Сөж тақырыбы: Ауески ауруы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі



бет4/5
Дата05.12.2022
өлшемі25.37 Kb.
#466538
1   2   3   4   5
Сөж тақырыбы Ауески ауруы-dereksiz.org 2

Эпилепсиялыц түрі кезінде торай алға үмтылып бір жерді айнала береді. Мойын жэне жақ еттері құрысып, тістерін шықырлатып, омыртқасы иіледі. Қайта-қайта сереңдеп, әбден сілесі қүриды. Вирус аңқа мен жүтқыншақта көбейсе ларингофарингит пайда болып, танаудан сора ағады, шыңғырған дауысы қырылдап шығады немесе дыбысы мүлдем шықпайды (афония). Көзі мүлдем көрмей қапады, тұла бойының бүлшық еттері салданады.

Дел-сал түрі кезінде жабырқау тартып, басын салбыратып, танауымен жер тіреп, ебдейсіз түрады. Сирақтарын бауырына қарай тартып, жүргенде тәлтіректейді. Жатқан сиқы ебдейсіз болады. Менингоэнцефалиттен тыс жүрегі дүрсілдеп, бүйірімен дем апады. Соңғы кезеңде өкпенің домбығуы мен қабынуы байқаиады. Эпилепсиялық жэне дел-сал түрінің екеуінің де ұзақ- тығы бірнеше сағаттан 2-3 күнге дейін созылады. Кейбір торайлар ыстығы көтеріліп, қүсып, ішінен қан кетіп, тез арада өліп кетеді (ішектегі түрі). Ере- сек шошқалардай торайларда да орталық жүйке жүйесі зақымданбай өкпедегі түрі қездеседі. Өлг тию белгілері қауырт «өрбіп, жоғары тыныс жолдары қабынып, өкпенің домбығуы мен қабыну ынан жануар 1 -2 күн ішінде өледі. Кейде торайларда аурудың өшкін түрі кездеседі. Жануар әлсіреп, маужырап, бей-жай күйге түсіп, жөтеле береді. Аурудың ұзақтығы 7 күнге дейін.

Торайлардың ауруға шалдығуы - 70-100%, ал өлім көрсеткіші: 2 апталық кезінде 80-100 %, одан ересектерінде 40-80%. Басқа жануарлардан шошқаның ерекшелігі олардың денесі қышынбайды. Басқа жануарларда вирустын ерекше нейротропизмі нәтижесінде орталық жүйке жүйесі қатты зақымданып, жануар желігіп, қалшылдап, салданады. Сиырда бастапқыда дененің қызуы 42°С-қа жетеді, күйіс қайыруын қойып, денесі, эсіресе басы қатты қышынады. Ауырған мал селқостанып, қышыған жерін жалап үйкей береді. Кейіннен тынышсызданып, шошынып, мөңірейді, жүлқынады, бірақ өшпенділігі болмайды. Кейде жақ не мойын еттері құрысады. Несеп шығаруға ыңғайлана береді, сілекейі ағып, тер щығады, денесі дірілдейді. Қанын шығара үйкеген, қышы- ған жерлері домбығады. Жануар қалжырап, жатып қалады, ауырғанына 1-2 күн болғанда, кейде 3-4 күн өткен соң барып өледі. Кейде денесі қышынбайды, бірақ, сілекей мен тер көп ағады, таз қарынның атониясы байқалады, шөлдеп, бірде тынышсызданып, бірде мелшиіп қалады. Әлсіреп барып, өледі.
Қой мен ешкіде аурудың белгілері сиырдағыдай. Одарда: қышыну күштірек болады да, жалпы делебесі қозуы бәсең болады. Ауырған мал 3 күнде өледі. Терісі бағалы аңдар, ит пен мысық аурудың басқы кезінде мінезі бей-жай болып, тамақ жемейді, кейіннен көз қарасында үрей пайда болып, мазасызданып, денесі қышынады. Тек қана күзен мен бүлғында қышыну байқалмайды, көбінде мелшиіп түрады. Жануар ыңырсып, тез елігетін болып, мінез-құлқы құтырықтың клиникасын еске түсіреді, бірақ та өшпенділігі болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет