СманқҰлова жанат ерекенқызы қазақстан республикасындағы кәсіби лицейлер мен колледждердің Қалыптасу және даму тарихы



бет13/17
Дата17.01.2023
өлшемі202.48 Kb.
#468493
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
автореф колледж

Қорытынды бөлімде диссертацияда алынған нәтижелер нақтыланып, қарастырылып отырған мәселелер бойынша тұжырымдар жасалды.
Республиканың техникалық және кәсіби оқу орындары тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық дағдарыстан шығып, еңбек нарығының талабына бейімделді. 1999 жылдан кейін дамудың жаңа деңгейіне өтіп, бәсекеге қабілетті жұмысшылар мен орта буын мамандар дайындауда белгілі табыстарға қол жеткізді. Еңбек нарығының талабына сәйкес техникалық және кәсіби оқу саласында жаңа мамандықтар енгізілді. Кәсіби оқу орындары дайындаған жұмысшылар мен орта буын мамандар экономиканың және халыққа қызмет көрсетудің сан-салаларында жұмыс атқарып, меншік иелерінің тілегін қанағаттандыра білді. Бұл саладағы оқу орындарына деген сенім артып, олардың беделі де өсе бастады.
Республиканың экономикасы өрлеу үстінде. Соған сәйкес маман жұмысшыларға деген сұраным да арта түсті. Кәсіби лицейлер мен колледждер білім жүйесінің құрамдас бөлімі болуымен қатар экономиканың да құрамдас бөліміне айналуда. Республикамыз тәуелсіздіктің 19 жылында да шикізат шығарушы ел болып келді. Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен индустриалдық-инновациялық бағдарламаны жасап іске асыруға кірісті. Ол бойынша шикізат шығарушы елден оны өңдейтін жаңа технология еліне айналуда, ал бұл міндетті іске асыратын бәсекеге қабілетті жұмысшылар мен орта буын мамандар, олардың өз кәсіптерін терең меңгеруі, икемділік сапасы. Олай болса экономиканы дамытудың кілті кәсіптік білімде жатыр.
Техникалық және кәсіби оқу орындарының жұмыстарын ғылыми қорытумен қатар ұзақ мерзімді зерттеуіміздің нәтижесінде, бұл жүйенің жұмысын жетілдіру мақсатында төмендегідей ұсыныстар енгізуді қажет деп есептейміз:
Қазақстан Республикасының алдында үлкен тарихи міндеттер тұр: шикізат шығарушы елден жаңа технологияға көшуді жеделдету және индустриялдық-инновациялық бағдарламаны да жедел түрде іске асыру. Дамыған 50 елдің қатарына ену тарихи міндеті тұр. Осы тарихи міндеттерді тиімді және жедел іске асыру үшін техникалық және кәсіби оқу орындарын басқару жүйесін жетілдіру қажет. Біздің пікірімізше бұл саланың дербес, арнаулы министрлігін немесе Агенттігін құру дұрыс болады.
Қазіргі департаменттің басқару жүйесінің де бұл оқу орындарының міндетін шешуге құзыреттілігі төмен, біріншіден, екіншіден бұл дербес жүйеге олардың бүкіл іс-әрекетін басқарумен қатар, қазіргі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелген маман-жұмысшылармен орта буын мамандарға деген қажеттілік туралы ақпарат түсіру қызметін одан алып осы жаңа құрылған министрлікке немесе агенттікке жүктеу қажет, себебі бұл министрліктің жергілікті ұйымдары мұндай ақпарат жинауға қабілетсіз, үшіншіден бұл жүйенің жергілікті ұйымдарына да дербестік беру қажет, сонымен қатар оларды тиісті кәсіби білімдері бар, құзыреттілігі жеткілікті, икемділіктері мол мамандармен қамтамасыз етуде кезек күттірмейтін міндет.
- Лицейлер мен колледждер аз да болса жаңа құрал-жабдықтармен, станоктармен жабдықталып жатыр. Ал, қазіргі кәсіби мектептерде жұмыс істеп жатқан оқытушылар мен оқу шеберлері кеңестік кезеңдегі құрал-жабдықтармен жұмыс істегендер, олар жаңа техниканы меңгеруі қажет. Сондықтан да техникалық кәсіби мектептердің оқытушылары мен шеберлерінің білімін көтеру қажеттілікке айналуда. Оқушыларға сапалы білім беру, бәсекелік қабілетін арттыру солардың кәсіби сапасына байланысты. Ал облыстар мен екі қаладағы мұғалімдердің біліктілігін көтеру институттарындағы 3-4 әдіскерлер бұл міндеттерді шешуге қабілетсіз. Сондықтан да кәсіби техникалық оқу орындарының оқытушылары мен оқу шеберлерінің біліктілігін көтерумен айналысатын арнаулы институт ашу қажет. Сонымен қатар сол институттың жанынан озат тәжірибені зерттейтін және тарататын Республикалық оқу-әдістемелік кабинет ашқанда өмір талабы болып есептеледі.
- Бәсекеге қабілетті маман-жұмысшылар мен орта білімді мамандар дайындаудың басты мәселесі – оқудың сапасы. Әрбір оқу орны бітіру емтиханын өзі қабылдайды. Ал осы жүйе зерттеген елдерде бітіру емтиханын, әрбір маманның сапасын, икемділігін тәуелсіз ұйымдар бағалайды. Ондай ұйым мүмкін республика Премьер-Министрлігі жанынан құрылса оңды болар еді. Бұл механизм әрбір оқушының, оқу орнының мамандар дайындауға жауапкершілігін арттыруға толық жағдай жасайды.
- Жұмысшылар мен әсіресе техникалық салаға, орта буын мамандар дайындау үшін әрбір оқу орындарымен міндетті түрде келісім шартқа тұрып, олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, тәжірибе жұмысын өз өндіріс орындарында өткізуге міндеттеме алса, мамандықтардың тізімін әрбір бес жылға арнап беріп тұрса, диплом жұмыстарын таңдауға және оны орындауға басшылық жасаса.
- Кәсіби оқу орындарын қаражаттандыру күрделі мәселенің бірі, қазіргі бөлінген қаржы жалақыға, азын-аулақ күнделікті проблемаларды шешуге ғана жетеді, зертханалар мен оқу кабинеттерін жаңа техника мен құрал-саймандармен қамтамасыз етпей бәсекеге қабілетті жұмысшылар мен орта буын мамандар дайындау мүмкін емес. Сондықтан осы оқу орындарын қаржыландыру мәселесі жолға қойылса.
Бұл бағдарламаның ойдағыдай жүзеге асуы Үкімет пен орталық атқарушы органдардың және жергілікті әкімдіктердің осы мәселеге түсінушілікпен қарауына байланысты. Қорыта айтқанда, біз, білімді мамандардың санын арттырып, өз қандастарымызға еуропалық озық техникалардың тұтқасын ұстатпасақ қарқынды дами алмаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет