СманқҰлова жанат ерекенқызы қазақстан республикасындағы кәсіби лицейлер мен колледждердің Қалыптасу және даму тарихы


«Зерттеу жұмысының тарихнамасы мен дереккөзі»



бет9/17
Дата17.01.2023
өлшемі202.48 Kb.
#468493
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
автореф колледж

«Зерттеу жұмысының тарихнамасы мен дереккөзі» атты бөлімінде колледждер мен лицейлердің қалыптасу тарихының зерттелу барысы мен деректік негізі талданып көрсетіледі.
1960-1990 жылдардың аралығында кәсіби-техникалық оқу орындарының пайда болу, қалыптасуы және даму тарихы туралы көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді, ғылыми диссертациялар қорғалды. Олардың ішінде біздің зерттеуімізге тікелей қатысты Ф.К. Михайлов, Т. Қожамқұлов, М.Х. Асылбеков, С.Б. Нұрахмедов, Н.Г. Пан, С.М. Сүлейменов, Н.А. Гуляев, А.Г. Сармұрзин, Т.В. Шегайдың ғылыми зерттеу еңбектерін айтуымызға болады [5]. Бұл еңбектерде кәсіби-техникалық училищелердің әр кезеңдердегі даму тарихы, оқу-материалдық базасы, экономикасы, экономиканың сан түрлі салаларын қаматамасыз етуге дайындалған маман жұмысшылар, мамандықтың түрлері, оқытушылар құрамы туралы нақтылы материалдар қорытылған. Дегенмен аталмыш авторлардың еңбектерінде кәсіби-техникалық оқу орындарының атқарған қызметтері ұшан-теңіз екендігі, ел экономикасының барлық салаларын мамандығы белгілі деңгейде жоғары жастармен қамтамасыз етіп отырғаны баяндалғанымен де, олардағы оқудың жүйесі, оның түрлері мен тәсілдері жайында нақты айтылмайды. Өндіріс орындарында көзге түскен озаттардың тек кәсіптік-техникалық оқу орындарын бітіргендігі жөнінде мәліметтер келітірлген. Зерттеу жұмысы барысында жоғарыда аталған авторлардың көтерген ойлары мен қорытындылары басшылыққа алдық.
Маман-жұмысшыларды дайындау Н.Р. Күнхожаев, А. Сармұрзиннің көлемді еңбектерінде белгілі орын алған [6]. Бұл еңбектерде кәсіби-техникалық оқу орындарын бітірушілердің ел экономикасының әртүрлі салаларын маман жұмысшылармен қамтамасыз етудегі рөліне кең түрде тоқталған, ал Н.Р. Күнхожаевтың «Тәжірибе мен шеберлік – жастарға» атты кітапшасында кәсіби-техникалық оқу орындарын бітірушілердің шеберлігінің артуына, әсіресе селолық оқу орнын бітірушілердің жұмысқа орналасуына белгілі орын берілген.
70-жылдарда кәсіби-техникалық училищелердің кәсіби жұмысшылар дайындаудағы териялық негізі туралы да бірнеше еңбектер өмірге келді. Солардың негізгілерінің біріне академик С.Я. Батышевтың, сол кездерде КСРО мемлекеттік кәсіптік-техникалық комитетінің сол мерзімдегі төрағасы болған А.А. Булгаковтың монографиялық еңбектерін атап өтуімізге болады. Онда кәсіптік-техникалық оқу жүйесінің пайда болуы, дамуы, болашағы айқындалды, сонымен қатар бұларда жұмысшы мамандығын алу үшін оқып жатқан жастарды еңбекке баулу, тәжірибелі жұмыстармен ынталандыру, оларды оқу бітіргеннен кейін мамандығы бойынша тиісті орындарға орналастыру барысындағы жетістіктер мен кемшіліктер барысына баса назар аударылып, ғылыми негізделді [7].
80-жылдарға дейінгі маман-жұмысшылар дайындау және олардың орны М.Ж. Тәшенов, С.К. Жақыпбеков, М.К. Қойгелдиев, Т.С. Садықов, В.И.Кузнецов, Т.К. Бертисконов және т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектері мен диссертацияларында жан-жақты қарастырылып, зерттелді. Бірақ авторлар өндіріс орындары аталған оқу орындарының түлектерін пайдалануы қаншалықты тиімді болғандығын атамаған [8].
Ғалымдар Э.А. Түркебаев пен Р.Т. Садықов, С. Бектұров, В.А. Бабкина және А. Қошановтар [9] ғылыми еңбектерінде 1959-1980 жылдар аралығындағы ауыр өнеркәсіп саласындағы ғылыми-техникалық прогресс мәселесін, соған сәйкес осы саладағы разрядтары төмен жұмысшылардың санының кемігенін және олардың кәсіби-техникалық оқу орындарын бітірушілердің есебінен толықтырылғанын қорытады.
Республиканың сол кездерде кәсіби-техникалық мемлекеттік комитетінің төрағасы болған И.А. Афонов, халық ағарту саласының министрі К.А. Айманов пен К.Б. Балахметов, С.М. Яренская және Л.З. Рустемов еңбектерінде де 70 жж. оқу орындарының жалпы жағдайы және болашағы анықталса [10], ал техникумдарда орта буын мамандар дайындау барысын Р.Я. Байлыбеков пен С.М. Сахов кандидаттық диссертациялық зерттеулерінде арқау еткен [11]. Р.Я. Байлыбековтың зерттеу жұмысында зоотехник, ветеринарлық дәрігер, басқа да мал шаруашылық саласын орта буын мамандарымен қамтамасыз ету мәселесінде статистикалық мәліметтер жан-жақты келтіріп, ал оқу орындарының олардан басқа да мал шаруашылығына орта буын мамандар дайындауын жеткіліксіз екендігін айқындап көрсеткен.
Ал С.М. Сахов диссертациялық жұмысынан оқу орындарына қатысты кеңестік идеология барысының ықпалын аңғара отырып, арнаулы орта білімді мамандардың ел экономикасы мен мәдениетінің талабына сәйкес дайындалу және оларды қанағаттандыруына аз назар аударылғандығын байқауымызға болады. Бұл жұмыста оқу орындарын бітірген жастардың жұмыспен қамтамасыз етілуі, арнаулы орта білімді мұғалім, тәрбиеші және денсаулық сақтау саласының мамандарын дайындау барысы анықталмаған. Мұнда мәселені тек партиялық тұрғыдан ғана қарау бұл оқу орындарының болашағын анықтауға, түрлі ұсыныстар енгізуге жеткілікті мүмкіндік бермеген, автор сонымен қатар, арнаулы орта білімді мамандар өндіріс орындарының өндірістік қажеттілігін өтеуі және жұмыс берушілердің пікірі зерттелмеген, автор олардың сандық көрсеткіштерін қорытумен айналысқан. Автор өзіне дейін арнаулы орта білімді мамандар дайындаудың тарихының зерттелмегендігін баса көрсетеді. Ол орынды, себебі жоғарыда біз атаған, басқа да зерттеушілер, экономиканың түрлі салаларын қорыта отырып, оларды орта білімді мамандармен қамтамасыз ету мәселесіне назарды статистикалық мәліметтер тұрғысынан қараған. Жалпы республика тарихында арнаулы орта білім жүйесінің тарихын зерттеу ғылыми тұрғыда арнайы мәселе болып өз мәнісінде қойылмаған.
Арнаулы орта оқу орындарының тарихнамасын айтқанда Р.С. Шимашованың «Қазақстан Республикасында педагогикалық училищелердің пайда болуы, қалыптасуы және даму тарихы» (1920-1990 ж.ж) [12] атты диссертациясы тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесін алуға арналып жазылған.
Диссертациялық жұмыста Ә. Құдайбергенов, Х. Әбжанов, Н. Кенжебаев, Б. Әбжаппарова, Ж. Тасқынов, Ж. Қарағұсов, Э. Әлпейсов, Л. Гуревич, С. Қалдыбекова, О. Амелин, Р. Розенбург, А. Ишмұханбетов, С. Әубәкіров, О. Рыбаков, Г. Овшинникова сияқты ғалымдардың интеллигенцияның қалыптасуы, дамуы, әлеуметтік бейнесі туралы ғылыми еңбектерін, диссертацияларын пайдалануға тырыстық [13]. Аталмыш авторлардың жұмыстарында арнаулы орта білім мамандарының интеллигенцияның құрамын толықтыруы мен қалыптастыруындағы орнына аз назар аударылған.
Соңғы 15 жылдың ішінде шыққан Ч. Мусин, А. Күзембайұлы, Е. Әбіл, Э.Әбдәкімұлы және басқа да зерттеушілер Қазақстан тарихының келелі мәселелерін зерттеуге қатысты еңбектерінде білім жүйесі, оның ішінде кәсіби лицей және колледждердің қалыптасуы мен даму тенденциясына қысқа да болса белгілі орын беруге тырысқан [14]. Солардың ішінде ғалым Н.Р. Күнхожаев «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» [15] атты ғылыми еңбегінде кәсіби лицейлер мен колледждердің жаңа жағдайдағы жұмысын қысқаша қорытып, кәсіби білім алуды адамның сапасы деп есептеп, олардың еңбек нарығының жұмыс берушілердің талабына сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстарына баға берген.
Қазақстан Республикасындағы колледждер мен лицейлердің қалыптасу тарихы мен даму барысын зерттеуде мұрағаттық құжаттар, жарияланған құжаттар мен материалдар жинағы, библиографиялық көрсеткіштер мен мерзімді баспасөз материалдары дерек ретінде айналымға тартылды.
Зерттеу жұмысымыздың деректік көзіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Парламентінің, Білім және ғылым министрлігінің бастауыш және орта кәсіби білім туралы заңдары, заң актілері, қаулылары, бұйрықтары және әртүрлі нұсқаулары, ережелері, кәсіби білімнің заңдылық негіздері жатады. 1991-2008 жж. колледждер мен лицейлердің қалыптасуы мен даму тарихына байланысты бар құжаттарды үкіметінің қабылданған қаулы-қарарлар мен нұсқауларынан, стенографиялық, статистикалық, актілер жинағының есептері алынды. Сонымен қатар ҚР-ның техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасын басшылыққа алдық.
Мұрағаттық құжаттарды жинастыру ісі Қазақстандағы мұрағаттарда жүргізілді. Зерттеу жұмысына мынадай мұрағаттың: Қазақстан Республикасының Президент мұрағаты, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты, Талдықорған, Алматы облыстық мұрағаттарының құжаттары дерек ретінде тартылды. Осы аталған мұрағаттарда сақталған Кеңестік жүйе тұсындағы кәсіптік-техникалық оқу орындары мен еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейін құрылған колледждер мен лицейлер тарихына қатысты құжаттық деректер алынып, салыстырмалы түрде талдау нысанына айналды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағатының 1137, 1692, 1720, 1890, 2265, 2270 қорларынан Білім министрлігінің оқу орындарының ұзақ жылғы қызметі, Х-ХІ бесжылдықтағы оқуды бітірген маман жұмысшылардың сандық және сапалық құрамы, орта білім беретін 309 кәсіптік-техникалық оқу орындарының іс-әрекеті, Халық ағарту министрлігіне қарайтын колледждерде (техникумдар) 1991-1994, 1998 жылдардағы студенттер қабылдау барысы мен оларды бітіргендер туралы әрбір оқу орындары бойынша жазбаша және статистикалық материалдар, Халық ағарту министрлігіне қарайтын колледждер мен кәсіби лицейлердің 2001-2005 жылдар арасындағы жұмысы туралы және олардың әрбір жекелеген облыстарда жұмысқа орналасқандығы, оқу-материалдық базасы, мамандар құрамы, ауылшаруашылық министрлігіне қарайтын колледждерде 1991-1998 жылдарда әрбір мамандықтар бойынша студенттер қабылдау, оларды бітірушілер туралы, студенттердің ұлттық құрамы, оқу үлгірімдері, оқытушылардың біліктіліктері туралы мәліметтерді кеңінен алып пайдаланылды.
Қазақстан Президентінің 708-қорынан кәсіби-техникалық оқу орындарының 1990 жылдың басындағы оқу-материалдық базасына сипаттама берген, инженер-педагог мамандар мен қызметкерлердің пайызын көрсеткен, 629-қорда кәсіби-техникалық мектептердің республика жоғары оқу орындарын бітіруші жас ұстаздардың есебінен толықтырылғандығын баяндаған, педучилище мұғалімдерін аттестаттаудан өткізудің қорытындысы мен олардың жұмысын талдау туралы құжаттар ғылыми айналымға енгізілді.
Сонымен қатар Алматы облысы мұрағатының 499 қорындағы кәсіби лицейлер мен колледждердегі 1997-2000 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмыстары, оқуды бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы материалдар мен Талдықорған облысы мұрағатының 2250-қорында сақталған осы облыстың кәсіби лицейлері мен колледждерінің 1993-2000 жылдар арасында оқушылар қабылдауы, оларды бітірушілердің жұмысқа орналасуы және түрлі жаңа мамандықтар бойынша оларды дайындаулары жайлы көптеген нақты материалдар қолданысқа тартылды.
1991-2008 жылдар аралығындағы колледждер мен лицейлердің қалыптасу тарихы мен даму барысын айқындауда «Егемен Қазақстан», «Алматы Ақшамы», «Орталық Қазақстан», «Қазақстан мұғалімі», «Семей таңы», «Атырау», «Оңтүстік Қазақстан», «Жетісу», «Жас Алаш», «Президент және халық», «Ақтөбе», «Орал өңірі», «Қазақ елі», «Астана хабары» «Денсаулық» және т.б. газет-журнал материалдары негізгі дерек көзі болып табылады.
Бұлардың ішінен 1990-2006 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінде кәсіби лицейлер мен колледждер туралы – 65, «Қазақстан мектебі» журналында – 45, «Қазақстан мұғалімі» газетінде – 48 мақалалар диссертациялық жұмысқа негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет