Холецистит — шығу тегі инфекциялық (бактериялық, вирустық немесе паразиттік) өт қабының қабыну сырқаты, ас қорыту ағзаларының кең тараған ауруларының бірі. Холецистит көбіне артық салмағы және өттас ауруы бар әйелдерде кездеседі. Алайда салмағы қалыпты не аз адамдарда да ұшырасады. Бұл дерттің дамуына кейде шамадан артық жеп, тұрақсыз тамақтану, аз қозғалу, тұрақты іш қату, жүктілік, созылмалы инфекция көздері, иммундық мәртебенің бұзылуы әсер етеді. Ол көбіне өт қабына микробтар (ішек таяқшасы, стрептококктар, стафилококктар, энтерококктар) еніп, дамығанда байқалады. Холецистит Жіті және асқынған холецистит кезінде антибиотиктер қолданылатындығы сондықтан. Өт қабына микробтар негізінен өт шығару жолдары арқылы ішектен жоғары бағытта қозғала отырып түседі. Өттің кері қайтуы бұзылғанда да холецистит дамиды. Өт қабында тастың болуы өттің кері ағуына кедергі болып кана қоймай, өт қабы қабырғасының тітіркенуіне алып келеді. Өтқабына инфекция ішектен ғана емес, қан және лимфа арқылы да түседі. Сондыктан ішек, жыныс-несеп жүйесі, т.б. сырқаттары бар адамдарда холецистит жиі. Сондай-ақ бұл дертті лямблиялар, аскаридалар секілді паразиттер, өт қабы мен бауыр жарақаттары, асқазан-ішек жолының басқа да аурулары тудырады. Демек, холециститті емдеу үшін оның себебін анықтау аса маңызды. Белгілері: - Белгілері
- Оң жақ қабырға астының аяқасты қатты ауырсынуы. Бұл ауырсыну арқаның оң жақ бөлігіне, оң жақ жауырынға беріледі де тынысты терең ішке тартқанда күшейе түседі.
- Жүректің айнуы және өт аралас құсық құсу.
- Дене қызуының жоғарылауы.
- Оң жаң қабырғаасты бұлшық еттерінің ширығуы. Терең күрсіну кезінде оң жақ қабырға астын алақанмен жеңіл басқанда қатты ауырсыну пайда болады, алақан қырымен қабырға доғасын оң жақтан ақырын ұрғылағанда да дәл осылай.
- Кей жағдайларда сарғаю байқалады.
Холециститті емдеу Созылмалы холециститті емдеуге арналған препараттарды дәрігер тағайындайды. Тексеруден кейін гастроэнтерологтың тағайындауы мүмкін емдік жолдар: - Антигельминтикалық құралдар – егер қабынудың себебі гельминтикалық инфекциялар болса.
- Өт ағынын арттыратын холеретикалық препараттар.
- Спазмолитиктер – өт жолдарының бұлшықеттерінен кернеуді жеңілдету үшін тағайындалады. Спазмолитикалық заттар өт шырынының кетуін ғана жақсартпай, сондай-ақ ауру сезімін төмендетеді.
- Антибиотиктер – өт жолдарының, каналдар мен қуықтың ұлпалары мен қабырғаларының кең қабынуы кезінде қолданылады. Антибиотиктер тастар болған жағдайда міндетті түрде тағайындалады.
- Ауырсынуды басатын дәрілер – қатты ауырсыну үшін тағайындалады. Жиі ауырсынуды жеңілдету үшін стероидты емес қабынуға қарсы препараттар ұсынылады.
- Ферменттер – ас қорыту процесін жеңілдету үшін. Сондай – ақ, бифидо-және лактобактериялар-ішектің жұмысын жақсарту үшін тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |