Сөж тақырыбы: «Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Орындаған: Маратова Жазира Аманбайқызы Тобы: тпрп-418 п қабылдаған: Рүстемова А. Ж. Алматы 2023 жыл Жоспар



бет4/4
Дата28.02.2023
өлшемі191.43 Kb.
#470150
1   2   3   4
Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Қорытынды
Алкоголь өнімі қауіпсіз болуы және адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс.
Алкоголь өнімінің уытты элементтер, радионуклидтер және микроорганизмдер құрамы бойынша қауіпсіздігі осы Техникалық регламентке 3 және 4-қосымшаларға сәйкес, сондай-ақ осы Техникалық регламенттің 4-бөліміне сәйкес алкоголь өнімінің кейбір санаттарында метил спиртінің болуы бөлігінде гигиеналық нормативтермен айқындалады.
Арақтардың және айрықша арақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар мынадай уытты микроқоспалардың: альдегидтердің, шырықшөп майының, күрделі эфирдің, метил спиртінің болуы бөлігінде өндірісте пайдаланылатын тазартылған этил спиртінің сұрпына байланысты осы Техникалық регламентке 4-қосымшада белгіленген.
Арақтарда және айрықша арақтарда уытты микроқоспалардың болуы газды-хромотаграфиялық әдіспен айқындалады.
Арақты талдау хроматограммасында осы Техникалық регламенттің 42-тармағында көрсетілген уытты микроқоспалардың болуы осы арақ оны өндіру үшін жарамсыз спирттен дайындалған деп санауға негіз болады.
Алкоголь өнімінің құрамында уытты микроқоспалардың, химиялық элементтердің, радионуклидтердің және микроорганизмдердің болуын бақылау, сондай-ақ этил спиртінің түпнұсқалығын анықтау тәртібі мен мерзімдігін уәкілетті орган белгіленген тәртіппен бекіткен өндірістік бақылау бағдарламасында дайындаушы белгілейді.
Этил спиртін сақтау белгіленген тәртіппен бекітілген этил спиртін қабылдау, сақтау, шығару, тасымалдау және есепке алу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. Этил спиртін сақтау мерзіміне шек қойылмайды.
Алкоголь өнімі нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес сақталады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Бекташев, А.А. Этил спиртін, алкогольді және құрамында спирті бар өнімдерді өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнама / А.А. Бекташев. – М.: Құқықтық орталық, 2016. – 287 б.
2. Елизарова, Л.Г. Алкогольді сусындар / Л.Г. Елизарова, М.А. Николаев. – М.: Экономика, 2015. – 174 б.
3. Алкоголь және құрамында алкоголь бар өнімдерді бөлшек саудада өткізу көлемін есепке алу журналы. - М.: Учитель, 2014. - 828 б.
4. Маюрникова, Л.А. Сусындар мен ашыту өнімдерін тауарлық зерттеу және сараптау: 2 бөлімде: Оқу құралы; тамақ өнеркәсібі технологиялық институты. - А, 2014. 157 бет
5. Алкоголь өнімдерін таңбалау. Кедендік альманах, No4, 2006. – М.:, 2013. – 128 б.
6. Алкоголь өнімдерін таңбалау. No 4. - М.: Благовест-В, 2017. - 978 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет