ЕМІ - Ішек дисбактериозын емдеу патологиялық синдромның дамуына әкелген себептерді жоюға бағытталады. Емдеу кезінде медикаментозды терапия, тірі бактериалды препараттарды енгізу, пробиотиктер немесе пребиотиктерді қолдану, арнайы емдәмді сақтау, дәрумендік кешен, күйзелісті аластату қолданылады.
- Қалыпты флораны сақтау үшін тамақтану мен ұйқының дұрыс режимін ұстану, стрестік жағдайларды аластату қажет. Рационда ашымалы сүт өнімі, бифидобактериялар бар тамақтар мен сусындар болу керек.
Ішек өтімсіздігі— ауыр түрде өтетін ауру, асқазаннан артқы тесікке баратын ішек сұйыктығының тоқтауымен сипатталады. Ішек өтімсіздігі - Ішек өтімсіздігі кезінде ағзада жалпы және жергілікті көріністер байқалады.Странгуляция кезінде ішекте, максимальді өзгерістер болады, өйткені онда шажырқайдың қан тамырлары зақымданады.Басында шырышта және шырыш асты қабатында қанның ұюы кездеседі.3-4 сағаттан кейін қан құюлылар болады, ішек қуысына қанның транссудат сияқты жиналуы және де құрсақ қуысында да жиналады. Қысылған түйінде перистальтика болмайды, өйткені онда сұйықтық жиналып және жел кеңейтіп тұрады. Кейінірек тамырларда тромбоз болады,артериальді қан айналып тоқтайды, некрозға ұшырап шырыш ажыратылып, содан кейін ішек қабырғасының түгелдей өлуі болады. Сонымен қатар ішектің нервтік түйіндері зақымданады. Осы өзгерістердің бәрі қайтымсыз болады және 4-5 сағаттан кейін ішектің түгелдей некрозы болады. Ішектің өзгерген қабырғасынан құрсақ қуысына инфекция еніп, периотонит тудырады.
- Ішек қуысынан токсикалық заттар қанға түседі.(Гистамин тәрізділер) – холин, серотонин, кетохоломин, бұлар тамыр орталығына барып әсер етіп АҚ қысымын төмендетеді. Ағзаның улануы болады. Осы көріністі 1838 ж аммюсет стеркоромия деп атаған. Ішектің обтурациясында тамыр бұзылыстары біраз айқын көрініп тұрады, бұл бір жерде ішекте желмен сұйықтықтар жиналған, ішек қабырғасы созылған және де шырыштың өзгерістері болады. (созылғанның салдарынан жара болады). Басында перистальтика күшейеді, кейін атония дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |