайы стендіде, 2,05 – 2,3 МПа (20 – 23 кгс/см2 ) қысымға тең болатын ашылу-ажырау қысымына сәйкестендіріледі.

104. Цистернаның қазандық-ыдысын ішкі бақылау, тексеру және оның бітеуші-сақтандырушы арматурасын гидравликалық сынау нәтижелері, сонымен қатар сақтандыру қалпақшасын реттеу нәтижелері, актілермен рәсімделіп, қысымда жұмыс істейтін ыдыстардың құжаттарымен бірге сақталуы тиіс.


9. Цистерналардағы ақаулықтар мен авариялық жағдайларды

жою іс-шаралары
105. Цистерналарды құю және құйып алу кезінде туындауы мүмкін авариялық жағдайлар кезінде жүргізілетін іс-қимылдардың тәртібі, аварияларды жою жоспарымен анықталады.

106. Өрт туындаған жағдайда, оның жылулық әсері цистернаның қауіпті қызуына алып келуі мүмкін, сондықтан цистернаны қауіпсіз орынға жылжытады, ал тасымалдау мүмкін болмағанда, қауіптілік басылмайынша су шашады.

107. Барар жолынан бөлініп алынған, ақауы бар цистерналардың ақауларын жою үшін және авариялық жағдайлардың алдын алу мен залалсыздандыру үшін, ұйымда жылжымалы авариялық-құтқарушы бригадалар дайындалып жабдықталады.

108. Құю-құйып алу бекетінің жұмыскерлері төмендегідей дайындықтардан өтеді:

1) аммиактың және азоттың ерекше белгілерін және негізгі қасиеттерін білуге, олардың адам ағзасына әсер етуінің қауіпті факторларын білу;

2) жеке қорғаныс құралдарын қолдана білу;

3) зақым алған адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсете білу.

109. Газ қауіптілігі бар орындарда жұмыс істеу: цистернаға күтім көрсету

алаңқайларында, ашылып көтерілетін көпіршелерде, құю (құйып алу) эстакадаларында, сонымен қатар цистернаның қазандық-ыдыстары ішіндегі жұмыстар «Технологиялық регламенттің»талаптарына сай жүргізіледі.

10. Сапар жолдарында аммиак төгілген жағдайда ағытылып қалған цистерналардағы ақаулықтар мен авариялық жағдайларды жоюды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар


110. Әрбір аймақ шектерінде, аммиакты құю-құйып алу бекеттері және авариялық-құтқару бригадалары бар, сұйық аммиакті цистерналардағы авариялық жағдайды залалсыздандыратын және жоятын қабілеті бар, ұйымдар анықталады. Мұндай ұйымдардың тізімі жергілікті әкімшілік бекітеді.

Сапар жолда цистерналардан аммиактың ағуын байқаған кезде, жүк жіберуші-ұйымның, жүк қабылдаушы-ұйымның немесе авариялық жағдай орнына жақын жерде орналасқан ұйымның (аммиакты құю-құйып алуды жүргізетін) жылжымалы авариялық-құтқарушы бригадаларына хабар беру жұмыстарымен, цистернаны тасымалдаушы айналысады.

111. Аммиак толтырылған, авариялық цистерналарды пойыздық құрамнан бөліп алу, олардың қысымын түсіру, оларды жөндеу қажет болса, цистерналардағы аммиактың бір бөлігін басқа цистерналарға құйып алу, тек тасымалдаушы анықтаған бекеттерде және теміржолдарда жүргізіледі.

Пойыздық құрамнан бөліп алынған, сұйық аммиак толтырылған, авариялық цистерналар, тұрғын аудандардан, адамдар көп жиналған орындар және нысандардан 500 метр қашықтықта орналасқан теміржол жолдарға қойылады.

112. Зақымдалған цистерналардан газ тәрізді немесе сұйық аммиак сыртқа шығып жатса, цистернаның айналасына су пердесі ұйымдастырылады және аммиактың шығып жатқан орны залалсыздандырылады. Су сұйық аммиакқа берілмейді, өйткені бұл аммиактың қызып кетуіне, оның ағып кетуінің ұлғаюына, қарқынды қайнауына және улы бұлттың артуына әкеліп соғады. Авариялық жағдайды жою іс-шаралары жылжымалы авариялық-құтқарушы бригада келгенге дейін орындалады.

113. Берілген ұсыныстардың негізінде, әрбір аммиак жүгін жіберуші-ұйымда, сонымен қатар жүк қабылдаушы ұйымда және цистернаның игері (немесе жалға алушы ұйымда) жылжымалы авариялық-құтқарушы бригадалардың құрылу тәртібін және құрамын, олардың мүшелерінің дайындықтары мен аттестациялануларын, олардың арнайы киімдерін нақтылайтын, сонымен қатар авариялық жағдайды залалсыздандыру және жою әдістерін белгілейтін нұсқаулық дайындайды.

114. Жылжымалы авариялық-құтқарушы бригадаларға арналған, белгіленген орындарда, әрдайым дайындықта төменгі құралдар болуы қажет:

1) бөлектеуіш ауамен тыныс алу аппараттарының жинағы (қосымша баллондарымен бірге) бар бөлектеуші ауа жібермейтіндей тұмшаланған қорғау костюмдері, магниттік консолдер және резеңке бұласырлар салуға арналған көпірлер (ағуды жоятын құрылғылар), өндірістік газды ауада тыныс алу құралдары (қосымша сүзгіш қораптарымен) – кемінде үш жинақ, сонымен қатар, аммиакқа арналған газанықтағыштар;

2) гайкалық кілттер жинағы және басқа құралдар;

3) цистерналардың бекіту-сақтандыру арматураларының кемінде екі жинағы, қосымша бекітпелер қоры, парониттік нығыздалғыштар, бұрап бекіту және ақаулар мен авариялық жағдайларды жою үшін керекті басқа да бұйымдар;

4) арнайы киімдердің қордағы жинақтары;

5) дәрі-дәрмек қорапшасы және оттегі жастықтары.

115. Газдан құтқару жұмыстарын, жылжымалы авариялық-құтқарушы бригаданың жетекшісі ұйымдастырады, ол цистерналардағы ақауларды жоюға және бригада мүшелерінің қауіпсіз әрекеттеріне жауапты болады.

116. Пойыз құрамынан бөліп алынған цистерна тұрған теміржол бекетіне келгенде, ұйымның жауапты өкілі – авариялық-құтқарушы бригаданың жетекшісі теміржол бекетінің бастығымен хабарласады және одан цистернадағы ақаулар мен жылжымалы авариялық-құтқарушы бригада келгенше, қолданылған іс-шаралар туралы қажетті деректерді алады.

117. Жылжымалы авариялық-құтқарушы бригаданың жетекшісі цистернаға жүргізілген бірінші кезекті іс-шараларды тексереді және ағып кетуді, жоюды және авариялық жағдайды залалсыздандыру мүмкіндіктерін анықтайды.

118. Цистернаның қазандық-ыдысының зақымдалған қаңқасындағы ағып кетуді, басқарылатын магниттік «кебістер» (авариялық ағуларды жою құрылғылары) қолданылуымен резеңке бұласырларын салу немесе металл қамыттарды тарту арқылы жояды. Ағуды тоқтатуға мүмкіндік болмаған жағдайда, цистерна босатылғанға дейін, бекетте қалдырылып, тұрғындардың зардап шегуін болдырмау үшін, авариялық орынды залалсыздандыру және оның зардаптарын азайту шараларын қолдану керек. Аммиакты залалсыздандыру үшін майдалап бүркіп шашылған суды қолданғанда, пайда болған аммиакты суды жинау және оның жалпы пайдаланатын суаттарға ағып кетпеуі үшін шаралар қолданылады.

119. Аммиак ашып-кіретін қақпақты тесіктің, арматуралардың, манометр бекіткіштердің қосылған жерлерінен, сонымен қатар, бекіткіш арматуралардың тығыз жабылмаған жерлерінен немесе оның зақымдалған тесіктерінен ағып кеткенде, жылжымалы бригада аммиактың ағып кетуін қолдағы бар құралдармен тоқтатады.

Бұл жағдайда келесі іс-әрекеттер орындалады:

1) цистернаның газдық шұрасынан фланецтік тығынын шешіп, оны баяу ашу арқылы, цистернадағы қысымды атмосфералық қысымға дейін төмендетеді;

2) қосымша тартып бұрау арқылы алмалы-салмалы қосындылардағы ағып кетуді жояды;

3) зақымдалған арматураларды немесе сау арматураның нығыздалғыштары мен сальниктік нығыздауыштарын, қажет болған жағдайда, жылжымалы бригаданың жинағында бар бөлшектермен ауыстырылады;

4) барлық фланецтік және бұрандалық қосындылар мен нығыздағыштардың (фланцтердің қисайып бекітілуі және нығыздалғыштардың ығысуы, фланецтік қосындылардағы болттардың түгел болуы және басқалары) дұрыстығы тексеріледі;

5) цистернадағы шұраларды бекітіп-жауып, ауыстырылған арматуралардың сонымен қатар, ашылып кіретін тесіктердің қосындыларының, манометр бекіткіштердің және қалған арматураның ауа кірмейтіндей тұмшалануы тексеріледі;

6) ауыстырылған шұраларға және газдық шұраларға тығын орнатылып, осы қосындыларының ауа кірмейтіндей тұмшалануы тексеріледі.

120. Қысқы кезеңдерде сыртқы ауаның температурасы -33,3о С (239,8 К) төмен болса, цистернаның тұмшалануын тексеремесе де болады, себебі цистернадағы қысым атмосфералық қысым шамасынан аспайды. Цистернаның қазандық-ыдысындағы қысымсыз ағып кетуді жойғаннан кейін, белгіленген жерге жіберіледі. Сыртқы ауаның температурасы -33,3о С (239,8 К) жоғары болса, ағып кетуді жойғанн соң 2-3 сағаттан кейін цистернаның тұмшалануы тексеріледі.

121. Цистернадағы қысым төмендегенде, сақтық шараларын сақтау керек, себебі цистернадағы аммиактың қайнауы салдарынан, газдық шұра арқылы сұйық аммиактың ауаға шығуы ықтимал. Сондықтан, цистернаның газдық шұрасын аша отырып, әсіресе жазғы кезеңде, цистернаның жоғарғы қысымында, әрдайым шұра тесігін қадағалап отыру қажет. Шұра тесігінде сұйық аммиак байқалса (ауадағы су буларының конденсацисының салдарынан пайда болатын, ақ бұлт), газдық щұра жабылады, бұл кезде цистернадағы қысым жоғарылайды да, аммиактың қайнау күші төмендейді. Егер аммиактың сыртқа шығуы салдарынан, артық газдың жылдам шығу қалпақшасы жабылып қалса, газдық шұраны бекітіп, содан соң қайтадан баяу, ақырындап ашады.

122. Авария оқиғасы нәтижесінде, сұйық аммиак толтырылған цистерна аударылған жағдайда, рельске қайтып көтергенге дейін, барынша босатуға тырысу керек. Аударылған цистернаны көліктік немесе теміржолдық аммиакқа арналған бос цистерналарға босату, сұйық фазаны аммиак цистернасындағы ішкі қысыммен басу арқылы жүргізіледі.

123. Цистернадағы аммиактың ағып кетуін жоятын жұмыскерлер, сұйық аммиактан қорғауға арналған арнайы костюмдермен және бөлектеуші газды ортада дем алу құрылғысымен қамтамасыз етілуі керек.

Газ тәрізді аммиактың ауаға шығу орнынан жел тұрған жағында жұмыс істейтін қызметкерлер резеңке костюмдерде және сүзгілі газды ортада дем алу құрылғыларда болулары керек.

124. Аммиак адам терісіне тиген кезде, адамның зақымдалған жері, жылдам сумен жуылады да, ол адамға дәрігерлік көмек көрсетіледі.

125. Аммиакпен уланған адамды жылдам таза ауаға шығарады да, оттегімен дем береді, содан кейін жедел жәрдем шақыртады. Жеңіл уланған адамға сода қосылған жылы сүт беру керек.

126. Аммиактың ағуын жою жұмыстары аяқталған соң, жылжымалы авариялық-құтқарушы бригаданың жетекшісінің және теміржол өкілінің қатысуымен осы Талаптың 10-қосымшасына сәйкес, цистернаның ақауы туралы акт жасалады. Актіде мыналар көрсетіледі:

1) ақаулық сипаттамасы;

2) авария орында қолданылған, ақаулықты жою бойынша шаралар;

3) цистернаның белгіленген жерге баруға мүмкіндігі.

Акттің бір данасы иеленуші - ұйымның немесе цистернаға құюшы-ұйымның әкімшілігіне, осыған ұқсас авариялық жағдайларды жою шараларын қолдану үшін беріледі.

127. Жылжымалы авариялық-құтқарушы бригада жетекшісі өзін жіберген мекеме әкімшілігіне цистерна ақаулықтарын жою бойынша атқарылған жұмыстары туралы хабарлайды.

11. Сұйық аммиакты тасымалдауға арналған теміржол цистерналарының құрылымына қойылатын негізгі талаптар


128. Сұйық аммиакты тасымалдайтын теміржол цистерналары, құю-құйып алу келте құбыр құрылғылары, тек қана жоғарғы жағынан орналастырылатын болып әзірленеді.

129. Люк-лаздың және манометр бекіткіштердегі арматуралар, жинап алынатын немесе ашылатын қорғаныс қалпақтарымен жабылып, цистерна алушыға жіберу алдына пломбыланады.

130. Қалпақта сақтандырғыш мембрана мен сақтандырғыш клапан іске қосылғанда, артық газ шығатын тесік бар.

131. Люк-лазды айнала құрылған, арматураларға қызмет көрсететін, қоршауы бар, тікбұрышты алаң бар. Цистернаның екі жағында тұтқалы сатылар бар.

132. Цистернаның қазандық-ыдысының сыртқы қабатының беті ашық сұр (күміс тәріздес) түске боялады.

133. Цистернаның рамасы жасыл түске боялады.

134. Цистернаның қазандық-ыдысының сыртқы қабатының бойымен, екі жағынан, беткей бойымен, ені 300 мм болатын сары түсті жолақ жүргізіледі.

135. Цистернаның қазандық-ыдысының түптері, жасыл түске, ал оның жиектеріне айналдыра шеңбер бойымен, ені 300 мм болатын ақ түсті жолақ жүргізіледі.

136. Цистерна ыдысының цилиндрлік бөлігінің екі жағына мыналар жазылады:

1) сол жағына қара сырмен – цистерна нөмірі, меншік немесе жалға беру белгісі (Р), теміржол коды;

2) нөмірдің астына – елдің теміржолының кодтық нөмірі, биіктігі 70 мм. болатын әріптермен жасыл түске ақ түсті трафаретпен «Станция, теміржол жедел қайтару» деген сөздер;

3) цистерна нөмірінің үстіне – ыдыс және оны толтыру туралы дерек;

4) айқын көрінетін жерге – тіркеу нөмірі, келесі ішкі байқау (ІБ) мен гидравликалық сынаудың (ГС) күні, айы, жылы яғни мерзімі;

5) сатылардың сол жағындағы барлық жазулардың үстіне – қауіпсіздік белгісі: «Түйіскен, тогы бар сымнан сақтан»;

6) оң жағына - жүк түрі-«Аммиак», цистернаның роликті подшипниктермен жабдықталғанының белгісі, цистернаның транзиттігінің және сыртқы өлшемдерінің белгісі, бормен жазу үшін – өлшемі 500х600 мм. болатын қара түсті тікбұрыш;

7) қамыт және түптің арасына – жақтары 250 мм. кем емес, 45о бұрышқа айналдырылған квадрат түріндегі қауіпсіздік белгілері;

8) қауіпсіздік белгісінің астына – өлшемі 120х300 мм кем емес қызғылт сары тікбұрышты, жиектері ені 10 мм қара рамкалы – БҰҰ сериалық нөмірі;

9) айырмалық жолақ астында мәлемдеуге арналған төбешіктен тарқату технологиясы туралы трафарет «Төбешіктен еркін жіберме».

137. Қазандық-ыдыстың бүйір түбінің сыртқы жағына ақ бояумен мынадай трафареттер жазылады:

1) жасалу-дайындалу мерзімі,

2) келесі жөндеудің жоспарлы түрлерінің мерзімі;

3)техникалық байқаудың мерзімі.

138. Цистернаның екі жағындағы рамаға, мынадай мәліметтер жазылады:

1) цистернаның нөмірі;

2) меншік түрі (Р) немесе жалға алу белгісі;

3) ыдыстың түрі;

4) қай мемлекетке қатысты;

5) сыртқы өлшемдері;

6) композициялық материалдардан жасалған тежегіш қалыптардың түрі;

7) автоматтық тежегіштің түрі;

8) маневрлік тіркеу белгісі;

9) соңғы жөндеу түрінің мерзімі.

139. Цистерналардың сұйықтық шұралары сары түске, газдық шұралары – қоңыр түске боялуы тиіс. Шұралардың келте құбырларына: сұйықтық шұраларда – «Сұйықтық» жазуы немесе «С» әріпі, газдық шұраларда: – «Газ» жазуы немесе «Г» әріпі жазылады.

140. Цистерналардың рамаларына құжатта берілген, төмендегідей мәліметтер көрсетілген, жазулары бар металл кесте бекітілуі тиіс:

1) дайындаушының атауы немесе тауарлық белгісі;

2) нөмірі;

3) дайындау жылы;

4) цистернаның жүру бөлігімен қоса есептегендегі бос кезіндегі массасы, тонна есебімен;

5) цистернаның тіркеу нөмірі ( цистернаның меншік иесі, оны белгілі тәртіппен тіркеуден өткізген соң, таңбалап ұрып жазады);

6) осы Талаптың 11-қосымшасына сәйкес, қауіпті заттарды тасымалдайтын цистерналардың қазандық-ыдысының техникалық куәлігінде көрсетілген, кезекті куәліктендіруден өтетін мерзімі.



_____________________



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет