Сұлтанова Бибігүл Мыңбайқызы Бейсеева Нұргүл Әбдіқадырқызы Тойғанбекова Майра Шоданқызы ХХ ғасыр басындағЫ Қазақ Әдебиеті


Ашып аппақ көрпесін, Оятып жер еркесін, Күн ана күле қарады, Құшақтап алып құлынын, Сипап алтын тұлымын, Жібек шашын тарады. [85,49 б]



бет17/21
Дата20.01.2023
өлшемі0.92 Mb.
#468558
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
treatise105772

Ашып аппақ көрпесін, Оятып жер еркесін, Күн ана күле қарады, Құшақтап алып құлынын, Сипап алтын тұлымын, Жібек шашын тарады. [85,49 б].


Әлемдегі тіршіліктің тірегі – күн десек, кез келген бала үшін ол – Ана. Күн қаншалықты айналасына жылуын дарытып, нұрын шашып тұрса, ана да өзінің жылуы мен мейірім шуағын балаларына арнайды. Әрқашан ардақты ана бөбегінің болашағын ойлап, оның өмірден қайғы көрмей, жақсы азамат болуын аңсайды. Әр бала үшін өз анасының бейнесі – күн. Ана мейірімі күн нұрындай шуақты, күн қызуынан ыстық. Ана құшағы балаға күш-қуат, сенім дарытады. Бала үшін ананың да, ана тәрбиесінің де орны бөлек.

Отпен сылап бөбегін, Кигізіп гүл жібегін. Орандырды бүлдені; «Жас баладай қуанып, Қызғалдақтан ту алып, Күлші, сәулем, күл!» деді [85, 49 б.].


Ақын өлеңінен ананың балаға жасар қамқорлығының шексіз екеніне көз жеткізе отырып Ыбырай Алтынсариннің ана мейірімі туралы «Бұл кім?» өлеңі есіңе түседі.
Аялы қолда талпынтқан, Қаймақты сүттей қалқытқан. Суық болса жөргегін Қорғасын оттай балқытқан.

...Қолын қатты тигізбей, Кірлі көйлек кигізбей, Исін жұпар аңқытқан [106, 59 б.].


Ана мейірімі, ананың шексіз ықыласы балдырғандардың аяулы анаға ерекше сүйіспеншілік, ризалық сезімін оятып қана қоймайды, сол арқылы балаға анасын құрметтеуге, қадірлеуге, сыйлауға, ренжітпеуге үйретеді. «Адам өміріндегі ананың еңбегін көркем тілмен жеткізе суреттейтін шығарманы Ыбырайға дейінгі әдебиетте кездестіру қиын» [51,305 б.] десе, ананың шексіз мейірімі туралы В.Гюго: «Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін ең жылы ұя» [107, 92 б.], - дейді.


Ұлы Абайдың кейіптеу үлгісін дамыта жырлаған Ілияс жаратылыстың сан алуан суреттері мен құбылыстарын поэзиялық өрнектермен бейнелей жырлайды. Табиғатты үнемі жанды бейне кейпіне кіргізіп суреттейді. «Бұлт» өлеңінде таудың биік шыңын түнде
«Қабағы мұз, суық шал, Қолын алып, қас қаға. Желке, құзда несі бар, Қалғыды тас жастана, [64,95б.] - деп қарияға теңесе, «Ақшам» өлеңінде кештің батуын «Ақ шашты ана – ала асқар, оқыды сам жығыла» деп ана кейпінде бейнелейді. Ал түнгі жаңбырдан кейін таңсәріде жөңкіле көшкен бозғыл бұлтты, тау – ана көкірегіне барып тынымдаған балғын бөбекке балайды:
Бұлт – бөбек, тау – ана, Ана төсін аймалай, Ұйықтай тұрсын ол бала, Шыққанынша жел қалай [64, 78 б.] .
Ақын өлеңдерінде жансыз затқа жан бітіре кейіптеу немесе өзіне ұқсас зат я құбылысқа ұқсата теңеу, әсем өрілген эпитет, т.б. сынды көркемдегіш құралдар жиі ұшырасады. Және де Ілияс осы көркемдегіш құралдарды өте шебер, ұтымды қолданған. С.Сейфуллиннің «Жазғы далада» өлеңіне назар аударар болсақ
Құшағын жайған кең дала Төсін ашқан анадай, Қаладан келген сағынып, Бейне мен бір жас баладай [63, 166 б.].
Ақын кең даланы «құшағын жайып, төсін ашқан анаға», көк жасыл даланы «кестелі жібек көрпеге» теңейді.
Далаға келіп көк жасыл, Кестелі жібек көрпедей, Жас балаша шаттанып, Құлай кеттім еркелей
Бал іздеген аралар Қобызбен күйін күйледі, Жұптасып түрлі көбелек Қызғалдақпен биледі... [63, 166 б.].
Бал іздеген араларға қобыздан күй төккізіп, сан түрлі көбелекті гүл-қызғалдақпен билеткізуі балалардың табиғат тамашасына қызығушылығын туғызады. Сондай-ақ, Бернияздың «Әдемі түн» өлеңі де кейіптеу, теңеу, эпитетке өте бай.
Ай сүттей, аспан жатыр, желсіз, тыныш, Айнала естілмейді ешбір дыбыс. Ыңыранып анда-санда ойсыз айуан, Күрсініп, рахаттанып алар тыныс.
Мап-майда аспан беті мөлдір судай, Қалған жоқ айналада жұлдыз тумай. Теңселіп тұнық суда шалықтаған Алтын ай көрінеді аппақ қудай[ 96, 53 б.].
Міне, көз алдымызда керемет сурет. Нағыз ақындық шеберлік! Айды сүтке, аспанды мөлдір суға, айды аққуға теңейді. Әсем айшықтанған түнгі сурет қиялға, шартарапқа жетелегендей болады. «Теңселіп тұнық суда шалықтаған Алтын ай көрінеді аппақ қудай» деген тіркестегі аспандағы айдың судағы көлеңкесі аққу құстың бейнесін беруі ғажап сурет. Мағжан Жұмабаев бұл тақырыпты өзгеше жырлаған ақын. Бұл мәселеде белгілі ғалым М.Базарбаев Мағжанның «Жазғы жолда», «Қысқы жолда», «Жел», «Айға» өлеңдеріне тоқталып, былай дейді: «Ақын тау туралы толғанысын, не дарқан даланың кеңдігін жырласын, тіпті көл немесе жазғы таңды, қысқы кешті, егінді, не жер, күн, ай жайында айтсын, бірінші кезекте өзінің дүние түсінігі, ішкі жан-күйі тұрады, сонысымен айнала әлемді бірге толғандырып, бірге тебірентеді» [99, 209б. ] десе, белгілі зерттеушілеріміздің бірі Рымғали Нұрғали «Әуезов және алаш кітабында»: «Ақын шыққан аса биік эстетикалық тұғырдың бірі - пейзаж лирикасы, халық әдебиетінен, Абай дәстүріндегі жыл маусымдарына қатысты әлеуметтік терең сарындардан алынған үлгілерді дамыта келе Мағжан табиғат көріністерін бейнелеуде әлем поэзиясындағы классикалық тәжірибелерге ден қоя отырып, жаңа көркемдік игіліктер жасады» [100, 98 б.] дейді. Бұл ойды ұлы ақындарымыздың бірі М.Әлімбаев «Толқыннан толқын туады» кітабында «Еділде» деген өлеңінің көркемдігін саралай келе: «Жұмабайұлы Мағжанның мектеп оқулықтарына бүгін де өзі сұранып тұрған өлеңдері аз емес. Өйткені уақыт озғанымен, өлең тозбаған. Бұл әсіресе табиғат жайындағы туындыларына тән» [101,118 б.] - деп «Жаз келеді», «Жазғытұрым» өлеңдеріне тоқталады. «Жаз келеді» өлеңінде ақын жазды «шашы төгіле, жұмсақ қана жымиып» келген ерке сұлу қыз бейнесінде суреттейді.
Әне, ерке жаз келер, Ал балалар, қараңдар. Ойнап алтын шаш берер, Ал, балалар, тараңдар.
Сұлу жаздың лебізі Қар түгіл мұзды балқытар. Көл өзенін, теңізін Ойнатар бәрін шалқытар [58,141 б.].
Жібек қанат жаз», «ерке жаз», «сұлу жаз», «жұмақ нұрлы жаз», «алтын жүзді, алтын шашты жаз» тіркестеріндегі эпитеттер өлең мәтініне көркемдік, бейнелілік дарытып тұр. Жазға қатысты эпитетті тіркестердің қайсысын алсақ та, қызыға оқимыз.
Күн батқан соң қатқақ боп, Қуанғанда ессіз қар. «Жаз келеді, жаз, жаз!» - деп Жымыңдайды жұлдыздар[58,142б.].
Қуана жымыңдаған жұлдыздардың қимыл-әрекеттері мен қылығынан балалар өздерін танитын сияқты. «Ерке жаз», «ессіз қар», «жымыңдаған жұлдыздардың» қимылын дәл әрі жанды суреттеу кейіптеу көмегімен жүзеге асқан. Қай кезеңде, қай дәуірде болмасын балаларға арналған шығармалардың, балалар поэзиясының астарында үлкен тәрбиелік, тағылымдық мән, адамгершілік идеал жатады. Қаламгерлердің адамгершілік әлемі, жазу шеберлігі, өлеңдерде сөз болатын ситуациялардың шынайылылығы балдырғандарды қызықтырады әрі сүйсіндіреді. Бұл кезең ақын-жазушыларының поэзиясы көркемдігімен де, ішкі мазмұн тереңдігімен де, тәрбиелік, танымдық мәнімен де ерекшелене алады. 30-жылдарға дейінгі балалар поэзиясы осындай талаптар мен талғамдарға жауап бере алды деп айтуымызға әбден болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет