Сөж тақырыбы: Ауески ауруы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі


Індеттік ерекшеліктері Індеттік ерекшеліктері



бет2/5
Дата05.12.2022
өлшемі25.37 Kb.
#466538
1   2   3   4   5
Сөж тақырыбы Ауески ауруы-dereksiz.org 2

Індеттік ерекшеліктері

Індеттік ерекшеліктері

Табиғи жағдайда ауруға ең жиі шалдығатын- дар: шошқа, ит, мысық жэне синантропты кемірушілер. Сиреқ ауыратын жа- нуарлар ірі қара мен терісі бағалы аңдар. Жүмыр түяқтылар мен приматтар төзімді келеді де, табиғи жағдайда сирек ауырады. Кей жағдайда адам да ауырады. Барлық жануарлардың жас төлдерінің, эсіресе торайдардын ересектерімен салыстырғанда ауруға бейімділігі өте жоғары. Ауру коздырушысының бастауы ауырған жануарлар. Олар вирусты түмсығынан, көзінен, қынаптан аққан сорамен,' несеппен жэне сүтпен бірге бөліп шығарады. Бүл ауру сиыр, қой, ешкі, ит, мысықта өте ауыр өтеді Де, әдетте ауырған жануар өледі. Сондықтан да олардың і арасында вирус алып жүру орын алмайды да, індеттің қаулауы одан ары өрбімей тез өліп'қалады. Шошқа мен синантропты кемірушілер жеңіл ауырады. Жазылып кеткеннек соң ұзақ уақыт бойы шошқа 2-3 жылға дейін, кемірушілер бірнеше ай бойы вирус алып жүреді. Сондықтан олардың инфекция қоздырушысының бастауы ретінде ауру таратудағы маңызы зор.

Ауески ауруының вирусын жұқтыру факторы қызметін ластанған жем, төсеніш, қора-жай, ет, өлексе атқарады. Ауру таратуда әсіресе тышқандар мен егеуқұйрықтар басты орын алады. Олардың арасында ауру індет ретінде тарайды да, табиғаттағы бүл індет ошағының негізгі қорламасы болып табылады. Ет қоректі жануарлар мен шошқаға ауру негізінен алиментарлық жолмен кемірушілерді жэне олардың өлекселерін жегенде, ластанған жем мен судан, қасапхананың тастандыларынан жүғады. Еметін торайларға негізінен мегежіннің сүтімен беріледі. Бірге тұрған жануарлардың бір-біріне вирус жанасқан кезде жарақаттанған тері немесе кілегейлі қабықтар арқылы берілуі мүмкін. Күйіс қайыратын жануарлар алиментарлык жолмен жүқтыруға төзімді де, парентаральдық жұқтыруға өте сезімтал. Сондықтан бұл малдарға ауру негізінен қан сорғыш жәндіктер арқылы беріледі. Шошқа фермаларында ауру негізінен шеттен әкелінген вирус алып жүруші шошқалармен немесе Ауески ауруынан өлген кемірушілердің өлекселерімен ластанған жеммен, зарарсыздандырылмаған қасапхана қалдықтарымен келеді. Ауру қоздырушысын көрші сау емес шаруашылықтардан шұбырып келетін кемірушілер де әкелуі мүмкін.


Ірі шаруашылықтарда ауру әдетте індет ретінде жаппай білінеді, оның себептері: шошқаның үздіксіз сапырылыстырылып ферма ішінде орын ауыстыруы және вирустың жұғымталдығы, ұсақ шаруашылықтарда ауруға 2-3 ұядағы торайлар ғана шалдығып, тез тоқтап қалады. Ірі бордақылайтын жэне торай өсіретін шаруашылықтарда жануарлар үздіксіз келіп жатқандықтан індеттің қаулауы үздіксіз болып, ауру мал басын жаппай қамтиды. 3-4 апталық торайларда ауру негізінен зілді өтеді де, әдетте өліммен тынады. Одан ересек торайларда ауру зілді өткенімен көбі тірі қалады. Ересек торайлар мен үлкен шошқалар жеңіл, әдетте байқаусыз ауырады да, тек қана серологиялық зерттеу арқылы ғана анықталды. Ауырған шошқалармен жанасқан басқа мал түліктері де ауруға шалдығуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет