ІІ.1.Ә) Теледидардағы, радиодағы жарнама. Тележарнама өмірдегі шынайы оқиғалар көрсетілген шағын сахналық қойылымды елестетеді. Кейіпкерлер көріністің басында қарапайым адамдар болса, ал соңында пайда болған қиыншылықтың шешушісіне айналды. Осы әдіспен жасалған жарнаманың жақсы шығуының кілті -қарапайымдылық. Жарнама белгілі бір тауарды жариялауға бағыттап, оны көрермен есінде қалатындай етіп берілуі тиіс. Әрбір эпизодтың нанымды шығуын қамтамасыз ету және жақсы идея қажет. Ал осы идеяның ойдағыдай жүзеге асуы, жарнаманың сәтті шығуы көрініске қатысушы тұлғаның актерлік шеберлігінің жоғарылығына байланысты. Өз күшіне сенімді жарнама жасаушылар әртүрлі жанрлық көрініс түрін қолданады.
Телевизия мен радионың пайда болуы жарнама ісін одан әрі кеңейте түсті. Ең алғашқы радиожарнамалар 1920 жылы Питтсбургте радиотаратудың пайда болуымен байланысты эфирде берілді. Алғаш тележарнамалар Америкада 1941 жылы экранға шықты
«Өмір бейнесі» - бұл жарнама түрі тауарды емес, осы тауар тұтынушысын көрсетуді басты мақсатқа арнайды. Өздеріне арналған тауарды жарнамалық роликке түсуші өмірдің түрлі жағдайларында қолдануын көрсету арқылы ұсынылып отырған тауар тұтынушының қандай тобына өте қажетті екендігін түсіндіруге ұмтылады.
Анимация.Қолдан салынған сурет, қуыршақ арқылы жасалған және бейне көріністер, көп ақпарат беретін және балаларға арналған жарнамаларда қолданылады. Қазіргі техниканың жетістігі компьютерлік сызбаның көмегімен кез келген жарнамаға жан бітіру мүмкіндігін туғызып отыр. Өте қымбат ақы алынып отырған мұндай жарнаманы қолға алу өте жауапты. Телеарна жарнамалары осындай негізгі түрлерге бөлінеді.
Біздің экономикалық өсуіміз телеарна, телестанциялардың табыстарын үлкен нәтижеге жеткізді. Оның өзінде жергілікті телеарналар кабельдік және спутниктік телеарналар арасындағы қатаң бәсекелестік жағдайда өмір сүреді. Басқа салаларға қарағанда, телеарналар өз өндірісін әрдайым өсіре алмайды. Телеарна басқа арнаның аудиториясын жаулап ала алады, бірақ өз тауарын басқа нарыққа «экспорттай» алмайды. Сондықтан бүкіл табысты эфирлік уақыттың бағасын көтеру арқылы табады.
Мысалы, 2005 жылы республиканың барлық телерадио арналары президенттік сайлау кезінде көп табысқа кенелді. Эфирлік уақыт барлық кандидаттар арасында тең бөлінгенімен, мұнда қаржы аспектісі үлкен рөл атқарды. Бөлінген бюджеттен басқа, кандидат өз қалтасынан жарнаманы қаржыландырып отырды. Осы кезде әр кандидаттың жарнамалық компаниясы ұйымдастырылып, жарнамалық роликтерді экранға шығарып, бұл әрекеттер тек кандидат пайдаланған телеарнаның пайдасына шешіліп отырды.
Республикалық телеарналардағы көрсетілетін жарнамадан түсетін табыс көзі қомақты. 1999 – 2000 жылдары жарнаманың көлемінің азаюын байқауға болады. Мысалы, 1999 жылы «ОРТ – Еуразия» телеарнасындағы көрсетілген «Во имя любви» бразилиялық телесериалындағы жарнаманың бір минуты 8 мың доллар болған екен. Ал 2000-шы жылғы «31 телеарнадағы» оның қайталамасы 4 есе аз қаржы (2 мың доллар) әкеліпті. Бақылауларға қарағанда ол шығу уақытының өзгеруіне, алған рейтингтердің қысқаруына байланысты екен.
2000 жылдан бастап өзіміздің және ресейлік телесериалдар көрсетіле бастады, осы сериалдардың телеарналарға көп табыс әкелгені белгілі болып отыр. Демек, бір минут жарнамадан табыс көрсеткіші бойынша «Хабар» телеарнасында «Перекресток», ал «НТК» телеарнасында «Улицы разбитых фонарей» телесериалы озық боп шықты. «ОРТ – Еуразия» телеарнасындағы ресейлік телесериалдардағы бір минут жарнамадан түсетін табыс көлемі орташа алғанда есеппен алғанды латынамерикандық сериалдармен («Нежный яд») (400$) тең болған.
Жарнаманың бағасы, рейтинг пунктының бағасы жарнама беруші мен медиатасушылар арасындағы келісімдер арқасында жасалады. Осыдан барып телесериалдың табыс деңгейін көре аламыз. Сарапшылардың пікірінше, бразилиялық «Во имя любви» телесериалының «ОРТ – Еуразия» телеарнасындағы бір эпизодын көрсету құқығының бағасы – 1,5 мың долларға тең, ал бір эпизодта орналастырылған жарнамадан табыс – 8 мың долларға тең. Одан қымбаттырақ «ОРТ – Еуразияда» көрсетілген «Секретные материалы» телесериалын сарапшылар есептеуінше, бір эпизоды – 6 мың доллорға тең болған, жарнамадан табыс – 18 мың долларға дейін табыс түскен көрінеді.